Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать
  1. Халықтың табиғи өсімі көрсеткіші

1. N - туылған балалар саны.

2. М — өлгендер саны.

3. ∆mаб =N-M- халықтың табиғи өсімі

Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны),туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді. Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады.

  1. Орташа белгіленген (тарифтік) баға коэффициенті

БАҒА — тауар мен көрсетілетін қызмет бірлігі үшін төленетін немесе алынатын ақша (не өзге тауар мен қызмет) мөлшері. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге Баға да пайда болды.

Тарифтік коэффициент — бірінші разрядтық тарифтік мөлшерлеме мен одан кейінгі разрядтық тарифтік мөлшерлеме арасындағы ара салмақты сипаттайтын бірыңғай тарифтік тор элементі. Ол осы разрядтын тарифтік мөлшерлемесі бірінші разрядтың мөлшерлемесінен қанша есе көп екенін айқындайды

Тарифтік жүйе – бұл атқарылатын еңбектің түріне, қиындығына, шарттарына және сипатына байланысты сараланған түрде еңбекақы төлеуді қамтамасыз ететін нормативтер мен нормалардың жиыны. Ол келесі негізгі элементтерден тұрады: тарифтік – біліктілік анықтамалар, тарифтік тор, тарифтік санаттар (разрядтар) және оларға сәйкес коэффициенттер, тарифтік ставкалар (соның ішінде 1-санат), еңбекақыға қосылатын аудандық коэффициенттер, тарифтік ставкаларға қосымша төлемдер мен белгілі еңбек жағдайынан ауытқулар болғаны үшін қосымша төлемдер.

Тарифтік – біліктілік анықтамалар бірінші санатты тарифтік ставка мен тарифтік торды қолдануды қарастырады. Тарифтік-біліктілік анықтамалар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жұмыс пен жұмысшылардың кәсіби Біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы;

2) өндірістік саладағы жетекшілердің, лауазымды басшылардың, қызметкерлер мен мамандардың біліктілік анықтамасы;

3) бюджет аясындағы лауазымды қызметкерлердің біліктілік анықтамасы.

Жұмыс пен жұмысшылардың кәсіби Біріңғай тарифтік–біліктілік анықтамасы (БТБА) жұмыс пен жұмысшылардың санатын анықтау үшін қажет. Көбінесе өнеркәсіптік саладағы жұмыстар алты санатқа, ал кейбір салаларда – сегізге бөлінеді. БТБА арқылы анағұрлым күрделі қиын мәселе – салыстыру шешіледі, яғни жұмыстың әр түрін оның қиындық дәрежесіне, біліктілік деңгейіне байланысты салыстырады.

Тарифтік тop - еңбекке ақы төлеу мөлшерлемесінің, тарифтік коэффициенттердің жиынтығы. Осылардың негізінде орындалған жұмыстардың өлшемі үшін баға, қызметкерлер жалақысының деңгейі белгіленед

Тарифтік тор тарифтік коэффициенттердің санаттық өсімін әрі абсолюттік, әрі салыстырмалы түрде қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Тарифтік коэффициенттің абсолюттік өсімі тарифтік коэффициенттің арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

Мысалы, 1-ші және 2-ші санат арасындағы айырмашылық 0,11-ді құрайды. Тарифтік коэффициенттің қатынастық өсімі пайыз түрінде көрсетілген кіші коэффициенттің жоғарыға қатынасын бір бірлікке азайтуына тең. Мысалы, 7-ші және 8-ші санаттың арасындағы өсім [(2,02/1,84)-1]*100% = 9,78% -ды құрайды.