Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать
  1. Әлеуметтік-экономикалық статистика

Әлеуметтік- экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді. Статистиканың мақсаты- Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.

Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер:

Әлеуметтік- экономикалық статистика салалық статистикамен байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды.

Әлеуметтік- экономикалық статистика бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі, яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.

Әдістері дедукция, индукция, жалпы статистика теориясының әдістері (топтау, сұрыптау, индекс), баланстық әдіс, ұлттық есеп жүйесінің әдісі, салалық экономикалық классификация әдісі.

  1. Абсолюттік өсім мен өсу қарқыны

Нақты (абсолюттік) өсім өсіңкілік қатардың жай түрі болып саналады. Өсіңкілік қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелœерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты (абсолюттік) өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептелœеді. Нақты (абсолюттік) өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелœерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң не теріс шамаға немесе нөлге тең болуы да мүмкін

(тізбекті), (базистік)

Өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уакыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, яғни осы екі уакыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты шамасы аркылы есептелінеді. Өсу карқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді.

  1. Динамика қатарының орташа интервалдық деңгейі

Динамикалық қатар сипаттамасы ретінде қатардың орташа деңгейі Уорт алуға болады. Ол орташа хронологиялық деп аталады. Интервалдық қатарда тұрақты периодты абсолюттік шамалардың орташа деңгейі арифметикалық орта шама болады. Мысалы,

  1. Дамудың негізгі тенденциясын айқындау тәсілі

Динамикалық процестердің заңдылықтарын зерттеу барысында дамудың жалпы тенденциясын (трендті) талдау ерекше қызығушылық тудырады. Себебі, ол көрсеткіштер мен құбылыстар туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Динамиканың даму бағытын анықтаудың төрт әдісі бар:

1. Интервалды үлкейту әдісі – динамикалық қатардың деңгейінде ауытқулар болғанда және дамудың негізгі тенденциясын бірден анықтау мүмкін болмағанда қолданылады. Бұл жағдайда динамикалық қатардың бастапқы уақыт көрсеткіші ұзақ мерзімді көрсеткішпен алмастырылады (айлық кезеңдер – тоқсанмен, тоқсан – жылдықпен және т.б.).

2. Жылжымалы орташа әдісі – динамикалық қатардың абсолютті көрсеткіштері орташа шамалармен алмастырылады. Динамикалық қатарлардың сандық мәндері уақыт аралықтарына қарай бірдей мөлшерде болады және көбінесе тақ сандық мүшелері (үш, бес т.с.) бойынша есептеледі. Орташа шаманы есептеу жылжымалы әдіс бойынша жүргізіледі.Есептеу интервалындағы бірінші деңгей алынып тасталады да, оның орнына қатардың келесі деңгейін қосып отырады. Осыдан шыққан қосындыны сол мүшенің санына бөлу арқылы жылжымалы орташаның тегістелген мәні анықталады және қатардың ортасына жазылады. Осылайша орташа шамалардан есептелген қатарды тегістелген қатар деп атайды.

3. Динамикалық қатарларды бір негізге келтіру әдісі –– бір -бірімен байланысты құбылыстардың даму тенденциясын салыстырмалы түрге келтіріп, талдау үшін қолданылады. Мұндай жағдайда динамикалық қатарлардың өсу қарқынын базалық әдіспен есептейді. Базалық салыстырмалы кезең үшін көрсеткіш 100 пайыз есебімен алынады.