Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Статистика-ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.18 Кб
Скачать
  1. Динамика қатарының шектен тыс белгінің деңгейлерін табуға мүмкіндік беретін тәсіл

Статистикада динамика қатарлары деп құбылыстың дамуын көрсететін жəне хронологиялық тəртіпте жүйелі түрде орналасқан қатарлар аталады. Динамика қатарында əрбір уақыт кесіндісі үшін екі көрсеткіш, яғни уақыт көрсеткіші t жəне қатардың деңгейі y келтіріледі. Динамика қатарлары динамика қатарларында келтірілетін түрлері бойынша жинақтап қорытылған көрсеткіштер мен уақыт белгісінің сипаттамасы бойынша жіктеледі. Динамика қатарында жыл, тоқсан жəне ай ең жиі қолданылатын уақыт аралығы болып табылады. Кейде он күндік, апта, бес күндік немесе күндер сияқты шағын аралық та қолданылады. Қоймалардағы материалдың қоры жөніндегі деректерді, банк шоттарындағы қаражаттың қалдығын, тауар сатудан алынған түсімді осындай динамика қатарының мысалы ретінде атауға болады.

  1. Статистикалық кесте ерекшеліктері

Статистикалық кесте деп көлденең және тігінен сызылған сызықтардың бір – бірімен сәйкесті қиылысуын айтамыз. Көлденеңінен сызылғын сызықты «жол», ал тігінен сызылған сызықты «бағана» деп атайды.

Статистикалық кестеге рет номері және жалпы кестенің басқы аты беріліп, онда қысқаша кесте не туралы екендігі баяндалады және қай жерде, қай уақытта мәліметтің болғандығы көрсетіледі. Сонымен қатар, әрбір жолдары мен бағаналарына өздерінің мағынасына қарай қысқаша аттары, ал ішіндегі тор сызықтарға көрсеткіштердің сәйкесінше сандық мәндері жазылады.

Статистикалық кесте екі элементтен: бастауыш және баяндауыштан құралады. Бастауыш дегеніміз – зерттелœетін зерзаттың, сандарын суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі.

Баяндауыш - зерттелініп жатқан зерзаттың сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және баганалардың аты ретінде беріледі.

Стат кестенің үш түрі бар:

1.Тізімдік 2. Территориялық (аймақтық) 3. Хронологиялық

  1. Күрделі құбылыстардың барлық элементтерінің жалпы өзгерісінің индексі

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасау кезінде нақты, қатысты, орташа шамалар немесе коэфициенттер мен проценттер сияқты түрлі қорытындылаушы көрсеткіштер қолданылады. Осындай қорытындылаушы көрсеткіштердің ішінде ең көп тараған түріне жататыны индекстік әдіс болып табылады. Индекс деген сөздің түпнұсқасы латынның «index» терминінен шыққан, қазақшаға аударғанда «көрсекіш, белгі, тізім» деген мағынаны береді. Статистикада біріне-бірін тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметті-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеуін сипаттайтын қатысты шаманың ерекше түрін индекстік әдіс деп аталады. Мысалы, өнеркәсіп орындарында табиғи заттық негізде шығарылған әр түрлі өнімдердің мөлшерін біріне-бірін тікелей қосуға болмайды. Оны есептеу және салыстырмалы түрге келтіру үшін ортақ өлшем белгірері қолданылады. Оған өнімнің мөлшері, өзіндік құны бағасы, жұмсалған жұмыс уақытының шамасы және т.б. жатқызылады. Бірақ, экономикалық мәні бірдей аттас көрсеткіштердің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісін индекс арқылы есептеуге болады. Индекстер зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне байланысты екі топқа бөлінеді: көлемдік және сапалық.

Көлемдік индекстерге өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. Мысалы, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, т.б. көлемі алынады. Көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.

Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады. Халықаралық тәжірибеде индекстік әдісті қолдану кезінде көрсеткіштер төмендегі берілген латын әріптерімен белгіленеді:

Q – сандық көрсеткіш, яғни өнімнің көлемі, мөлшері;

P – бір дана өнімнің, заттың бағасы;

Z – бір дана өнімнің, заттың өзіндік құны;

T – бір дана өнімді, затты өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының шамасы,

W – еңбек өнімділігі және т.с.с.