- •Статистиканың даму тарихы мен даму кезеңдері.
- •Статистика пәні және оның зерттеу объектісі
- •Қр статистикалық қызмет туралы Заңы. Оның негізгі ережелері.
- •Қр Статистика қызметінің ұйымдастырылуы.
- •Статистика түсінігі және статистика пәні
- •Статистиканың әдістемесі
- •«Статистика» ғылымының негізін қалаушылар
- •Статистикалық орган қандай функциялары
- •Қазақстан Республикасындағы статистикалық органдары
- •Статистикалық бақылаудың сипаты мен мәні
- •Статистикалық бақылау түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «жинақтау» ұғымының мәні мен түрлері
- •Статистикалық мәліметтерді «топтау» ұғымының мәнімен түрлері
- •Топтау белгілері мен топқа бөлу принциптері
- •Мәліметтер мен құбылыстар динамикасын графиктер мен кестелерде бейнелеу.
- •Секторлы, бағаналы, ленталы графиктер сызу.
- •Статистикалық кесте және оны құрастырудың жалып мақсаты
- •Статистика ғылымы мен статистикалық зерттеу жұмысын жүргізу кезеңі
- •Статистика әдістерінің түрлері және статистикалық әдістемелер
- •Статистикалық бағдарлама
- •Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау.
- •Статистикалық зерттеудің сатысы және олардың бір-бірімен байланыстылығы
- •Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мен зерзаты(объекті)
- •Статистикалық мәлімет жинауды ұйымдастырудың жолдары, формалары
- •Статистикалық бақылаудың тікелей қатысу арқылы жинау тәсілі
- •Статистикалық қателер
- •Статистикалық мәліметтерді жинақтау, түрлері мен оның мақсаты
- •Статистикалық топтау әдісі мен мақсаты
- •Динамика қатарының шектен тыс белгінің деңгейлерін табуға мүмкіндік беретін тәсіл
- •Статистикалық кесте ерекшеліктері
- •Күрделі құбылыстардың барлық элементтерінің жалпы өзгерісінің индексі
- •Әлеуметтік-экономикалық статистика
- •Абсолюттік өсім мен өсу қарқыны
- •Динамика қатарының орташа интервалдық деңгейі
- •Дамудың негізгі тенденциясын айқындау тәсілі
- •Халықтың табиғи өсімі көрсеткіші
- •Орташа белгіленген (тарифтік) баға коэффициенті
- •Еңбек өнімділігінің деңгей өлшеу әдісі
- •Туризм статистикасы көрсеткіштерін қалыптастырудың қажетті алғы шарттары
- •Статистикалық кестенің элементтері, түрлері және оны құру ережелері.
- •Статистикалық графиктер және оны пайдалану мақсаты
- •Статистикалық графиктің негізгі элементтері, түрлері, бейнелеу ережелері
- •Диаграмма, картограмма, картодиаграмма
- •Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер
- •Абсолютті жэне салыстырмалы шамалар түсінігі
- •Салыстырмалы көрсеткіштердің түрлері
- •Интенсивтіліктің салыстырмалы көрсеткіштері.
- •Абсолютті және қатысты шамаларға есептер шығару.
- •Орташа шамалардың мәні мен маңызы, түрлері мен оларды есептеу тәртібі
- •Құрылымдық орташа көрсеткіштер
- •Вариация көрсеткіштері
- •53. Ішнара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері
- •54. Әр түрлі іріктеуде жіберілген қателер туралы түсінік және оны есептеу
- •55. Ішінара бақылауға алынған бірліктің санын анықтау
- •56. Іріктемелі бақылаудың қателігін анықтау
- •57. Ықтималды баға берудің негіздері
- •58. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері
- •59. Шашырандының түрлері және оны қосу ережелері
- •60. Динамика қатарлары және оның құрамдас бөліктері
- •61. Динамика қатарының көрсеткіштері
- •62. ДИнамика тенденциясын анықтау тәсілдері
- •63. Индекстердің мәні және түрлері
- •64. Жеке индекстер
- •65.Агрегаттық қалыптағы индекстер
- •66.Индекстер көмегімен факторлық талдау жасау әдістемесі
- •67.Бағаның,өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің жалпы индекстерін есептеу
- •68.Орташа индекстер
- •69.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері
- •1.Ерекшеліктері бойынша:
- •3.Аналитикалық б/ша:
- •70. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу Қоғамдық өмірдің қандайда
- •71.Сапалық белгілер арсындағы өзара байланыс тығыздығын анықтау
- •72.Сызықтық емес байланыстарды анықтау
- •73.Келушілерді статистикалық анықтау
- •74.Туризм сұраныстың көрсеткіштер жүйесі
- •75.Ішкі туризм бойынша іріктеме зерттеуді жүргізудің жалпы тәсілдері
Статистикалық мәлімет жинауды ұйымдастырудың жолдары, формалары
Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтартексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйег келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерінесептеу.
Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі.
Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытындыжасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлужәне әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару. Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады: 1.Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.2.Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады. Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады. Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеужәне жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.
Статистикалық бақылаудың тікелей қатысу арқылы жинау тәсілі
Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау сгатистикалық зертгеу жүмыстарын үйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болъш табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, іс- құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып үш түрге бөлінеді.
Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылаута жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса, онда оны тікелей /сұрау арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу (тізімге алу), тағамдарды санау және т.б. Бұл тәсіл статистикалық зерттеудің жетілген түрі болып саналады және одан алынған мәліметтер нақты, толық больш келеді.
Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп, беру формаларын толтыру арқылы жиналады. Және ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында больш жатқан жалпы өзгерістерді толығымен, жаи-жақты суреттейді. Сондықтан, статистика органда-рына әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым міндетті түрде және белгіленген уақытта қажетті мәліметтерді тапсырады, ал олар оғaн талдау жұмыстарын жүргізеді.
Сұрақ-жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мұмкіндік болмайды. Ондай кезде керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілдері қолданылады.
Статистикалық қателер
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді.
Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бакылаудың қайсы бірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін.
Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындагы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып екі түрге бөлінеді.
Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл - жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген ұғымды білдіреді
Тіркеу кезіндегі жіберілетін қате - әлеуметтік-экономикалык құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне қарай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілген қате болып екіге бөлінеді.
Кездейсоқ жіберілген қате арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады.
Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін қатеде көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда жіберілген болып екіге бөлінеді.
Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате қастандықпен, әдейі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мүмкін.
Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате - алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу аркылы жасалынған қателер.
Статистикалық бақылаудың нәтижесін екі түрлі жолмен тексеруге болады: арифметикалық және логикалық. Арифметикалық жолмен мәліметтерді тексергенде кестелердегі қорытынды жолдарды, қорытынды сандарды тексереді. Логикалық жолмен мәліметтерді тексергенде бағдарламада көрсетілген бір-бірімен байланысты сұрақтарды тексеріп, салыстырады.
