Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.2 Кб
Скачать

3Сұрақ Логистикалық жүйелердің түрлері

 логистикалық жүйелер екіге бөлінеді: макро- және микрологистикалық  .

Макрологистикалық жүйе – бұл әртүрлі аймақ немесе елдерде орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарын, делдалдық, сауда және транспорт ұйымдарын қамтитын материалдық ағымдарды басқарудың ірі жүйесі. Макрологистикалық жүйе аймақ, ел елдер тобының экономикасының инфрақұрылымын білдіреді.ел аралық бағдарламаларда макрологистикалық жүйелерді қалыптастыру бірыңғай экономикалық кеңістік, ішкі шекаралары жоқ (тауарды, каптиталды, ақпаратты, еңбек ресурстарынтасымалдауға кедендік кедергілері жоқ) бірыңғай нарық құруды талап етеді.

Микрологистикалық жүйелер макрологистикалық жүйелердің кіші жүйесі, құрылымдық құрама бөліктері болып табылады. Оларға әртүрлі өндіріс және сауда кәсіпорындары, территориялық-өндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық жүйелер құрамына бірыңғай инфрақұрылыммен біріктірілген  технологиялық байланысқан  өндірстер кіретін ішкі өндірістік логистикалық жүйелер тобын білдіреді.

Макрологистика шеңберінде жеке микрологистикалық жүйелер арасындағы байланыстар тауарлық-ақшалай қатынастар негізінде бекітіледі: микрологистикалық жүйе ішінде де кіші жүйелер әрекет етеді. Бірақ олардың өзара әрекеттесуінің негізі тауарлық емес. Бұл бір экономикалық нәтижеге жұмыс істейтін фирма, бірлестік немесе басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке бөлімшелер.

Макрологистика деңгейінде логистикалық жүйелердің үш түрін бөледі:

А) тікелей байланстары бар логистикалық жүйелер. Бұл логистикалық жүйелерде материалдық ағым өнім өндірушіден оның тұтынушысына делдалдарсыз тікелей өтеді.

Б) эшелондалған логистикалық жүйелер. Мұндай жүйелерде материалдық ағым жолында ең болмағанда бір делдал болады.

В) икемді логистикалық жүйелер. Мұнда өнім өндірушіден оның тұтынушысына материалдық ағым қозғалысы тікелей де, делдал арқылы да іске асырылуы мүмкін.

 4сүрақ

Вагон ағындары деп – белгілі бір уақыт аралығында (әдетте тәулік ішінде) белгілі бір бағытта жүретін вагондар саны, ол тасымалдау жоспары бойынша айқындалады.

Тасымалдау жоспары дегеніміз жүкті тиеу және түсіру станциясы көрсетілмеген әр жолдар арасындағы вагондар қатынасының қиғаш шахматкестесі болып табылады. Жоларалық вагондар әртүрлі түйіспе бекеттері арқылы түрлі бағытта жүріп жатады. Сұрыптау станциялары арасын­дағы әрбір вагон ағындарыың мөлшері әр түрлі жоларалық қатынастардың үлесінен құралады. Құрастыру жоспарын есептеп шығару үшін бөлінген станциялар арасындағы вагон ағын­дарын анықтау үшін әрбір бағыт бойынша қатынастар үлесін – арнайы эталондар кестесін жасайды. Осындай кестелердің негізінде жоспарлы вагон ағындарының, жолдағы тиеу мөлшерінің кестесін жасап, осыдан кейін бүкіл тиеулі ағындар бөлінген станцияларға  “байланымды“ болып қалатындай етіп өңдейді.

Жылжымалы құрамдардың жеке түрілеріне жүк тиелген вагон ағындарың жоларалық шахмат-кестелері жоспарлы бос вагон ағындарын жасау үшін негіз болып табылады. Осыларға қарай жылжымалы құрамның белгілі бір түрінің балансын (артықтығын немесе кемдігін) есептеп шығарады және артық бос вагондарды жетіспейтін бекеттерге жіберу (реттеу) сызбасын белгілейді. Мұнда вагондардың бос жүрісін барынша азайтуға тырысу  қажет.

8билет