Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.2 Кб
Скачать

4Сұрақ Вагон ағындарын ұйымдастыру технологиясының маңызы, міндеттері және негіздері

Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайда­лану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктер­ді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға және сұрып­тау, телім­дік және жүк станцияларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.

Жүктердің жеткізілуін жеделдету, сұрыптау жұмыстарының көлемін азайту және вагондардың жұмыс өнім­ділігін арттыру үшін вагон ағындарын барынша маршрут­тауға және вагондардың жинақталу үрдісін күтіп орынсыз тұрып қалуын болдырмауға тырысу керек. Бұл міндетті шешу әдістерінің бірі - жөнелтуші және сатылы маршрут­таудың тиімді түрлерін барынша дамыту, ал бұл тікелей жүк тиеу қосындарында вагондарды жинақтау шығынын болдырмауға (немесе шамалы шығынмен), алыс сапарлық маршруттық пойыздар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жүк тиеу орындарында маршруттық пойыздарға қамтыл­май қалатын немесе жөнелту маршруттарынан жүк түсіру станциясына дейін емес, тарату бекеттеріне дейін жүретін вагон ағындары сұрыптау және телімдік станция­ларда мамандандырылған пойызға айналдырылуы тиіс. Мұнда вагондардың тұруын азайту үшін олардың станцияларға жоспарлы және жедел түрде келуін, топтық пойыздарды құрастыруды және т.с.с. кеңінен қолдану қажет. Вагон ағындарын ұтымды ұйымдастыру вагондарды экономи­калық жағынан пайдалы жүріс жолдарына бағыттауды, сондай-ақ вагон ағындары­ның жоғары транзиттік деңгейін және техникалық станцияларда вагондарды өнімсіз өңдеу көлемін барынша кемітуді қамтамасыз етуі тиіс. Пойыз­дарды құрастыру жоспары вагон ағындарын ұйымдасты­рудың негізін құрайды. Пойыздарды ұтымды құрастыру жоспарының мынадай артықшылықтары бар:

- вагондардың техникалық және жүк станцияларында тұру уақытын азайту;

- сұрыптау жұмыстарын барынша жарақтандырылған станцияларға шоғырландыру;

- көлік құралдарын пайдалану дәрежесін арттыру;

- кірме станциялар жұмысында теміржолдар мен кәсіп­орындардың өзара әрекеттесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Тұтас алғанда, пойыздарды құрастыру жоспары көбіне вагондардың жолда болу уақытын және жүктерді жеткізу жылдамдығын айқындайды. Пойыздарды құрастыру жос­пары көліктің техникалық құралдарының жүктелу деңгейін, станциялар мен жөнелту бекеттері және жүк пойыздарының баратын жерлері арасында сұрыптау және маневр жұмыс­тарын бөлуді көздейді. Пойыздарды құрастыру жоспарын жасау көптеген нұсқаларды және күрделі логикалық іс әрекеттерді есептеп шығаруды қажет ететін күрделі міндеттер қатарына жатады.

Екі станция арасындағы өзінде тиелген вагондардан және сұрыпталған пойыздардан құрастырылған вагон ағындары­ның тәуліктік мөлшерін вагондар ағысы деп атау қабылдан­ған. Егер пойыздар тек осы немесе бірнеше вагон­дар ағысынан құрастырылатын болса, онда бұл пойыз­дарды құрастыру жоспарының барары болып шығады. Әдет­те, құрастыру жоспарының барар саны вагондар ағы­сы­ның санынан кем болады.

Вагон ағындарының әр ағысы екі параметрмен сипат­талады: қуатымен (оның тәулік ішіндегі вагондар саны) және вагондардың барар қашық­тығымен (вагондарды құрас­тыру станциясы мен барар станциясының арақашық­тығы).

Вагон ағыстарын біріктіріп құрастыру жоспарына енгі­зудің түрліше нұсқалары бар. Құрастыру жоспарының әр­бір нұсқасына вагондардың пайда болатын жерінде, бара­тын бекеттерінде жинақталуда тұруы (жаңа пойыз­дарды сұрыптап құрастыруда) және жолай өңделетін техни­калық станцияларда тұруы сай келеді

Ресей Федерациясының Қатынас Жолдары министрлігі оқтын-оқтын шығарып тұратын “Вагон ағындарын ұйым­дас­тыру жөніндегі нұсқау­ларда” пойыздарды құрастыру жоспарын және тұтас алғанда, вагон ағында­рын ұйымдас­тыру жүйесін есептеп шығару әдістемесі мен мысалдары келтірілген.

5-билет

1сұрақ

Телiмдiк станциялардың жұмыс технологиясы

Телiмдiк станцияларда олардан ӛңдеусiз және iшiнара ӛңдеу арқылы ӛтетiн пойыздармен (топтық пойыздар және массасы ӛзгертiлетiн пойыздар) ӛңдеу операцияларын жүргiзедi, телiмдiк, құрама және жақынаралық пойыздарды құрастырады және сұрыптайды. Бұлардан басқа, жүк және жолаушыларға қызмет кӛрсету операциялары орындалады. Телiмдiк станциялардың мынадай жол тарамдары болады: бiр немесе екi қабылдау-жӛнелту паркi (ҚЖП), сұрыптау паркi (СП), вагондарды сұрыптауға арналған тартымдық жолдар (ТЖ) (кейбiр станцияларға қуаты шағын сұрыптау дӛңестерi), жолаушылар пойыздарын ӛткiзуге және күтiп- баптауға, жергiлiктi жолаушылар пойыздарының тұруына арналған жолдар. Телiмдiк станцияларда жүк ауданы (ЖА), локомотив шаруашылығы (ЛШ), вагон шаруашылығы (ВШ) болады. Телiмдiк станцияға, әдетте, ӛнеркәсiптік кәсіпорындарының кiрме жолдары енiп тұрады.

2сұрақ

Әуе жүк тасымалындағы жүк қағазы

Қолданылып жүрген халықаралық және мемлекеттік реттеуді сақтай отырып

атқарылатын әуеде жүк тасымалдау жөнелтуші мен тасымалдаушы арасындағы

белгілі бір заңдық қатынастарды қамтитын көлік процесі болып табылады.

Құжаттар дұрыс толтырылмайынша, жүктерді әуеде тез тасымалдау мүмкін емес.

Әуеде жүк тасымалдау шартының жасалғанын растайтын әуеде жүк тасымалдау

қағазы (авианакладная) жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы) мен тасымалдаушының

қарым-қатынасын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жауаптылық шегін

реттеп отыратын басты құжат болып саналады.

Әуеде жүк тасымалдау қағазы – әуе көлігінде пайдаланылатын барынша

маңызды құжат, оны тасмалдаушы немесе оның уәкілетті агенті береді. Бұл

құжат мынадай мақсаттарға қызмет етеді:

• тасымалдау келісім – шарты жасалғанын құжатпен растайды;

• жүктің алыну дәлелін қамтамасыз етеді;

• жүк қағазы ретінде қолданылады;

• сақтандыру талап етілетін жағдайда оны растайды;

• жүкті өңдеу, жөнелту және жеткізу кезінде тасымалдаушының

қызметкерлері үшін нұсқау ретінде қолданылады.

3сұрақ Материалдық ағын түсінігі логистикада негізгі болады. Материалдық ағындар тасымалдау, қоймалау, түсіру, тиеу нәтижесінде пайда болады. Көлік құралынан түсірілген таур үш жоллдың біреуі бойынша жіберілуімүмкін: немесе қабылдву учаскесіне, немесе сақтау аймағына, ал егер жүк жұмыстан тыс уақытта жеткізілсе, қабылдау экспедициясына. Мұнан былай тауар қалай болғанда да сақтау аймағында жиналады. Жүктің сақтау аймағынана тиеу учаскесіне жылжу жолдары да әртүрлі болу мүмкін. Белгілі бір уақыт мерзімінде жеке операция бойынша орындалған жұмыстардың көлемі тиісті операциялар бойынша МА болып табылады. Қоймаларда МА-ды әдеттегідей жеке учаскелерге немесе жеке операцияларға сәйкес есептейді. Жиынтық материалдық ағын жеке учаскелерде және олардың учаскелері арасында өтетін мтериалдық ағындардың сомасына тең. Қоймада жүк қандай жолмен баратыннан, қандай операциялар орындалу не орындалмауына байланысты МА-ның мөлшері бағыныңқы болады, яғни сақталу мен қоймалық өндіруге кеткен шығындардың мөлшері анықталады.

4 сұрақ Жүк пойыздарын былайша жіктейді:

1. Құрастыру жағдайына қарай:

· жүкті жөнелтушілердің қатысуымен ұйымдастырыл-атын жөнелтуші және сатылы маршруттық пойыздар;

· техникалық және жүк станцияларында жүк жөнелтушілердің қатысуынсыз құрастырылатын пойыздар.

2. Жүріс сапарының қашықтығына қарай:

· бір немесе бірнеше техникалық станциядан өңдеусіз өтетін өтпелі пойыздар;

· бір телімде құрамын өзгертпестен өтетін телімдік пойыздар;

· вагондарды телімнің аралық станцияларына тарататын (жинайтын) құрама пойыздар. Олар өз кезегінде былайша бөлінеді: телімнің аралық станцияларының бір бөлігінде ғана жұмыс істейтін аймақтық; екі және одан да көп телімдердің барлық немесе негізгі аралық станцияларында жұмыс істейтін (ұзартылған телімдерде); телімнің бір бөлігінен тоқтамастан өтетін құрама-телімдік пойыздар;

· техникалық станциялардан жұмыс көлемі үлкен кейбір аралық станция­ларға дейін жөнелтілетін жақынаралық пойыз­дар;

· бір тораптағы станциялар арасында қатынайтын және арнайы бөлінген тораптық локомотивтер паркі қызмет көрсететін тораптық пойыздар;

· жолдарды жөндеу мен тазартуға, қарды тасып әкетуге т.с.с. арналған шаруашылық пойыздар.

3. Қамтитын вагондарының күйіне қарай:

· тиеулі (жүк) пойыздар;

· бос пойыздар;

· құрама пойыздар.

4. Құрамдағы топтарының санына қарай:

· сұрыптау немесе жүгін түсіру станциясы бір вагондар­дан құралған – біртопты пойыздар;

· топтық пойыздар.

5. Жүріс жылдамдығына қарай:

· масса нормасы азайтылған және көтеріңкі маршрут­тық жылдамдықпен жүретін жедел және жеделдетілген. Бұлар – рефрижераторлық және контейнерлік пойыздар, сүт таситын пойыздар және т.с.с.;

· әдеттегі пойыздар.

Маршруттық пойыздар былайша бөлінеді:

1. Ұйымдастыру жағдайына қарай:

· бір станцияда немесе бір кірме жолда бір жүк жөнелтуші ұйымдастырған жөнелтуші пойыздары;

· әр түрлі жүк жөнелтушілердің бір станцияда тиеген вагондар тобынан біріктірілген станциялық сатылық пойыз­дар;

· телімнің бірнеше станциясында бірнеше (немесе бір) жүк жөнелтушілердің тиеген вагондар тобынан біріктірілген телімдік (тораптық), сатылық пойыздар;

· мекен-жайлық базада (базаға жақын телімдерде, станцияларда жинақ­талған вагондардан) құрастырылған пой­ыз­дар.

2. Вагондардың барарына қарай:

· бір станцияда түсірілетін вагондарды қамтитын, тікелей пойыздар;

· бірнеше станцияда түсірілетін вагондарды тарату үшін бір станцияға баратын пойыздар.

3. Вагондардың құрамда орналасу тәртібіне қарай:

· топтық пойыздар, мұнда вагондар станцияларға, жүк иелеріне және жүк түсіру телімдеріне қарай іріктеледі;

· вагондары іріктелмеген пойыздар.

4. Айналымына қарай:

· айналымды маршруттар, құрамдары жүгін түсірген соң жүк тиелген станцияға, құрамын өзгертпестен, бос күйінде оралады. (Бір кәсіпорнына қызмет ететін және алыс емес қашықтықтан оралатын айналымды маршруттарды айнал­малы деп атайды);

· әдеттегі (айналымды емес) маршруттар, станцияға оралуы міндетті емес.

5. Жүріс сапарының қашықтығына қарай:

· екі және оданда көп жолдардың шегінде жүретін – желілік пойыздар;

· бір жол шегінде жүретін – жол ішілік пойыздар.

6 билет 1 cурак)

Сұрыптау станцияларында пойыздарды сұрыптау және құрастыру секiлдi негiзгi жұмыстармен қатар, транзиттiк пойыздар да өңдеуден өтедi. Жүк тиеу-түсiру және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, әдетте, шағын көлемде атқарылады. Мұның себебi, сұрыптау станциялары көбiне жүк және жолаушылар станциялары бар тораптарда орналасады.Сұрыптау станциялары әдетте вагон ағындары жаппай пайда болатын және таратылатын аудандарда, iрi темiржол тораптары мен өнеркәсiп аудандарында орналасады.Сұрыптау станцияларында бiрнеше жол парктерi (iрi станцияларда жол саны 100-ден асады), механикаландыру және автоматтандыру құралдарымен жарақтандырылған қуатты сұрыптау құрылғылары болады. Тиiмдi басқару үшiн iрi сұрыптау станцияларында ЭЕМ орнатылған. Қабылдау паркiн, дөңестi, сұрыптау паркiн, тартымдық жолдарды, жөнелту паркiн қамтитын құрылғылар кешенiн сұрыптау кешені немесе сұрыптау жүйесi деп атайды.

2 сурак)Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы – 1919 жылы негізі қаланған және 1945 жылы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қайта құрылған барлық халықаралық авиа-тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. ӘКХА – халықаралық рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы болып табылады. Оның басты қызметі – халықаралық коммерциялық авиациялық хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ерержелер пен процедураларды еңгізу және халықаралық маршруттарға жолаушылар авиатасымалдарына келісімді тарифтерін орнату. ӘКХА –ның жоғарғы органы – жыл сайыңғы Бас ассамблея, оған президент және атқарушы орган сүйенеді. ӘКХА мақсаты – азаматтық авиация халықаралық ұйымдарының саясатын жүзеге асыру. ӘКХА – бұл әуе тораптар маршруттарының әртүрлі комбинацияларын пайдалана отырып бір елден басқа елге адамдарды, пошталарды және жүктерді жеткізуге әрекеттесу. ӘКХА көліктік конференциясында қабылданған резолюциялар тек билеттерге ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк құжаттарына да қатысты. Тарифтерді орнату — ӘКХА жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Барлық авиакомпаниялар арасында тарифтерді белгілеу қажеттілігі – бұл бір уақытта саясат, тәжіребие болып табылады, өйткені халықаралық авиакомпаниялары иелерінің – мемлекет өкіметімен бақыланады. Әрбір ел — өзінің кеңістігінің иесі, ол өзінің территориясына кіруге тыйым салу немесе рұқсат беруі мүмкін және өзіне ыңғайлы шарттарды қоюына болады. ӘКХА – ның мүшелеріне — халықаралық әуе сапарларын жасайтын 259 авиакомпаниялар кіреді. Бұл авиакомпанияларының үлесіне халықаралық тұрақты хабарламалардың 95 %-не жуығы келеді. ӘКХА – ның мүшесі және конференция қатысушысы болуы үшін авиакомпанияларының өкімет беретін, халықаралық азаматтық авиация ұйымына да келетін, тұрақты тасымалдауды растайтын сертификаты болуы керек. ӘКХА бүкіл жер шарының аумағын 3 үлкен аймаққа бөледі: Солтүстік және Онтүстік Америка және халықаралық линиядан шығысқа қарай тынық мухиттық аймақ бөлігі; Еуропа, Африка және Таяу Шығыс; Азия, Австралия және халықаралық линиядан бастықа қарай Тынық Мухиттық аймақ бөлігі. Туристтік агенттіктер ӘКХА – ның қызметіне оның арнайы бөлімшесі – авиакомпаниялар агенттіктерінің халықаралық ұйымы арқылы қатысады. Аккредитация процедурасынан өткен және тиісті белгілі- бір талаптарға сәйкес келетін әрбір турагенттікке – визиттық карточканың бір түрі ретінде номер беріледі және ол авиакомпаниямен және басқа салаларының қатысушыларымен есеп айырысуды жүзеге асырғанда пайдаланылады.

3 сурак)Кәсіпорынды шикізат және материалдармен қамтамасыз ету процесінде сатып алушылық логистиканың міндеттері шешімді. Бұл кезеңде жеткізіп берушілер зерттеліп, таңдап алынады, келісім-шарттар жасалынып, олардың орындалуы бақыланады, жеткізіп беру шарттары орындалмаған кезде шаралар қолданылады. Кез келген өндірістік кәсіпорында аталған функцияларды орындайтын қызмет болады. Практикада сатып алушылық логистиканың негізгі мазмұнын құрайтын іс- әрекет щеңберлері жеткізіп берушілермен келісім-шарттың шарттарымен және кәсіпорын ішіндегі жабдықтау қызметінің функцияларының құрамымен анықталады (сур. 1а). 2. Кәсіпорынның ішінде материалдық ағымды басқару процесінде негізінен өндірістік логистиканың міндеттері шешіледі. Бұл кезеңнің ерекшеліктері – ағымды өткізу жөніндегі жұмыстардың негізгі көлемі бір кәсіпорын территориясының шеңберінде орындалады. Бірақ логистикалық процестің мүшелері тауарлық-ақшалай қатынастарға қатыспайды, себебі бұл саладағы негізгі міндет - өндірісті іске асыру процесіндегі материалдық ағымдарды басқару (сур. 1б). өндірістік кәсіпорын А) б) в) 3. Дайын өнімді сату процесінде материалдық ағымдарды басқару кезінде таратушылық логистика міндеттері шешіледі. Оларды өндірістік кәсіпорындар да, саудалық-делдалдық кәсіпорындар да орындайды. Тарату функциясын іске асыру басқаша айтқанда өткізу деп аталады. 1сур. В-да көрсетілгендей тарату логистика саласына материалдық ағым өндірістік цехтарда бола тұрып түседі. Демек, орама және ыдыс, партияның көлемінің, дайындалу уақытының мәселелері материалдық ағымды басқарудың ертерек кезеңдерінде шешіле бастайды. 4. транспорттық учаскілерде материалдық ағымдарды басқару кезінде транспорттық логистиканың ерекше міндеттері шешіледі. Материалдық ағымды шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға жеткізу процесінде орындалатын транспорттық жұмыстың жалпы көлемін екі үлкен топқа бөлуге болады: • арнайы транспорттық ұйымдар көлігімен орындалатын жұмыс (ортақ пайдалану транспорты); • бүкіл басқа кәсіпорындардың меншікті көлігімен орындалатын жұмыс (транспорттық емес кәсіпорындардың). Логистиканың басқа салалары сияқты транспорттық логистиканың анық шекаралары жоқ. Оның әдістері кез келген тасымалдауларды ұйымдастыру кезінде қолданылады. Бірақ бұл бөлімдегі зертеу мен басқарудың негізгі, басты объектісі – ол ортақ пайдалану көлігімен тасымалдау процесінде орын алатын материалдық ағым. 5. Ақпараттық логистика. Материалдық ағымдар қозғалысының нәтижелері ақпараттық ағымдар қозғалысын тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты болады. Мұндағы зерттеу объектісі – материалдық ағымдардың басқарылуын қамтитын ақпараттық жүйелер, қолданылатын микропроцессорлық техника, ақпараттық технологиялар және басқа да ақпараттық ағымдарды ұйымдастырумен байланысты мәселелер. Ақпараттық логистика логистиканың басқа функционалдық салаларымен тығыз байланысты. Бұл бөлім кәсіпорын ішіндегі ақпараттық ағымдардың ұйымдастырылуын және бір бірінен маңызды ара қашықтықта орналасқан логистикалық процестің әртүрлі қатысушылары арасындағы ақпаратпен алмасуды қарастырады.

4 сурак)Пойыздарды құрастыру жоспарын есептеп шығару нормативтері мен параметрлері. Пайдалану шығындары (қолайлы болу үшін ол вагон-сағатпен беріледі) құрастырудың әр нұсқасының тиімділік өлшемі болып табылады. Жалпы алғанда, мынадай жағдайда барары бір вагон ағындарын дербес бөлген жөн: , (2.1) мұндағы – вагонның транзиттік пойыздармен жолай техникалық стасалардан жүріп өтуінен түскен келтірілген жалпы үнем, сағ; ст – барары бір құрамдарды жинақтаудың вагон-сағаты. Вагонның станция арқылы өңдеусіз өтуінен келетін үнемнің жалпы уақыты: , (2.2) мұндағы – вагон ағындарын өңдеусіз өткізуде бір вагонға келетін уақыт үнемі, сағ; (2.3) мұндағы – өңделетін транзиттік вагонның тұру уақыты, сағ; – өңделмейтін транзиттік вагоннның тұру уақыты, сағ; – орташа жинақталу уақыты, сағ; – вагондарды өңдеу эквиваленті, мынадай формуламен анықталады: (2.4) Станциядағы парктер санына олардың жүйеде орналасуына, сұрыптау дөңесінің механикаландыруына қарай “Вагон ағындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаудың” арнайы кестесінде мәні берілген. – пойыз локомотивтерін станцияда қайта тіркеу операциясын жоюдан келетін үнем мынандай формуламен анықталады: (2.5) мұндағы – локомотивті жолай бағытта қайта тіркеудегі қосымша тұру уақыты, сағ; – локомотивті қайта тіркеуде пойыз бригадаларының қосымша жұмыс уақыты, сағ. “Вагон ағындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауда” пойыздарды құрастыру жоспарын және тұтас алғанда, вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесін есептеп шығару әдістемесі мен мысалдары келтірілген. Аралықтардағы басты жолдар санына, СОБ құрылғыларына, жолаушылар мен жүкпойыздарының санына және тартым күшінің түріне қарай “Вагон ағындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаудың” арнайы кестесінде мәні берілген.

7 билет 1 сурак)

Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру

Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде станциялар мен басқа да айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.

Теміржол торабтары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:  1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай екіге бөлінеді: 

  • кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды; 

  • әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп - транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау станциялары болуы мүмкін.