- •1 Сұрақ. Темiр жол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
- •2 Сұрақ Авиациялық құжаттар
- •1 Сұрақ Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
- •2Сұрақ Вагондарды жүк тиеуге дайындау.
- •3 Сұрақ Макро микро
- •4Сұрақ Вагон ағындарын ұйымдастыру технологиясының маңызы, міндеттері және негіздері
- •2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:
- •3Сұрақ Логистикалық жүйелердің түрлері
- •1Сурак)
- •2 Сурак)
- •3 Сурак)
- •4 Сурак
- •1Сурак)
- •2 Сурак)
- •3 Сурак)
- •10 Билет
- •11 Билет
- •3. Логистиканың концептуалды көзқарас эволюциясы
- •12 Билет
- •13 Билет
- •Пойыздардың жүріс графиктерін жасауға арналған бастапқы мағлұматтар мен нормативтер
- •Коносамент беру
- •Кәсіпорын микрологистикалық жүйелерінің бағалау модельдері
- •Өткізу және тасымалдау қабілеті туралы ұғымдар.
- •Графиктің көрсеткештері және оның орындалуын талдау
- •Коносаменттер: ескертпелер және дәлелдік күш
- •Болжаудың негізгі кезендері.
- •Аралықтар мен телімнің паралельді пакетсіз графиктегі өткізу қабілеті
- •Қауiптi жүгі бар автокөлік құралын жүргізу кезiнде жүргiзушiнің атқаратын міндеттері
- •Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару
- •Ақпараттық логистиканың міндеттері және мақсаттары
- •График бойынша пойыздардың жүрісін тартым күшімен қамтамасыз ету
- •Жол қозғалысының сипаттамасының көрсеткіштері
- •Станциялар классификациясы
- •Ақпараттық логистиканың ағыны.
- •Локомотив паркін күйіне, жүріс түрлеріне және атқаратын жұмыстарының сипатына қарай бөлу
- •Аралықтар мен телiмнiң пакетсіз графиктегі өткiзу қабілеті
- •Тауар кассирінің және жүктерді қабылдап-жөнелтушінің негізгі міндеттері
- •Логистиқалық ақпараттық жүйелерді құрудағы принциптер.
- •Локомотивтердің айналым телімдері және локомотив паркін нормалау
- •3.Логистикалық шығындарды қысқарту факторлары
- •4.Пойыздар жүрісіндегі негізгі техникалық сигнализация және байланыс құралдары
3 Сұрақ Макро микро
Логистикалық жүйені элементтерге бӛлуді түрліше жүргізуге болады. Макродеңгейде материалды ағымның бір кәсіпорындардың
екіншіге ӛткен кезінде элементтер ретінде кәсіпорындардын ӛздері, сондай - ақ оларды байланыстыратын кӛлік те қарастырылуы мүмкін. Микродеңгейде логистикалық жүйе келесі негізгі элементтерден тұруы мүмкін. Сатып алу - материалды ағымның логистикалық жүйеге түсуін қамтамасыз ететін элемент. Ӛндірісті жоспарлау және басқару — бұл элемент материалды ағымдарды сатып алу бӛлімінен қабылдап алып, оны еңбек затынан еңбек ӛніміне айналдыратын түрлі технологиялық операцияларды орындау үрдісінде басқарады. Ӛткізу - бұл элемент материалды ағымның логистикалық жүйеден шығуын қамтамасыз етеді. Логистикалық жүйенің элементтері түрлі сапалы, бірақ бір уақытта олар үйлесімді. Үйлесімділік мақсаттық бірлігімен қамтамасыз етіледі, оған логистикалық жүйенің әр элементгерінің қызметі тәуелді. Екінші қасиеті (байланыс): логистикалық жүйе элементтері арасында заңды қажеттілікпен интегративті сапаларын анықтайтын маңызды байланыстар бар. Макрологистикалық жүйелерде элементтер арасындағы байланыс негізін келісім шарт құрайды. Микрологистикалық жүйелердегі элементтер бір - бірімен ӛндіріс ішілік қатынастармен байланысты. Үшінші қасиеті (ұйымдастыру): логистикалық жүйе: элементтері арасындағы байланыстар белгілі тәртіппең реттелген, яғни логистикалық жүйе ұйымдасқан. Тӛртінші қасиеті (интегративті қасиеттер): логистикалық жүйенің оның жеке алғандағы элементтеріне тән емес, интегративті касиеттері бар. Бұл қажетті тауарды керекті жерге, қажетті уақытта, қажетті сапада минималды шығындармен жеткізу кабілеттілігі, сондай - ақ сыртқы ӛзгерісіне бейімделу қабілеттілігі (тауарлар немесе кызметтерге сұраныстың ӛзгеруі, техникалық құралдардың күтпеген жерден істен шығып қалуы және т.с.с). Логистикалық жүйенің интегративті қасиеттері оған материал сатып алуға, оларды ӛз ӛндірістік қуаттары арқылы жіберуге және сыртқы ортаға шығаруға мүмкіндік береді.[1]
Логистикалық жүйелер, жоғарыда айтып кеткендей макро- және микрологистикалық болып бӛлінеді. Макрологистикалык жүйе - елдің түрлі аймақтарында немесе түрлі елдерде орналасқан, түрлі ведомстволардың ӛнеркәсіптік, делдалдық, сауда және тасымалдау ұйымдары мен кәсіпорындарды қамтитын материалды ағымдарды басқаратын ірі жүйе. Макрологистикалық жүйе аймақ, елдердің немесе елдер тобының экономикасының белгілі бір инфрақұрылымын білдіреді. Түрлі елдерді қамтитын макрологистикалық жүйенің қалыптасуы кезінде халықаралық экономикалық қатынастардың құқықтық және экономикалық ерекшеліктерімен байланысты, елдердің кӛлік заңдылықтарының ерекшеліктерімен байланысты қиындықтарды және сондай-ақ басқа кедергілерге тӛзу қажет. Мемлекетаралық бағдарламалардағы макрологистикалық жүйелердің қалыптасуы біртұтас экономикалық кеңістік құрылуын, ішкі шекараларсыз тауарларды, капиталдарды, ақпараттарды, еңбек ресурстарын тасымалдаудағы кедендік кедергілерсіз ортақ рыноктың құрылуын талап етеді. Микрологистикалық жүйелер, макрологистикалық жүйелердің құрылымдық құрамдасы, бӛлімі болып табылады. Оларға түрлі ӛндірістік және сауда кәсіпорындары, территориалды - ӛндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық жүйелер ӛндірісішілік логистикалық жүйелер класына жатады, олардың құрамына біртұтас инфрақұрьлыммен біріккен, технологиялық байланысқан ӛндірістер кіреді. Макрологистика шеңберіндегі жеке микрологистикалық жүйелер арасындағы байланыстар тауар - ақша катынастарының негізіңде бекітіледі. Микрологистикалық жүйелер ішінде элементтер әрекет етеді. Дегенмен, олардың ӛзара әрекетінің негізі тауарлы емес. Бұл - фирма, бірлестіктер немесе бір экономикалық нәтижеге жұмыс істейтін басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке бӛлімшелер.
