Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.2 Кб
Скачать

1 Сұрақ Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру

Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде станциялар мен басқа да айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.

Теміржол торабтары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:  а)Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай екіге бөлінеді: 

  • кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды; 

  • әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп - транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау станциялары болуы мүмкін. 

б)Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді: 

  • 500 мың адамнан тұратын қаланың жанында);жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250  

  • 100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында);жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50  

  • теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы болып бөлінеді; 

  • үлкен қалалық торап (500 мыңнан көп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) болып бөлінеді. 

2 сұрақ Әуедегі жүк тасымалы саласында экспедиторлық агенттіктер желісінің тез дамып келе жатқанын ескере отырып, ИАТА 1986 жылы мазмұны жөнінен әуеде жүк тасымалдау қағазынан ешқандай айырмасы жоқ “бейтарап жүк қағазы” үлгісін пайдалануға енгізді. Әуе компаниясы беретін бұл қағазда компанияның логатипі болмайды және ол экспедиторға әуе тасымалы шартын тасымалдаушы ретінде толтыруға мүмкіндік береді.

Бейтарап жүк қағазын алған әуе компаниясы экспедиторға осы құжатты

бергені үшін өтем төлейді. Экспедиторлар оны “үй қағазы” деп атайтын болды. Бұл термин тіпті ресми нұсқаулардың мәтініне де еніп кетті. Алайда кейбір әуе тасымалдаушылары бұл қағаздарды пайдаланушылардың өсіп келе жатқанына алаңдап отыр. Олар әуе тасымалдаушылары мен топтастырушыларын (консолидаторы) заң тұрғысынан шектеу сақталуы тиіс, өйткені бұл қызметтің осы екі түріне арналған әртүрлі рыноктардың сақталуын қамтамасыз етеді деп есептейді.

Экспедитор жүкті келісілген орнына жеткізіп, қабылдаушыға тапсыру

туралы акцепттелген экспедиторлық тапсырманы орындау үшін жөнелтушіден жүкті қабыдау сәтінде “үй қағазын” жазып береді. Ол жүк жөнелтуші мен экспедитор арасында жүк тасымалын ұйымдастыру жөніндегі шарттың жасалғанын, сондай-ақ экспедитордың жүкті нақты тасымалдаушыға тапсырғанға дейін өз жауаптылығына алатыны жөніндегі қолхаты екенін білдіреді.

Бірден астам жүк жөнелтушілерден қабылданып, біріктірілген жүктерді

жөнелтуде мынаны ескеру қажет:

– құрамында қауіпті жүктер болатын жүк жөнелтілімінің әрбір

компонентіне тиісті декларацияның жеке үлгісі қабылдаушы агентке тапсырылуы тиіс;

– жүк жөнелтілімінің әрбір компонентіне тиісті декларация даналары

біріктірілген жүкпен қоса жіберілуі тиіс. Осы жүк баратын әуежайдағы агент жүкті алған соң әрбір декларацияның көшірмесін жүкті тарататын агентке беруі тиіс.

Барлық қажетті құжаттар әуеде жүк тасымалдау қағазына мықтап бекітіліп,

онда көсетілуі тиіс.

Жүк пен тауар құжаттарының өзара бөлініп қалмауы үшін құжаттарды

жүктің сыртында берік ұстап тұратын өзі жабысатын пакеттар қолданылуы мүмкін.

Қауіпті жүктерді тасымалдауда әуеде жүк тасымалдау қағазына қосымша қауіпті жүктерді жөнелтушінің декларациясы (Shipper`s Declaration for

Dangerous Goods) толтырылады, бұл жүк жөнелтуші толтырып, қауіпті жүктерді тасымалдауға қабылдау кезінде тасымалдаушыға ұсынылатын құжат. Кемінде 2 дана етіп толтырылатын декларация былайша таратылады:

– қол қойылған бір көшірмесі жүк қабылдайтын агентте сақталады;

– қол қойылған екінші көшірмесі жүкпен қоса оның бартын жеріне

жіберілуі тиіс.

3-сұрақ

логистиканың пайда болу және даму тарихы көне заманнан

басталады. Гамбург университетінің профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті Рим империясының кезеңіңде "логистер" немесе "логистиктер" деғен мәртебесі бар қызметкерлер болған. Олар азық-түлік өнімдерін бөлумен айналысқан. Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе американдық әскерлерде қеңінен қолданылды. Әскери өнеркәсіптің, тылдағы және фронттағы жабдықтау базалары мен көліктің нақты бірлескен іс-әрекеті американдық әскерді қажетті мөлшерде кару-жарақпен, жанар-жағар май материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады.

Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі танда да "logisties" сөзін әскери 1)

тыл және жабдыктау; 2) материалды-техникалык қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударьш жүр.

Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: "Логистика гректің "logistike" сөзінен алынған - есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын тәжірибелік арифметика - логистика деп аталады.

Логистика ғылым ретінде және азаматтық саладағы бизнес құралы ретінде

ең алдымен АҚШ-та 1950-ші жылдардың басында қалыптаса бастады. Логистика эволюциясы дамыған капиталистік елдердегі нарықтық катынастардың тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі "логистика" терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында ғана қалыптасып, әлемде жаппай қолданыла бастады.

4сұрақ

Қазіргі кезде темір жолдардың жұмыс жағдайына байланысты, бірыңғай диспетчерлік басқару орталығын құру (ТБДБО-ЕДЦУП) арқылы, пойыздардың жүрісін кешенді басқару жүйесін автоматтан- дыруға көп көңіл аударылуда. ТБДБО-ның жұмысын қамтамасыз ету жүйелерінің біріне, микропроцессорлік техника негізінде жасалған, автоматтандырылған диспетчерлік бақылау жүйесі (АДБЖ-АСДК) жатады. Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығының басқару қызметін іске асыруға: • пойыздардың жүріс графигіне, стансалар жұмысының жəне вагондарға техникалық қызмет көрсету қосындарынының техноло- гиядық үрдісіне, пойыздарды құрастыру жоспарына жəне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін технологиялық “толаскезді” есепке ала отырып, басқа басшылыққа алатын құжаттарға сəйкес темір жолда тасымалдау үрдісін, маневр жұмыстарын үздіксіз жəне қауіпсіз ұйымдастыру; • вагондар паркін есептеудің растығын бақылауды іске асыру; • темір жолдың пайдалану жұмысының техникалық-экономика- лық көрсеткішін орындауды ұйымдастыру; • жаздық жəне қыстық кестеге өту кезіндегі жөндеу жұмысына бөлінетін “толас кезді” пойыздардың жүріс графигінде уақытында жасалып енгізілуін жəне түзетілуін бақылау; 27 • арнайы тасымалдауды, пойыздарды құрастыру жоспарын, жүк жұмыстарын, локомотивтерді пайдалануды, станса жұмыстарын жəне тасымалдау үрдісін автоматтандырылған басқару жүйесін қоса отырып, тасымалдау үрдісін жетілдіруге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шараларды жасауға ұсыныс жасау жəне қатынасу; • жүріс графигінің орындалуына, жылжымалы құрамдардың жəне тасымалданатын жүктердің сақталуына, пойыздарды құрастыру жоспарының, салмақ нормасының жəне жол жұмысының басқа техникалық-экономикалық көрсеткішіне байланысты, ауысым жұмысы- ның орындалуына əр ай сайын талдау өткізу;

3 – билет

1сұрақ

ТБДБО жүйелерді – стансалар мен пойыздар секілді нысандарды жергілікті басқаруға негізделген аймақтарды, телімдерді бір орталықтан үйлесімді басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай құрылым желілік кəсіпорындардың ең жоғары деңгейдегі жекелігін жəне жолды толығымен тиімді басқаруды жəне ақпараттарды сақтау мен өңдеуді орталықтандыруды қамтамасыз етуді іске асырады. 28 ТБДБО-ның ең басты ерекшелігі – бұрын əр жол қарамағындағы ұзартылған тартым телімдеріндегі локомотивтердің бытыраңқы жасалып жатқан жұмыстарын бірыңғай басқаруға келтіру – локомотив парктері мен бригадаларды реттеуді жақсартуға мүмкіндік береді. Вагондар мен локомотивтерді түйіспе стансалар мен деполарда бос тұруын қысқарту арқылы олардың тəуліктік жол жүрісі артады, ол қосымша тасымалдауға қажетті вагондар мен локомотивтерді босатуға мүмкіндік береді. Полигонның пайдалану жұмыстары мен техникалық жарақтануы- ның технологиялық факторлары негізінде, оны басқару аймақтарына бөлу анықталады.

• телімдердің өткізу қабілеті мен стансалардың өңдеу қабілетінің толықтық мөлшері; • пойыз ағындарының құрылымы мен бағыттары; • диспетчерлік телімге кіретін стансалардың технологиялық жұмыс ерекшеліктері; • локомотивтердің айналым телімдері мен бригадалар жұмысы- ның сырт пішіндері; • жергілікті жүктерді жеткізу сызбалары жəне аудандардың экономикалық инфрақұрылымы жəне т.б. жатады.