- •1 Сұрақ. Темiр жол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
- •2 Сұрақ Авиациялық құжаттар
- •1 Сұрақ Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
- •2Сұрақ Вагондарды жүк тиеуге дайындау.
- •3 Сұрақ Макро микро
- •4Сұрақ Вагон ағындарын ұйымдастыру технологиясының маңызы, міндеттері және негіздері
- •2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:
- •3Сұрақ Логистикалық жүйелердің түрлері
- •1Сурак)
- •2 Сурак)
- •3 Сурак)
- •4 Сурак
- •1Сурак)
- •2 Сурак)
- •3 Сурак)
- •10 Билет
- •11 Билет
- •3. Логистиканың концептуалды көзқарас эволюциясы
- •12 Билет
- •13 Билет
- •Пойыздардың жүріс графиктерін жасауға арналған бастапқы мағлұматтар мен нормативтер
- •Коносамент беру
- •Кәсіпорын микрологистикалық жүйелерінің бағалау модельдері
- •Өткізу және тасымалдау қабілеті туралы ұғымдар.
- •Графиктің көрсеткештері және оның орындалуын талдау
- •Коносаменттер: ескертпелер және дәлелдік күш
- •Болжаудың негізгі кезендері.
- •Аралықтар мен телімнің паралельді пакетсіз графиктегі өткізу қабілеті
- •Қауiптi жүгі бар автокөлік құралын жүргізу кезiнде жүргiзушiнің атқаратын міндеттері
- •Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару
- •Ақпараттық логистиканың міндеттері және мақсаттары
- •График бойынша пойыздардың жүрісін тартым күшімен қамтамасыз ету
- •Жол қозғалысының сипаттамасының көрсеткіштері
- •Станциялар классификациясы
- •Ақпараттық логистиканың ағыны.
- •Локомотив паркін күйіне, жүріс түрлеріне және атқаратын жұмыстарының сипатына қарай бөлу
- •Аралықтар мен телiмнiң пакетсіз графиктегі өткiзу қабілеті
- •Тауар кассирінің және жүктерді қабылдап-жөнелтушінің негізгі міндеттері
- •Логистиқалық ақпараттық жүйелерді құрудағы принциптер.
- •Локомотивтердің айналым телімдері және локомотив паркін нормалау
- •3.Логистикалық шығындарды қысқарту факторлары
- •4.Пойыздар жүрісіндегі негізгі техникалық сигнализация және байланыс құралдары
3.Логистикалық шығындарды қысқарту факторлары
4.Пойыздар жүрісіндегі негізгі техникалық сигнализация және байланыс құралдары
Темір жолда пойыздар жүрісін басқару жүйелеріне – жолаушылар мен жүктерді баратын жеріне жедел жəне қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету талаптары қойылады. Бұл талаптарды орындау техни- калық жəне ұйымдастырулық факторларға байланысты. Олардың бастыларына: • техникалық құралдар (жол, жылжымалы құрам, автоматика жəне телемеханика құрылғылары жəне т.б.); • осы құралдарды пайдалану дəрежесі, пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды қатаң сақтау жатады.
Автоматты жүйелер. Пойыздар жүрісін автоматты реттеу жүйелері оған жедел басшылық жүргізуді қамтамасыз етеді, бұл жағдай қауіпсіздік деңгейінің сақталуына, қызметкерлердің еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді жəне магистральдық теміржол көлігінде қолданылатын негізгі жүйелер болып есептеледі. Теміржол желілерінің өткізу қабілетін көтеру, телімдік жылдам- дық пен жүріс қауіпсіздігін жоғарылату мəселелерінің ең тиімдісін табу үшін, аралықтар мен стансаларды басқару жүйелерін бірге шешу керек. Қолданылатын орнына қарай пойыздар жүрісін автоматты реттеу жүйелері аралық жəне стансалық реттеу жүйелеріне бөлінеді.
Аралық реттеу жүйелері пойыздың аралыққа жөнелтілуіне рұқсат етеді немесе тыйым салады немесе пойыздың тікелей аралыққа өтуін реттеп отырады. Автоматика мен телемеханика құрылғыларын жобалауда, бір немесе басқа жүйені таңдау үшін, олардың барлық мүмкін нұсқаларын жан-жақты салыстыру негізінде, қойылған мəселені аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін нұсқасын қабылдайды. Теміржол желілерінің өткізу қабілетін көтеру, телімдік жылдамдық пен жүріс қауіпсіздігін жоғарылату мəселелерінің ең тиімдісін табу үшін, аралықтар мен стансаларды басқару жүйелерін бірге шешу керек. Пойыздар жүрісі көп емес желілерде пайдалану жұмысына авто- блокировка мен электрлік орталықтандыру қолдану ақталмайтын жағдайда, жай құрылғылар – аралықтарда жартылай автоблокировка, стансаларда бағыттамалардың кілттік тəуелділігі жəне т.б. пайдала- нылады.
Жартылай автоматты блокировка (ЖАБ). ЖАБ аралықтар құрылғыларына жатады жəне даражолды, қосжолды теміржол желісінде пойыздар жүрісін реттеуге қызмет етеді.
Жартылай автоблокировка (ЖАБ) дегеніміз – бұл пойыздың аралыққа немесе блок-аралыққа өтуіне рұқсат ететін сигналдар, олар қызметкерлердің белгілі бір іс-қимылы арқылы ашылып, автоматты түрде жабылады (атап айтқанда, даражолды желіде шығаберіс бағдаршамын ашу үшін пойыз жөнелтілетін көршілес стансаның блок- аппаратынан блокировкалау келісім сигналын алдын ала алу қажет). 18 Жартылай автоблокировкада сигналдар тасымалдау жұмысшы- ларының ішінара қолмен, ал ішінара пойыздар жүрісінің рельс тізбегі мен жол аспаптарына автоматты түрде əсер етуімен басқарылады. Жартылай автоблокировкада қорғалатын (блоктанатын) жол бөлігіне стансалар аралығы (бөлім бекеттері аралығы) немесе блок- аралығы (станса мен блок-қосын аралығы) жатады.
Автоматты блокировка (АБ) дегеніміз – бұл осы бағдаршамнан кейінгі блок-аралықтың бос еместігіне немесе одан кейінгі бос блок- аралықтардың санына қарай блок-аралықтарды шектейтін бағдаршам- дардың көрсетуін автоматты түрде басқару болып табылады. ЖАБ-мен салыстырғанда АБ пойыздардың жүрісін аралықтарда реттеудің ең жетілдірілген құрылғылары болып саналады. Мұнда өтпелі бағдаршамдардың көрсеткіштерін жүріп келе жатқан пойыз басқарады. Даражолды жəне қосжолды аралықтардағы құрылғылар- дың ішінде автоблокироканы пайдалану ең тиімді болып саналады. Автоблокировка, пойыздарды пакетпен жүргізу жəне стансалық интервалдарды қысқарту арқылы, даражолды желінің өткізу қабілетін жоғарылатады, оның есебінен телімдік жылдамдық өседі. Автоблокировка 10-минуттық пойызаралық интервалмен жүргізу есебінде қосжолды желінің өткізу қабілеті жартылай автоблокировка- мен салыстырғанды 2-2,5 есе, ал интервал одан əрі қысқартылса – тиісінше одан əрі жоғарылайды. Сондай-ақ автоблокировка жолаушы- лар пойызының жүк пойыздарын басып озудағы тоқтау уақытын қысқарту арқылы қосжолды желіде телімдік жылдамдықтың өсуіне мүмкіндік береді.
27-билет
1-сұрақ
Таразы шаруашылығы темір жолда түрлі таразылар үлгісімен, салмақты бақылау аспаптарымен, таразының әрекетінің дұрыстығының тексерісі үшін құрылымдармен және жөндеуге арналған шеберханалармен жабдықталған. Жабық қоймаларда жүктер жүккөтерімділігі 0,5 тоннадан 3 тоннаға дейін жылжымалы таразыларда өлшенеді және стационарлық таразыларда межелі жүк салмағы 5 тонна.
Динамикалық таразыда өлшеудің негізгі принципі-жүк тиелген вагон салмағы арнайы жабдықталған платформа үстімен жүріп өтуі кезінде анықталады. Өлшеу барысындағы маңызды мәселе- вагон типін дұрыс анықтау, вагондағы әр оське түсетін жүктемені анықтау жане өлшенбейтін локомотив түрін анықтау.
Динамикалық өлшеу барысындағы маңызды сұрақтардың бірі- өлшеу түрін таңдау: вагон бойынша, ось бойынша немесе арбашық бойынша (потележечный)
Вагон бойынша өлшеу кезінде таразы платформасы вагон сыятындай ұзындықта болады және вагон тұтастай өлшенеді.
Арбашық бойынша өлшеу кезінде алдымен бірінші арбашық өлшенеді де ол компьютер жадында автоматты түрде сақталады. Содан соң екінші арбашық өлшеніп екеуінің салмағы қосылып, бір вагон салмағын көрсетеді.
Ось бойынша өлшеу кезінде әр оське түскен жүктеме анықталып солардың қосындысынан вагон салмағы есептеледі.
2-сұрақ
Логистикалық басқару тұрғысынан ораудың маңызды ролі тара мен ораудың типтік өлшемді қатарларын гармонизациялау және стандарттау есебінен, логистикалық тізбектердегі материалды ағымдарды басқару кезіндегі ең тиімді жүк бірліктерін таңдау есебінен базистік логистикалық функциялар үшін жеке тарату процедураларын (қоймалау, тасымалдау, жүк өңдеу және т.б..жеңілдету. Орауды үйлестіру қойма және жүк өңдеуші құралдың стандартты қатарын жобалауға және оны қолдануға, көлік құралдарының сипаттарын үйлестіруге мүмкіндік береді және соның есебінен жеке таратудағы логистикалық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Қораппен орауды жобалауда назарды үш аспектіге бөлу қажет. Біріншіден, қолданылатын жүк өңдеуші құралға және көлік құралдарының жүк сиымдылығына сәйкес болуы тиіс ораудың геометриялық өлшемдеріне (оларды максималдық тиімділікпен қолдану). Екіншіден, жүктің белгілі бір салмағына және сырттан түсетін қысымға төзетін орамның беріктілігіне. Үшіншіден, орам формасына (тік бұрышты, куб, цилиндірлі және т.б.).
жауап беретіндей логистикалық арналар мен өткізу торларын құрады.
Логистикалық шығындарға және өндіріспен өткізуде логистикалық
шешімдерді қабылдау үрдісіне әсер ететін негізгі өнім қасиеттері арасынан
бағаны, сауда ассортиментін және номенклатурасын, орамның габаритті
өлшемдерін, салмағын қарастыру қажет. Негізінен тауар тығыздығы тасымалдау
шығындарына және дайын өнімді сақтауға кететін шығындарға әсер етеді.
Тығыздығы жоғары тауарлар тасымалдау мен сақтауға аз шығындарды талап
етеді, себебі көлік құралдарының жүк көтерімділігі мен қоймалардың
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді. Тасымалдау және жүк
өңдеу тарифтері дайын өнім тығыздығына кері пропорционалды.
Логистикалық шығындарға әсер ететін тағы бір өнімнің қасиеті, ол «баға-
салмақ» қатынасы т.б. Бағаның салмаққа қатынасы аз өнімдер, мысалы, шикізат
жартылай фабрикаттарын сақтауға кететін шығындар салыстырмалы түрде аз
болады, бірақ тасымалдау шығындары жоғары болады. Себебі, бұл жерде сақтау
шығындарына әсер ететін басты фактор тауар бағасы т.б. Ал тасымалдау
шығындары тасымалданатын жүктің салмағына тәуелді және бағаның салмаққа
қатынасы неғұрлым аз болса, шығындар соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да
осы қатынастың маңызы жоғары фирмалар үшін басты мақсат өткізу торындағы
өнім қорларын минимизациялау, ол баға - салмақ» қатынасы маңыды орын
алмайтын фирмалар үшін - жеңілдік тасымалдау тарифтері бойынша жұмыстар.
Жүктің тасымалдануы, өңделуі, сақталуы кезінде сақтықты қамтамасыз ету үшін
тәуекелдіктер қосымша шығындарды талап етеді. Мысалы, тез бұзылатын жүктер
арнайы рефрижираторларда тасымалданып сақталады. Тәуекелдік өскен сайын
тасымалдауға, сақтауға және қорларды ұстауға кететін логистикалық шығындар
да өседі.
3-сұрақ
Қазіргі кезде темір жолдардың жұмыс жағдайына байланысты, бірыңғай диспетчерлік басқару орталығын құру (ТБДБО-ЕДЦУП) арқылы, пойыздардың жүрісін кешенді басқару жүйесін автоматтан- дыруға көп көңіл аударылуда. ТБДБО-ның жұмысын қамтамасыз ету жүйелерінің біріне, микропроцессорлік техника негізінде жасалған, автоматтандырылған диспетчерлік бақылау жүйесі (АДБЖ-АСДК) жатады. Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығының басқару қызметін іске асыруға: • пойыздардың жүріс графигіне, стансалар жұмысының жəне вагондарға техникалық қызмет көрсету қосындарынының техноло- гиядық үрдісіне, пойыздарды құрастыру жоспарына жəне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін технологиялық “толаскезді” есепке ала отырып, басқа басшылыққа алатын құжаттарға сəйкес темір жолда тасымалдау үрдісін, маневр жұмыстарын үздіксіз жəне қауіпсіз ұйымдастыру; • вагондар паркін есептеудің растығын бақылауды іске асыру; • темір жолдың пайдалану жұмысының техникалық-экономика- лық көрсеткішін орындауды ұйымдастыру; • жаздық жəне қыстық кестеге өту кезіндегі жөндеу жұмысына бөлінетін “толас кезді” пойыздардың жүріс графигінде уақытында жасалып енгізілуін жəне түзетілуін бақылау; 27 • арнайы тасымалдауды, пойыздарды құрастыру жоспарын, жүк жұмыстарын, локомотивтерді пайдалануды, станса жұмыстарын жəне тасымалдау үрдісін автоматтандырылған басқару жүйесін қоса отырып, тасымалдау үрдісін жетілдіруге бағытталған ұйымдастыру-техникалық шараларды жасауға ұсыныс жасау жəне қатынасу; • жүріс графигінің орындалуына, жылжымалы құрамдардың жəне тасымалданатын жүктердің сақталуына, пойыздарды құрастыру жоспарының, салмақ нормасының жəне жол жұмысының басқа техникалық-экономикалық көрсеткішіне байланысты, ауысым жұмысы- ның орындалуына əр ай сайын талдау өткізу; • ЭЕМ-нің мағлұматтары бойынша жолаушылар, қала маңы жəне жүк пойыздары жүріс графигінің орындалуына, кіреберіс сигналы алдында пойыздардың тоқтап қалуына, пойыздарды мамандандырыл- маған жолдармен өткізуіне, локомотив бригадасының жұмыс тəртібін бұзуына талдау ұйымдастыру жəне осы сияқтыларды алда жібермеуге шара қолдануына байланысты ауысым жұмысының орындалуына əр ай сайын талдау өткізу;
4- сұрақ
Жасалған график бойынша оның көрсеткіштері есептеп шығарыл-ады, олар сандық жəне сапалық көрсеткіштерге бөлінеді. Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады: • жолаушылар жəне жүк пойыздарының жүріс көлемі; • жолаушылар жəне жүк жүрісі бойынша пойыз-километрлер мен локомотив-сағаттар; • пойыздарды түйіспе қосындарға беру. Сапалық көрсеткіштерге мыналар жатады: • жолаушылар жəне жүк пойыздарының техникалық жəне телімдік жүріс жылдамдықтары; • локомотивтің орташа тəуліктік жүрісі жəне жолаушылар пойыздарының орташа айналымы; • жолаушылар жəне жүк (жеделдетілген, маршруттық, өтпелі) пойыздарының маршруттық жылдамдықтары; • транзиттік жүк пойыздарының телімдік жəне сұрыптау стан- саларында орташа тоқтап тұру уақыты.
28-билет
1-сұрақ
Тасымалдау бөлімшесінде пойыздар жүрісін диспетчерлік аппарат шұғыл басқарады. Оны аға диспетчер (ДНЦС) басқарады, оның екі-үш орынбасары бар, соның ішінде локомотив пен локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша орынбасары болады. Диспетчерлік ауысымды бөлімше бойынша кезекші басқарады (ДНЦО). Ауысым құрамына пойыз, торап және телімдік диспетчерлер енген. (ДНЦ) – бөлімшедегі диспетчерлік шеңберлер саны бойынша (әдетте 5-7); локомотив диспетчерлері (ТНЦ) және энергодиспетчерлер (тек электрлік тартымы бар бөлімшелерде). Жүк тиеу, түсіру жұмысы ауқымды бөлімшелерде ауысым құрамына вагон таратушы диспетчерлері (ДНЦВ) кіреді.
Бөлімшесіз жұмысқа ауысуға байланысты бөлімшелердің диспетчерлік персоналы жолдың тасымалдау департаментінің шұғыл реттеу бөліміне қарайды және жолдың бірыңғай диспетчерлік орталығында шоғырлануы мүмкін.
Аға диспетчер диспетчерлік сектордың жұмысын орынбасарымен бірге жалпы басқарады және бөлімшенің пайдалану жұмысының тәуліктік жоспарлауын қамтамасыз етеді.
Бөлімше кезекшісі бөлімшенің пайдалану жұмысының ауысымдық жоспарлауын жүзеге асырады. Осы мақсатта ол диспетчерлік шеңберлердің жұмысын қадағалайды, пойыздарды құрастыратын станцияның жұмысын және жергілікті жұмысты жоспарлайды. Жоғары деңгейде тұрған басшылардың нұсқаулары тек бөлімше кезекшісі арқылы беріледі.
Торап диспетчерлері ірі тораптарда пойыздар жүрісін шұғыл басқарады. Олардың жұмысы пойыз диспетчерінің жұмысымен бірдей, бірақ айтарлықтай ерекшеліктері бар.
Телімдік пойыз диспетчері пойыздардың телімдерде жүрісін басқарады. Диспетчерлік нұсқаулар ауызша немесе белгілі жағдайда диспетчерлік бұйрық түрінде беріледі және арнайы журналда бекітіледі. Диспетчерді пойыз жүрісіне қатыссыз жұмыстармен жүктеуге болмайды.
Пойыз диспетчері мен станция кезекшілерінің өзара байланысы үшін арнайы селекторлы телефон байланысы бар. Бұл байланыс желіге қосылған кез келген бекетті бөлек, немесе бірнеше бекетті бір уақытта және барлық бекеттерді шақыртуға мүмкіндік береді. Бір бекетті шақырту үшін диспетчер бір түймені басуы керек. Сөйлесулер түймелі пульт, микрофон көмегімен жүргізіледі.
2-сұрақ
Көліктік-экспедициялық қызмет көретудің жұмысы мынаған негізделген: жүкті жүк иесінен қабылдап, тасымалдауға дайындайды және көлік құралына тиеледі, бір көлік түрінен басқа көлік түріне қайта тиеледі, егер де қажет болса керекті жерде сақталады, көлік құралынан түсіріледі және жүк қабылдаушыға тапсырылады
Көліктік қызмет көрсету - жүк жіберушіден жүк қабылдаушыға жүкті жеткізуді іске асыру және тасымалдау барсысында барлық жол бойы тиеу-түсіру жұмыстарын (ТТЖ) орындауға бағытталған қызмет. Тиеу-түсіру оталары жүктерді жеткізу үрдісіндегі міндетті элементтер болып табылады және тікелей клиенттердің территорияларында орындалады, ол таратушы орталықтарда, көлiк түйiндерiне, сонымен бiрге өнімді бір көлік түрінен басқасына ауыстырып тиегенде. vЭкспедициондық қызмет көрсету – жүкті тұтынушыға дер кезінде және сапалы жеткізуді қамтамасыз ететін және өзіне даярлық- қорытынды қызмет көрсету, қоймалық және экспедициондық қызметтерді қосатын қызмет.
3-сұрақ
Көліктік логистиканың негізгі міндетері бұл логистикалық жүйелердің қатысушылары арасындағы үйлестіруші байланысты реттеу болып келеді. Тасымалдаудың интермодальды нысаны, яғни тасымалдаудың бір келісім шарты және бір тасымалдау құжаты бойынша әр түрлі көлік түрлерімен іске асатын тасымалдаулар. 1-ші кестеде аралас тасымалдауды ұйымдастыруына дәстүрлі және логистикалық тәсілдемелерінің салыстырмалы сипаттамасы көрсетілген. Көліктік логистика міндеттеріне жатады: - жеткізудің рационалды маршруттарын анықтауы; - көліктік құрал түрін таңдауы; - көліктік үрдістің қойма мен өндірістік үрдіспен бірлескен жоспарлануы; - көліктік-қойма үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз етуі; - көлік жүйелерін, соның ішінде көліктік коридорлар мен көліктік тізбектерін құрастыруы. Көліктік коридор – бұл жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдауын қамтамасыз ететін ұлттық немесе халықаралық көліктік жүйенің бөлігі. Көліктік тізбек – бұл бір немесе бірнеше көлік түрлерінің көліктік құралдарын пайдаланып, дәл қашықтыққа жүк тасымалдау кезеңдері Көлік түрлерін таңдау міндеті көліктік логистикада негіз болып келеді,және ол логистиканың басқа міндеттерімен тығыз өзарабайланыста шешіледі.
4-сұрақ
Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайдалану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктерді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға және сұрыптау, телімдік және жүк станцияларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.
Жүктердің жеткізілуін жеделдету, сұрыптау жұмыстарының көлемін азайту және вагондардың жұмыс өнімділігін арттыру үшін вагон ағындарын барынша маршруттауға және вагондардың жинақталу үрдісін күтіп орынсыз тұрып қалуын болдырмауға тырысу керек. Бұл міндетті шешу әдістерінің бірі - жөнелтуші және сатылы маршруттаудың тиімді түрлерін барынша дамыту, ал бұл тікелей жүк тиеу қосындарында вагондарды жинақтау шығынын болдырмауға (немесе шамалы шығынмен), алыс сапарлық маршруттық пойыздар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жүк тиеу орындарында маршруттық пойыздарға қамтылмай қалатын немесе жөнелту маршруттарынан жүк түсіру станциясына дейін емес, тарату бекеттеріне дейін жүретін вагон ағындары сұрыптау және телімдік станцияларда мамандандырылған пойызға айналдырылуы тиіс. Мұнда вагондардың тұруын азайту үшін олардың станцияларға жоспарлы және жедел түрде келуін, топтық пойыздарды құрастыруды және т.с.с. кеңінен қолдану қажет. Вагон ағындарын ұтымды ұйымдастыру вагондарды экономикалық жағынан пайдалы жүріс жолдарына бағыттауды, сондай-ақ вагон ағындарының жоғары транзиттік деңгейін және техникалық станцияларда вагондарды өнімсіз өңдеу көлемін барынша кемітуді қамтамасыз етуі тиіс. Пойыздарды құрастыру жоспары вагон ағындарын ұйымдастырудың негізін құрайды. Пойыздарды ұтымды құрастыру жоспарының мынадай артықшылықтары бар:
- вагондардың техникалық және жүк станцияларында тұру уақытын азайту;
- сұрыптау жұмыстарын барынша жарақтандырылған станцияларға шоғырландыру;
- көлік құралдарын пайдалану дәрежесін арттыру;
- кірме станциялар жұмысында теміржолдар мен кәсіпорындардың өзара әрекеттесіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Тұтас алғанда, пойыздарды құрастыру жоспары көбіне вагондардың жолда болу уақытын және жүктерді жеткізу жылдамдығын айқындайды. Пойыздарды құрастыру жоспары көліктің техникалық құралдарының жүктелу деңгейін, станциялар мен жөнелту бекеттері және жүк пойыздарының баратын жерлері арасында сұрыптау және маневр жұмыстарын бөлуді көздейді. Пойыздарды құрастыру жоспарын жасау көптеген нұсқаларды және күрделі логикалық іс әрекеттерді есептеп шығаруды қажет ететін күрделі міндеттер қатарына жатады.
Екі станция арасындағы өзінде тиелген вагондардан және сұрыпталған пойыздардан құрастырылған вагон ағындарының тәуліктік мөлшерін вагондар ағысы деп атау қабылданған. Егер пойыздар тек осы немесе бірнеше вагондар ағысынан құрастырылатын болса, онда бұл пойыздарды құрастыру жоспарының барары болып шығады. Әдетте, құрастыру жоспарының барар саны вагондар ағысының санынан кем болады.
Вагон ағындарының әр ағысы екі параметрмен сипатталады: қуатымен (оның тәулік ішіндегі вагондар саны) және вагондардың барар қашықтығымен (вагондарды құрастыру станциясы мен барар станциясының арақашықтығы).
Вагон ағыстарын біріктіріп құрастыру жоспарына енгізудің түрліше нұсқалары бар. Құрастыру жоспарының әрбір нұсқасына вагондардың пайда болатын жерінде, баратын бекеттерінде жинақталуда тұруы (жаңа пойыздарды сұрыптап құрастыруда) және жолай өңделетін техникалық станцияларда тұруы сай келеді
Ресей Федерациясының Қатынас Жолдары министрлігі оқтын-оқтын шығарып тұратын “Вагон ағындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауларда” пойыздарды құрастыру жоспарын және тұтас алғанда, вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесін есептеп шығару әдістемесі мен мысалдары келтірілген.
29-билет
1 – сұрақ
Қозғалысты стационарлық кеденде зерттеу кезінде алынған ақпарат тек жолдың берілген нүктесіне (қимасына) ғана жатқызылады. Көше-жол торабындағы қозғалыс тәртіптерінің кеңістікті – уақыттық сипаттамаларын алу үшін жылжымалы құралдар – жылжымалы зертханалар, тікұшақтар және т.с.с. қолданылады. “Жүзу” автомобильдің, яғни ағындағы көлік құралдарының негізгі массасына тән жылдамдықпен қозғалатын автомобильдің көмегімен зерттеу әдістері кең таралған. Бұл әдісті пайдалану мысалы жылдамдықтың кеңістіктік сипаттамасын бүкіл жол торабының бойына зерттеу болып табылады. Автомобиль-зертханамен басып озылған және автомобиль-зертхананы басыпПОӘК №3 басылым 111 беттің 35-беті озған автомобильдердің шашлық теңдігін қозғалыс тәртібі дұрыстығының сыртқы белгісі ретінде қарастыруға болады
2-сұрақ
Таразы шаруашылығы темір жолда түрлі таразылар үлгісімен, салмақты бақылау аспаптарымен, таразының әрекетінің дұрыстығының тексерісі үшін құрылымдармен және жөндеуге арналған шеберханалармен жабдықталған. Жабық қоймаларда жүктер жүккөтерімділігі 0,5 тоннадан 3 тоннаға дейін жылжымалы таразыларда өлшенеді және стационарлық таразыларда межелі жүк салмағы 5 тонна.
Динамикалық таразыда өлшеудің негізгі принципі-жүк тиелген вагон салмағы арнайы жабдықталған платформа үстімен жүріп өтуі кезінде анықталады. Өлшеу барысындағы маңызды мәселе- вагон типін дұрыс анықтау, вагондағы әр оське түсетін жүктемені анықтау жане өлшенбейтін локомотив түрін анықтау.
Динамикалық өлшеу барысындағы маңызды сұрақтардың бірі- өлшеу түрін таңдау: вагон бойынша, ось бойынша немесе арбашық бойынша (потележечный)
Вагон бойынша өлшеу кезінде таразы платформасы вагон сыятындай ұзындықта болады және вагон тұтастай өлшенеді.
Арбашық бойынша өлшеу кезінде алдымен бірінші арбашық өлшенеді де ол компьютер жадында автоматты түрде сақталады. Содан соң екінші арбашық өлшеніп екеуінің салмағы қосылып, бір вагон салмағын көрсетеді.
Ось бойынша өлшеу кезінде әр оське түскен жүктеме анықталып солардың қосындысынан вагон салмағы есептеледі.
3-сұрақ
Материалдық ағын түсінігі логистикада негізгі болады. Материалдық ағындар тасымалдау, қоймалау, түсіру, тиеу нәтижесінде пайда болады. Көлік құралынан түсірілген таур үш жоллдың біреуі бойынша жіберілуімүмкін: немесе қабылдву учаскесіне, немесе сақтау аймағына, ал егер жүк жұмыстан тыс уақытта жеткізілсе, қабылдау экспедициясына. Мұнан былай тауар қалай болғанда да сақтау аймағында жиналады. Жүктің сақтау аймағынана тиеу учаскесіне жылжу жолдары да әртүрлі болу мүмкін. Белгілі бір уақыт мерзімінде жеке операция бойынша орындалған жұмыстардың көлемі тиісті операциялар бойынша МА болып табылады. Қоймаларда МА-ды әдеттегідей жеке учаскелерге немесе жеке операцияларға сәйкес есептейді. Жиынтық материалдық ағын жеке учаскелерде және олардың учаскелері арасында өтетін мтериалдық ағындардың сомасына тең. Қоймада жүк қандай жолмен баратыннан, қандай операциялар орындалу не орындалмауына байланысты МА-ның мөлшері бағыныңқы болады, яғни сақталу мен қоймалық өндіруге кеткен шығындардың мөлшері анықталады
4-сұрақ
Темiржол желiлерiнiң әрбiр жүрiс бағытында тасымалдау қабілеті, жылына млн. т нетто, жүк пойыздары үшiн (жеделдетілген және құрама пойыздарды есептемегенде) барынша көп өткiзу қабілеті мен пойыздың массасына байланысты анықталады: (1.6.16) мұндағы – жүк пойыздары үшiн нақты өткiзу қабілеті. – пойыздардың бруттолық орташа массасы, пойыздың массасы мен жүк ағыны құрылымының белгiленген нормасына байланысты, т; – пойыздың неттолық массасының бруттолық массасына қатынасы, вагондардың тегiне және жүк ағынының құрылымына байланысты; – жеделдетiлген және құрама пойыздармен тасымалданатын жүк мөлшерi, жылына млн. Т
30-билет
1-сұрақ
Тауар кеңселері жүкті тасымалдауды ұйымдастыру, жүкті жіберушілер және жүкті қабылдап алушылармен есептесу және жүкті тасымалдаумен байланысқан басқа да операцияларды орындауға арналған. Үлкен көлемді тиеу және түсіру жұмыстары атқарылатын кіру жолдарында тауар кеңселерінің бөлімшелері ұйымдастырылады. Тауар кеңселерінде тасымалдауды ұйымдастырушы келушілерге жеке оқшауланған бөлме бөледі. Тауар кеңселерінің жұмыс реті жайлы хабарламалар, әртүрлі құжаттарды толтыру үлгілері, ұсақ жіберуменжіберілген жүктерді қабылдау күндерінің кестесі және тағы да басқа қажетті ақпараттарды іледі. Әрбір кассаның терезесіне орындайтын операциясы жайлы операциялар көрсеткішін іледі. Осында шағым және алғыстар кітапшасы болады. Тауар кеңселерінің жұмысшыларының бөлмесі жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы керек және тасымалданатын,есептелінетін және ақшалық құжаттар сенімді сақталынатындай болуы керек. Бұл бөлмелерге сейфтер, информатор үшін телефон кабинасын, архивтік материалдарды сақтауға арналған шкафтар қояды. Құжаттарды басып шығару үшін басу машиналары және осында мөрлер жиынтығы болады. Тауар кассирінің (7- сурет) және таксировщиктің жұмыс орнын екі тумболы столмен және приставкалы столмен және көтеріліп-айналатын орындықпен жабдықтайды. Жұмыс орнының орналасуы құжаттарды жасау және өңдеу ағымын қамтамасыз ету керек. Тауар кеңселерін есептеу орталықтарымен байланыстыру құралдарымен және санау,есептеу және тағы да басқа операцияларды автоматизациялау, сонымен қатар мехаизациялау үшін оргтехникалармен жабдықтайды.
2-сұрақ
Тасымалдау бөлімшесінде пойыздар жүрісін диспетчерлік аппарат шұғыл басқарады. Оны аға диспетчер (ДНЦС) басқарады, оның екі-үш орынбасары бар, соның ішінде локомотив пен локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша орынбасары болады. Диспетчерлік ауысымды бөлімше бойынша кезекші басқарады (ДНЦО). Ауысым құрамына пойыз, торап және телімдік диспетчерлер енген. (ДНЦ) – бөлімшедегі диспетчерлік шеңберлер саны бойынша (әдетте 5-7); локомотив диспетчерлері (ТНЦ) және энергодиспетчерлер (тек электрлік тартымы бар бөлімшелерде). Жүк тиеу, түсіру жұмысы ауқымды бөлімшелерде ауысым құрамына вагон таратушы диспетчерлері (ДНЦВ) кіреді. Бөлімшесіз жұмысқа ауысуға байланысты бөлімшелердің диспетчерлік персоналы жолдың тасымалдау департаментінің шұғыл реттеу бөліміне қарайды және жолдың бірыңғай диспетчерлік орталығында шоғырлануы мүмкін. Аға диспетчер диспетчерлік сектордың жұмысын орынбасарымен бірге жалпы басқарады және бөлімшенің пайдалану жұмысының тәуліктік жоспарлауын қамтамасыз етеді. Бөлімше кезекшісі бөлімшенің пайдалану жұмысының ауысымдық жоспарлауын жүзеге асырады. Осы мақсатта ол диспетчерлік шеңберлердің жұмысын қадағалайды, пойыздарды құрастыратынПОӘК №3 басылым 111 беттің 18-беті станцияның жұмысын және жергілікті жұмысты жоспарлайды. Жоғары деңгейде тұрған басшылардың нұсқаулары тек бөлімше кезекшісі арқылы беріледі. Торап диспетчерлері ірі тораптарда пойыздар жүрісін шұғыл басқарады. Олардың жұмысы пойыз диспетчерінің жұмысымен бірдей, бірақ айтарлықтай ерекшеліктері бар. Телімдік пойыз диспетчері пойыздардың телімдерде жүрісін басқарады. Диспетчерлік нұсқаулар ауызша немесе белгілі жағдайда диспетчерлік бұйрық түрінде беріледі және арнайы журналда бекітіледі. Диспетчерді пойыз жүрісіне қатыссыз жұмыстармен жүктеуге болмайды. Пойыз диспетчері мен станция кезекшілерінің өзара байланысы үшін арнайы селекторлы телефон байланысы бар. Бұл байланыс желіге қосылған кез келген бекетті бөлек, немесе бірнеше бекетті бір уақытта және барлық бекеттерді шақыртуға мүмкіндік береді. Бір бекетті шақырту үшін диспетчер бір түймені басуы керек. Сөйлесулер түймелі пульт, микрофон көмегімен жүргізіледі.
3-сұрақ
логистикалық жүйеге қатынасы бойынша материалдық ағынның келесі түрлері болады:
- сыртқы материалдық ағым кәсіпорынның сыртқы ортасында өтеді. Бұл категорияны кәсіпорынннан тыс қозғалатын кез келген жүктер емес, тек кәсіпорын олардың ұйымдастырылуына қатынасы бар жүктер ғана құрайды;
- ішкі материалдық ағым логистикалық жүйенің ішінде жүкпен логистикалық операцияларды іске асыру нәтижесінде пайда болады;
- кірістік материалдық ағым логистикалық жүйеге сыртқы ортадан келеді (жүкті түсіру операцияларындағы материалдық ағымдар шамаларының қосындысымен анықталады);
- шығыстық материалдық ағым логистикалық жүйеден сыртқы ортаға жіберіледі (жүкті тиеу операциясының қосындысы).
Кәсіпорындағы қорларды бір деңгейде сақтағанда кірістік материалдық ағым шығыстық материалдық ағымға тең болады.
2. натуралдық-заттық құрамы бойынша:
- бір ассортименттік
- көп ассортименттік.
3. сандық белгісі бойынша:
- жаппай деп жүкті бір ған транспорт құралымен емес, олардың тобымен тасымалдау процесінде пайда болатын ағым саналады;
- ірі ағымдар – бірнеше вагон, автокөлік;
- ұсақ ағымдар транспорт құралының жүк көтерімділігін толық пайдалануға мүмкіндік бермейтін және тасымалдау кезінде басқа, жолай жүктермен қоса тасымалдауды талап ететін жүктердің саны құрайды;
- орта ағымдар ірі және ұсақ ағымдар арасында аралық орын алады, оларға жалғыз вагон немесе автокөлікпен түсетін жүктер құрайтын ағымдарды жатқызады.
Ағым түрі
Сыртқы, ішкі, кіріс,шығыс
Бір ассортименттік
Көп ассортименттік
Жаппай, ірі,орта, ұсақ
Ауар салмақты, жеңіл салмақты
Үйлесімдік, үйлеспейтін
Себілетін, үйіп-төгілетін, даналық, құйылатын
Осы әрекеттер логистикалық операциялар деп аталады. Бірақ логистикалық операция түсінігі материалдық ағымдармен әрекет жасаумен ған шектелмейді.
Материалдық ағымдарды басқару үшін осы ағымға сәйкес ақпаратты қабылдап, өңдеп, жіберу керек. Осы кезде орындалатын әрекеттер де логистикалық операцияларға жатады.
Жалпы айтқанда, логистикалық операцияларды материалдық және \немесе ақпараттық ағымда қайта құруға бағытталған әрекеттер жинағы деп анықтайды.
Материалдық ағыммен жасалатын логистикалық операцияларға жүкті тиеу, тасымалдау, түсіру, жинақтау, қоймалау, орама немесе ыдысқа салуды және басқа операцияларды жатқызуға болады.
4-сұрақ
Вагондарды стансада қайта өңдеу: • қабылдау паркінде (ҚП) өңдеуден; • дөңеске шығарудан; • сұрыптау мен құрастырудан; • жинақтаудан; • жөнелтуге дайындаудан тұрады. Егер бұрын стансада өңделетін вагондар одан өңдеусіз өтетін болса, жинақтауда тұрмайды. Транзиттік пойыздар тек қабылдау- жөнелту жолдарында өңделеді. Вагондар станса арқылы өңдеусіз өтудегі үнемді жуықтатып алғанда өңделетін вагондардың стансада тұру уақыты мен транзиттік пойыздармен өтетін уақытының айырмасына тең деп есептеуге болады. Бұл үнемді дəлірек анықтау үшін мынадай мысалды қарастырайық. Бағыттағы үш вагон ағындары үшін пойыздарды Б стансасы ар- қылы өткізудің екі нұсқасы болуы мүмкін
