- •1 Сұрақ. Темiр жол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
- •2 Сұрақ Авиациялық құжаттар
- •1 Сұрақ Темiр жол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
- •2Сұрақ Вагондарды жүк тиеуге дайындау.
- •3 Сұрақ Макро микро
- •4Сұрақ Вагон ағындарын ұйымдастыру технологиясының маңызы, міндеттері және негіздері
- •2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:
- •3Сұрақ Логистикалық жүйелердің түрлері
- •1Сурак)
- •2 Сурак)
- •3 Сурак)
- •4 Сурак
- •1Сурак)
- •2 Сурак)
- •3 Сурак)
- •10 Билет
- •11 Билет
- •3. Логистиканың концептуалды көзқарас эволюциясы
- •12 Билет
- •13 Билет
- •Пойыздардың жүріс графиктерін жасауға арналған бастапқы мағлұматтар мен нормативтер
- •Коносамент беру
- •Кәсіпорын микрологистикалық жүйелерінің бағалау модельдері
- •Өткізу және тасымалдау қабілеті туралы ұғымдар.
- •Графиктің көрсеткештері және оның орындалуын талдау
- •Коносаменттер: ескертпелер және дәлелдік күш
- •Болжаудың негізгі кезендері.
- •Аралықтар мен телімнің паралельді пакетсіз графиктегі өткізу қабілеті
- •Қауiптi жүгі бар автокөлік құралын жүргізу кезiнде жүргiзушiнің атқаратын міндеттері
- •Желiлердiң өткiзгiштiк және тасымалдау қабiлетi. Темiр жол мен темiр жол көлiгiнiң өндiрiсiнiң қозғалысын басқару
- •Ақпараттық логистиканың міндеттері және мақсаттары
- •График бойынша пойыздардың жүрісін тартым күшімен қамтамасыз ету
- •Жол қозғалысының сипаттамасының көрсеткіштері
- •Станциялар классификациясы
- •Ақпараттық логистиканың ағыны.
- •Локомотив паркін күйіне, жүріс түрлеріне және атқаратын жұмыстарының сипатына қарай бөлу
- •Аралықтар мен телiмнiң пакетсіз графиктегі өткiзу қабілеті
- •Тауар кассирінің және жүктерді қабылдап-жөнелтушінің негізгі міндеттері
- •Логистиқалық ақпараттық жүйелерді құрудағы принциптер.
- •Локомотивтердің айналым телімдері және локомотив паркін нормалау
- •3.Логистикалық шығындарды қысқарту факторлары
- •4.Пойыздар жүрісіндегі негізгі техникалық сигнализация және байланыс құралдары
2 Сұрақ Авиациялық құжаттар
Әуе тасымалын реттейтін негізгі халықаралық конвенциялар:
Халықаралық әуе тасымалдауына байланысты кейбір ережелерді унификациялау туралы Конвенция (1929 ж. Варшава ковенциясы). Бұл конвенцияға толықтырулар келесідей протоколдармен енгізілген:
1955 ж. Гаага хаттамасы – тасымалдау құжаттарын рәсімдеуге байланысты жеңідіктерді қарастырды және жолаушыларды тасымалдау кезінде тасымалдаушының шектеулі жауапкершілік мөлшерін 250000 француз алтын франкіне дейін көтеруді енгізді. Хаттамаға 112 мемлекет қатысады. 1963 ж. 1 тамызда заңды күшіне енді.
1971 ж. Гватемала хаттамасы – жолаушыларға қатысты тасымалдаушының жауапкершілігін 100000 АҚШ долларына дейін көтерді және тасымалдау құжаттарын рәсімдеуді жеңілдетуді енгізді. Яғни хаттама бойынша құжаттар электрондық нұсқадағы мәліметтермен ауыстырыла алатындығын белгіледі. Сонымен қатар ұлттық заңнама негізінде залалдың орнын қосымша толтыру туралы өзгеріс енгізді. Алайда бұл хаттама тек қана 11 мемелектпен ратификацияланып, заңды күшіне енген жоқ.
Көліктік тасымалдау құжаттары:
- Авианакладная(авиажүк құжаты). Халықаралық әуе тасымалдау туралы шарт және оның талаптары мен жүкті тасымалдаушының қабылдауы авианакладноймен куәландырылады. Жүк жіберуші авианакладнойда толық мәлімет беруге және жүк қабылдап алушыға жеткізу кедендік және басқа да рәсімдеулерден өтуге қажетті қосымша құжаттарды беруге міндеттенеді.Жүк жіберуші аталған құжаттардағы мәліметтердің қателігі, жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқтығы үшін тасымалдаушының алдында жауапты.
- Манифест.
- Билет. Жолаушылар тасымалдауын жүзеге асыру кезінде қолданылатын құжат.
- Теңдеме жүк түбіртегі.
- Жүк құжаты.
3 сұрақ Логистика түсінігі, міндеттері
Логистика - жоғарыда аталып кеткендей, бірыңғай техника, технология, экономика және жоспарлау. Сәйкесінше, тасымалдау логистикасының мәселелеріне тасымалдау үрдісінің қатысушыларьшың техникалық және технологиялық үйлесуін қамтамасыз ету, олардың экономикалық мүдделерінің сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жоспарлаудың бірыңғай жүйелерін қолдану жатады. Осы мәселелерді қысқаша сипаттайық. Ақпараттар мен қаржыларды жылжыту мӛселелеріндегі звенолардың үйлесімділігі тӛмен, себебі олардың әрекетін үйлестіретін ешкім жоқ.
Аралас тасымалды ұйымдастыру бұдан ерекше болып табылады. Ішкі тасымалдау үрдісің жалғыз операторының болуы ішкі материалды ағымды жобалауға, берілген параметрлерге жетуге мүмкіндік тудырады. Жүк алушыға шығудағы материалды ағым кӛрсеткіштері басқарыла алады және оның алдын ала берілген мәні болады. Аралас тасымалдауды ұйымдастырудың дәстүрлі және логистикалық тәсілдердің салыстырмалы сипаты келесі кестеде келтірілген. Аралас тасымал мен интермодальдық тасымалдың салыстармалы сипаты тасымалдау кешеніндегі техникалык үйлесімділік кӛлік құралдары параметрлерінің жекелеген түрлері ішінде, сондай-ақ түр аралық қиылыста үйлесуін білдіреді. Бұл үйлесімділік ауыспалы тасымалдарды қолдануға, контейнерлермен, жүк пакеттерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Технологиялық үйлесімділік тасымалдаудың бірыңғай технологиясын, тікелей тасымалды қолдануды ұйғарады. Экономикалық үйлесімділік— бұл рынок конъюнктурасын зерттеудің және тарифтік жүйені құрудың жалпы әдістемесі. Бірлесіп жоспарлау графиктің бірыңғай жоспарларын жасап, оны қолдануды білдіреді. Тасымалдау логистикасының міндеттеріне мыналар жатады: • кӛлік жүйесін құру, соның ішінде кӛлік коридорларын және кӛлік тізбектерін құру. Кӛлік коридоры - бұл ұлттық немесе халықаралық кӛлік жүйесінің бір бӛлігі, ол жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді. Оған кіретіндер: қозғалмалы кӛлік құралдары және осы бағытта жұмыс істейтін барлық кӛлік түрлері мен стационарлық құрылғылары, сондай-ақ осы тасымалды жүргізудің барлық құқықтық шарттарының жиынтығы. Кӛлік тізбегі - кӛліктің бір немесе бірнеше түрін қолдана отырып, белгілі бір уақыт мерзіміндегі жүкті белгілі бір қашықтықка тасымалдау сатылары. Барлық осы уақытта жүктер ӛзгеріссіз қалады және мына мәселелерді шешу қажет: • тасымалдау - қоймалау үрдісінің технологиялық бірлігін камтамасыз ету; • тасымалдау үрдісін қоймалау және ӛндірісті бірігіп жоспарлау; • кӛлік құралының түрін таңдау; • кӛлік құралының типін таңдау; • жеткізудің тиімді маршрутын анықтау және т.б.
Темір жолда пойыздар жүрісін басқару жүйелеріне – жолаушылар мен жүктерді баратын жеріне жедел жəне қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз ету талаптары қойылады. Бұл талаптарды орындау техни- калық жəне ұйымдастырулық факторларға байланысты. Олардың бастыларына: • техникалық құралдар (жол, жылжымалы құрам, автоматика жəне телемеханика құрылғылары жəне т.б.); • осы құралдарды пайдалану дəрежесі, пойыздардың жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды қатаң сақтау жатады.
Автоматты жүйелер. Пойыздар жүрісін автоматты реттеу жүйелері оған жедел басшылық жүргізуді қамтамасыз етеді, бұл жағдай қауіпсіздік деңгейінің сақталуына, қызметкерлердің еңбек өнімділігінің артуына ықпал етеді жəне магистральдық теміржол көлігінде қолданылатын негізгі жүйелер болып есептеледі. Теміржол желілерінің өткізу қабілетін көтеру, телімдік жылдам- дық пен жүріс қауіпсіздігін жоғарылату мəселелерінің ең тиімдісін табу үшін, аралықтар мен стансаларды басқару жүйелерін бірге шешу керек. Қолданылатын орнына қарай пойыздар жүрісін автоматты реттеу жүйелері аралық жəне стансалық реттеу жүйелеріне бөлінеді.
Аралық реттеу жүйелері пойыздың аралыққа жөнелтілуіне рұқсат етеді немесе тыйым салады немесе пойыздың тікелей аралыққа өтуін реттеп отырады. Автоматика мен телемеханика құрылғыларын жобалауда, бір немесе басқа жүйені таңдау үшін, олардың барлық мүмкін нұсқаларын жан-жақты салыстыру негізінде, қойылған мəселені аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін нұсқасын қабылдайды. Теміржол желілерінің өткізу қабілетін көтеру, телімдік жылдамдық пен жүріс қауіпсіздігін жоғарылату мəселелерінің ең тиімдісін табу үшін, аралықтар мен стансаларды басқару жүйелерін бірге шешу керек. Пойыздар жүрісі көп емес желілерде пайдалану жұмысына авто- блокировка мен электрлік орталықтандыру қолдану ақталмайтын жағдайда, жай құрылғылар – аралықтарда жартылай автоблокировка, стансаларда бағыттамалардың кілттік тəуелділігі жəне т.б. пайдала- нылады.
Жартылай автоматты блокировка (ЖАБ). ЖАБ аралықтар құрылғыларына жатады жəне даражолды, қосжолды теміржол желісінде пойыздар жүрісін реттеуге қызмет етеді.
Жартылай автоблокировка (ЖАБ) дегеніміз – бұл пойыздың аралыққа немесе блок-аралыққа өтуіне рұқсат ететін сигналдар, олар қызметкерлердің белгілі бір іс-қимылы арқылы ашылып, автоматты түрде жабылады (атап айтқанда, даражолды желіде шығаберіс бағдаршамын ашу үшін пойыз жөнелтілетін көршілес стансаның блок- аппаратынан блокировкалау келісім сигналын алдын ала алу қажет). 18 Жартылай автоблокировкада сигналдар тасымалдау жұмысшы- ларының ішінара қолмен, ал ішінара пойыздар жүрісінің рельс тізбегі мен жол аспаптарына автоматты түрде əсер етуімен басқарылады. Жартылай автоблокировкада қорғалатын (блоктанатын) жол бөлігіне стансалар аралығы (бөлім бекеттері аралығы) немесе блок- аралығы (станса мен блок-қосын аралығы) жатады.
Автоматты блокировка (АБ) дегеніміз – бұл осы бағдаршамнан кейінгі блок-аралықтың бос еместігіне немесе одан кейінгі бос блок- аралықтардың санына қарай блок-аралықтарды шектейтін бағдаршам- дардың көрсетуін автоматты түрде басқару болып табылады. ЖАБ-мен салыстырғанда АБ пойыздардың жүрісін аралықтарда реттеудің ең жетілдірілген құрылғылары болып саналады. Мұнда өтпелі бағдаршамдардың көрсеткіштерін жүріп келе жатқан пойыз басқарады. Даражолды жəне қосжолды аралықтардағы құрылғылар- дың ішінде автоблокироканы пайдалану ең тиімді болып саналады. Автоблокировка, пойыздарды пакетпен жүргізу жəне стансалық интервалдарды қысқарту арқылы, даражолды желінің өткізу қабілетін жоғарылатады, оның есебінен телімдік жылдамдық өседі. Автоблокировка 10-минуттық пойызаралық интервалмен жүргізу есебінде қосжолды желінің өткізу қабілеті жартылай автоблокировка- мен салыстырғанды 2-2,5 есе, ал интервал одан əрі қысқартылса – тиісінше одан əрі жоғарылайды. Сондай-ақ автоблокировка жолаушы- лар пойызының жүк пойыздарын басып озудағы тоқтау уақытын қысқарту арқылы қосжолды желіде телімдік жылдамдықтың өсуіне мүмкіндік береді.
2 – билет
