Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.2 Кб
Скачать
  1. Пойыздардың жүріс графиктерін жасауға арналған бастапқы мағлұматтар мен нормативтер

Пойыздардың жүріс графигін жасау үшін графиктің мына­дай элементтері қажет болады:

  • пойыздардың аралықтар арқылы жүру уақыты, екпін­деу мен баяулауға жұмсалатын уақыт нормалары;

  • пойыздардың аралық және басқа станцияларда техни­калық және коммер­ция­лық операцияларды атқару үшін тоқтап тұру нормативтері;

  • локомjтивтердің негізгі және айналым деполарында тұруының және техникалық операцияларды атқаратын бригадалар ауысымының ұзақтығы нормативтері;

  • пойыздарды қабылдау, жөнелту және станциялар арқы­лы өткізу кезіндегі есептік минимум интервалдары (станция­лық интервалдары);

пакеттегі пойыздар арасындағы интервалдар (пойыз­аралық интервалдар).

  1. Коносамент беру

1. Тасымалдаушы немесе нақты тасымалдаушы жүкті өз қарамағына қабылдағанда, жүкжөнелтушінің талабы бойынша тасымалдаушы жүкжөнелтушіге коносамент беруі тиіс.

2. Коносаментке тасымалдаушы өкілеттік берген тұлға қол қоя алады. Жүк тасымалданатын кеме капитаны қол қойған коносамент тасымалдаушы атынан қол қойылған болып есептеледі.

3. Коносаменттегі қол, егер бұл коносаментті беретін елдің заңына қайшы келмесе қолмен жасалуы, факсимиле түрінде басылуы, перфорациялануы, мөртаңба көмегімен, белгілер түрінде немесе өзге де механикалық немесе электрондық құралдардың көмегімен қойылуы мүмкін.

Коносамент - теңізбен жүк тасу келісімінің жағдайлары жазылған құжат, тауарға иелік құжаты; ол бойынша құжат иесінің жүк тасу ісін өзінше басқаруына құқығы бар. Коносамент әсіресе сыртқы саудада кең тараған. Жүк тасушы оны жөнелтушіге жүк тасуға қабылданғаннан кейін береді. Экспорт және импорт тауарларын тасуда коносамент үш міндет атқарады: жүк жөнелтуші мен оны тасушы арасында шарт жасалғанын куәландырады; жүк тасушының оны қабылдап алғанын растайды; тауар жөнінде (коносаментте көрсетілген жүктің сатылуы, аманатқа берілуі және т.б. мүмкін) жарлықтар беруге мүмкіндік беретін құжат болып табылады. Бұл орайда алушының атына атаулы коносамент толтырылады. Жүкті тура жеткізу көзделген коносамент бойынша жүк тиісті жеріне орта жолдағы портта басқа кемеге ауыстырып арту арқылы жеткізуге қабылданады. Мұндай жағдайда жүк үшін оны тасушы жауап береді. Сақтандырылған коносамент жүкті контейнермен тасыған жағдайда қолданылады, жүктің қабылданғанын дәлелдеп, оның сақтандырылғанын куәландырады. Таза коносаментте жүкті жағымсыз қырынан көрсететін ескертпелер болмайды. Коносамент ұсыну қажеттігі келісім шарттардың үйреншікгі шарты, оны орындамаған сатушы, әдетте, банктен тауарға төлейтін қаржы ала алмайды. Көп жағдайда жүк жөнелтушілер кеме иелеріне таза коносаменттің орнына кепілдеме хат беруді ұсынады.

  1. Кәсіпорын микрологистикалық жүйелерінің бағалау модельдері

  1. Өткізу және тасымалдау қабілеті туралы ұғымдар.

Желінің (телімнің) белгілі бір техникалық жабдықталуы және қабылданған жүрісті ұйымдастыру жүйесі (график түрі) жағдайында бір тәулік ішінде осы желі (телім) арқылы өткізіл­етін белгіленген массадағы пойыздардың немесе пар пойыздар­дың ең көп саны теміржол желісінің (телімінің) өткізу қабілеті деп аталады.

Нақты өткізу қабілеті – әлде бір күрделі жұмыстар атқармай-ақ, қолда бар техникалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады.

Жобалық өткізу қабілеті – телімнің техникамен жарақтануын күшейту үшін белгіленген қайта құру және құрылыс жүргізу жұмыстарын жүзеге асырғанда орындалады.

Қажетті өткізу қабілеті әрбір нақты бағытта мемлекеттің мүддесімен анықталатын резервті ескере отырып, берілген жүк және жолаушылар ағынын өткізе алатын телім болуға тиіс.

Темiр жолдардың тасымалдау қабілеті

Темiржол желiлерiнiң әрбiр жүрiс бағытында тасымалдау қабілеті, жылына млн. т нетто, жүк пойыздары үшiн (жеделдетілген және құрама пойыздарды есептемегенде) барынша көп өткiзу қабілеті мен пойыздың массасына байланысты анықталады:

(1.6.16)

мұндағы – жүк пойыздары үшiн нақты өткiзу қабілеті.

– пойыздардың бруттолық орташа массасы, пойыздың массасы мен жүк ағыны құрылымының белгiленген норма­сына байланысты, т;

– пойыздың неттолық массасының бруттолық массасы­на қатынасы, вагондардың тегiне және жүк ағынының құры­лы­мына байланысты;

– жеделдетiлген және құрама пойыздармен тасымал­данатын жүк мөлшерi, жылына млн. т.

21 ЕМТИХАН БИЛЕТІ