Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.2 Кб
Скачать

11 Билет

1. Темiржол желiлерiндегi станциялардың басым бӛлiгiн аралық станциялар құрайды. Оларда мынадай операциялар атқарылады:

  • жолаушылар мен жүк пойыздарын қабылдау, жӛнелту және тоқтаусыз ӛткiзу; пойыздарды айырылыстыру және басып озу; құрама пойыздарды күту (вагондарды тiркеу және ағыту);

  • жүктер мен теңдердi қабылдау, тиеу, сақтау және тапсыру (кейбiр станцияларда – ӛлшеу), жүк құжаттарын ресiмдеу, жолаушыларды отырғызу және түсiру, билет сату.

2.Жүк станцияларында жүк және коммерциялық операциялар

Жүк станциялары, аулалары және тауар кеңселері.

Темір жол станциялары контейнерлерде, вагондық және жөнелтіммен тасымалданатын жүктерді беру және қабылдау, тиеу, түсіру операцияларын орындайды, сонымен қатар жолаушылар, жүк тасымалында операцияларын орындайды. Мұндай тасымалдар сәйкес жүк және коммерциялық операцияларды орындауға мүмкіндігі бар станциялар аралығында жүргізіледі.

Жүк станциялары жүк және жол құрылғыларының кешенінен, жүк поездарын қабылдауға, таратуға, жинауға, коммерциялық қарауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөнелтуге, жүк және коммерциялық операцияларды орындауға арналған техникалық және қызмет үйлерінен тұрады. Бұл станциялар жүк ағындары басталатын немесе аяқталатын ірі өндіріс және халық көп орналасқан пунктерде орналастырылады және халыққа және өндіріс өнеркәсіптеріне қызмет көрсетеді. Жүк станциялары әр түрлі көлік түрлерінің түйіскен пункті болып саналады (темір жолдың автомобиль, су, өндіріс, құбыр көліктерімен), сонымен қатар кең табанды темір жол көлігінің тар табанды темір жол көлігімен түйіскен пункті болып саналады.

Жүк станциялары негізгі тағайындалуы бойынша және орындалатын жұмысының сипатына байланысты арнайы (жекелеген жүктер үшін) және әмбебап (әр түрлі жүктерді тиеу және түсіру үшін қызмет көрсететін) болып бөлінеді.

әмбебап (тіректі аралық станцияларды және жол бойындағы жүк станцияларын қоса алғанда) ыдысты-дара жүктерді, контейнерлерде тасымалданатын жүктерді, ақтарма жүктердің кейбір категорияларын және басқа жүктерді өңдеуге, өндіріс өнеркәсіптеріне, базаларға және қоймаларға (жалпы пайдаланылмайтын) қызмет көрсетуге арналған.

Арнайы жүк станциялары бір түрлі тиелетін жүктерді жаппай тиеу және түсіру үшін арналады (астық, көмір, руда, минеральды-құрылыс материалдары, мұнай, ағаштар және т.б.).

Тіректі станция деп өзінің жеке тиеу-түсіру жұмыстары бойынша, сонымен қатар өзіне қарасты шағын жүк станцияларының тиеу-түсіру жұмыстарының коммерциялық операцияларды орындайтын жолдың ақпаратты-есептеуіш орталығының мәліметтер торабына қосылған, автоматикалық құрылғылармен жабдықталған, өзіне бекітілген станциялармен байланыс жүйесі (телефон, электронды) бар жүк станциясы аталады.

Қайта тиеу станциялары тар табанды жолдан кең табанды жолға жүктерді көп мөлшерде қайта тиеуді жүргізеді.

3. Логистиканың концептуалды көзқарас эволюциясы

Концепция — кӛзқарастар жүйесі, құбылыстар мен үрдістерді ұғу, түрлі қызмет түрлерінің конструкциялық қағидасы. Қағида - кез келген теорияның, оқудың, ғылымның негізгі, бастапқы, жағдайы. Адамдар материалды ағымдарды басқару бойынша қызметті ӛндірістік, сауда және басқа да шаруашылық қызмет түрлері сияқты, оның экономикалық дамуының ерте кезеңінен бастап жүргізетін. Логистиканың жаңалығы, ең алдымен түрлі шаруашылық қызметтер арасыңдағы артықшылықтың материалды ағымдарды басқару бойынша қызметтерге ауысуында. Кәсіпкерлер тек жақында ғана экономикадағы шикізат, бӛлшектер және дайын ӛнімнің қозғалуының барлық сатыларын іштей бақылаудың тиімділікті жоғарылатуда қандай потенциалы бар екенін білді. Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық кызметтерді жетілдіруге тиісті кӛзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды басқару кұрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, ӛндіріс, ӛткізу және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар кӛптеген қатысушылардың қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының ӛз мақсаттары бар. Егер катысушылар бірлесіп, баскару объектісін — іштей материалды ағымдарды — рационализациялау мақсатында ӛз іс- әрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды экономикалық пайда алады. Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе оның бӛлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың алғашкы кӛзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ материал ӛткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс істеуі қажет.

4. Пойыздардың жүріс график торы, маңызы.

График теміржол кӛлігінде пойыздар жүрісін ұйымдастырудың негізі болып табылады. Ол теміржолдың бүкіл бӛлімшелерінің жұмысын біріктіреді, пойыздардың аралықтарда жүру ретін, әрбір бӛлім бекетіне келу және одан жӛнелту уақытын, аралықтардағы жүріс жылдамдығын, станцияларда аялдау нормаларын айқындайды.

Пойыздардың жүріс графиктерін жіктеу

Пойыздардың жүріс жылдамдығына қарай параллельді және параллельді емес (қалыпты) графиктер деп бӛлінеді.

Параллельді графиктерде (6.1 және 6.2-суреттер) әрбір бағыттың пойыздары бірдей жылдамдықпен жүреді, сондықтан олардың жүріс сызықтары ӛзара параллель болады.

Әдеттегі пайдалану жағдайында жүріс қалыпты графиктермен атқарылады (6.1 - және 6.2 - суреттер), ӛйткені жүк және жолаушылар пойыздары әр түрлі жылдамдықпен жүреді.

Аралықтардағы басты жолдардың санына қарай графиктер былайша бӛлінеді:

даражолды график (6.3 және 6.4 - суреттер) – басты жол екі бағытта жүру үшін пайдаланылады және пойыздар станциялар мен айырылымдарда ғана кездесіп айырылыса алады;

қосжолды график (6.1және 6.2 - суреттер) – әр түрлі бағыттың пойыздары мамандандырылған жолдармен бір-бірінен тәуелсіз жүреді, олар станциялар мен озба бекеттерде ғана емес, аралықтарда да кездесіп айырылыса алады;

көпжолды график (басты жолдардың саны мен олардың мамандануына қарай) – басты жол үшеу болатын жағдайда даражолды және қосжолды графиктен (6.2-сурет) немесе басты жол тӛртеу болатын кезде – екі қосжолды графиктен (6.3 -сурет) тұрады;

даражолды-қосжолды график, яғни даражолды және қосжолды аралықтардан немесе қосжолды айырымдардан тұратын телімдегі график (6.4 сурет) – пойыздардың бір бӛлігі қосжолды аралықтарда немесе қосжолды айырымдарда тоқтамастан айырылысады, ал қалғандары – тарам жолды бекеттерде айрылысады.

Жолай жүру бағытындағы пойыздардың орналасуына қарай графиктер мынадай болуы мүмкін:

әдеттегі (пакеттік емес) график – даражолды телімдегі пойыздар аралықтарда жүріс бағыты ӛзгертіліп алма-кезек салынады (6.3-сурет);

топтама (пачкалы) график (6.4 - сурет) – жолай бағыттағы пойыздар станциялық ара қашықтықпен бӛлініп жүреді (пойыз жүрісінің аралықтағы уақыты мен жолай жүрісті станциялық интервалмен). Бұл бұрынырақ жӛнелтілген пойыз алда тұрған станцияға келмейінше, аралыққа пойыз жӛнелтуге болмайды дегенді білдіреді, яғни аралықта бір уақытта бір ғана пойыз болуы тиіс. Бұл график жартылай автоблоки-ровкамен жабдықталған қосжолды телімде және даражолды телімде – тақ графикте қолданылады;

пакеттік график (6.4 - сурет) – мұнда жолай бағыттағы пойыздар автоблокировкада (диспетчерлік орталықтандыруда) блок-аралықтармен шектеледі немесе блок-қосындары бар жартылай автоблокировкада – қосынаралықтармен шектеледі. Бұл жағдайда станциялар арасында бір уақытта пакет түзетін бірнеше жолай пойыздар болуы мүмкін;

ішінара-пакеттік график (6.4-сурет) – графикте пойыздардың бір бӛлігі пакет тәртібімен, қалғандары – әдеттегі тәртіппен салынған.