Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.2 Кб
Скачать

10 Билет

1. Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі

Теміржолда поездар қозғалысын ұйымдастырудың бар жүйесі толық құрамды немесе толық салмақты ӛтпелі және телімдік поездардың құрылуын және жӛнелтілуін қарастырады.

Құрамның белгіленген нормасынан кемінде бір вагонның ауытқуы рұқсат етіледі. Осы кезде кесте бойынша жӛнелтілетін құрама, шығарылатын және ӛтетін поездар айнымалы болатын құрамның қажет шамасына дейін жинақталмайды.

Жинақталуда вагондардың орташа тұрып қалуын екі әдіспен табуға болады:

1. Стансаның құрастырылған басқа тәуліктік жұмыс керегенінің жоспарының кӛмегімен. Осы керегеннің кӛмегімен вагондар санының кӛбейтіндісін олардың әрбір уақыт мезетінде олардың осы жолға келу кезіндегі осы мезеттің ұзақтығына қосу жолымен жинақталуда тұрған вагон-сағаттар анықталады.

2. Вагонның жинақталуда орташа тұруының басқа әдісін қарастырайық.

Тәулік бойы яғни 24 сағат ішінде қандайда бір тағайындалудағы құрамдардың жинақталу үрдісін елестетейік. Тәулігіне 3 құрам жинақталсын, ал жинақталу үрдісі үздіксіз болып табылады.

Мұнда кӛлденеңінен t1, t2, t3 және т.б. уақыт мезеттері алынған. Құрамға алғашқы вагондардың келу сәтінен соңғы вагонның келу сәтіне дейінгі мезетті (Т1, Т2, Т3) жинақталу уақыты деп атаймыз. Тігінен осы тағайындалу (m1, m2,... m) орнында тұрған вагондар санын алып отырамыз. Осы тағайындалуда жинақталуда тұрған вагон сағаттар мынаған тең:

Жинақталуда тұруды заттай қысқарту әдістерінің бірі – топтық поездарды құрастыру, осыған байланысты құрастыру жоспарын тағайындау саны кемиді.

Айналымға кететін уақыттың 70%-ға жуығын вагон стансада ӛткізеді. Стансаларда теміржолдардың техникалық кешендерінің бӛлімшелері орналастырылады: локомотивтік және вагондық деполар, электр қамтамасыздандыру кәсіпорындары, жол ұзындықтары, сигнализация және байланыстар, вокзалдар, тиеу және түсіру жұмыстарына арналған құрылғылар мен қондырғылар. Стансаларда жолаушыларды және жүктерді тасымалдаумен, жолаушы және жүк ағындарының пайда болуымен және басылуымен байланысты кӛптеген технологиялық оталар мен үрдістер орындалады.

Ӛзінің тағайындалуы және жұмыс кӛлеміне байланысты стансалар келесі түрлерге жіктеледі.

2.

Микрологистикалық жүйе кәсіпорын, ұйым деңгейінде құрылады және макрологистикалық жүйенің ішкі жүйесі болып табылады. Микрологистикалық жүйенің құрамдық элементтері.

Оптималдау критерийі негізінде нарықты ортада минималды кідіріс, сату көлемі жоғары, нарықтың максималды үлесін алу құрылымдалады. Микрологистикалық жүйе жеке өнеркәсіпті кәсіпорындарда құрылады және құрамдалады. Өнеркәсіпті кәсіпорын материалды ағындар қозғалыс оптималдылығының сұрақтарымен және материалды ағынмен байланысқан ақпараттық, қаржылық ағындармен айналысады. Микрологистикалық жүйелер макрологистикалық жүйелердің құрылымдық құрамдасы, бөлімі болып табылады. Оларға түрлі өндірістік және сауда кәсіпорындары, кешендер жатады. Микрологистика жүйесі жеке кәсіпорындар мен фирмалардың локальді сұрақтарын шешумен айналысады.

Макрологистикалық жүйе– елдің түрлі аймақтарында немесе түрлі елдерде орналасқан, сауда және тасымал ұйымдары мен кәсіпорындарын қамтитын материалды ағындарды басқаратын ірі жүйе. Макрологистикалық жүйе аймақ, елдердің немесе елдер тобы экономикасының белгілі бір инфроқұрылымын білдіреді. Макрологистикалық жүйелер ауданаралық, мемлекетаралық, мемлекеттік деңгейде құралымдалады. Макрологистикалық жүйе критерийлері болып экологиялық, социологиялық, әскери мақсаттар болып табылады.Макрологистикалық жүйелер кәсіпорынның анықталған тобынан тұрады және олар экономикалық қызығушылықтармен байланысқан.Сонымен қатар, макрологистика тұтынушы мен жеткізуші нарығының сараптамасымен байланысқан сұрақтарды шешумен және өнімді үлестірудің жалпы концепциясын өңдеумен, транспорт құралдарын таңдаумен, материалды ағындардың рационалды бағыттарын берумен, тауарды жеткізудің қоймалық немесе транзиттік сұлбасын таңдаумен айналысады.Өндірістік-шаруашылық байланысқа қатысты макрологистикалық жүйелер тік және көлденең болып бөлінеді.

Тік макрологистикалық жүйе кәсіпорындар арасындағы материалды ағынмен басқарылады. Әрбір кәсіпорын үшін бір технологиялық тізбектің үзбесі ретінде көрсетіледі.

Макрологистикалық және микрологистикалық жүйелердің бір-бірінен айырмашылығы – бірінші жүйеде тауар қозғалыс процесінің қатысушылары арасындағы қарым-қатынас тауарды сатып-алу негізінде жүзеге асырылады, ал екінші жүйеде тауарсыз қарым-қатынаста іске асырылады.

Жүйедегі делдалдың болуына байланысты жүйедегі тауардың жоғарлатуына байланысты логистикалық жүйені 3 түрге бөледі:

3. Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдіру және дамудың негізгі бағыттары

Жүк тасымалдарын жетілдіру және дамудың негізіне тасымалдау процессінің жпңа технологиялары жұмылдырылған, олар тасымалдауда шығынның азаюын, ресурстардың жиналуын, экологиялық қауіпсіздікті және сервисті көлік қызметінқамтамасыз етеді. Олар көлік логистикасы және электроника құрылғылары, есептеу машиналары негізінде жасалған.

Тасымалдау процессінің жаңа біріккен моделі (ЕМПП) тасымалды автоматты түрде жедел басқару жүйесін (АСОУП) ауыстырады. Жүк тасымалдарына есептерді автоматтандыру жүйесі (АСГРП) жаңа ақпараттық технологиялар және қаржы-есеп негізінде жүк тасымалына келісім-шарт жасағанда тасымал процессінің барлық қатысушылары арасында ақпаратты-технологиялық арақатнаты қамтамасыз етеді. Контейнер тасымалының жаңа автоматты басқару жүйесі (АСУКП) контейнерлердің қозғалуын және оларды бақылауды жақсартуы керек, сонымен қатар жүк станцияларында және контейнер пунктерінде ақпараттық қызмет қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған дайындық жүйесі және тасымалдау құжаттарын ресімдеу “ЭРТРАН” жүк тасымалдарын жаңа тәсілмен сапалы ресімдеуге және басқа есеп беру құжаттарын енгізуге мүмкіндік береді.

Жүк және коммерциялық жұмыстарды жетілдірудің және дамытудың негізгі басты бағыттары болып саналады:

  • “есіктен есікке”, “тікелей экспедиция”, мультимодальды, транзит, интермодальды тасымалдарды қоса есептегенде, жоғары сапалы көлік қызметіне есептелген, тасымалдау процессінің технологияларын енгізу;

  • халықаралық және ішкі қатнастарда қолданылып жүрген логистикалық жүйелерді жетілдіру және жаңасын енгізу;

  • автоматтандырылған жүйені енгізу, олардың орындалуын бақылау және ұзақ мерзімді контракттармен және келісімшарттармен тасымалдарды қамтамасыз ету жүйесіне өту;

  • жүк жөнелтушілермен және темір жол арасында, жүк қабылдаушылармен электронды құжат алмасу, олардың орталықтандырылған мәліметтер жүйесін енгізу, жүктердің тасымалына төлем ақыны енгізу жүйесін жетілдіру, жұмсақ тарифтік саясатты енгізу;

  • тасымал құжаттарын реальды уақыт режимінде өңдеу және құрастыру және олардың жүк жөнелтушіден жүк қабылдаушыға қағазсыз қозғалуы (электронды накладная);

  • аралас тасымалдарды дамыту, тікелей жеделдетілген контейнер және контрейлер поездарын ұйымдастыру, салмағы 40 футт контейнерлерді қазіргі заманға сай қайта тиеу терминалдарының құрылысын бастау;

  • автопоездардың, автоприцептердің, түсірілетін кузовтардың тасымалы үшін арнайы жылжымалы құрам жасау; жолаушы, жүк багаждарының және жеделдетілген жүк поездарында контейнерлердің тасымалы үшін жедел платформалар жасау; тиеу-түсіру, бекіту және жүктерді сақтау үшін жүк жөнелтушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін жетілдірілген жабық вагондар жасау;

  • басқа көлік түрлерімен тығыз байланыс орнату, аралас темір жол – су компанияларын құру;

  • жаңа көлік коридорларын құру;

  • тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, жаңа пломба құрылғыларын енгізу және жасау, сонымен қатар электронды, тасымалданатын және сақталатын жүктерді бақылау құрылғыларын орнату;

  • поездарды және вагондарды коммерциялық бақылауға автоматтандырылған жүйені енгізу (АСКОПВ);

  • тиеу-түсіру жұмыстарында өнімділігі жоғары жаңа механизмдерді пайдалану;

  • тез бұзылатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін жаңа изотермиялық көлік құрылғыларын енгізу; изотермиялық жылжымалы құрамдарды жетілдіру.

Аталған бағыттарды іске асыру үшін темір жол көлігінің құрылымындағы барлық бөлімшелерді, жүк жөнелтушілерді және жүк қабылдаушыларды біріктіріп қимылдауды талап етеді

4.Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:

Теміржол станциялары туралы ереже;

Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);

Станцияның технологиялық жұмыс ҥрдісі (ТЖҤ) жатады.