- •5В050400- мамандығы – «Журналистика»
- •Тапсырмасы
- •Мазмұны
- •І. Қазақ – ұрпағы үшін өмір сүрген халық
- •Қазақ халқы: тарихи негіздері мен этноним болжамдары
- •Іі. «Халық», «ел бірлігі» ұғымдарының баспасөзде берілуі
- •2.1 «Қазақ» сөзі және қазақ халқы жайлы жарық көрген мақалалар
- •2.2 Ел бірлігінің баспасөздегі көрінісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Қазақ – ұрпағы үшін өмір сүрген халық
Қазақ халқы: тарихи негіздері мен этноним болжамдары
Қай ұлттың болмасын өзіне тән ұлттық тәрбие мектебі болады. Қазақ елінің де ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мол рухани қазынасы бар. Бірақ сол қазынаны қаншалықты иеленіп жүрміз. Барымызды бағалап, жоғымызды түгелдеу мақсатында бүгін ел бірлігінің кейбір қырларына тағы бір оралуды жөн көрдік.
Бағымызға қарай, ердің құны - жүз жылқы, ары – мың жылқы дейтін текті елге ұрпақ болдық. Ғасырлар бойы әбден сұрыпталған, орныққан өзіндік жол-жоралғымыз бар парасатты жұртпыз. Жаман сөз айтпауды, жаманға ермеуді, жалаңаш жүрмеуді, жағымпаз болмауды, жасқаншақ, жасық болмауды жас ұрпақтың санасына құйып отыратын тәлімді халықпыз. Жұрт алдында қасынбайтын, ел көзінше кекірмейтін, кісіге саусақ шошайтпайтын, біреуге телміріп қарамайтын, таңдай қақпайтын, түнде тырнақ алмайтын әдепке үйренген ұрпақпыз. Наданмен дос болмайтын, нақұрысқа сенбейтін, намазды бұзбайтын, нанды лақтырмайтын, адал асты қадірлейтін момын елміз. Басынан сөз асырмайтын, намысты қолдан бермейтін, туысты қадірлейтін, үлкенді құрметтейтін иманды ұлтпыз.
Жұрт алдында қасынбайтын, ел көзінше кекірмейтін, кісіге саусақ шошайтпайтын, біреуге телміріп қарамайтын, таңдай қақпайтын, түнде тырнақ алмайтын әдепке үйренген ұрпақпыз. Наданмен дос болмайтын, нақұрысқа сенбейтін, намазды бұзбайтын, нанды лақтырмайтын, адал асты қадірлейтін момын елміз. Басынан сөз асырмайтын, намысты қолдан бермейтін, туысты қадірлейтін, үлкенді құрметтейтін иманды ұлтпыз. Құдайға мың шүкір, ешкімге өлім тілемейтін, өткенге өкінбейтін, өтірік сөйлемейтін, өтірік куәлік бермейтін, адам түгіл малға зәбір көрсетпейтін, обал-сауапты білетін мейірімді халықпыз. Ата-анаға қарсы келу, әйелге өктем сөйлеу, ақты төгу, аманатқа қиянат жасау, арды сату, арамды жеу, әлем-жәлем киіну, әлсізге күш көрсету біздің жұртқа жат мінез. Бұл халық жолды кеспейді, жұлдызды санамайды, жерді сабамайды, кемтар адамға күлмейді. Тырнағын тістемейді, тізесін құшақтамайды, тілін шошайпайды. Үлкенге сөз қайтармайды, үлкеннен бұрын отырмайды, үлкен бұрын тамаққа қол салмайды, үлкеннің бетінен алмайды. Түрегеп тұрып тамақтанбайды. Ыдысты теппейді, ысырапқор болмайды. Әрине, мұның бәрі қазақы тәрбиенің теңізден тамшыдай бір бөлігі ғана. Осыншалықты мол мұраны жастардың санасына сіңіру, әрине, оңай біте салған шаруа емес. Жалғыз адамның қолынан келетін іс те емес.
Ол үшін қанша еңбек сіңгені, қанша уақыт кеткені, қанша ақыл жұмсалғаны айтпаса да түсінікті. Анық білетініміз сол – ата-баларымыз жүрген жерінде, отырған жерінде бос сөзге әуес болмай, тек қана пайдалы әңгіме айтуды әдетке айналдырған. Би-шешен, ақын-жырауларымыз, батагөй ақсақалдарымыз қашан да сөздің мәйегін қалқып, асылын теріп сөйлеген. Сөз асылын теріп айт, Ақын болсаң бал таңдай, Семізін сөйле сөзіңнің, Мың жылқының ішінде Он жылғы қысыр байталдай, - деп Базар жырау ақындарға биік талап қояды. Ендеше, шебер айтылған шешендік сөздер, мазмұны бай терме-толғаулар – бәрі де тәрбие үшін айтылған.
Ал осынша мол мұра қайдан шығып жатыр деген сұрақ тууы мүмкін. Біздіңше олардың қайнар бастауы имандылықта, мұсылманшылықта жатыр. Мәселен, мына бір шешендік өсиетті талдап көрелік. Тама елінде Сары би деген ақылгөй ақсақал өтіпті. Сол Сары би бірі Сырым балаға мынадай өсиет айтады: - Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ең алдымен беделді , сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады, - дейді. - Ол қандай сөз ата, айтыңызшы, дейді ұлы сөз дегенге қызығып қалған бала. Сонда Сары би: -Арлы-ұжданды бол! Елге деген парызыңды ұмытпа! Намысыңды жастан сақта! Халқыңды алалама! Жақыныңды жаралама! Қалысыңды қаралама !, - деп толғанады. Міне, осы сөзді Сырым шешен қартайған шағына дейін есіне сақтап келген деседі.
Байқап қарасақ, бұл сөздердің бәрі де мұсылмандық ережелерге жатады. «Ар-ұждан» Алла Тағаланың әрбір жүрекке салып қойған ұлы механизмі. Әр пенде өз іс-әрекеттерін, шешімдерін осы ар-ұжданның сотына салып, оның дұрыстығын не бұрыстығын тексеруден өткізеді. Әркім туылған кезде берілетін таза мұсылмандық табиғатымен қоса берілетін ар-ұжданын бүлдірмей таза ұстауға тиіс. Ар-ұждан – Алланың ұлы нығметі. Ол болмаса, күнәнің – күнә, қылмыстың – қылмыс екенін ажырату қиын. Ар-ұжданды еш уақытта жалғанға жүрмейтін, бұра тартпайтын шыншыл төреші деп те баға берсек, болады. Адамды ақыл алдауы мүмкін, қайраты алдауы мүмкін, бірақ жүрегіндегі ар-ұжданы ешуақытта алдамайды. Сары би Сырымға соны ескертіп отыр. «Елге деген парыз» да мұсылмандық құндылықтар қатарына жататын ұлы ұғым. «Адамдардың ең жақсысы адамдарға ең пайдалысы» деген хадис түптеп келгенде, елге қызмет дегенге саяды. «Намысыңды жастай сақта» деген сөздің астары да өте терең. Қасиетті Құранда: «Нағыз мүминдер ар-абыройларын қорғайды» деген аят бар. Жігіттің намысы, қыздың абыройы Исламдағы бағалы құндылықтардың қатарына жатады. Адам өзінің отанын, туған жерін, отбасын, елін-жұртын дұшпаннан қорғауға ат салысса, ол да намысты қолдан бермегендік. Халықты алалама деген өсиет те мұсылмандықтан алынған. Алланың шариғатында адам адамнан, ұлт ұлттан, қоғам қоғамнан артық саналмайды. Бәрі де Алла алдында тарақтың тісіндей тең. Сондықтан халықтың бірін бай, бірін кедей деп бөлуге немесе шенге, мансапқа қарап бөліп қарауға рұқсат жоқ. Мұхаммед Пайғамбарымыздың өзі: «Мен патша емеспін, өздерің сияқты адамдардың бірімін» деп қарапайымдылық қағидасын паш еткен. «Жақыныңды жаралама, Қалысыңды қаралама» деген өсиеттер де бауырмашылдыққа, ағайындыққа, туыстықа шақырып, өзіңнен төменге менсінбей қараудан сақтандырып тұрған үлкен ереже. Жинақтай айтқанда, осындай ұлы сөздерді бойына сіңіріп өскен халқымыз қанша тарихи зобалаңдардан өтсе де, иманынан, тектілігінен ажырамай келеді.
Ендігі кезекте қазақ халқының қалыптасу негізіне тоқталсақ, Шыңғысхан әскері Алтай мен Еділ аралығындағы үлкен территорияға басып кірмей тұрып-ақ, туыстас түркі тайпалары біріге бастаған болатын. Бұл процесс күннің-күнінде біртұтас халықтың, бұл жерде, қазақ халқының құрылуына әкелуі керек болатын.
Біріктірушінің ролін қыпшақ тайпасы атқарып, олар қыпшақ конфедерациясы деп өз аттарымен аталған мемлекет құруға қол жеткізді. XI ғасырда қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, батысқа қарай жылжыды, ал XII ғасырға қарай Днепрге дейінгі жерлерде өз ықпалын жүргізді. Батыс пен шығыстың (ағылшын, француз, араб, парсы) тарихи деректерінде осы кезеңнен бастап XV ғасырға дейін Ертістен Днепрге дейінгі ауқымды кеңістік Дешті Қыпшақ даласы деп жазылған
Алайда, монғол шапқыншылығы жер бетінде Дешті Қыпшақ этносының құрылу процесін тоқтатып тастады. Шапқыншылық нәтижесінде өндіруші күштер әлсіреп, көптеген рулар басқа жаққа қашып кетті, тіпті, қаза болғандар да болды. Құрыла бастаған халықты қалпына келтіріп, оны дамыту үшін ұзақ уақыт пен алғы шарттар қажет болды және ондай алғы шарттар этникалық процестердің барысында пайда болды.
XIII - XIV ғасырларда Алтын Орданың күйреуінің нәтижесінде қазіргі Қазақстан территориясында Ақ Орда, Моғолстан және басқа да мемлекеттер құрылып, сол мемлекеттерде қазақ халқының құрылуына негіз болған түркі тайпалары мен руларының этникалық түп-төркіні - этногенезі пайда болды. Сонымен бірге монғолдар басып алған жерлерде басқыншылардың, яғни, монғолдардың жергілікті халыққа кірігу процесі басталды. Бұл туралы XIV ғасырдағы араб тарихшысы әл-Омардың еңбектерінде өте жақсы жазылған: "Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған, ал монғолдар ол жерлерді басып алып, адамдарды өздеріне бағындырып алды. Кейіннен олар қыпшақтармен туысып, тура қыпшақтар сияқты, тіпті, бірге туғандай болып кетті..." Ақ Орда әлсіз құрылым ретінде XIV ғасырдың басында бірқатар иеліктерге тарап кетті, оның ішіндегі аса ірілері - Ноғай Ордасы мен өзбек хандығы болды. "Ноғайлар" деген этноним XIII ғасырда өмір сүрген, Алтын Орда тарихында маңызды роль атқарған, нақты тарихи тұлға болған Ноғай ханның есімімен байланысты. 30 жыл бойы ол Алтын Орданың тағы үшін күресіп, ақыры қаза болады. Ноғайдың аты XIV ғасырдың аяғында Ноғай ханның ұрпақтары басқарған тайпалардың этникалық аты ретінде қайта жаңғырды. Ноғай ордасы Жайық (Орал) пен Еділ (Волга) аралығын алып жатты, кейіннен осы территорияларда қазақтардың этноқұрылымдарының бірі - Кіші Жүз қалыптасты.
1312-1342 жылдары Алтын Орданы билеген өзбек ханның атымен Дешті Қыпшақтағы тағы бір мемлекеттік құрылым пайда болды. өзбек хан өз кезеңінің көрнекті мемлекет қайраткері болды, ол қалалар тұрғызып, өнеркәсіп пен сауданы көтермелеп отырды, Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты, Иран мен Әзербайжанның тәуелсіздігі үшін табанды күрес жүргізді. XIV ғасырдағы парсы тарихшысы әрі географы Хамдаллах Казвинидің айтуынша өзбек хан билеген халық оның тірі кезінде де "өзбектер" деп аталған.1335-1336 жылдары "әзербайжан" жорығына қатысқан сарбаздар да солай аталған. Осы тарихшы Алтын Орданы "Мамлякат - и - өзбеки" - өзбек мемлекеті деп атаған. Яғни өзбек сөзі халық атауын білдірмеген, олай деп шығу тегі бұрынғы қыпшақтар, арғындар, қоңыраттар болған өзбек ханның сарбаздары аталған.
Алтын Орда құлағаннан кейін XV ғасырдың басында Аралдың солтүстік жағасы мен Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағысынан . деңгейдегі этностарға тараған (мысалы, орыстардың арасындағы қазақ этнографиялық топтары).
XIV ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда халықтарды бөлу жүргізілді және өзбектер, өзбек-қазақтар немесе қазақтар деп аталып жүрген өзбек халқының халық болып қалыптасуы жалпы халқынан жекелеген этностарды қалыптастыру аяқталуы қажет болды. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген жолдар осыған бастады: этникалық территорияның шектері анықталды, соның нәтижесінде ортақ тіл қалыптасты, шаруашылық пен мәдениеттің түрлері, біртұтас материалдық және рухани мәдениет пайда болды, адамдардың санасында біртұтас халық болуға деген ұмтылыстың қарқыны күшейді. Тек соңғы күш қажет болды, ол күш қалың оқиғалардың арасынан жұлқынып шықты.
Әбілқайыр ханның (1428-1468) көшпелі өзбектер мемлекетін билеуі түрлі топтардың Жошы әулеті тармақтарының - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан ұрпақтарының қақтығысқан кезеңі болды.
"Қазақ" этносы мен Қазақ халқының халық болып қалыптасуы қалыптасу тарихы туралы XVI ғасырда Мырза Мұхаммед Хайдар өзінің "Тарихтың түп-төркіні" - "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде жақсы жазған. Бұл еңбекте қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері, олардың билеушілері туралы, қазақ деген аттың берілу себебі туралы арнайы айтылған.
Орталық билікке бағынбаудың нақты себептерінің бірі көшіп-қону мен халықтың бір бөлігінің ханның қарамағынан жаңа мекендерге кетуі болды. өз қарамағында көшпелі өзбек мемлекетінің халқы бар Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар өздері үшін беделі жоқ, Әбілқайыр хан Шейбаниге бағынғысы келмеді.
1459 жылы олар Әбілқайырға қарсы халық наразылығына басшылық жасап, өздеріне бағынышты халықпен шығысқа қарай көшіп кетті. Олар Моғолстан мемлекетін құрап отырған өздеріне туыстас тайпаның жеріне келді. Моғолстан ханы да қайтып оралған отандастарына Шу және Қозы басы (батыс Жетісу) аймақтарын бөліп берді. Көшпелі халықты "қазақтар" деп атап, бұл ұғым ерекше этникалық мағынаға ие болды. Мырза Мұхаммед Хайдар: "Жәнібекпен және Кереймен кеткендер "қазақтар" деп аталып, бұл ат оларға мәңгілікке берілді", - деп жазды.
Халықтың қалыптасуындағы көп жылдық этникалық процестің шыңы "қазақ" этнонимі мен Қазақ халқының халық болып қалыптасуы құрылуы болды. Қазақ хандығындағы халық саны, әсіресе, 1468 жылы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін жаңа тайпалар мен рулардың көшіп келуінің нәтижесінде өсті. Жаңа этникалық қауымның бірігуіне еш кедергі болған жоқ. Тек Жошы әулетінің басқа бір тармағы - Мұхаммед Шайбани билікке дәмелі болды, бірақ ол да XVI ғасырдың басында өзбек тайпаларын басқарып, оңтүстікке, Орта Азияның территориясына кетіп қалды. Ол жақта Мавреннахрды бағындырып, жаңа этникалық қауымға "өзбек" деген ат берді. Қазақстан жерінде қазақ этникалық қауымы мен Қазақ хандығы қалды және олар қазіргі уақытта да өздерінің географиялық шегінде өмір сүріп келеді.
Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан бөлмей қарау керек. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи дамудың біртұқтас ағымында бөлінбей, тығыз байланыста болды және "қазақ" этносы туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен бөліп қарамау керек. Енді "жүз" ұғымына нақтырақ тоқталсақ.
Жүз - (араб тілінен аударғанда бүтіннің бір бөлігі) ірі этно-территориялық бірлестік немесе тайпалар одағы. Қазақтарда үш жүз - бүтіннің үш бөлігі бар - ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз . Жүздердің құрылу себебін тайпалардың шаруашылық қызметінің түрлері мен олар өмір сүрген табиғи-географиялық орталарынан іздеу керек.
Қазақстанның территориясында көнеден келе жатқан шаруашылықтың басты түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Әрине, Қазақстанда жер өңдеу жұмыстарының да негізі ертеде болған Бірақ, олар шаруашылықтың бұл түрімен айналыса қоймады. Ал мал шаруашылығына келсек, ол XX ғасырдың басына дейін қазақтардың өмірінде елеулі роль атқарды.
Бала мен ұрпақ мәселесі көшпелі жұртышылықтың қашанда назарынан түсіп көрген емес. Ең ұлы адамдардың өздері де балам болса деп армандайды. Бала – келешек өмірдің тірегі. Мұрагері жоқ отбасының болашағы да жоқ. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. «Балалы үй – Базар, баласыз үй қу мазар» дейтін де мақал бар. Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп неше рет өліп, неше рет тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айырықша мән берген. Ақылды да көрікті әрі тәртіпті балаларды тәрбиелеу үшін ата-бабамыз қолдан келгеннің бәрін істеумен болды. Көшпелілердің сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, көк түрік, қыпшақ, арғын, алшын, найман және т.б. бірлестіктері мен ру-тайпалары өздерінің ауызша өлең-жырларында да ең алдымен ұрпақ мәселесін сөз қылып отырған. Фольклорымыз бен ауыз әдебиетіміз педагогикалық ілімге толы. Қай шығарманы алсаңыз да, ананы ардақтау, балаға жан-жақты тәрбиелеу мәселелері көркемдікпен әңгіме болатынын байқайсыз. Ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені адамдар арттағы ұрпаққа қалдыруға тырысып отырды. Тіпті ертегілердегі ақ қасқыр, самұрық құс, боз інген сияқты хайуанаттар бейнелерінен де ұрпағы үшін жанын пида ететін ана образын көре аласыз. Біздің ежелгі замандарда өмір сүрген арғы бабаларымыз балаларына не тіледі екен? Қандай мақсат көздеді олар? Заманымыздың көрнекті ғұламасы Әлкей Марғұлан ертедегі ауыз әдебиеті түрлеріне арнаған салиқалы еңбегінде былай деп жазған еді: «Қой бастаған ақ қошқар сенікі болсын. Тікірейген құлағының түбінде қара қалы бар, көзі мөлдіреп, үйірін бастаған ақ боз айғыр сенікі болсын, құлыншағым. Жалы желмен желбіреп, адамдардың үрейін ұшырап келе жатқан қара бура да, оның соңынан ерген түйе келесі де сенікі болсын. Азуы ақсиған қасқыр көрсе, қарағайдай мүйізін шаншып, тарпа бас салатын боз бұқа да, ол бастаған сиыр табыны да сенікі болсын.» Аз сөзбен барлығын айтып беру мүмкін емес, бірақ көшпелілердің өз ұрпақтарына қалдыратын аманаттарын былай жіктеуге болар еді: 1. Нәрестенің бесігінен бастап оған қатысы бар заттардың барлығына құрметпен, ұқыптылықпен қарау. 2. Келешек ұрпақты өмірге әкеліп, тәрбиелейтін әйел затына сыйластықпен қарау. 3. Жастар мен жас сарбаздарды жылқыға, ат әбзелдері мен ер- тұрманын дайындай білуге үйрету. Ежелгі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың Көкшетау, Бурабай, Қарғалы, Шелек, Есік төңірегінен табылған археологиялық мұрадары бұл жұрттардың бала бесігіне, бесіктің безендірілуіне жете мән бергенін байқатады. Әдетте бесікті өте сапалы ағаштан жасап, оны алтын жалатқан бүркіт бейнелерімен, сом алтыннан құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген. Бұлар тұмар сияқты баланы сақтайды деп сенген. Осыдан- ақ көшпелілердің өз балаларын бүркіт пен қасқыр сияқты сымбатты әрі күшті болғанын қалаған байқау қиын емес. Бабаларымыз бала тәрбиесіне қатты ден қойған. Бұл кейбіреулер сияқты баланы босқа мәпеледі деген сөз емес. Тіршіліктерінің басты шарты кеңістік пен уақыт ішіндегі қозғалыс болған көшпелілер қауымында өмірге келген баланың көзқарасы да өзінше қалыптасқан. Әке- шешенің аялы алақанында тәрбиелене жүріп- ақ, бүркіт пен көкжал бөріні пір тұта білді, тез есейді. Сөйтіп жастайынан-ақ ер қанаты аттың құлағында ойнап шыныққан сарбаз болып өсті. Ертедегі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылар мен ғұндардың барлығы да ат үстінде жүріп, өмір өткізген жауынгер еді. Бейбіт заманда өз ісімен айналып жүрген малшы шапқыншылық жағдайында лезде қылыш-найзамен қаруланған жауынгер болып шыға келетін. «Қиын-қыстау шақта шайқасқа даяр тұру, жауға қарсы шығу я болмаса алыс жорыққа аттану олардың өмірде ісі болатын» деп,таңырқай жазды ертедегі тарихшылар. Жойқын соғыстан кейін ауылда кемпір-шал, бала-шаға ғана қалған уақытта 12-13 жасар жеткіншек балалардың қолдарына қару алып, ел қорғауға шықан кездері жиі кездескен. Ұланғайыр өлкені мекен етіп жатқан көшпелі қазақтар сан мәрте түрлі шапқыншылықтарды бастан өткізді. Соған қарамастан, халқымыздың келешек ұрпақ жайлы қамқорлығы сол қалпында сақтала отырып, бізге жеткен.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеyi 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. ОныЖәнібек сұлтан пен Керей сұлтан басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ халқының халық болып қалыптасуы тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ халқының халық болып қалыптасуы құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болыпЖәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбан и мен Махмұд Сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақтүбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ халқының халық болып қалыптасуы шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ халқының халық болып қалыптасуы құрылуына ұйтқы болған себептер - саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға - Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
Қасым ханның тұсында16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ халқының халық болып қалыптасуы саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығы 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласыАқназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығыАқназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ халқының халық болып қалыптасуы иелігі енді Тәуекелге көшеді.
Есім ханның тұсында Қазақ хандығыТәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! Деп атады.
Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір халқының халық болып қалыптасуы халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ халқының халық болып қалыптасуы жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ халқының халық болып қалыптасуы нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуы саяси-әлеуметтік шағында феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуы мәдениеті қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
18 ғасырда қазақтар үш жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы Абылай хан1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары,Желкілдек, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар халқының халық болып қалыптасуы күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.
Ресей империясы құрамында саяси және экономикалық қиын жағдайда ҚазақстанныңРесейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр хандыКiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды.
Кеңестік дәуірде 1917 ж. Қазан төңкерiсiне дейiн Қ-дың негiзгi кәсiбi көшпелi немесе жартылай көшпелi жағдайда мал өсiру, суармалы егiншiлiк болса, аңшылық пен балық аулау және қолөнерi де халық тұрмысында берiк орын алды. Қоғам өмiрiнде рулық-патриархалдық қатынастар үстем болып келдi.
Кеңестiк үкiмет өткiзген кәмпескелеу, ұжымдастыру шаралары Қ-ды 1931 — 33 ж. ашаршылыққа ұшыратты. 1929 — 31 ж. Қазақстанда кеңес өкiметi саясатының асыра сiлтеулерiне қарсы 372 көтерiлiс болды. Көтерiлiстiң күшпен басылуына орай Қ. басқыншылыққа ұшырады. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейiн Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қожалығы сыртқа көшкен. Олардың едәуiр бөлiгi Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтiп кеттi. Қазақ этносы осы жылдары аса көп шығынға ұшырады. Ашаршылық және онымен байланысты туған iндеттер салдарынан 2 млн. 200 мыңнан астам адам қырылды. Бұл барлық Қ-дың 48%-ын құрады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында мерт болған шамамен 410 мыңдай қазақстандықтардың басым бөлiгi Қ. едi.
Тәуелсіздік кезеңінде1991 ж. 16 желтоқсанда мемлекет тәуелсiздiк жарияланған соң, қазақ ұлты өзiнiң ортақ мүддесi жолындағы бiрлiгiн нығайтты. Қазақ тiлi мемл. тiл болды. Қазақ халқының таңдаулы өкiлдерiнiң кеңестiк дәуiрде тыйым салынған есiмдерi ұлтымыздың мақтанышына айнала бастады, тарихи топонимика қалпына келтiрiлiп, ұлттық мәдениеттiң гүлденуiне жағдай жасалды. Шет елде жүрген отандастардың елге оралуына мүмкiндiк туды.
«Қазақ» этнонимі зерттеуге тұрарлық мәселелердің бірі. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.
Қазақэтнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.
Кавказ болжамы бойынша кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елінКавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия депкасогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакиятайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касогалдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
Моңғол болжамында Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғ.хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
Енесай болжамының Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
Қарлық болжамындағы И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.
Парсы-тәжік әйгілі ФирдоусидіңШахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.
Қыпшақ әлеуметтік болжамының кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
“Қасиетті жылнамада” (13 ғ.) айтылған бұл қоссөзді ұғым арбаны білдіреді. Кезінде А.А. Семенов қолдаған бұл көзқарастың еш дәлелі жоқ. Себебі, синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да, “хасаг-терген” термині Қазақстанда мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған 8 ғ-дағы ертедегі түркі ескерткішінен В.В. Радлов “қазғақым оғлым” (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар “қазғақ” және “қазақ” терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин “қазғақым” ұғымындағы “ғ” дыбысының 7 – 8 ғ-ларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалуы ықтимал деген пайымдау айтты. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонет. заңдылықтарымен үйлеспейтіндіктен, мамандар тарапынан қолдау таппады. Маркварт шығыс деректерінен үш қарлұқ тайпасын “хасактар” (хаски) деп оқыған болатын. Бірақ, Минорский мұсылман деректемелерін байыппен қарап шығып, текстол. және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, “хасактардың” орнына “баскиль” деген негізделген коньюнктура енгізілді. Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың “Рисаласындағы” (“Жазба”) “харлұқ” сөзін “хазлақ” деп дұрыс оқымаған Н.Н. Пантусов та қателіктерге ұрынды. Фирдоусидің (935 – 1020) “Шахнамасында” Қазақ халқы және Қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар Қазақ халқының құрылуын 10 ғ-ға жатқызады. Дастанда “қазақ” терминіне қатысты ақпарат жоқ екендігін кейін көптеген шығыстану- шылар (С.Г. Кляшторный, Т.И. Сұлтанов, т.б.) баса көрсетті.
Негізінен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты – тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этн. құбылыстардың өзі – этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (мыс., қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен орыстарды. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы мәселелерін талдап шешу қажеттігін түсіну барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал, белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығ. Дешті Қыпшақта таралған.
А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. Бұл семантика “қазақ” терминіне әлеум. мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшаландыру ин-тымен байланыстырылды. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Қ-қа айналу ин-т ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб шығысының (су’лұқ), Еуропаның (норвег викингілері), Русь (бродник) және т.б. қоғамдарында да орын алды. Әрбір жағдайда осы әлеум. құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминол. өзіндік ерекшелігі байқалып отырды. Қ-қа айналу ин-тының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақыты Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани деген араб географының “Китаб ахбар әл-Бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) шығармасында оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынандай әңгімесі келтіріледі: “Менің аталарымның бірі, патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген”. Қ-қа айналудың осы классик. суреттеуінде автор “қазақ” терминінің синонимі ретінде арабтың “су’лұқ” сөзін алса керек.
“Салақа” деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдер айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы Қ-қа айналу ин-тының мазмұны жағынан сәйкес келуі аңғарылады. Бірақ, автор арабтың “су’лық” терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақтар ортасы қабылдап алған “қазақ” термині болуы мүмкін. 13 ғ-да хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында “қазақ” термині ұшырасады. “Данишкеде-и Маққул у Манқул” кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп жазылған: “Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, Хижраның 660 жылы” (1262). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, этн. тегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластыра ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеум. сипаты болмай, қайта этн. сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. З.У. Тоғанның пікірінше, мұнда хорасан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ Қ-тарының өкілі айтылып отыр. Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын “Вақфнаме” деген жазбаша құжатында сөзсіз этн. сипаты бар “қазахлу”, “қазахлар” атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта Қазақтар айтарлықтай топ болған. Баяндалған материалдар 9 – 10 ғ-ларда Шығ. Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында “қазақ” атауымен әлеум., ал 11 – 12 ғ-ларда этн.-әлеум. топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Алайда, бұдан моңғол шапқыншылығынан бұрынғы уақытта Қ. этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы жөнінде тұжырым жасауға болмайды. 11 – 12 ғ-ларда Қыпшақ хандығында этн. процестердің даму барысында Қазақхалқының этн. ұйытқысы қалыптасады. Моңғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтарын Дешті Қыпшақ шегіне бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы Қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. “Қазақ” сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылады. Қазақ сөзі – ерікті, кезбе, дала рыцары (Ш.Уәлиханов, М.Қозыбаев, т.б.) секілді мән-мағынаға ие. Мұсылман деректемелерінде түркі халықтарында Қазақа айналу – қазақылық ин-тының кең таралғаны атап өтілген. 14 ғ-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этн. негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Оның құрамы жағынан негізінен Қазақ халқы болса да, атау ретінде деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. 15 ғ-дың екінші жартысында Қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын “қазақ” атауы этн. маңызға ие болды.
Керей хан мен Жәнібек хан 1457 – 69 ж. аралығында өздеріне қарасты тайпалармен Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу өңіріне көшіп барып, жеке Қазақ хандығын құрды. Мұндағы түркі тілдес тайпалар тарихи деректерде алғашқыда “өзбек-қазақ”, кейінірек “қазақ” атауымен түпкілікті атала бастады. Қазақстан жергілікті қазақ халқына, орыс империясында казактар аталатын әскери әлеум. топ қалыптасуына байланысты, 17 ғ-дан 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін орыс әдебиеттерінде қайсақ, қырғыз, қырғыз-қайсақ, қазақ-қырғыз, киргиз-қазақ деп қасақана бұрмаланып қолданылып, халықтың тарихи атауы аталмай келді. Бұрмалау 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің 5-съезінде түзетілді. 1936 ж. Қазақстанның әкімш.-шаруашылық өзгерістеріне байланысты Қазақ сөзі ресми түрде белгіленді
Қазақ халқы – ел бірлігінің негізгі арқауы ретінде
Ел бірлігін негіздейтін бірінші қағидат - әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының - Қазақстан Республикасының - ортақ екенін ұғыну.
Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстанмен және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген.
Қандай да бір елдің азаматы болу - әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие - ал біз өз таңдауымызды жасадық. Біздің таңдауымыз терең дара сипатта, осы таңдау - біздің барлығымызды отандастар етеді. Себебі біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тарихи тағдырымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу - елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз.
Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынып өмір сүру, азаматтың барлық құқығына ие бола отырып, бірақ оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады.
Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес. Тәуелсіздік алғаннан соң біз өз мемлекетімізді бірлесіп құруға тарихи мүмкіндік алдық. Содан бергі жылдарда біз, бәріміз, күшті, қуатты, заманауи мемлекет құру жолында бірге еңбек еттік. Елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі - біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі.
Сондықтан біз, бәріміз, бір Отанның ұлдары мен қыздары екендігімізді, ал біздің Тәуелсіздігіміз - сан ұрпақтың орындалған арманы, халқымыздың ерен еңбегінің, ерлігінің және ерік-жігерінің жемісі екендігін әрқайсымыз түсінуге тиіспіз. Тәуелсіздік пен байырғы қазақ жерінде құрылған мемлекеттілігімізді дамыту - біздің басты құндылығымыз болып табылады.
Жаңа тарихи кезеңде мемлекетіміз Қазақстанға өзінің асқақ есімін берген қазақ халқының алдында ұлтты ұйыстырудың алтын діңгегіне айналу жөнінде жаңа тарихи миссия тұр. Жаңа тарихи жағдайда қазақ халқының алдында жаңа тарихи парыз тұр.
Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында, қазақ халқы - басты жауапкер. Сондықтан да біздің ілгері өркендеп, теңдес және дамыған елдердің қауымдастығына қадам басамыз ба, әлде өткен даңқты жолымыздан жұбаныш тауып, өкпе мен өкінішке көміліп, тарих қалтарысында қаламыз ба - ол қазақ халқының парасатына байланысты.
Біздің ұлы мақсатымыз - этникалық шығу тегімізге қарамай бірігіп, Даңқты Ұлтқа айналу және қолымызда тұрған ең бағалы құндылық - егемен, тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманат ету. Ол үшін біз әлі күнге дейін ынтымағымызға кедергі келтіретін болымсыз істерден және қолдан жасалған кедергілерден арылуымыз керек.
Мұнан шығатын қорытынды, әрбір азамат, қоғам және мемлекет, халықтың, болашақ ұрпақтың алдында өз жауапкершілігін сезініп, төмендегідей қажетті әрі ұтымды шараларды қамтамасыз етуі керек:
еліміздің барлық азаматының өз тағдырын Отаны - Қазақстан Республикасының тағдырымен бірге әрі терең тамырлас екенін сезінуі;
бізді ыдыратуға және ынтымағымызды бұзуға бағытталған кез келген ықпалға белсенді түрде қарсы тұру;
Республика конституциялық құрылысының, территориялық тұтастығы мен унитарлық құрылымының мызғымас беріктігін нығайту;
ұлттық мүддеге негізделген елдің экономикалық, саяси, рухани, ақпараттық қауіпсіздігін одан әрі нығайту, басқа мемлекеттер тарапынан болатын ақпараттық тәуелділік пен басқыншылыққа немесе қысымға жол бермеу;
елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін республиканың барша азаматын қазақ халқының төңірегіне ұйыстыру;
ел егемендігінің беріктігіне негізделген халықаралық әріптестік саласында ұлттық мүдде басымдығын ұстану;
басты байлығымыз - Тәуелсіздікке, жерге, бірлік пен рухани құндылықтарға тағзым ету;
азаматтар мен қоғам тарапынан мемлекеттілікті нығайту, Тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты қорғауға мейлінше жәрдемдесу.
Екінші басты қағидат - этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру.
Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадам-дар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы се-німді нығайтуға тиіспіз! Бір-бі-рімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», – деді.
Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр.
«Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыз-дың күш-жігер жұмсап, құлаш сер-мейтін тұсы осы!», – деді Елбасы Жолдауында. Шындығында, бү-гінгі күні көпұлтты тәуелсіз Қазақ еліне дүниежүзіндегі көптеген елдер қызыға да қызғана қарауда. Себебі жүзден астам ұлт пен ұлыстардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастыра білген ел әлемде кемде-кем. Өзара ынтымақ пен татулыққа, сүйіспеншілік пен қолғабыс көрсетуге шақырып, бөлінушілік пен дұшпандықтан сақтандыратын Ислам сияқты дін жоқ. Құран мен Пайғамбарымыз-дың (с.ғ.с.) хадистері мұның айқын дәлелі. Мәселен, Ұлы Алла Құран Кәрімде бізді бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, былай дейді: «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» («Әли Ғимран» сүресі, 103-аят). Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғима-рат іспеттес», – дей отырып біздер үшін бірлік пен ынтымақ-тың қаншалықты маңызды екендігін білдірген.
«Алдағы жылы біз Консти-туцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын сал-танатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. «Қазақстан, тек алға!» атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!», – деді Елбасы. Біз мұны терең ұғы-нып, әрбіріміз өзімізге жүктелген міндетті адал атқарып, Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына бірігуіміз қажет. Қазіргі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы 470 ұлттық-мәдени орталықты біріктіріп отыр. Бұл – елімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нақты нәтижесі.
Сондай-ақ, Ислам діні әрбір ұлт өкілдеріне құрметпен қарап, ешкімді ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап ажыратып бөлмейді. Алла Тағаланың алдында ешкім ешкімнен артық емес, егер қандайда бір артықшылық болатын болса, ол тек тақуалықпен ғана өлшенеді. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата мен Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ, бір-бірлеріңді тану-ларың үшін ұлттар мен ұлыс-тарға бөлдік. Расында, Алла алдында ең абыройлыларың тақуаларың (Алладан шынайы түрде қорыққандарың). Алла барлық нәрсені толық білуші, барлығынан хабардар», – деп баяндалады («Хужурат» сүресі, 13-аят).
Елімізде бірліктің болуы аса маңызды. Бүгінде дініміз Исламның қай мәзһабын ұстанатынымыз бізге анық. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанған, ұлттық құндылықтарымызбен біте-қай-насып кеткен Әбу Ханифа мәз-һабын ұстануымыз халқымызға тек жақсылық әкеледі. Қазіргі таңда Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы бастаған дін сала-сының білікті қызметкерлері дін мен дәстүр арасындағы сабақ-тастықтың тереңнен тамыр ала-тындығын ұтымды әрі өте жақсы насихаттауда. Бұл құптарлық әрі қуантарлық іс. Рухани бірлікте болу тәуелсіз еліміздің іргесін ны-ғайта түсетіні сөзсіз.
Біз Елбасы Жолдауындағы биік мақсаттарға қол жеткізу үшін өз-өзімізді ұдайы шыңдап, рухани, адамгершілік қасиеттерімізді жандандыра түсуге міндеттіміз. Бүгінгі таңда қасиетті де хақ дініміз – Исламды уағыздаушы әрбір адам және Тәуелсіз еліміздің қамын ойлаған әрбір ұлтжанды азаматтың басты мақсаты – бірлік, ынтымақ, сүйіспеншілік пен өзара татулықты орнату болуы керек. Бөлінушілік пен кикілжіңге, адамдар арасын бұзатын, ауызбіршілікке нұқсан келтіретін, сыртқы дұшпандық пен ішкі араздыққа алып баратын істердің алдын алуы қажет. Ауызбіршілік, ынтымақтастық пен рухани сыйластықты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсіне отырып, алдыңғы буын ұрпақ болашаққа бай да салиқалы мұра қалдыру үшін әркез бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бүгінгі заманымызды сақтап қалуға тырысуға тиіс. Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға ба-ғытталған Елбасының жүйелі сая-сатын бүкіл халық болып әрқашан ерекше құрметпен жүзеге асыру – біздің парызымыз. Қазақстан халқының бірлігі – еліміздің баға жетпес байлығы екенін ешқашан естен шығаруға болмайды.
Сондықтан да жүрегінде шы-найы иманы бар мұсылман адам іріткі фитнаға алып баратын іс-әрекеттерді жасамауы, ондай істерден әрқашанда алыс тұруы қажет. Бұзақылыққа, бүлікке, ел тыныштығын бұзатын жәйттерге ешқандай да жол бермеуі тиіс. Бір елде тұрып нанын жеп, суын ішіп отырғандықтан, бір-бірімізге әрдайым құрметпен қарап өзара жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шын мәнінде, мүміндер бір-бірімен бауыр, сондықтан бір-біріне ренішті болған бауырларыңды татуластырыңдар. Алладан қорқыңдар», – деп бұйыруда. Ал Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Сіздер иманға кел-мейінше жұмаққа кіре алмай-сыздар. Ал бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше иманға келе алмай-сыздар», – делінген. Жақсы көру дегеніміз – өзің үшін пайдалы болғанды өзгелерге де қалап, өзің үшін зиянды болғанды өзгелерге де қаламау, тіпті, өз мүддеңнен өзге бауырларыңның мүддесін үнемі жоғары ұстау екенін әрбір мұсылман адам жақсы түсінеді.
Біріміздің алдында бірімізге алдын ала артықшылық берілмейді. Бұл ұстаным біздің бірлік ғимаратымызға берік іргетас болып қаланған. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етілген.
Бұл қағидат әрбір Қазақстан азаматы өзінің жеке артықшылығы мен шығу тегіне қарамай, қабілетіне қарай барлық мүмкіндігін жүзеге асырып, жетістіктерге жете алатынын аңғартады. Отан мен қоғамға қызмет етуге бағытталған қабілет пен дарын еркін дамуы тиіс, оған ешқандай кедергі болмайды.
Бұл мемлекет пен қоғамның дамуына қолайлы жағдай туғызады: қабілеті мен мүмкіндігі артқан адамдар саны көбейген сайын ел егемендігі нығайып, қоғамның біртұтастығы артады.
Мемлекет тарапынан барлық адамға бірдей әділетті және тең мүмкіндік жасалады. Меншік еркіндігін дамыту - ел өркендеуі үшін қажетті шарт. Орташа тапты жедел қалыптастырудың экономикалық және құқықтық негіздерін жасау - Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін өмірлік қажеттілік.
Теңдік қағидаты ауыл мен қала тұрғындарының, сондай-ақ қайта оралған отандастарымыздың өмір сүру дәрежесін теңестіреді, қалаға келушілердің бейімделуі мен урбанизация үдерісін басқаруды реттейді.
Мүмкіндіктердің теңдігі, шығу тегі мен діни ұстанымына қарамай, әркімнің қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына қатысу құқығына ие бола алатынын көрсетеді.
Біздің басты байлығымыз - әралуандықтың бірлігі. Сондықтан мемлекет өз халқының мәдени, рухани дәстүрлерінің ұлттық игілік ретінде сақталуына қамқорлық жасайды. Осы қамқорлықтың бір тетігі ретінде мәдениетаралық сұхбаттың айрықша институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі осыған бағытталады.
Біз мүмкіндіктер теңдігі қағидатын сақтай отырып көп нәрсеге қол жеткіздік, келешекте бұдан да зор нәтижеге қол жеткіземіз. Ол үшін азаматтар, қоғам және мемлекет жауапкершілікті тең бөлісуі және мынадай қажетті шараларды пәрменді қолдануы қажет:
этникалық шығу тегіне, нәсіліне, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ қандай да әлеуметік топқа немесе қоғамдық ұйымдар мен партияларға жататынына қарамастан, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығы теңдігін қамтамасыз ету;
қоғамдағы этносаралық және дінаралық алауыздықтың алдын-алу және жолын кесу;
этникалық және діни қағидаттар бойынша құрылған саяси ұйымдарға заңмен тыйым салу;
ұлтаралық қатынас мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы қабылданған әдеп нормалары мен қағидаттарын сақтай отырып шынайы түрде жариялау;
азаматтық теңдікті жүзеге асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру;
ұлттық бірлікті нығайтатын әлеуметтік негіз ретінде орташа таптың қалыптасуын жеделдету;
әрбір адамның азаматтық құқығын және барлық азаматтың заң алдындағы бірдей жауапкершілігін сақтау;
ауылдық жерлерді әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан дамыту, миграция және урбанизация үдерістерін реттеу.
Ел бірлігінің үшінші негізгі қағидаты - біріктіруші және бекітуші бастау ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту.
Рухани бастау - Ұлтты бір тұтастыққа біріктіретін күш. Халықтың рухы күшті болған сайын, оның мемлекеттілігінің де болашағы зор. Бұл -тарихтың және тағдырымыздың басты қозғаушы күші. Тап осы Ұлттық Рух кез келген елдің бет-бейнесін айқындайды, бағыт-бағдарын нұсқап, дамуына серпін береді.
Біздің Ұлттық Рухымызды көтеру үшін негізгі басымдықтар мыналар: дәстүр мен отансүйгіштік рухы, жаңару рухы, жарыс пен жеңіс рухы.
Ұлттың рухы халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенеді. Осы тіл, дәстүрлі құндылықтар мен қайталанбас төл мәдениетіміз халыққа жүздеген жылдар бойы демеу болып, оны тарих жолында тарап кетуден сақтап қалды. Бұлар бүгінде де бізді өзгелерден айырып, ерекшелейді. Әрі қайталанбас бір тұтас руханиятымыздың іргетасы болып табылады.
Сондықтан да мәдениетті, дәстүр мен тілді жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Бұл, ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейтуге қатысты. Оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге атсалысудағы белсенділігін айқындайтын ұмтылысы мен ынталануына айналуы қажет. Бұл - шешуші басымдық, рухани және ұлттық бірліктің негізгі факторы.
Сонымен қатар мемлекет тарапынан Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностың мәдени, рухани және тілдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қамқорлық көрсетілуі тиіс.
Қоғамның рухани негізі болып табылатын дәстүрлі құндылықтарды арқау ету (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік және сыйластық) қазіргі әлемде біздің бірлігіміз бен өзіндік ерекшелігімізді нығайта түсудің сүйенішіне айналуда.
Қазіргі әлем күн өткен сайын елдер мен ұлттарға қатал талап қойып отыр. Олардың ішінде түпкі дәстүрлері мен құндылықтарын жоғалтпаған, үнемі жаңаруға, модернизацияға, бәсекелік басымдықтарын күшейтуге ұмтылатындардың ғана дербес болашақтан үміті бар. Бұл - уақыт талабы, оған енді біз лайықты болуымыз шарт. Дәстүрге сүйенген модернизация мен бәсекеге қабілеттілік біздің ұлттық рухымыздың ХХІ ғасырдағы өркендеуіне негіз болады.
Тек қана ғаламдық деңгейдегі асқаралы міндеттерге ұмтылған ұлттар ғана жеңіске жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікке бет түзеу Ұлт Рухының ең маңызды бөлігіне айналуы шарт. Бұл - Ұлттың алға қарыштап қадам басуының, серпіліп жаңа көкжиектерге ұмтылуының негізі мен кепілі. Қазақстанның әрбір азаматы мұны жақсылыққа, байлыққа, ақылдылыққа ұмтылыс деп танып, туған елінің гүлденуіне қолдан келгеннің бәрін істеу қажет деп сезінуі керек. Әрбір адам өз бойындағы осы қасиеттерді дамытуы шарт, олар жеңіс Рухының өз ғұмырының, қоғам мен мемлекет өмірінің бір бөлшегіне айналуына бар күш-жігерін сарп етуі тиіс.
Қоғамның барлық салаларын модернизациялау арқылы ғана бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге болады. Ал, ең бастысы, модернизация, үнемі жаңаруға деген ұмтылыс ретінде біздің санамыздың ажырамас бөлшегіне, жалпы ұлт Рухының бөлігіне айналуы тиіс. Бұл - біздің уақыт дабылына қайтарған жауабымыз, өйткені дамуға ұмтылмаған Ұлттың күні санаулы.
Бізге ұлт әлеуетін оятатын интеллектуалдық серпіліс қажет. Білімге, ғылымға және инновацияларға көзқарасты өзгертудің өмірлік маңызы зор. ХХІ ғасырда тек интеллектуалды ұлт қана жеңіс тұғырынан көріну мүмкіндігіне ие бола алады.
Тек осындай жолмен ғана, дәстүрлерге сүйеніп үнемі жетілу арқылы, биік мақсаттар қоя отырып ұлттың бірігуіне, Ұлт Рухының нығаюына қол жеткізе аламыз.
Бұған жету үшін мемлекет, әрқайсымыз, бүтін қоғам жауапкершілікті бөлісуі тиіс және қажетті әрі ұтымды мынадай шараларды қамтамасыз етуі керек:
- Ұлт Рухын дамыту және нығайту, осыны еліміздегі әрбір азаматтың өмірлік бағдарына айналдыру;
- мемлекеттік тілді дамытуға және оның аясын кеңейтуге ұлт бірлігін нығайтатын фактор ретінде басымдық беру;
- Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін, салтын, тілін дамытуға жағдай жасау;
- ұлттың, мемлекеттің, қоғам және отбасының мызғымастығына бағытталған рухани дәстүрлерді, адамгершілік құндылықтарды, дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту;
- ұлттық құндылықтар мен игіліктерге қамқорлық жасау;
- жас ұрпақты сыйластық, отаншылдық, Еліне және халқына адал қызмет ету құндылықтары рухында тәрбиелеу;
- әрбір адам өзінің білімін, қабілетін, кәсібилігін және бәсекеге қабілеттілігін үнемі жетілдіріп отыру;
- қоғамның өмірлік маңызды барлық саласын одан әрі модернизациялауға байланысты бірлескен дәйекті жұмыстар жүргізу;
- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің кепілі ретінде интеллектуалды ұлт қалыптастыру.
Ел бірлігін қамтамасыз ету - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құрудың маңызды шарты. Мемлекеттің экономикалық өсуі, әлеуметтік ілгерілеуі, демократиялық дамуы қоғам бірлігі ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл міндетті шешу үшін тәуелсіз, егемен, барлық әлем мойындаған мемлекет ретінде Қазақстанда саяси ерік және қажетті экономикалық, әлеуметтік ресурстың бәрі бар.
Тәуелсіздікті сақтау және мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігін және азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау, интеллектуалды ұлт құру және ұлттық рухты дамыту - біздің ұлттық бірлігіміздің басты ұстанымы әрі әрбіріміздің өмірлік қағидаттарымыз болуы шарт.
Осының бәрі алдымыздағы жылдарда еліміздің қарқынды дамуының негізін қалайды.
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
Қазақ халқы тарихында көптеген қиындықты бастан кешті. Қазақ «мың өліп мың тірілсе» де, қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, өз арманын мақсат ретінде аманат етті. Абай атамыздың «Қалың елім, қазағымы», Қадыр Мырза Әлі ағамыздың «Жасыл жайлау, түкті кілемі», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің елімі» сияқты жүздеген, тіпті, мыңдаған шығармалар ұрпақтың санасына азаттықты, ел болуды, ту көтеруді, бірлікке ұмтылуды, ұлт ретінде сақталып қалуды, өжеттілік пен қырағылықты, батырлық пен қайраткерлікті насихаттап отырды.
Осы ата-бабаларымыз армандаған, қол жеткізу үшін сан түрлі қиындықтармен күресіп, аңсаған ел бүгінде – тәуелсіз! Бүгінгі күні Қазақстан әлемге әйгілі, дүниеге танымал ел болды. Ал біздер – тәуелсіз Қазақстанның бақытты ұландарымыз. Сондықтан еліміздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріне мақтанышпен қарай отырып, артымызға да үңілуіміз қажет, шүкіршілік қылуымыз керек деп ойлаймын, себебі тәуелсіздік алып, егеменді ел болу үшін еліміз талай зұлматты басынан кешірген жоқ па? Бұл естен кетпес талай жол...
Жол! Қазақтар ақтап өткен!
Жол! Шыңғысхан таптап кеткен!
Жол! Қасымның қасқа жолы!
Жол! Есімнің ескі жолы!
Жол! Күлтөбенің басында кеңес өткен!
Ата-бабам тастап көшіп кеткен!
Жол! Ақтабан шұбырып,
Түгел сөздің түбі бір Майқы өткен!
Жол! Бір сөзді көтере алмай
Абылай кешкен!
Жол! Төле, Қазыбек, Әйтеке өткен!
Оны да тастап көшкен!
Жол! Отызда Шоқан өткен!
Жол! Дана Абай да кеткен!
Жол! Ақиқат іздеп Алыптар өткен!
Жол! Желтоқсанда боздақтар өткен!
Жол! Тәуелсіздікке жеткен!
Жолдар көп!...
Біздің еліміз тәуелсіздіктің 25 жылдан астам уақыты ішінде көптеген түрлі қауіп пен қатерлерге кезікті, алайда өзінің бірегей қазақстандық жолымен жүре отырып, олардың бәрін жеңе білді. Сонау 1991-де Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағанда біздегі көпэтностылықты ең қатерлі «бомбаға» балап, «Қазақстанның болашағы көпұлттылығынан бұлыңғыр» деп «сәуегейлік» айтқандардың теріс пиғылын тас-талқан етіп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тап сол «бұлыңғырлықты» ортасынан сейілтетін бірегей ұлттық стратегия – Қазақстан халқы Ассамблеясын өмірге әкелген болатын. Міне, бүгін күллі әлем Елбасы тудырған осы өміршең идеяның шешектеп гүл ашқанын, Қазақстан халқы бүгінде береке-бірлікпен бір халық болып ұйыса түскенін, орнықтылықты арқау етіп, орасан жетістіктерге жетіп отырғанына куә болып отыр десем артық айтқандық болмас.
Осындай көрегенділігімен тәуелсіздік жолында көрегендік танытқан - .қазақ халқы. Біздің республикамыздың тәуелсіздік алуы, Қазақстан мемлекеттігінің қалыптасу және нығаю кезеңі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты, ол билік дегеніміз бәрінен бұрын жауапкершілік екенін іс жүзінде дәлелдеді. Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт тарихыңың жаңа дәуірін суреттейді, ол – осы тарихтың бір бөлшегі! Тәуелсіз Қазақстанның өсуі мен көркеюіне, бүкіл әлемге танылуына бар күш жігерін аямай, ел тыныштығын сақтай отырып, дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп келген Елбасымыздың еңбегі ерен.
Қазақ халқы зұлмат жылдарда Қазақ топырағына қоныс аударылған сан түрлі ұлттың баласын бауырына басқан қазақ халқының дархандығын айтудан бір жаңылған емес. Осы дархандық емес пе еді – өзі де жарты, жарым құрсақ бола жүріп, жылап келген елдің жүзін жылытқан, жарты болып келген елді бүтін еткен!
Жаһандану түрлі елдер мен халықтардың тағдырларын тығыз байланыстырды. Біздің мақсатымыз ортақ – Жер шарындағы бейбітшілік пен келісім, прогресс пен өркендеу. Осы ретте, мен ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің ел татулығы, ынтымағы мен бірлігі туралы айтқан ойларын іздеп, оқи отырып түсінгенім: олардың бәрі де біздің ортақ үйіміз – Қазақстандағы бейбіт өмірді насихаттағанын түсіндім. Мәселен, Мұзафар Әлімбаев ағамыз «Ерден ердің артықтығы – білігі, Елден елдің артықтығы – бірлігі» десе, Міржақып Дулатов атамыз да «Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман» деп бірліктің маңыздылығын баса айтқан. Ел тұтастығын әрдайым аузынан тастамай, барша халықты бірлікке шақыратын және солай болуына жағдай тудырып, өзінің көрегендігімен саясат жүргізіп отырған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаулықтың ең үлкені, ең қиыны – ынтымақ үшін ымыраға бара алмау» деуі де мені ойландырды. Барлық Қазақстан халқы осы сөздердің мәнін ұғып, түсінуі керек, себебі бейбіт өмір – бәрінен де қымбат.
Елбасы Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халыққа жолдауында: «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды, әсіресе, бүгінгідей дүние дүрбелең заманда» деген болатын. Расында, «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деп халық даналығында айтылғандай әр қазақстандық азамат ұлтына немесе басқа да белгілеріне қарай жақсы, не жаман деп бөлмей, бірлікті сақтауға күш-жігерлерін салуы қажет. Барлық ұлт өкілдері тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі – баршамызға басты қағида болуы тиіс деп ойлаймын.
Елбасымыз жасампаз елдің жастарына қай уақытта да үлкен сеніммен қарап назарынан тыс қалдырған емес. Елбасы халқына арнаған Жолдауында жас ұрпақ, біздерге де ерекше үміт артып: «Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер - болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер» деп атап өтті. Бұл дегеніміз, ересектер ғана емес, біздер де ел болашағына өз үлесімізді қосуымыз керек деп есептеймін.
Мен телеарналарды қарап, газет-журналдары жиі ақтарып, өзім, менің отбасым, қоршаған ортама, Отаныма қатысы бар, елімде болып жатқан жаңалықтармен танысып отырамын. Сонда бір байқағаным, қазір бүкіл әлемде көптеген қиыншылықтар туындап, бір елде тұратын бауырлар өзара жауласып жатқанын оқып, жүрегім ауырады. Мәселен, Украина еліндегі қырғын, азаматтық соғыс қаншама қарапайым халықтың қабырғасын қайыстырды?! Сондықтан біз Отанымыздағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманды сақтау үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын татулығымызды сақтауымыз керек. Бірлік – бәрімізді біріктірер құдіретті күш!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы тәуелсіздікті, азаттықты, бақытты ел болуды аңсады. Жаугершілік заманды басынан өткізіп, бейбітшілік заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін көрсетіп, бауырына өзге ұлттың баласын салып, бір үзім нанын бөліп беріп, дастарханын жайған қазақ қашанда қайырымдылық пен қамқорлықтан қашқан емес.
«Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Еліміздің 21 жыл ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыздың өзі неге тұрады? Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің өзі, ел бірлігінің, халық ынтымағының арқасында осындай биіктерге жетіп отыр деп ойлаймын. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" дегенде, ата-бабамыз ынтымақ керектігін айтқан болар деп ойлаймын. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ігері дамып келе жатыр. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған, саясатымыз бен ата заңымыздың арқасында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Біздің елімізде әрбір ұлтқа деген қамқорлық шексіз. 18-ге толған азаматтар – тегіне, нәсіліне, ұлтына, тіліне қарамай сайлауға қатыса алады. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей кез келген ұлт өкілінің құқықтары тең. Ата Заңымыздың бірінші бабының өзінде басты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды басты орынға қойған мемлекетімізде адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің мәліметіне қарасақ, бүгінде республика халқының саны – 16909776 адам, сондай-ақ, елімізде 140 түрлі ұлт бар. Қазақстан халқының ішінде қазақ ұлтының үлесi 63,6 пайызды, орыстар – 23,3, өзбектер – 2,9, украиндер – 2, ұйғырлар – 1,4, татарлар – 1,2, немiстер – 1,1, басқа ұлыстар 4,5 пайызды құрады. Сондай-ақ Қазақстанда кейбір ұлттардың аз ғана өкілі өмір сүріп жатыр. Мәселен, олардың қатарына саха, мордва, болгар, ғағауыз сынды ұлттарды жатқызуға болады. Міне, осыншама ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, алауыздық жоқ. Олар Қазақстанды өздерінің Отаны санайды. Елімізде он бір тілде газет-журнал жарық көріп отыр. Олар ағылшын, неміс, әзірбайжан, корей, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде. Театрларымыз алты тілде өнер көрсетіп жүр. Олардың барлығын мемлекет өзі қаржыландыруда. Осындай өнегелі істі әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Осының өзі арамыздағы өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген қамқорлық нышаны. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақтың ұлылығын танытса керек.
Жетекші сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазақстандық қоғамдағы қалыптасқан толеранттылықтың негізінде бірнеше фактор жатыр. Соның бір факторы – қазақтың ұрпағын кек сақтай алмайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті. Еліміз басынан қиын-қыстау заман кешіп, қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың қатал сынынан өтті. Беріден қайырғанның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, Сталин зобалаңына ұшырап, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қаншама таңдары қиындықпен атса да, жаны қиналса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсарлық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық.
Осыдан 18 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы жарлық шығарған болатын. Ол 800-ден астам этномәдени бірлестіктердің басын біріктірді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы, бүгінде қоғамдағы келісім мен ынтымақтастықтың басты тетігі болып отыр. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблеяның 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестігі бар.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымы аясында біз саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтай алдық. Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің төрағасы, Бақытжан Әбдірайым ағамыздың айтуынша, бүгінде елімізде 195 этноағарту кешені мен лингвистикалық мектеп қызмет көрсетеді екен. Ассамблеяның белгілі азматы Видади Салаховтың пікіріне тоқтала кетсек: «Біздің салт-дәстүрімізді, тілімізді, тарихымызды, әдебиетімізді сақтауға себін тигізетін мектеп, театр, газет, теле- радиобағдарламалар бар. Мұның барлығы – этникалық топтардың мәдениетін біріктірген саясат». Ассамблеяның басты мақсаты – саяси жағдайларға болжам жасай отыра, қоғамды алауыздықтан сақтау. Яғни, азаматтарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлтаралық қатынасты нығайту. Себебі, алпауыт елдердің өзі абдырап отырған тұста, Қазақстан халқы ассамблеясы татулыққа ұйытқы бола білді.
Иә, шынында да, бүгінгі таңда қазақ халқы, ел бірлігі –біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі болып отыр.
Қорыта келгенде, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы.
Аймақтық қауіпсіздік және татулық деген кезде, жұдырық болып жұмылған, ынтымақ-бірлігі жарасқан ұлттар мен алауыздығы жоқ ел еске түседі. Қай ұлт, қай ел болсын бейбітшілік пен ашық аспанды, бақытты, терезесі тең, керегесі кең болуды аңсайды. Өйткені, татулық пен келісім, бейбітшілік пен тұрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді. Қазақстан бүгінде өзіндік саяси және экономикалық жүйесі қалыптасқан, әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекет. Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы – Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талқысына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты қонысына айнала білді. Егемен еліміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ толғағы жеткен мәселелермен бетпе-бет келді. Сыртқы күштердің ықпалына түскен кейбір топтар сепаратистік, шовинистік, қоғам дамуын тығырыққа тірейтін пиғыл байқатты. Аталған күрделі жағдайға қарамастан Елбасы Н.Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап «Әуелі экономика, одан кейін саясат» деген қағиданы берік ұстанып, елдің экономикалық ахуалын көтеруге бел шеше кірісті. Ел билігі бейбітшілік пен келісім саясатын басты ұстаным ретінде жариялады. Қазақстан халықаралық қауымдастықтың сеніміне ие болды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. «Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады» дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің де көзіміз жетіп отыр», — деп бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отырғанын жеткізді.
Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан, барша жұртты құшағына сыйдыра алған– қазақ халқы.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «өзге ұлттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір Тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ел тарихының едәуір бөлігі — оны мекендейтін халықтардың этностық және мәдени өзара іс-қимылдарының тарихы. Бұл ретте Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыт тынысымен сабақтасып келеді.
Еліміз жаңа XXI ғасырға, жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып, қадам басты. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі достықтың бай тәжірибесі ұлттық татулық пен келісімнің ғана экономикалық және мәдени дамуды, өзара достықты, ұлттық мүдделер мен ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне деген құрметін қамтамасыз ете алатынын көрсетті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз», — деп ерекше атап өткені белгілі.
