- •5В050400- мамандығы – «Журналистика»
- •Тапсырмасы
- •Мазмұны
- •І. Қазақ – ұрпағы үшін өмір сүрген халық
- •Қазақ халқы: тарихи негіздері мен этноним болжамдары
- •Іі. «Халық», «ел бірлігі» ұғымдарының баспасөзде берілуі
- •2.1 «Қазақ» сөзі және қазақ халқы жайлы жарық көрген мақалалар
- •2.2 Ел бірлігінің баспасөздегі көрінісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Қуанышқызы Анар
Қазақ халқы ел бірлігінің негізгі арқауы: баспасөзде көрінісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В050400- мамандығы – «Журналистика»
Талдықорған 2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
___________ Кафедра
меңгерушісі ___________ Ж.Есенбек
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақ халқы ел бірлігінің негізгі арқауы: баспасөзде көрінісі
5В050400- мамандығы – «Журналистика»
Орындаған Қуанышқызы А.
Ғылыми жетекшісі
ф.ғ.к., аға оқытушы Турысбекова А.
Талдықорған 2017
Факультет гуманитарлық Кафедражурналистика және филология
Мамандығы 5В050400 - журналистика
(шифр, атауы)
БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі__________
«____»__________ 20___ж.
студент _______________________________________ (бітіру немесе
(аты-жөні)
дипломдық жұмысы) дипломдық жоба бойынша
Тапсырмасы
1. Жобаның (жұмыстың) тақырыбы ___________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
университеттің «___»_______ 20___ж. № ____ бұйрығымен бекітілген.
2. Студенттің аяқталған жобаны (жұмысты) өткізу мерзімі ________
3. Жобаның (жұмыстың) шығыс мәліметтері _____________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Графикалық ж/е иллюстрациялық материалдар тізімі ____________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Толықтырулар мен өзгертулер _______________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Жоба бойынша кеңес берушілер
Жоба |
Кеңес берушілер |
Ай-күні, қолы |
|
Тапсырма берілді |
Тапсырма қабылданды |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7. Тапсырманың берілген ай-күні __________________________________
Жетекші __________________________________________________________
(қолы)
Тапсырманы орындау үшін қабылдадым ______________________________
(студенттің қолы)
Мазмұны
КІРІСПЕ ...............................................................................................6-9
І. Қазақ – ұрпағы үшін өмір сүрген халық..............................
Қазақ халқы: тарихи негіздері мен этноним болжамдары...............10-27
1.2 Қазақ халқы – ел бірлігінің негізгі арқауы ретінде............................27-37....
ІІ. «Халық», «ел бірлігі» ұғымдарының баспасөзде берілуі......
2.1 «Қазақ» сөзі және қазақ халқы жайлы жарық көрген мақалалар .. 38-47
2.2 Ел бірлігінің баспасөздегі көрінісі......................................................48-55.
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................ 56-57...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................... 58-60
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадам-дар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы се-німді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Ел бірлігі – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігімізді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», – деді.
Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр. «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.
Тақырыптың өзектілігі: Ел бірлігімәселесі қазақ халқының бастау бұлағындағы тарихи негіз. Ал сол халықтың пайда болуы, өсу жолы, даму тарихын білу – халық өмірінің айнасы, халықтың салт-дәстүріне, оның рухани дамуына тигізетін әсері орасан зор. Осыған орай бағзы дәуірденкеле жатқан тарихи дамуды түсініп, талдау үшін, біз ең алдымен қазақ халқының этногенезімен танысып, деректерге қанық болуымыз керек.
Көне дәуірден ұрпақ үшін өмір сүрген ғұлама халық - қазақ халқының ерте дәуірде қиялы мен шығармашылығы өте дамыған күйде болғанын олардың сан мыңдаған туындылары дәлел болса, оның ел бірлігіне де әсері мол болғаны анық. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В.Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.
Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Жұмыстың мақсат-міндеттері:Осы жайттардыайқындау үшін біздің алдымыздағы басты мақсат - зерттеу еңбектерді, мақалалардыарды оқып қана қоймай, қазақ халқының пайда болуы, ел бірлігінің баспасөздегі көрінісін, оның жайын айқындау болмақ. Әрине, бұл жағдайда қазақ халқы талай нәубет жылдары ұлты мен тегіне қарамастан барлық ұлтқа құшағын айқара ашты. Оның пайдасы мен зияны таяқтың екі ұшындай болды.Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:
Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
Ел бірлігі мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
Ел бірлігі жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
Ел бірлігінің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
Ел бірлігінің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аудару;
Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын таныту.
Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау қазақ халқының тарихи тамырлары мен шығу тегі, қазақ сөзінің этнонимі, қазақ халқы жайлы жазылған мақалалар, олардың көтерген тақырыптары мен идеялық ұстанымы талданады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында ел бірлігі мәселесі әлеуметтік негізде жүйелі түрде зерделенді. Қазақ халқының өзіндік даму эволюциясы, идеясы, ұнамсыз қылықтарды мінеп-сынаудағы астарлап айту принципі, ерекшелігі талданды. Ел бірлігі мәселесінің толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:
Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
Ел бірлігі мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
Ел бірлігі жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
Ел бірлігінің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
Ел бірлігінің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыс нысаны мен пәні: Жұмыстың басты нысаны – қазақ халқы, ел бірлігі мәселелері негізінде ғылыми-әлеуметтік сұрақтарды қарастыруға көңіл қойдық.
Сонымен қатар, тақырыпқа қатыст әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалар алынды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В.Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.
Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу әдісі: Ел бірлігінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:
Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
Ел бірлігі мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
Ел бірлігі жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
Ел бірлігінің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
Ел бірлігінің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
