Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
барлық ситуацилық есептер орысша, қаз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.11 Mб
Скачать
  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары. Есеп №36

Науқас Б., 36 жаста, үй шаруасында, колхозда тұрады. Бір апта бұрын сиыр етін өңдеген. Төрт күн бұрын білектің төменгі бөлігінде көпіршік пайда болған. Науқас қасыған соң, айналасында ісік пайда болған. Келесі күні ісік үлкейіп, 3-ші күні ісік иықтың жоғарғы жағына жеткен. Көпіршік ортасында қара қабыршақ пайда болған. Аурудың 3-ші күні Т – 38-38,5ºС, әлсіздік, бастың ауруы мазалайды.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, Т-38ºС. Беті аздап қызарған, тілі жабындымен қапталған. Оң жақ қол ұшы, білегі, иығы ортаңғы үштігіне дейін ісінген, терісінің түсі өзгермеген. Білегінің ортаңғы үштігінің ішкі бетінде қара түсті қатты, өлшемі 5 см-дей денешік байқалады, көпіршіктер ұштығымен қапталған, көпіршік серозды сұйықтықпен толған. Пальпацияда ауырмайды. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіндері көлемі орман жаңғағындай ұлғайған, пальпацияда сезімтал. Ішкі мүшелер жағынан патология жоқ. Нәжісі қалыпты.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары. Есеп №37

Науқас А., 38 жаста, қойшы, ауруханаға 13.07. күні ауруының 2-ші күнінде түскен. Жедел түрде ауырған, денесі қалшылдап тоңған, температурасы 39ºС.-қа көтеріліп, сол жақ мықын аймағында ауырғандық пайда болған. Бірден төсек тартқан. Үйде бас ауруына ішетін дәрі қолданған, эффетісіз. Дәрігерге қаралмаған.

Объективті: Т – 38,3ºС. Жағдайы ауыр. Көзінде қызбалық жылтырау бар. Тітіркенген. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 104 қағыс, толықтығы қанағаттанарлық, ырғақты. АҚ – 90/60 мм сын. бағ. Өкпеде везикулярлы тыныс пен шашыраңқы құрғақ сырыл. Дәреті болмаған. Тәбеті нашар, кіші дәреті қалыпты. Сол жақ сан үшбұрышында үлкейген лимфа безі пальпрацияланады (көлемі 3 х 5 см), лимфа бездері өзара жабысқан, жылжымайды, ауырғандығы күшейген, сол жердегі тері іскен, гиперемияланған.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары. Ситуациялық есеп №1

Науқас А., 17 жаста, бөлімшеге ауруының 3-ші күні мына шағымдармен түсті: шаршағыштық, адинамия, афония, құрғақ дыбыссыз жөтел. Анамнезінен белгілі болғанындай, ауру дене температурасының 37,4ºС-қа көтерілуімен, жөтелден басталған, келесі күні жөтелі «үрмелі» дөрекі түрге түскен. Сонымен бір уақытта даусының қарлығуы пайда болған. Объективті зерттеуде эпигастрий аймағы аздап тартылған, тыныс алуы төмендеген. Аңқасы қалыпты. Өкпесінде бірыңғай құрғақ сырыл. Тахикардия.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

Ситуациялық есеп №2

Науқас С., 20 жаста, ЛОР-бөлімшесіне лакунарлы ангина диагнозымен түскен, бөлімшеде болған 2-ші күні ауыз-жұтқыншақтың көгерген ісігі мен айқын гиперемиясы анықталған, бадамша безінде, доғасында, қатты және жұмсақ таңдайда тегіс ісіну, лимфа түйіндері, мойын лимфа үсті клетчаткасы аздап ұлғайған. Температурасы 38,9ºС.

    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Тексеру және емдеу жоспары.

    3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?

Ситуациялық есеп №3

Науққас Е., 19 жаста, ревматология бөлімшесіне ревматизммен түскен, түскен күнінің 10-шы күнінде теспературасы 38ºС-қа дейін көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлаған, шайнағанда ауырсыну пайда болған, сол жақ құлақ маңы аймағы ісінген.

    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Тексеру және емдеу жоспары.

    3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет?