- •2. Этика және мораль.
- •10. Мораль және саясат
- •11. Мораль және өнер
- •19. Тұлғаның ізгілік тәрбиесі
- •21. Моральдық шарт және оның құқық қорғау органында көрініс табуы.
- •22. Моральдық шарт қоғамдық мәдениеттің рухани негізі ретінде.
- •23. Морльдық шарттың құрылысы.
- •24. Құқық қорғау қызметіндегі моральдық шарттың ерекшелігі.
- •32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынатың бір түрі ретінде.
- •33. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымның ізгілік қарым қатынас ерекшелігі.
- •34. Қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынасты басқарудың түсінігі мен тәртібі.
- •3. Бастық пен оның қарамағындағы адамның қарым—қатынасы
- •27. Бастық.
- •28. Қарамағындағы қызметкер.
- •35. Жетекші қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынастарды ұйымдастырушы ретінде.
- •41. Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары.
- •43. Қызметтік ұжымдағы қатынас. Маңызды кеңестерді өткізу.
- •44. Қызметтік құжаттарды құру және маңызды хат алмасуды жүргізу.
- •46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері.
- •47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар.
- •49. Этикалық ережелерді бұзғаны үшін соттың жауапкершілігі.
- •55. Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 77
- •78 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 79
- •80 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 81
- •82 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 83
- •84 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •2. Этика производства следственных действий 85
- •56. Ішкі істер органдары кезекшілерінің ізгілік негіздері.
41. Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары.
Құқық қорғау органдарының кәсіби қызметі – мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекет бұл органдар алдына азаматтарды, меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, басқару тәртібіне нұқсан келтіретін қылмыстың алдын алуға бағытталған мақсаттар мен міндеттер қояды. Құқық қорғау қызметі мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы десе де болады, сондықтан мемлекет құқық қорғау органдарының қызметін жақсарту мақсатында қайта дайындау және қызметкерлердің білімін, кәсіби деңгейін, біліктілік дәрежесін арттыру болып табылады. Бұл талап барлық құқық қорғау жүйесінің буындарына және жеке әр-бір қызметкерге қатысты талап болып табылады
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғам мен мемлекетке қызмет етуінің адамгершілік мәні — адамдарда заңға деген сыйлы қарым-қатынасты қалыптастырудың, тәрбиелеудің маңызды факторларының бірі. Халықты құқықтық тәрбиелеуді нығайтудың қажеттігін құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролінің артуымен, мемлекеттік- құқықтық құрылыс саласындағы халықтың белсенділігінің ӛсуімен байланыстыруға болады. Құқық қорғау органдары қызметекерлері ӛздеріне тән арнайы нысандар мен әдістер арқылы азаматтарды қолданыстағы заңнама туралы кеңінен ақпараттандыруды жүргізеді, оларда заңдардың қажеттігі мен әлеуметтік әділеттігі туралы сенімді қалыптастыруды, заң талаптарын саналы түрде орындауын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы бойынша Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары
8. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: 1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге; 2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға; 3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға; 4) әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті. 9. Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде: 1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға; 2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге; 3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға; 4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға; 5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға; 6) құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге; 7) оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. 10. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер: 1) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға; 2) өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілге дереу хабарлауға; 3) басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті) болдырмауға; 4) басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс.
42. Қызметтік сұхбат пен кездесу өткізудің этикалық талаптары. Сөйлеу мәдениеті. Тұрғындарды қабылдау.
Сұхбат
1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;
2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.
3)Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл күй мен ішкі толғаныс, яғни эмоционалдық фон болуы тиіс. Сондықтан да көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистін қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені бұл жерде қойылған сұрақ емес, одан қайтарылтан жауап маңызды рөл атқарады.
Дипломатиялық сұхбат – дипломатиялық қызметтегі күрделі де маңызды, айрықша жауапкершілік жүктелетін іс. Маңызды мәселелер бойынша министрдің, елшінің шетелдік лауазымды тұлғалармен жүргізген сұхбатын күнделік ретінде олардың көмекшілері немесе сұхбатқа қатысқан кіші дәрежелі дипломаттар міндетті түрде қағазға түсіреді. Сұхбат барысында саяси тұлғаның когнитивтік аялық білімі, яғни дипломаттың эрудициясы, оның саяси және кәсіби пайымы, кең ауқымды білімі көрінеді. Дипломатиялық сұхбат көп жағдайларда анықтамалық материал, іс-қағаздарын қолма-қол қолданбастан жүргізіледі, сондықтан әңгіме барысында дипломат орасан зор көлемдегі ақпарат, деректерді (фактілерді) жадында ұстауы тиіс. Сұхбатқа баратын дипломат нақты бір мәселені шешу үшін, не болмаса, басқа бір ақпарат алуға, екінші жаққа керекті мәліметті жеткізуге мақсат етеді. Дипломатиялық сұхбатты рәсімдейтін құжаттарда сұхбат барысындағы екіжақты келісім, шарттасу, т.б. тоқтамды ойға келген шешімдер мен сол сұхбаттың негізгі мәселесін қорытындылайтын дәйекті деректер жазылады.
Келіссөздер. Лауазымды адамдар арасында мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытудың құралы ретінде халықаралық келіссөздер мен делдалдық кең түрде пайдаланылады. Әлемде саяси, экономикалық, мәдени, техникалық және гуманитарлық байланыстар көбейген сайын, келіссөз жүргізудің құрамы, тақырыбы мен әдістері де әр алуан және ауқымды бола бастады. Халықаралық келіссөздер екі мемлекет бір-бірін тану және дипломатиялық қатынастарды орнату үшін жүргізіледі. Ол мемлекет арасындағы қатынастардың ең маңызды саласына жатады. Келіссөздер дипломат және жеке тұлғалар арасында, мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға, салалық байланыстарды орнатудан бастап, аймақтық және кәсіптік деңгейге дейінгіні қамтиды. Екіжақты және көпжақты қатынастардың саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да мәселелерін ресми талқылау – әлемдік даулар мен жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің негізгі құралы. Екіжақты келіссөздерді жүргізер алдында делегация мүшелері барлық материалдармен танысуы тиіс, тек осындай жолмен ғана оның қағидасын, міндеті мен мақсатын жақсы түсінуге болады. Келіссөз стратегиясын, тактикасын немесе тиісті дипломатиялық іс-қимыл жасу алдында үлкен дайындық жұмысы жүргізіледі. Сондай-ақ екі жақ алдыңғы келіссөздердің мерзімін ұзартуға келісімін білдіреді. Өйткені келіссөз жүргізу мерзімі шектеулі. Мемлекеттер бұрынғы уағдаласқан жағдайдың кейбір шарттарына өзгерістер енгізу үшін алдын ала келіссөзге барады. Тараптар қолданыстағы шарттардың түрлерін біршама өзгертуде жаңа келісімге қол жеткізу үшін келіссөз бастайды. Кейде екі ел делегациясы келіссөз арқылы мәселені шешу, келісімге келу үшін емес, өздерінің жеке көзқарастарын қорғау, тек екінші жақтың позициясын анықтау үшін, өзінің саясатын жақсы жағынан көрсету үшін ғана жүргізеді.
Келіссөз тақырыбы неғұрлым күрделі болса, келіссөз жүргізудің деңгейі соғұрлым биік болады. Халықаралық деңгейде келіссөз жүргізетін тұлғалардың көп жағдайда дайын болмауы кездесулердің аяқсыз қалуына әкеп соғады. Жас елдер делегациясы өзінен күшті елдер делегациясымен келіссөз жүргізу барысында, оның әлсіз жағын тауып, пайдалануға тырысуы керек. Мәселен, Азия, Африка дамушы елдері капиталистік Батыс не социалистк Шығыс мемлекеттерімен саяси келіссөздер барысында екі әскери-саяси блоктың қарсыластығын өз мүддесіне пайдаланады.
