- •2. Этика және мораль.
- •10. Мораль және саясат
- •11. Мораль және өнер
- •19. Тұлғаның ізгілік тәрбиесі
- •21. Моральдық шарт және оның құқық қорғау органында көрініс табуы.
- •22. Моральдық шарт қоғамдық мәдениеттің рухани негізі ретінде.
- •23. Морльдық шарттың құрылысы.
- •24. Құқық қорғау қызметіндегі моральдық шарттың ерекшелігі.
- •32. Ізгілік қатынас қоғамдық қатынатың бір түрі ретінде.
- •33. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымның ізгілік қарым қатынас ерекшелігі.
- •34. Қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынасты басқарудың түсінігі мен тәртібі.
- •3. Бастық пен оның қарамағындағы адамның қарым—қатынасы
- •27. Бастық.
- •28. Қарамағындағы қызметкер.
- •35. Жетекші қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынастарды ұйымдастырушы ретінде.
- •41. Қызметтік қатынастың негізгі түсінігі мен қағидалары.
- •43. Қызметтік ұжымдағы қатынас. Маңызды кеңестерді өткізу.
- •44. Қызметтік құжаттарды құру және маңызды хат алмасуды жүргізу.
- •46. Шетел азаматтарымен маңызды қатынас жүргізу ерекшелігі. Сапарлар. Кеңестер. Құжаттар. Хат алмасулар. Этикет тәртібіндегі кейбір негізгі ережелері.
- •47. Сот тәртібіндегі негізгі қағидалар.
- •49. Этикалық ережелерді бұзғаны үшін соттың жауапкершілігі.
- •55. Қылмысты ашу процесіндегі кәсіби ізгі әрекеттер
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 77
- •78 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 79
- •80 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 81
- •82 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •1. Общие нравственные требования к деятельности следователя 83
- •84 Глава VI. Этика предварительного следствия
- •2. Этика производства следственных действий 85
- •56. Ішкі істер органдары кезекшілерінің ізгілік негіздері.
34. Қызметтік ұжымдағы ізгілік қатынасты басқарудың түсінігі мен тәртібі.
1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібі, олардың азаматтармен сыпайы және ілтипатты қарым-қатынас жасау ережелері (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларының, «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңның талаптарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің негізінде әзірленді. 2. Ережені Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі — қызметкерлер) сақтауы үшін міндетті этиканың көпшілік мақұлдаған нормалардан және мемлекеттік қызмет ерекшеліктерінен туындайтын негізгі тәртіп ережелері белгілейді. 3. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін-өзі қауіпсіз сезінуге, полиция қызметкерін оның өмірін, денсаулығын, намысы мен абыройын қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғауға қабілетті қорғаушы ретінде білуі тиіс. 4. Заң берген кең құқықтар мен өкілеттіктерге ие болып, полиция қызметкері ұстамдылық пен жоғары мәдениеттілік таныта отырып, оларды білікті және саналы пайдалануы тиіс. 5. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде табанды болуға міндетті, сонымен қатар олардың іс-әрекеттері құқықтық тұрғыда мінсіз, заң бұзушылықтарды, азаматтардың, оның ішінде ұсталғандар мен қамауға алынғандардың құқықтарына қысым көрсетуді болдырмайтындай түсінікті болуы тиіс. 6. Қызметкерлер халықтың назарында ұдайы болатынын және полицияның абыройы оның мінез-құлығына байланысты екенін әрқашан есте ұстауы керек. 2. Қызметкерлердің тәртіп нормаларының негізгі ережелері
10. Жедел-қызметтік тапсырмаларды орындау кезінде ережелер қызметкерден: барлық қызметтік уақыт ішінде тиімді жұмыс атқаруды, оның қарауындағы материалдық және материалдық емес ресурстарды тек қызметтік мақсатта пайдалануды талап етеді. 11. Ұстау, тінту, тексеру кезінде құқық бұзушыларға (күдіктенушілерге) қатысты шектен тыс қаталдыққа, жәбірлеуге жол бермеу және олардың нәсілдік, діни және саяси көзқарастарына қатысты құқыққа қарама – қайшы іс-әрекеттер жасамау. 12. Жәбірленушілер мен куәларға, әсіресе, жасы ұлғайған адамдарға, әйелдерге, балаларға, кемтар адамдарға кішіпейілділік таныту және көңіл бөлу. 13. Тұрғын үй-жайларында тінту, тәркілеу жүргізу кезінде азаматтардың бұйымдары мен жеке заттарына ұқыпсыз қарауға жол бермеу. 14. Құқық бұзушылық іс-әрекеттерді анықтаған және олардың жолын кесу кезінде қызметкер: — құқық бұзушыға, егер жағдай болса, әдепті және дәлелді түрде оған қарым — қатынас жасауы себебін түсіндіруі қажет; — оларды азаматтардың қате немесе екі түрлі түсінулеріне жол бермей, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сүйене отырып, қысқа және анық айтуы; — төзімділігі мен намысын сақтай отырып, өзінің эмоционалдық көңіл-күйін бақылап, өзінің болмысымен және іс-әрекетімен сенімділік пен сабырлылық көрсетуі; — құқық бұзушылар дау-жанжал тудырған кезде эмоционалдық-психологиялық тұрақтылық танытуы қажет. 15. Медициналық көмекті қажет ететін адамды ұстаған кезде қызметкер медициналық персоналды қатыстыра отырып, оған осы көмекті қамтамасыз етуге, ал қажет болған жағдайда оның өмірі мен денсаулығын сақтап қалу шараларын қолдануға міндетті. 16. Қызметкерге белгілі болған жасырын сипаттағы барлық мәліметтерді құпия сақтауы тиіс. 17. Қызметкер өзіне өтініш білдірген азаматтардың мәселелерін оң шешу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті. 18. Қызметкер азаматтар өтініш жасаған кезде : — қызметтік қарым-қатынасын амандасудан бастап (нысанды киімде болғанда қолын бас киімге тақап); — өзінің лауазымын, арнаулы атағын, тегін айту керек; — азаматтың сұрауы бойынша қызметтік куәлігін ұсынуы; — өтініш білдіруінің мақсаты мен себебін қысқа хабарлау керек; — өзінің ескертулері мен талаптарын сыпайы және сенімді түрде айтуы; — қажет болса, айтылғанның мазмұнын ешбір ашуланусыз қайталауы және түсіндіруі; — азаматтың түсініктемелерін немесе сұрақтарын мұқият тыңдап, сөйлеушінің сөзін бөлмей, әңгімелесушіге деген тілектестігін және құрметін көрсетуі тиіс. 19. Азаматтың құжаттарын тексергенде қызметкер: — әдепті және сыпайы түрде талап етілген құжаттарды ұсынуды сұрауы; — азаматқа себебін түсіндіре отырып, құжаттарын тексеруі; — тексеріс аяқталғаннан кейін азаматқа алғыс айтуы және құжаттарды қайтаруы тиіс. 20. Қызметкер телефонмен сөйлескенде: — қоғамдық орындарда телефонды пайдаланғанда маңайындағы адамдарға қолайсыздық тудырмай сөйлесуі; — қызметтік телефонды пайдаланғанда өз ойын анық, айқын және қысқа баяндауы; — қызметтік құпияны сақтау туралы үнемі есте сақтауы; — телефон қоңырауына жауап берген кезде атағын, тегін айтуы және түсінікті, толық ақпарат беруі керек. 21. Келушілерді қабылдау кезінде: — кабинетке кірген келушінің амандасуын қабыл алуға, оған отыруды ұсынуға; — келушінің өтінішін тыңдауға және баяндалған проблеманың мәнін анықтап алуға, сыпайы түрде нақтылайтын сұрақтар қоюға; — қажет болған жағдайда қарастырылып жатқан мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіруге; — келушіге өтінішінің қаралу тәртібі мен мерзімдерін, сонымен қоса қабылданған шешімге шағым беру туралы мәлімет беруге кеңес беріледі. 22. Қызметкер: — келушіні қабылдауды негізсіз көп уақыт күтуге мәжбүрлемеуі; — келушінінің сөзін дөрекі түрде бөлмеуі; — келушіге қатысты ашуланбауы және наразылық танытпауы тиіс. 23. Шетелдіктермен қарым-қатынас кезінде қызметкер шыдамдылық, ұстамдылық, сыпайылық, көмек көрсетуге дайын екендігін танытып, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіруі қажет. 24. Шетелдіктер қоғамдық тәртіпті болмашы бұзған кезде қызметкер мұндай іс-әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндірумен және ескертумен шектелуі тиіс. 25. Қызметкерге шетел азаматтарымен саясат және қызметтік жұмыстар, сондай-ақ ұжымдағы қарым-қатынастар туралы мәселелерді талқылауы қажет емес. 26. Қызметкердің сөйлеу мәдениеті жеке тұлға мәдениетінің маңызды элементі болып табылады. Қызметкер өзінің сөйлеуін, сөйлеу ырғағын және интонациясын қадағалап отыруы керек. Сөйлеу кезінде белгілі бір әлеуметтік немесе ұлттық топтарға қатысты дөрекі қалжың және мысқыл сөздер, «паразит» сөздер, тіл тигізу болып саналатын пікірлер, адамның кемтарлығына байланысты қорлау және ұятсыз сөздерді қолдануға болмайды. Адамдарға деген жағымсыз, жиіркенішті қарым-қатынасты айрықшалайтын әдепсіз лексикалар мен көргенсіз сөздер, әріптестермен және азаматтармен қарым-қатынаста, жаргон сөздер мен қылмыстық субкультураның басқа да элементтерін қолдануға қатаң тыйым салынады.
