- •111 Белок түзілуі қайда өтеді???
- •111 Биологиялық зерттеулердің осы күнгі әдістері.???
- •111 Биологиялық толық құнды белок дегеніміз не???
- •111 Биологиялық тотығу жөніндегі осы замандағы теория???
- •111 Витаминдер жөнінде жалпы түсінік.?
- •111 Липиттердің жасушадағы ыдырауы.???
- •111 Минералды заттардың, майлардан, көмірсулардан, белоктардан айырмасы. ???
- •111 Тірі жасушаның химиялық құрам ерекшелігі?
- •111 Ферменттер әсер ету механизмін қалай түсінесіз???
- •Адам ағзасындағы химиялық элементтердің мөлшері, %-пен
111 Ферменттер әсер ету механизмін қалай түсінесіз???
Ферменттер жөнінде жалпы түсінік.? Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе-тендікте болады, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин (ішкі секреция) бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асырады. Ағзаның барлық клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллиондаған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер катыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүрер еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әртүрлі жайсыз құбылыстарға душар етеді. Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады. Фермент деген атау ғалымдарға көптеген жылдардан бері белгілі болса да, оның табиғи қасиеті соңғы жылдары ғана анықтала бастады.
111 Ферменттер қалай жіктеледі және қалай аталады? Қарапайым ферменттер - қарапайым белоктар, гидролиз кезінде тек амин қышқылдарына ыдырайды.. Қарапайым ферменттерге : рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, амилазалар және гидролаза класына жататын басқа да ферменттер жатадыКүрделі ферменттер - екі бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі апофермент, ал белоктық емес белігі простетикалық топ немесе кофермент деп аталады.Ферменттердің классификациясы. Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар түріне қарай 6 классқа бөлінеді: 1). Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын катализдеді. 2). Трансферазалар - реакцияларда атомдар мен атомдар топтарын тасымалдайды. 3)Гидролазалар - судың қосылуымен химиялық байланыстарды үзеді 4)Лиазалар - субстратты гидролиздік емес жолмен ыдыратып, қос байланыс түзу және керісінше реакцияларды катализдейді. 5). Изомеразалар – бір изомердің екінші изомерге ауысуын тездетеді 6). Лигазазалар - АФТ энергиясы арқылы екі әр түрлі қосылыстың конденсиациясын катализдеп, С−С, С−О, С− N , С−S байланысын құрады
111 Ферменттердің активті орталығы.? . Фермент молекуласының ферменттік қасиетін анықтайтын бөлігін ферменттің активті орталығы деп атайды. Ферменттің активті орталығы субстратпен байланысуға және ыдыратып өзгертуге міндетті. Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы р амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі. Күрделі ферменттерде активті орталыққа амин қышқылдарынан басқа металл иондары мен коферменттер кіреді. Олар катализ процесінде маңызды қызмет атқарады.
111 Ферменттердің қасиеттері.? Ферменттер — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:
1.оксидоредуктазалар; 4.лиазалар;
2.трансферазалар; 5.изомеразалар;
3.гидролазалар; 6.лигазалар.
Фермент - катализатор қызметін атқаратын ақуыздардың ерекше түрі айтылатыны белгілі. Катализатор дегеніміз – ағзада жүретін химиялық реакциялардың бағытын өзгертетін немесе жүру қарқындылығын арттыратын арнайы молекулалар. Сонымен, ферменттер қатарына бөтен ақуыздарды ыдыратып, немесе реакцияны басқа бағытқа аудара алатын катализаторлар кіреді. Бұл дегеніміз адам үшін өте қажетті заттар түзілетін қажетті реакциялардың бастамасы.
Ферменттердің аса тұрақсыздығына байланысты әсері де көптеген факторларға тәуелді келеді.
Оның ең бірінші қасиеті химиялық реакцияны өте шапшандатып, тездетіп жібереді. Мұны қарапайым мысалмен былай түсіндіруге болады. Айталық, химиктер кез келген реакцияны тездету үшін катализаторды қолданады. Катализатор өте аз мөлшерде пайдаланылса, ферментті болар-болмас қолданып-ақ реакцияны өте тез жүргізуге жетеміз. Мысалы катализатор әсерінен кез-келген химиялық реакциялар бір секундтай уақыт аралығында өтсе, ал ферментті қатыстырғанда, бір секундтың оннан бір бөлігіндей-ақ уақыт кетеді екен. Реакция қаншалықты шапшаң жүрсе бізге қажетті заттардың көп өндірілетініне ешқандай күмән жоқ. Турасын айтқанда бұл өте маңызды нәрсе. Фермент — катализатордың осынау қасиеті тірі ағзалардың өмір сүруінде де үлкен рөл атқарады. Өйткені, осыншалықты тездеткіш қосылыс болмаса адамның денесінде болып жататын өте қажетті сан алуан реакция аз уақытта іске аса қоймас еді.
Температураның әсері. Ферменттің жоғары активтігі 36-40ºС байқалады. Папаин бұған жатпайды. Оның активтігі 80º та да білінеді, ал каталазаға деген қолайлы температура 0 және 10ºС арасында жатыр. Температура 80-100ºС қа жеткенде фермент өзінің катализдік қабілетін жоғалтады (инактивацияланады) , денатурацияға ұшырайды. Инактивация реакцияның ұзақтығына және табиғатына байланысты.Кебір ферменттер құрғақ күйінде 120-190ºС салқындыққа дейінгі температураға төзімді келеді. Температураны біртіндеп 37ºС қа дейін жоғарылатса, олардың активтігі қалпына келеді. Ферменттің бұл қасиетін малды қолдан ұрықтандыруға арналған ұрық сұйығын (сперма) сақтау үшін пайдаланады.
Ортаның рН-қа әсері .Әрбір ферменттің өте жоғары активтік көрсететін қолайлы рН аймағы бар. Мысалы, пепсин рН 1,5-2,5; трипсин рН 8-9; сілекей амилазасы рН 6,9-7; уреаза pH 7,2-8; болғанда ең жоғары активтік көрсетеді.
Талғампаздығы (іріктеушілігі). Әрбір фермент, құрылысы жағынан ұқсас тек белгілі бір субстратқа, немесе заттар тобына ғана әсер етеді. Яғни, қандай да бір басқа заттарға емес, тап сол берілген затқа әсе етуге бейімділігін айтды. Әрбір фермент тек белгілі бір реакцияны ғана катализдейді. Мәселен, уреаза ферменті бір ғана несеп нәрінің ыдырау реакциясын катализдейді. Сахараза тек сахарозаны ыдыратады.
Талғаушылықтың үш негізгі түрін айырады:
1.Топтық талғаушылық -ферменттің белгілі бір химиялық байланыстарды үзе отырып заттар тобына әсер етуін айтады. Мысалы, пепсин, трипсин белоктардағы пептидтік байланыстарды гидролиздейді:
2.Жекелеген талғаушылық - фрмент тек белгілі бір затқа ғана әсер етеді. Мәселен, каталаза сутек асқын оксидін суға жән оттегіне ыдыратады.
3.Құрылымдық талғаушылық - ферменттің тек бір ғана кеңістік изомеріне әсер етіп, оның оптикалық антиподтарын катализдемеуін айтады. Мәселен, фермент моносахаридтердің Д қатарын, табиғи амин қышқылдарының a қатарын ғана ыдырата алады.
Ферменттің талғаушылық қасиетінің биологиялық маңызы өте зор, өйткені ферменттер осындай қасиетінің арасында зат алмасу процесін реттеп отырады. Олар рекцияның жылдамдығын қай заттар, қандай бағытта өзгертетінін, өзгеру жолдары белгілейді.
Ферментгердің негізгі қасиеті — олардың активтілігі. Мысалы, крахмал клейстрінің судағы ерітіндісіне, сутегінің пероксидіне және кәдімгі сүтке ферменттерді қоспасақ, біз крахмалдың қантқа айналғанын, сутегі пероксидінің ажырағанын және сүттің ұйығанын байқай алмаймыз. Ал крахмал ерітіндісіне аз ғана мөлшерде амилаза ферментін қоссақ, оның аз уақыттың ішінде глюкоза кантына айналғанын көреміз. Сол сияқты каталаза ферментінің әсерінен сутегінің пероксиді ажырайды, ал мәйек ферменті қосылса сүт тез арада ұйиды.
111 Ферменттердің номенклатурасы және классификациясы.? Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады және бұл сандардың арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан-класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз қатарындағы нөмірін көрсетеді. Жұйелік атау негізінен ғылыми әдебиеттерде пайдаланылады. Ферменттердің классификациясы. Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар түріне қарай 6 классқа бөлінеді: 1). Оксидоредуктазалар – тотығу-тотықсыздандыру реакцияларын катализдеді. 2). Трансферазалар - реакцияларда атомдар мен атомдар топтарын тасымалдайды. 3)Гидролазалар - судың қосылуымен химиялық байланыстарды үзеді 4)Лиазалар - субстратты гидролиздік емес жолмен ыдыратып, қос байланыс түзу және керісінше реакцияларды катализдейді. 5). Изомеразалар – бір изомердің екінші изомерге ауысуын тездетеді. 6). Лигазазалар - АФТ энергиясы арқылы екі әр түрлі қосылыстың конденсиациясын катализдеп, С−С, С−О, С− N , С−S байланысын құрады
ЭЭЭ
111 Электролиттік диссоциация. ? Электролиттердің суда ерігенде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады.Электролиттер дегеніміз суда еріген немесе балқыған күйде электр тогын өткізетін заттар (минералды қышқылдар, тұздар, негіздер).1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус электролиттік диссоциация теориясын ұсынды. Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).Электр тогының әсерімен иондар қозғалысқа келеді: оң зарядты иондар катодқа бағытталады, олар катиондар деп аталады, теріс зарядты иондар анодқа бағытталады, олар аниондар деп аталады.Диссоциация процесі қайтымды процесс.
111 Элементтердің организмдегі биологиялық рөлі мен мөлшері? ағзасының химиялық құрамы аса бай және алуан түрлі. Әртүрлі тірі ағзаның жасуша құрамында осы күнге дейін мәлім болған элементтердің барлығы кездеседі. Алайда кез келген тірі заттың құрамындағы қосылыстар негізінен төмендегі элементтерден тұрады:С, О, Н, Р, К, Na, Mg, Mn, Zn, Fe, Си, Со т.б.
