Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.73 Кб
Скачать

111 Витаминдер жөнінде жалпы түсінік.?

Витаминдер – аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар ( лат . вита - өмір +витаминдер – құрамында азоты бар химиялық заттар ). Олар тіршілікке өте қажетті.1880 жылы Н.И.Лунин ашты. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер ферментердің құрамына кіретіндігі белгілі. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу пролцесі бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлде болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады т. б. күрделі өзгерістер туады. Витаминдерді латын әрпімен А, В,С ,Д,Е,К,Р,РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай атайды ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині) . Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері , ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В 1-12, С, Р т.б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т.б.биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы ( Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.

111 Витаминдердің жіктелуі және номенклатурасы.? Витаминдерді латын әрпімен А, В,С ,Д,Е,К,Р,РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай атайды ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині) . Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері , ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В 1-12, С, Р т.б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т.б.биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы ( Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады

ГГГ

111 Гликоген синтезінің 1-ші сатысын қандай фермент катализдейді? Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен бос глюкозаның фосфорлануы арқылы басталады, бұл реакцияны гексокиназа ферменті (М 104000) катализдейді, бұл фермент барлық клеткада кездеседі. Осы реакцияны катализдейтін екінші фермент глюкокиназа, бұл фермент организм туғаннан кейін екі жеті өтісімен пайда болады.

111 Гликоген түзілу процесін қалай атайды және биологиялық маңызы неде? Гликоген — глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларында қорға жиналатын күрделі көмірсу (полисахарид). Гликоген негізінен бұлшықет талшықтары мен бауыр жасушалары (гепатоциттер) цитоплазмасында дән (түйіршік) түрінде жинақталады. Организмдегі глюкоза мөлшерінің азаюына байланысты арнайы ферменттердің әсерінен гликоген глюкозаға ыдырап, қанға өтеді. Организмдегі гликогеннің түзілуі мен ыдырау процестерін жүйке жүйесі және тиісті гормондар реттеп отырады.Гликоген-глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер.Клеткадағы көмірсулар тотығу және энергия бөлу үшін ең тиімді субстрат. Бірақ клетка энергетикалық материал ретінде глюкозаны қор үшін жинай алмайды. Әсіресе қаңқа бұлшық еттерінде және бауырда қор үшін жиналатын тиімді көмірсу - гликоген. Қандағы глюкозаның айтарлықтай бөлігі осы ұлпаларда жиналады да, гликогенге айналады. Бұл процесс гликогенез (гликоген түзілу) деп аталады. Гликогенез шағын мөлшерде жануарлардың барлық ұлпаларда дерлік кездеседі.

111 Гликоген ыдырау процесін қалай атайды және биологиялық маңызы неде? Гликогеннің маңызды қасиетінің бірі - оның организмнің қажет етуіне қарай қор ретінде жиналатындығы және ыдырап глюкозаға айнала алатындығы. Гликогеннің ыдырау процесі гликогенолиз деп аталады. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері төмендеген кезде адреналин және глюкагон гормондарының әсерінен цАМФ синтезі күшейеді де гликогенолиз процесі жүреді. Гликогеннің бұлшық етте көбірек ыдырауын адреналин іске асырады, глюкагон гормоны гликогеннің бауырда ыдырауына күштірек әсер етеді.1. Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі.2. Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі.

Глюкозо-1-фосфат глюкозо-6-фосфат

111 Гликогенолиз неше кезеңнен тұрады? 1. Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі.2. Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі.

Глюкозо-1-фосфат глюкозо-6-фосфат

3. Глюкозаның босап шығуы. Бауырда глюкозо-6-фосфатаза ферментінің әсерімен глюкозо-6-фосфат гидролизденеді де, бос глюкоза мен бейорганикалық фосфат бөлініп шығады. Бұл реакция қайтымды емес.

Глюкозо-6-фосфат + Н2О α-D-глюкоза + Н3РО4

Ұлпаларда гликоген мен глюкоза қоры таусылған кезде организмнің тіршілік қабілеті сақталу үшін көмірсу емес алғы қосылыстардан глюкоза түзіледі. Мұндай процесс глюконеогенез деп аталады. Организм көп қуат шығарып, ауыр жұмыс атқарған кезде глюконеогенез маңызды қызмет атқарады

111 Глицериннің және майлардың тотығуы.? Майлар тек гидролиз өнімдері-глицерин мен май қышқылдары түрінде қанға сіңе алады. Майлар алдымен көмірқышқыл газы мен өт қышқылдары арқылы эмульсияға айналады. Эмульсияланған майлар гидролизі негізінен 12-елі ішекте ұйқы безінің ферменті липазаның әсерімен жүреді.Гидролиз нәтижесінде майлар глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды.Глицерин(грек. glykeros –тәтті), HOCH2 CH (OH)CH2OH – қарапайым үш атомды спирт. Түссіз, иіссіз, тәтті, тұтқыр сұйық. Балқу t 17,9°С, қайнау t 290°С. Г. ылғал тартқыш, сумен кез келген мөлшерде, сондай-ақ, метил, этил спирттерімен және ацетонмен араласады

111 Гормондар түзілетін мүшелер және олардың қызметі.? Гормондар —ішкі секреция бездерінде синтезделіп, биохимиялық процестерді реттейтін биологиялық активті заттар.«Гормон» деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан.Гормондар нысана-клеткаларының плазмалық мембранасында немесе клетка ішінде орналасқан арнаулы рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана, биохимиялық процестерді тездетеді, немесе тежейді. Гормондар организмде аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:1) физикалық, жыныстық жетілуге және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі; 2)физиологиялық процестерді реттеуге белсенді қатысады; 3) маңызды биохимиялық көрсеткіштердің (гомеостаз) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді. Ішкі секреция бездерінің құрылымы мен қызметін, гормондардың зат алмасу процесіндеғі маңызы мен әсер ету механизмін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.

Гормондардың қасиеті:

  1. Гормондар дистантты түрде әсер етеді;

  2. Арнайы әсер;

  3. Био-физиологиялық белсенділік;

  4. Әр түрге арнайшылық;

  5. Тек тірі жасушаларға әсер ету.

111 Гормондардың организмдегі қызметі қандай? Гормондар организмде аса маңызды үш түрлі қызмет атқарады:1) физикалық, жыныстық жетілуге және ақыл-ойдың дамуына көмектеседі; 2)физиологиялық процестерді реттеуге белсенді қатысады; 3) маңызды биохимиялық көрсеткіштердің (гомеостаз) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді.

ДДД

111 Д тобының витаминдерi, кальциферолдар? Кальциферолдардың негізгі қызметі организмде кальцийдің алмасуын реттеу болып табылады. D витамині өзінен-өзі биологиялық активті емес, реттегіш қызметі олардың гидроксильденген туындыларына байланысты, ондай туындылардың полярлық сипаты бар. D3 витамині ең алдымен бауырда гидроксильденеді, одан кейін бүйректе 1,25-дигидроксихолекальци-ферол және 1,24,25-тригидроксихолекалциферол түзіледі. 1. Егер D витамині жеткіліксіз болса, өсіп келе жатқан жас жануарлардың сүйегінде және шеміршегінде кальций мен фосфор тұздарының жиналып қалыптасу процесі бұзылады. Сүйектері жұмсарады, омыртқа сүйектерінің пішіні бұзылады және аяқтары қисайып өседі. Халық арасында бұл ауру мешел - рахит (гректің rhachis деген сөзінен шыққан, омыртқа дегенді білдіреді) деген атпен белгілі. Мешел ауруы Англияда таралған, «ағылшын балаларының ауруы» деп те аталады, оның себебі бұл елде көп уақыт күн жарығы түспейді, тұманданып тұрады, жауын-шашынды келеді.2. Мешел сырқаты кезінде бұлшық еттер босап әлсірейді, аурудың қарыны тез қампиып ұлғайып кетеді.3. Ересек адамда, жануарларда D витамині жетіспесе, олардың сүйектері жұмсарады, ол морт сынғыш келеді. Сүйектердің мұндай күйі остеомаляция (гректің osteon - сүйек және malakia - жұмсару деген сөзінен шыққан). Мұндай ауру кезінде сүйекте саңылау, қуыстар - остеопороз пайда болады.4. Бұзаулар, торайлар, қозылар, құс балапандары сияқты ауыл шаруашылығы жануарларының жас төлдері мешелге жиі ұшырайды. Олардың бүкіл сүйек жүйесінің дамуы бәсеңдейді, әсіресе тіс дентинасы (сүйек ұлпасы) нашар жетіледі, қан азайып, анемия құбылысы кезігеді. Мешел ауруына ұшырағандар өкпенің құрт ауруына оңай шалдығады.D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемидіD витамині және оның провитаминдері табиғатта кең таралған. Жануар тектес азық-түліктерде балық бауырының майында, сиыр, қой және треска бауырында көп болады. Сол сияқты сарымайда, сүтте, жұмыртқада кездеседі. Эргостерол сонымен қатар ашытқы, өсімдік дәндерінің майында және саңырауқұлақтарда кездеседі.

Ауыл шаруашылығы малдарының D витаминін қажет етуі: тірідей массасының әр 100 кг мөлшеріне 25 мкг болуы керек. Мал шаруашылығында рахит ауруының алдын алу үшін торайларды, шөжелерді ультракүлгін сәулесімен қыздырады, күн түсіп тұрған ашық күндері жас төлдерді ашық жерге шығарып бағады. Сол сияқты ашытқы саңырауқұлақтарды сәулемен өңдейді де, оны жем-шөпке қосып береді.

111 Дезоксирибонуклеин қышқылдарынң (ДНҚ-ның) нуклеотидтiк құрамы.? Дезоксирибонуклеин қышқылдарының құрылым бiрлiгi болып, пуриндi және пиримидиндi азотты негiздерден, дезоксирибозадан және фосфор қышқылының қалдығынан тұратын дезоксирибонуклеозид-монофосфаттар (ДНМФ) болып табылады. Дезоксирибонуклеозид-монофосфаттың азотты негiзiнiң құрамына аденин, гуанин (пуриндi негiздер), тимин, цитозин (пиримидиндi негiздер) кiредi. ( Формула жазу керек) ДНҚ-ның құрамына көрсетiлген ДНМФ-лармен қоса аз мөлшерде ДНМФ-ның минорлы негiздерi кездеседi. Минорлы азотты негiз дегенiмiз – бұл ДНҚ-ның процессiнгi (пiсiп жетiлуi) кезiндегi полирибонуклеотидтiң құрамындағы бастапқы негiз модификациясының нәтижесiнде пайда болған метилденген, гидроксиметилдi, гликозирленген негiздер.

ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамын зерттеу ѕшiн ДНҚ-ның хроматографиясын және азоттық негiздiң сандық және сапалық анықтамасын қолданады.ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамына анализ жасаған кезде организмдердiң әртѕрлерiне бiрқатар заңдылықтар қойылды.Э.Чаргафтың ережесi бойынша.1. Адениннiң молекулалық құрамы тиминнiң молекулалық құрамына тең (Г=Ц)

А=Ц немесе А:Т=1

Г=ЦГ:Ц=1

  1. Пуриндi негiздiң қосындысы, пирмидин қосындысына тең.

А+Г=Т+Ц немесе (А+Г):(Т+Ц)=1

пуриндерпиримидиндер

  1. ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамы көпклеткалы организмнiң әртүрлi клеткаларында бiрдей.

  2. Бұл биологиялық түр ДНҚ-ның нуклеотидтiк құрамының тұрақты ерекшелiгiмен сипатталады да ерекшелiк коэффициентте өз мәнiн табады: К=(А+Ц)/(Г+Ц)

Аденин+Тимин немесе Гуанин+Цитидиннiң меңгеруiне байланысты Аденин+Тимин және Гуанин+Цитидин деп ДНҚ-ның типiн бөлуге болады.

111 ДНҚ- құрылымы және қызметі? Хромосомаларда дәлірек айтқанда ,ДНҚ құрамында гендер бар .Гендер организмнің өзіне ғана тән қуалайтын белгілерін анықтайды.Еркектердің спермотозоидты клеткасы мен ұрғашының аналық клеткасы қосылып ұрықтанған клеткада ата мен анадан келген ген саны бірдей және жаңа организмнің одан әрі дамып жетілуі осы генге байланысты. ДНҚ құрамына азоттық негіздер аденин ,гуанин,цитозин ,тимин кіреді.Бұлардан өзге ДНҚ құрамына шағын мөлшерде 5-метилцитозин және т.б минорлық негіздер бар .Азоттық негіздер ,дезоксирибоза және фосфор қыщқылы үшеуі 4 дезоксирибонуклеотид түзеді,бұлар ДНҚ-ның мономерлі тізбегі болып саналады Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) менгуанин (Г) және пиримидиндік негіздертимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы. Нуклеин қышқылдарында мономерлік қалдықтар (нуклеотидтер) өзара фосфодиэфирлік байланыспен байланысқан. ДНҚ барлық тірі организмдердің болашақ ұрпағының құрылысы, дамуы және жеке белгілері туралы биол. мәліметті сақтап, оларды жаңадан пайда болатын клеткаларға бұлжытпай «жазу» жүйесінің негізі болып табылады. ‎ 1940 жылдың аяғында америкалық биохимик Э.Чаргафф (1905 ж.т.) әр түрлі организмдердің ДНҚ молекуласына талдау жасап, оның құрамындағы А мен Т, Г мен Ц негіздерінің молярлық мөлшері тең екенін көрсетті (бұны Чаргафф ережесі деп атайды). ‎ 1952 ж. ағылшын биофизигі М.Уилкинс (1916 ж.т.) және т.б. ғалымдар рентгендік талдау арқылы ДНҚ молекуласы құрылымының спираль бойынша оң жақ оралымын (В – ДНҚ), ал 1979 ж. америкалық ғалым А.Рич (1929 ж.т.)молекула құрылымының сол жақ оралымын (Z – ДНҚ) ашты. Азотты негіздер спираль осіне перпендикуляр түрінде орналасады. ДНҚ-ның үш сатылы құрылымының кеңістіктік моделін алғаш рет 1953 ж. америкалық ғалым Д.Уотсон (1928 ж.т.) мен ағылшын биологы Фрэнсис КрикФ.Крик (1916 ж.т.) жасады. ‎ Модель бойынша ДНҚ молекуласы қос тізбектен құрылған. Қос тізбек бір-бірімен азотты негіздер арасында пайда болатын сутекті байланыстар арқылы жалғасады. ‎ Бұл қос тізбекті негіздерге комплементарлық (ұқсас) принцип тән, яғни аденинге әдетте тимин, ал гуанинге цитозин сәйкес келеді. ДНҚ-ның бір-біріне қарама-қарсы бағытталған екі спиральді полинуклеотидті тізбегі бір осьті айнала оралып жатады. Уотсон мен Крик моделінің көмегімен ДНҚ-ның өздігінен екі еселену (репликация) қасиеті ашылды. 

111 ДНҚ моллекуласының құрамына кіретін моносахарид? Дезиксоқанттар.Олардың молекуласында бір гидроксил тобы кем болады.Оларға жататындар дезоксирибоза және фуктоза.Фукоза-бұл L-6 дезиксигалактоза, 6-шыжағдайда OH тобы жоқ. Ол қан тобын анықтайтын гликопротейндер құрамында болады,сүт көмірсуларында кездеседі.Пентозалар-C5H10O5 (n=5). Пентозалар табиғатта кең таралған.Бос күйінде кездеспейді.Өсімдік организміндегі күрделі қанттар-пентозандардың құрамында кездеседі. Пентозалардың ішіндегі мыналары зор D-рибоза,D-дезиксирибоза ксилоза арабиноза рибулоза.Бұл аталғандардың ішінде рибулоза-кетозаларға, басқалары пльдозаларға жатады.Төменде пентозалардың формулалары берілген

111 ДНҚ моллекуласының неше реттік құрылымы бар? ДНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы – бұл полидизоксирибонуклеотидтiк тiзбектегi ДНМФ қалдығының қайталанып келуi. ДНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы коваленттi құрылым, өйткенi дезоксирибонуклеозидминофосфат (ДНМФ) қалдықтары бiр-бiрiмен 31S1 фосфорлы байланыстармен қосылған.ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымын 1953 жылы биохимиктер ДЖ. Уотсон және Ф. Крик анықтады.Олардың теориясы бойынша, дезоксирибонуклеин қышқылдарының молекуласы кеңiстiкте параллелль орналасқан қос қабат шиыршыққа ұқсайды. Сонымен ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымы дегенiмiз – ДНҚ-ның молекуласының кеңiстiкте бiр бiрiне керi параллелльдi, комплементарлы бiр бiлiк бойында орналасқан қос қабат шиыршық. Екi полинуклеотид тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азатты негiз арқылы байланысқанДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы иондық байланыстармен тұрақтырылған, бұл байланыс терiс зарядталған ДНҚ (фосфат тобының арқасында) мен оң зарядталған гистондар (аргинин мен лизиннiң көп болуының арқасында) арасында пайда болады.

111 ДНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы.? ДНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы – бұл полидизоксирибонуклеотидтiк тiзбектегi ДНМФ қалдығының қайталанып келуi. ДНҚ-ның бiрiншi реттiк құрылымы коваленттi құрылым, өйткенi дезоксирибонуклеозидминофосфат (ДНМФ) қалдықтары бiр-бiрiмен 31S1 фосфорлы байланыстармен қосылған. Полидезоксирибонуклеотид скелетi (хребетi) қайталанып келiп отыратын дезоксирибоза және фосфатты топтардан тѕзiледi. Бiр-бiрiнен бiрдей қашықтықта орналасып негiзгi тЅлғаға (остовца) азотты негiздер арқылы қосылады. Полидизоксирибонуклеотид векторлылықпен анықталады. Тiзбектiң бақыты 51 соңынан 31 соңына бақытталады.ДНҚ-ның поликонденсоциал коэффициентi 104пен, 108-не дейiн болады (жоғарғы эукариот пен вирустар ядросында). Осыған байланысты молекулалық масса кең диапозонда, жоғарғы эукариоттарда бiрнеше миллярдов дальтонға дейiн. Ал прокариоттарда ДНҚ-ң бiр молекуладан тұратындығы көрсетiлген.Эукариоттарда ДНҚ-ның саны хромосомның санына тең. Сонымен, адам клеткасында әртүрлi 46 ДНҚ ба. Әрбiр ДНҚ өзiндiк уникальды бiрiншi құрылымы бар.

111 ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымы.? ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымын 1953 жылы биохимиктер ДЖ. Уотсон және Ф. Крик анықтады.Олардың теориясы бойынша, дезоксирибонуклеин қышқылдарының молекуласы кеңiстiкте параллелль орналасқан қос қабат шиыршыққа ұқсайды. Сонымен ДНҚ-ның екiншi реттiк құрылымы дегенiмiз – ДНҚ-ның молекуласының кеңiстiкте бiр бiрiне керi параллелльдi, комплементарлы бiр бiлiк бойында орналасқан қос қабат шиыршық. Екi полинуклеотид тiзбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азатты негiз арқылы байланысқан.. Гидрофильдi скелет шиыршықтың (спиральдың) сыртқы жағында орналасқан қайталаныпкелiп отыратын дезоксирибофосфаттың қалдығынан , ал пуриндiк негiздер шиыршықтың iшкi жағында орналасқан. ДНҚ-ның қос шиыршығы полинуклеотид тiзбегiндегi бiр негiздi екiншi негiзбен жалғау арқылы пайда болады.Бұл жалғаудың ерекшелiгi комплементарлықпен немесе екi негiздiң бiр-бiрiне сәйкес келуiмен түсiндiрiледi. А-Т, Т-А, Г-Ц, Ц-Г.керi параллелдiгi (антипараллельные) .

Бұл термин екi тiзбектiң бақытының қарама-қарсы бақытталғанын бiлдiредi.

51  31

31 51

111 ДНҚ-ның екінші құрылымындағы байланыс.? ДНҚ-ның қос шиыршығы полинуклеотид тiзбегiндегi бiр негiздi екiншi негiзбен жалғау арқылы пайда болады.Бұл жалғаудың ерекшелiгi комплементарлықпен немесе екi негiздiң бiр-бiрiне сәйкес келуiмен түсiндiрiледi. А-Т, Т-А, Г-Ц, Ц-Г.керi параллелдiгi (антипараллельные) .Бұл термин екi тiзбектiң бақытының қарама-қарсы бақытталғанын бiлдiредi.

51  31

31 51

111 ДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы.? ДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы иондық байланыстармен тұрақтырылған, бұл байланыс терiс зарядталған ДНҚ (фосфат тобының арқасында) мен оң зарядталған гистондар (аргинин мен лизиннiң көп болуының арқасында) арасында пайда болады. Ядролық ДНҚ-ның 3-реттiк құрылымын (3) үш деңгейге бөлемiз:

1. Нуклеосомалық. Нуклеосома дегенiмiз ядро, әртүрлi белок-гистондардан пайда болған және соларға моншақ түрiнде аралған ДНҚ-ның белгiлi бiр бөлiгi.

2. Екiншi деңгейi солиноидтар дегенiмiз нуклеосома жiпшелерiнiң жуан фибриллярынан түзiлгендi немесе пайда болғанды айтады.

3. Үшiншi деңгейi толық зерттелмеген. Бұл iлгек тәрiздi формада болады деп жорамалдайды. Орам тығыздығы 200-ге тең.

Митохондриальды ДНҚ-ның үшiншi реттiк құрылымы коваленттi жабық күйде болады, ал бұл кезде екi тiзбектi сақиналы ДНҚ-а өте тез, жеңiл ерекше шиыршықтанады (суперспирализируются).

111 ДНҚ-ның химиялық құрамы.? ДНҚ құрамына азоттық негіздер аденин, гуанин, цитозин және тимин кіреді. Бұлардан өзге ДНҚ құрамында шағын мөлшерде 5-метилцитозин және т.б. минорлық негіздер бар. Азоттық негіздер, дезоксирибоза және фосфор қышқылы үшеуі дезоксирибонуклеотид түзеді, бұлар ДНҚ – ның мономерлі тізбегі болып табылады. Жануарлар мен микроорганизмдердің әр түрінің ДНҚ құрамындағы пурин негіздері мен пиримидин негіздерің саны әр түрлі екен.

ЕЕЕ

111 Е витамині, химиялық құрамы? Е витамині 1937 жылы Каррердің лабораториясында синтездеп алынған болатын. Бұл витаминнің химиялық құрылым негізіне токол спиртіне жалғасқан көміртегі атомының ұзын тізбегі жатады, ол тізбек қаныққан изопрен қалдықтарынан тұрады

Е витамині (α-токоферол, 5,7,8-триметилтокол)

Токоферолдардың негізгі қызметі мынадай: олар қанықпаған липидтерді асқын тотыққа айналудан қорғайтын ең жақсы антитотықтырғыштар болып табылады. Сол сияқты олар липидтік мембраналарды бос радикалдардан қорғайды, сөйтіп оттегінің әсерінен ферментсіз жүретін реакция тізбегін үзеді. Токоферолдар тіпті липидтердің тотығып, асқын тотыққа айналуының шағын мөлшерінің өзін тежейді. Қазіргі уақытта токоферолдар бос радикалдармен ұштасып реакция тізбегін үзетін болуы керек деген жорамал бар. 1. Токоферолдар жетіспеген жағдайда адамдар, жануарлар ұрпақсыздық дертіне шалдығады.2. Бұлшық еттері әлсізденіп, қоректенуі бұзылады.3. Бауыр некрозына ұшырайды. Организмдегі мұндай бүліну өзгерістері мембранадағы липопротеиндтік компоненттердің зақымдануымен байланысты.4. Е-авитаминоз кезінде еркектердің сперматозоидтары нашар қозғалады, олардың жіпше құйыршығы жойылып кетеді, сөйтіп ұрықтандыру қабілетінен айырылады.Өсімдік майлары: жүгері майы, бидай майы, зығыр майы, күріш майы, мақта майы сияқтылар токоферолдың бай табиғи қоры болып табылады. Жануар тектес өнімдерде Е витамині шағын мөлшерде кездеседі

111 Ет белоктары.? Белоктар ет талшығында ең құнды зат болып табылады. Сиыр мен шоқа етінің 85% - і, ал құс етінің 93% -і пайдалы белоктан түрады. Ет талшығының 40% - і лизин белогынан құралады. Ол оңай қорытылады, 40 – 50С дейін етті ысытқанда ұйиды, оның молекуласында 5 мыңға дейін амин қышқылының қалдықтары болады. Бүлшық ет ұлпасының 15% жуығы актининнен тұрады. Ол оңай қорытылады, 50 °С ыстық суда табиғи түсін жояды. Миоген саркоплазманың жұғымды белогы болып саналады, бұлшық ет ұлпасының барлық белоктарның бестен бірі осы заттың үлесіне тиеді. Глобумин бағалы белок, ет талшығында белоктық заттардың 20% - не жуығы осы белоктың үлесіне тиеді.Миоглобумин құнды белок, бұлшық ет ұлпасында оның мөлшері 1 - 2% - тен аспайды. Етті сақтаған кезде амин қышқылының мөлшері азаяды. Етте триптофан неғұрлым мол болса, аксипромин аз болса, еттегі белоктың құндылығы да жоғары болады. Ет талшығында белоктармен қоса 3% шамасында май және май тектес заттар да болады, олар денеге әр беретін қосымша күшпен икемділік қызметін атқарады. Бұлшық етке күш түссе денедегі майдың мөлшері кемиді, сол сияқты малдың күтім – бағымына, қоректендіру жағдайларына т.б себептерге байланысты майы төмендеуі мүмкін.

111 Ет құрамындағы көмірсу? Еттің көмірсулары гликогенмен көрсетілген, жануар крахмалы деп аталады. Етте оның мөлшері 0,6-0,8%, ал бауырда-5%. Бұлшық ет ұлпасында гликоген бос жəне ақуыздармен байланысқан күйде болады. Күйлі малда арық малға қарағанда гликоген көбірек. Малды сойғаннан кейін гликоген негізінен сүт қышқылына дейін ыдырайды. Сүт қышқылында көптеген үдерістер жүреді, еттің консистенциясы мен дəміне жанама əсер етеді. Етті сақтау барысында көмірсудың мөлшері бірнеше рет төмендейді, сол себептен еттің тағамдық қасиетіне тигізетін əсері шамалы, дегенмен мал сойылғаннан кейінгі жүретін үдерістерде оның рөлі маңызды.

ЖЖЖ

111 Жай белоктар дегеніміз не? Күрделілік дәрежесіне (қарапайым және күрделі), қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына ақуызды заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді

111 Жануарлар биохимиясы нені зерттейді? Биологиялық химия - тіршіліктің молекулалық негізі жөніндегі ғылым. Ол тірі организмдердің химиялық құрамын, тірі материяда болатын химиялық реакцияларды зерттейді. Биологиялық химияның атауы «bіоs» - тіршілік, өмір деген грек сөзінен шыққан. Демек, ана тілімізге аударып айтатын болсақ, биологиялық химия - тіршілік химиясы деген мағынаны білдіреді. Ал тіршілік дегеніміз - адам үшін және бүкіл тірі организм үшін ең басты, негізгі құбылыс.

ЗЗЗ

111 Зат алмасу дегеніміз не? Заттар алмасуы дегенiмiз – айналадағы ортадан келетiн немесе ағзаның өзiндегi органикалық және органикалық емес заттардың химиялыє өзгерiстерiнiң жиынтығы. Басқаша айтқанда зат алмасуы – өздiгiнен үздiксiз жүретiн және реттелетiн процесс арқылы тiрi ағзаның химиялық құрамының жаңалануы.Зат алмасуы кезiнде сыртқы ортадан тiрi ағзаға оған қажеттi коректiк заттар: белок, майлар мен май тәрiздi заттар, көмiрсулар, минералды заттар, су, витаминдер және т.б. енедi. Зат алмасуының бiрiншi сатысы ағзадағы ас қорыту процесi. Күрделi молекулалы белоктар, липидтер және көмiрсулар сумен қосылып ферменттердiң әсерiнен қарапайым суда жақсы еритiн шағын бөлшектерге ыдырайды. Мысалы, алуан түрлi тамақ белогiмен 20-ғана аминқышқылдары, көптеген күрделi көмiрсулардан бiрнеше ғана қарапайым моносахаридтер (көбiнесе глюкоза), ал липидтерден – үш молекулалы спирт глицерин мен бiрнеше майлы карбон қышқылдары түзiледi. Заттар алмасуының екiншi сатысында осы қорытылған заттар мен О2, Н2О минералды заттар қанға (немесе лимфаға) сiңiп, барлық денеге тарайды. Заттар алмасуыны» үшiншi сатысында денедегi әртүрлi мүшелер мен үлпалардың жасушаларына түскен жоғарыда аталған заттар негiзiнен:

  1. ағзадағы үлпалардың жаңаруына;

  2. ағзаныңөсуiне, дамуына;

  3. ағзаға қажеттi ерекше заттарды: ферменттер, секреттер, гормондар түзуге;

  4. биологиялыє тотығу арқылы қуат алуға жұмсалады.

Заттар алмасуының соңғы төртiншi сатысында ағзаға қажетсiз қайта пайдалануға келмейтiн заттар СО2, Н2О, NН3 сыртқы ортаға шығарылады.

111 Зат алмасуына кіріспе.? Барлық тiрi ағзаға тән белгi – зат алмасуы. Себебi, заттар алмасуынсыз тiршiлiктiң болуы мүмкiн емес. Сондықтан, заттар алмасуы дегенiмiз не екенiн айтпай тұрып, тiрi ағзаның тiрi емес заттардан қандай айырмашылығы бар? Осыған тоқталайық. Ең негiзгi бiрiншi айырмашыдығы тiрi ағзаның сапалық, сандық құрамы мен құрылымының өте күрделi болуы. Мысалы, кез-келген машинаны немесе тiрi емес затты жеке бөлшектерге даралауға болса, ең қарапайым тiрi ағзаны жеке бөлшектерге бөлсе ол тiршiлiк ету қасиетiн жояды. Бiр түрге жататын тiрi ағзаның әрқайсысының сапалық құрамы (әсiресе белоктар) әртүрлi болады. Екiншi айырмашылығы – тiрi ағзаның құрамындағы заттар өздiгiнен жаңарып отырады. Егер де аздаған уақыт аралығында тiрi ағзаның сыртқы белгiлерi өзгермегенмен сол уақыт аралығында оның құрамындағы көптеген заттар жаңарады. Мысалы, ағзадағы белоктың жартысы 80 күн аралығында жаңарса, 30 күнде ағзадағы судың бәрi жаңарады.Үшiншi айырмышылығы – тiрi ағза көбею қабiлеттiлiгi арқасында өзiне ұқсас жаңа ағза жаратады. Заттар алмасуы дегенiмiз – айналадағы ортадан келетiн немесе ағзаның өзiндегi органикалық және органикалық емес заттардың химиялыє өзгерiстерiнiң жиынтығы. Басқаша айтқанда зат алмасуы – өздiгiнен үздiксiз жүретiн және реттелетiн процесс арқылы тiрi ағзаның химиялық құрамының жаңалануы.

ККК

111 Кальцитонин, Вазопрессин оның әсер ету механизмі? Кальцитонин (КТ) – бұл гормон қалқанша бездiң паренхимасының парафолликулярлы клеткаларында, сондай-ақ қалқанша маңы және айырша бездерiнде өндiрiледi. КТ – молекулярлы массасы 3600 Да 32 аминоқышқыл қалдықтарынан тұратын пептид.Вазопрессин немесе антидиуретикалық гормон гипоталумустың (супраоптикалық және паравентрикуляр- лы) ядроларында тұзiледi, портальдi жұйе бойынша гипофиздiң артқы бөлiмiне тұседi, онда жартылай протеолиздiң нәтижесiнде гормонға айналады және жиналады. Вазопрессин 9 аминоқышқылды қалдықтары бар пептид болып табылады. Вазопрессиннiң секрециясы осмостық қысымның жоғарылауымен стимулденедi.

Қанның осмостық қысымының артуы Na-дың тағаммен артық мөлшерде тұсуiнiң нәтижесiнде, тұздары сақталған суды жоғалтуда, сұйықтықты шектеулi қабылдау кезiнде және басқалары жұредi. Суды жоғалту нәтижесiнде қанның осмостық қысымының артуы еметiн балаларда жиi жұредi.

111 Катаболизм (диссимиляция)? Катаболизм (диссимиляция) – тiрi ағзадағы күрделi заттардың ыдырауы. Мысалы, көмiрсулардың ыдырауы арқылы зат алмасудың соңғы өнiмдерi: көмiрқышқыл газы, су жёне қуат бөлiнедi. Катаболизм құбылыстарының негiзiнде экзоэргиялық реакциялар жатады (бос энергияны кемiте отырып жүретiн реакциялар). Алайда бұл екi құбылыс өте тығыз байланысты. Себебi, анаболизм құбылысына қажет қуат катаболиз құбылысында бөлiнсе, соңғы құбылыс үшiн ыдырайтын күрделi заттар анаболизм кезiнде түзiледi. Сондықтан бұл екi құбылыс тiрi организмде бiр-бiрiнсiз жеке жүре алмайды

111 Катаболизм процессі дегеніміз не? Катаболизм (диссимиляция) – тiрi ағзадағы күрделi заттардың ыдырауы. Мысалы, көмiрсулардың ыдырауы арқылы зат алмасудың соңғы өнiмдерi: көмiрқышқыл газы, су жёне қуат бөлiнедi. Катаболизм құбылыстарының негiзiнде экзоэргиялық реакциялар жатады (бос энергияны кемiте отырып жүретiн реакциялар). Алайда бұл екi құбылыс өте тығыз байланысты. Себебi, анаболизм құбылысына қажет қуат катаболиз құбылысында бөлiнсе, соңғы құбылыс үшiн ыдырайтын күрделi заттар анаболизм кезiнде түзiледi. Сондықтан бұл екi құбылыс тiрi организмде бiр-бiрiнсiз жеке жүре алмайды

111 Көмірсуларға жалпы сипаттама? Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар — химиялық құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік көмірсулар немесе моносахаридтер және полимерлік Көмірсулар— молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін Моносахаридтердің конденсация өнімдері. Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН)nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН)nСОСН2ОН, мұндағы n>1. Моносахаридтердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбекпен біральдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады. Тізбектеп көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гексозаға (С6), т.б. бөлінеді. Кейде кетоза атауына "ул" жұрнағы жалғанады (мысалы, пентулоза, гептулоза, нонулоза, т.б.). Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптик. белсенді стереоизомерлер түзіледі. Көмірсулар табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. Көмірсулар тамақ (глюкозакрахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (Көмірсуларды ашы-ту арқылы спирт қышқылдар, т.б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фотосинтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін көмірсулар табиғи айналымда болады

111 Көмірсулардың ағзадағы алмасуы.? Көмірсулар алмасуы – тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардың қоректенуіне қажетті негізгі көмірсуларға крахмал жатады. Адам қорегінде дисахаридтердің де атқаратын қызметі үлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразалар және лактазалар) әсерінен ас қорыту жолдарында бұл көмірсулар гидролиздік жолмен ыдырайды. Осының нәтижесінде түзілетін моносахаридтер (негізінен, глюкозафруктоза және галактоза) қан тамырлары арқылы тіндерге тарайды.

111 Крахмалдың, гликогеннің қорытылуы.? Ферменттердің әсерімен немесе қышқылдардың қатысуымен крахмал гидролизі кезінде бірнеше аралық өнімдер (декстриндер, мальтоза, изомальтоза) түзілгеннен кейін альфа-D-гликозаның n молекуласы пайда болады. Крахмалақ ұнтақ зат, суда ерімейді, ісінеді,ыстық суға салса клейстер береді. Амилоза суда ериді, йодпен әсер еткен кезде көк түске боялады. Амилопектин суда ерімейді, йодпен әсер еткен кезде күлгін түске енбейді.Гликоген.Қышқыләсер еткенде немесефермент қатысқан кездегі гидролиз нәтижесінде гликоген ыдырап декстринге айналады, бұданкейін мальтоза мен изомальтоза бөлініп шығады. Гликогеннің толық гидролизі кезінде д-глюкоза молекулалары ғана түзіледі.Таза гликоген-ақ түсті ұнтақ, суда еридіде коллоидты ерітінді түзеді. Йодпен әсер еткен кезде қызыл түске немесе қызыл-қоңыр түске боялады.Бауырдың беткі жағында түйіршік түрінде болады.Молекулалық массасы өте жоғары-1-1,5 млн шамасындай.Гликогеннің құрылымы амилопектиннің құрылымына өте ұқсас.

111 Күрделі белок дегеніміз не? қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдерглобулиндергистондарглутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);

күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтернуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

ҚҚҚ

111 Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары.? Қалқанша безінен бөлінетін негізгі гармон –тироксин.Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;

2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді; 3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады.Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам алқым ісуі (эндемиялық зоб) ауруымен ауырады. Мұндай ауру әсіресе топырақ пен судың құрамында йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе, бойы өспей, жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл-есі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.

111 Қалқаншамаңы безінен бөлінетін гармон-паратгормон.Қызметі: 1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді, 2) тағамның құрамында кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді, 3) денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс арқылы шығарылуын қамтамасыз етеді.Егер ағзада паратгормон жетіспесе немесе бездерді алып тастаса, кальцийдің деңгейі қанда азаяды, фосфордың мөлшері артады. Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездері ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте кальций мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып сынғыш келеді, қантамырда, бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады. Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сәулесімен емдейді. Қалқаншамаңы бездерінің жұмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.

111 Қан қандай бөлшектен тұрады? Қан – қан плазмасынан және формалы элементтерден тұрады. Формалы элементтерге – эритроцит, лейкоцит, тромбоцит (қан пластинкасы ) жатады.

Қан плазмасы – қанның барлық 55 – 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90-92 % судан, 7–8 % нәруыздан, 2 % глюкоза, май, минералды тұздардан тұрады. Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан қорғайды. Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген (қанның ұюына қатысады.)

Плазма – су — 90-92%— глюкоза – 0,12%— май – 0,7-0,8%— тұз – 0,9%— сүт қышқылы— ферменттер, гармондар— нәруыз – 7-8% — альбуминдер (4,5% )— глобулиндер (1,7-3,5%)— фибриногендер (0,4%)Фибриногендер – қанның ұюына қатысады. — құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы

(сыворотка) дейді.

 Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04% -дан азболса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги)қалады. Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері) — лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) — тромбоциттер (қан пластинкалары)

111 Қан плазмасын қандай құрал арқылы бөліп алуға болады және қалайша? Қан плазмасы (гр. πλάσμα)– қанның сұйықтық бөлімі, ақуыздар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрийкалийкальциймагний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық ағзаға сұйықтық жеткізу үшін пайдаланады. Қан плазмасында ерітілген ақуыздар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.Қан плазмасының құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз; 0,12% глюкоза 0,7-0,8% май 0,9% тұз болады

111 Қандай ішкі секреция бездерін білесіз? Ішкі секреция бездері. Гормондар. Гипофиз. Эпифиз Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» — ішкі, «сrino» — бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері — аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

111 Қанның химиялық құрамы.? Қан – қан плазмасынан және формалы элементтерден тұрады. Формалы элементтерге – эритроцит, лейкоцит, тромбоцит (қан пластинкасы ) жатады.

Қан плазмасы – қанның барлық 55 – 60 % құрайтын түссіз сұйықтық, 90-92 % судан, 7–8 % нәруыздан, 2 % глюкоза, май, минералды тұздардан тұрады. Қан плазмасының нәруыздары глобулин (организмдерді бактериялардан қорғайды. Альбумин (плазмадағы су мөлшерін реттейді). Фиброноген (қанның ұюына қатысады.)

Плазма – су — 90-92%— глюкоза – 0,12%— май – 0,7-0,8%— тұз – 0,9%— сүт қышқылы— ферменттер, гармондар— нәруыз – 7-8% — альбуминдер (4,5% )— глобулиндер (1,7-3,5%)— фибриногендер (0,4%)Фибриногендер – қанның ұюына қатысады. — құрамынды фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын – қанның сарысуы

(сыворотка) дейді.

 Глюкоза – жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04% -дан азболса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшықеттер жиырылып, тырысып (судороги)қалады. Қан жасушалары – эритроциттер (қанның қызыл түйіршікттері) — лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) — тромбоциттер (қан пластинкалары)

111 Қарапайым және күрделі ферменттер.? Қарапайым ферменттер - қарапайым белоктар, гидролиз кезінде тек амин қышқылдарына ыдырайды.. Қарапайым ферменттерге : рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, амилазалар және гидролаза класына жататын басқа да ферменттер жатадыКүрделі ферменттер - екі бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі апофермент, ал белоктық емес белігі простетикалық топ немесе кофермент деп аталады.Биохимиялық реакцияларда коферменттер екі түрлі қызмет атқарады1. Күрделі фермент құрамында субстраттың (субстрат дегеніміз фермент әсер ететін зат) катализдік өңделіп өзгеруіне қатысады.2. Бір субстраттан екінші субстратқа (немесе басқа ферментке) электрондарды, протондарды немесе жеке химиялық топтарды тасымалдайды.Маңызды коферменттерге мыналар жатады

111 Құрамы В1 витаминіне бай өнім. ? В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, анервин)1911 жылы К. Функ күріш кебегінен бөліп алған және бери-бери (сал болу) ауруынан емдеп жазатын препарат әр түрлі заттардың қоспасы екені анықталды. Сол қоспаның ішінде В1 витамині де бар екен. В1 витамині 1926 жылы (Янсен) кристалл түрінде бөлініп алынды, ал оның құрылымы 1933 жылы анықталды (Р. Вильямс). Табиғатта таралуы. Тиаминге өсімдік тектес өнімдер, әсіресе бидай, күріш, қара бидай дәндерінің қауызы, ашытқы бай келеді. Жануар тектес өнімдерден: бауырда, мида, бұлшық еттерде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, сүтте кездеседі.Тиаминнің жануарларға қажет мөлшері олардың жынысына, физиологиялық күйіне байланысты. В1 витаминін күйіс қайыратын малдың катпаршақ қарынында микроорганизмдер синтездейді. Жылқы, шошқа және тауық бұл витаминді өте-мөте қажет етеді. Жылқы мен шошқаға бір тәулікте қажет мөлшері олардың 100 кг дене массасына 3—4 мг шамасындай. Малдың буаз және желіндеу кезінде В1 витаминін қажет ету мөлшері арта түседі.Тиаминнің әр тәулікте адамға қажет мөлшері 1,5 - 3,0 мг

111 Қышқылдык ортадағы рН? рН ұғымын 1909 жылы дат химигі Соренсен ұсынған. рН арқылы ортаның рН-ы былайша белгіленеді: бейтерап орта- рН=7.0, қышқылдық орта рН< 7.0,

сілтілік орта > 7.0. Бұдан басқа ортаның рН-ын көрсету үшін күшті қышқылдық орта - рН – 0-3; әлсіз қышқылдық орта - рН -4- 6.5; әлсіз сілтілік орта - рН- 7-10; күшті сілтілік орта- рН-11-14.

ЛЛЛ

111 Липидтер биохимиясы.? Липидтер - табиғи биологиялық активті заттар. суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті кө-міртегінде) ериді. Белоктармен, көмірсу-лармен қатар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos - май деген сөзінен шыққан

111 Липидтер классификациясы? Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде липидтер үш класқа бөлінеді.

1. Қарапайым липидтер

2. Күрделі липидтер

3. Стероидтар

Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спиирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды.

Триацилглицеролдар май немесе бейтарап май деген атпен айтылады. Оның ескі атауы триглицеридтер.

Күрделі липидтерге фосфолипидтер (фосфоглицеридтер) және сфинголипидтер жатады. Сфинголипидтер тобына сфингомиелиндер, цереброзидтер, ганглиозидтер және сульфолипидтер кіреді.

Стероидтар - бұлар стеролдар және олардың май қышқылдарымен құралған күрделі эфирлері.

111 Липидтер класына жалпы сипаттама.Ағзадағы майлардың биологиялық маңызы.? Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липид гректің lipos – май деген сөзінен шыққан. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы (–СООН, –ОН, –NH2) аймақтар болады. Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтар.Липидтердің ішіндегі табиғатта көп таралғаны—майлар. Майлар — организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 25—30%-ын липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38,9 кДж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп.Организмдер денедегі майды қоректік зат ретінде жинақтайды. Мысалы, бунақденелілер, сүтқоректілер және адамның тері асты қабатында, шарбыда, көптеген өсімдіктердің тұқымдарында және т.б. мүшелерінде май қоры жинакталады. Жануарлар мен өсімдіктер осы әртүрлі мүшелерде жинақталған май корын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды, әсіресе май қорының қысқы ұйқыға кететін организмдер үшін маңызы ерекше.

111 Липидтерді топтарға бөлу.? Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды. Триацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.

Күрделі липидтерге фосфолипидтер жатады. Фосфолипид биологиялық мембрананың негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Барлық жасуша мембранасы құрамына фосфодиацилглицерин кіреді. Ол күрделі эфир, молекуласы глицерин қалдығынан, май қышқылының екі қалдығынан, фосфор қышқылының қалдығынан және азотты негіздерден тұрады.

Стероидтар биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло-пентанофенантрен құрайды. Стероидтар сабындалмайтын липидтерге жатады, сілтілі гидролизде сабын түзілмейді. Олар жануарлар, өсімдіктер ұлпаларында және микроорганизмдерде кездеседі. Стероидтарға холестерин және олардың туындылары жатады

111 Липидтердің қорытылуы және сіңіуі? сіңіуіКүйіс қайыратын малдың азығы шөптен, әр түрлі жемнен тұрады.Олардың құрамында триацилглицеролдар, фосфолипидтер,сфинголипидтер,балауыз болады.Азықтағы липидтердің эфирлік байланыстарын үлкен қарындағы микробтық ферменттер тез гидролиздейді. Бұл кезде түзілген май қышқылдары азық бөлшектеріне жабысып адсорбцияланады. Азық құрамындағы қанықпаған май қышқылдарын үлкен қарын микрофлорасы транс-изомерлерге дейін айналдырып, тотықсыздандырады

Майлар тек гидролиз өнімдері-глицерин мен май қышқылдары түрінде қанға сіңе алады. Майлар алдымен көмірқышқыл газы мен өт қышқылдары арқылы эмульсияға айналады. Эмульсияланған майлар гидролизі негізінен 12-елі ішекте ұйқы безінің ферменті липазаның әсерімен жүреді.Гидролиз нәтижесінде майлар глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]