Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.73 Кб
Скачать

Жануарлар физиологиясы және биохимиясы пәнінен

111 «А» витаминінің ықпалы.? А витамині (ретинол, антиксерофталмалық витамин).А витаминін 1937 жылы Каррер синтездеп алды және оның кұрылымын анықтады Адамның және жануарлардың организмінде А витамині бірнеше қызмет атқарады: 1. тері қабатында, тыныс жолдарында және ас қорыту жолында эпителий клеткаларының түзілуін реттейді;2. өсіп келе жатқан организмдегі клеткалардың өсуіне және олардың жіктеліп бөлінуіне қатысады;3. А витаминінің альдегид туындысы опсин белогымен бірігіп, көздің тор қабатында жүретін химиялық процестерді реттейді. Қорғаныш белоктар (антиденелер) мен лизоцим ферментінің түзілуіне қатысады.Ретинолдың көздің көруіне байланысты химиялық процестеріне қатысуы жақсы зерттелген. Көру процесінде А витаминінін тотыққан түрі - ретиналь активті қызмет атқарады. Ретиналь опсин белогымен байланысады да родопсин (М 38000) түзеді. Родопсин дегеніміз көздің тор қабатындағы көру қарашығы. Жарықтың әсерінен родопсин екі бөлікке - опсинге және ретинальға жіктеледі, ал қараңғы кезде родопсин қайтадан өзінің қалпына келеді.1. Организмде А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А-авитаминоздың бір себебі. Мұндай авитаминоз кезінде теріде сызат пайда болып, ол қабыршақтана бастайды, осының салдарынан микроорганизмдер және зиянды заттар клеткаға оңай ене алады.

111«В6» авитаминозының белгілері.? В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас малдардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. В6 дәруменін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін.

111 D2, D3 витаминдерінің провитаминдері қандай қосылыстар? Жануарлардың және адамның терісінде D провитамині 7-дегидрохолестерол болады, ультракүлгін сәулесімен әсер еткен кезде ол Dз витаминіне (холекальциферолға) айналады.

7-Дегидрохолестерол D 3 витамині (холекальциферол)

Кальциферолдардың негізгі қызметі организмде кальцийдің алмасуын реттеу болып табылады. D витамині өзінен-өзі биологиялық активті емес, реттегіш қызметі олардың гидроксильденген туындыларына байланысты, ондай туындылардың полярлық сипаты бар. D3 витамині ең алдымен бауырда гидроксильденеді, одан кейін бүйректе 1,25-дигидроксихолекальци-ферол және 1,24,25-тригидроксихолекалциферол түзіледі.

111 F витаминіне бай қоректік өнім.? Ғ витамині полиқанықпаған май қышқылы, ол адамдар мен жануарлар организмінде басқа заттардан синтезделмейді және ауыстырылмайтын зат. Соңғы ғылыми мәліметтерге қарағанда ауыстырылмайтын май қышқылдарына тек линол қышқылы ғана жатады. Линол қышқылы ұлпада жеткілікті мөлшерде жиналған кезде одан линолен қышқылы мен арахидон қышқылы түзіледі.Ғ-авитаминоз сырқаты кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан склероз құбылысы байқалады, бұл кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады.Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес өнімдердегі триацилглицеролдар мен фосфолипидтер құрылымында болады. Арахидон қышқылы тек қана жануарлар липидінде кездеседі.Арахидон қышқылының бір тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0,1% немесе линол қышқылының не линолен қышқылының 1 % шамасындай.

ААА

111 Алмаспайтын амин қышқылына нелер жатады ? Валин-амино-альфа метилмай-гамма қышқылы. Барлық белоктардың құрамына кіреді. Адам мен жануар ұлпасында түзілмейді, ауыстырылмайтын амин қышқылы. Ол жетіспегенде жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды.Лейцин-альфа-амино-гамма-метилвалерин қышқылы .Адам мен жануарлар ұлпасында түзілмейді. Өте маңызды аминқышқылы.Изолейцин,альфа-амино-бетта-метилвалерин қышқылы. Адам мен жануарлар ұлпасында түзілмейді. Өте мағызды ауыстырылмайтын аминқышқылы.Метионин-альфа-амино-гамма-тиометилмай қышқылы.Адам мен жануарлар ұлпасында түзілмейтін-ауыстырылмайтын өте маңызды амин қышқылы.Молекуласында күкірт және жылжымалықметил тобы бар.Тағамда аз болса жас өспірімдердің өсуі тоқталады,липидтер алмасуы бұзылады.Фенилаланин,альфа-амино-бетта-фенилпропоин қышқылы.Адам мен жануарлар ағзасындатүзілмейтін, маңызды ауыстырылмайтын амин қышқылы,құрамындаароматикалық сақина бар.Треонин-альфа-амино –бетта-гидросимай қышқылы.Адам мен жануарлар ұлпасында түзілмейді,ауыстырылмайтын амин қышқылы. Молекуласында гидроксил тобы бар.Май қышқылдары басқалипидтер және көмірсулар синтезінде маңызды роль атқарады.Триптофан-альфа-амино-бетта –индолилпропион қышқылы Өте маңызды ауыстырылмайтын амин қышұылы .адам мен жануарлар ұлпасында түзілмейді табиғи белок құрамында аз мөлшерде кездеседі Молекуласында гетероциклды сақина-индол бар.Триптофан жетіспесе жыныс бездерінің қызметі нашарлайды.Лизин-альфа-диаминокапрон қышқылы Ауыстырылмайтын амин қышқылы адам мен жануарлар ағзасында түзілмейді Молекуласындағы екінші амин тобы белокка сілтілік қасиет береді.Лизин тағамда аз болса жас өспірімдердің бойы өспей қалады мал өнімі азаяды.

111 Амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік (амфотерлі) қасиеттері.? Олар қышқылдықта, негіздікте қасиеттер көрсете алады. Белоктар бір кезде Н+ және ОН- иондарын бөліп шығарып қышқылдарменде, негіздерменде әрекеттесіп тұздар тәріздес косылыстар түзеді. Белоктар амфотерлік қосылыстар – амин қышқылдарынан тұра - тындықтан қышқылдық ортада негіздік, ал сілтілік ортада қышқылдық қасиеттер көрсетедіАмин кышқылдар құрамындағы карбоксил топтары Н+ иондарын бөліп шыгарып, белокқа әлсіз органикалық қышкылдар қасиет береді.

R –СH-CООН R-CH-CОО - + Н +

úú

NH2 NH2

Амин топтары белоктардың сілтілік қасиетін анықтайды, себебі амин тобына протон (Н-ион) қосылып R –NНЗ+ түзіледі.

111 Аминқышқылдарының жинақ қоры.? Белок гидролизі немесе белоктардың амин қышқылдарына ыдырауы 6н НСI ертіндісінде, вакуум жағдайында жабылған ампулада 105 0 С 24 сағат ішінде термостатта жүргізіледі. Осындай жағдайда барлық белоктар толығымен амин қышқылдарына ыдырайды. Алынған өнім белок гидролизаты деп аталады.Белок гидролизаты арқылы белок химиясы әдістерімен амин қышқылдарының сапалық құрамы мен сандық мөлшері анықталады.

111 Анаболизм (ассимиляция).? Анаболизм немесе Пластикалық алмасу (гр. ἀναβολή — көтеру, көтерілу) — тірі ағзадағы жасушалар мен тіндердің құрылымдық бөліктерін түзуге және жаңартуға бағытталған химиялық процестердің жиынтығы, жасушалардың қоректік заттарды сіңіруге бағытталған процессі. Соның нәтижесінде ағза денесі қалыптасады. А. ағзаның қоршаған ортадан келетін заттарды сіңіріп, қоршаған орта мен ағза арасындағы зат алмасуын қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде қарапайым молекулалардан жасуша құрамындағы күрделі органик. қосылыстар құралады. Клетка құрамы күрделенеді, энергия (қуат) жинақталады. А. — катаболдануға (катаболизмге) кері эндоэнерг. процесс. Мұның негізінде түрлі қосылыстар ыдырауынан пайда болған заттардан жаңа заттар түзіледі. А. жануарларда алғашқы жас даму сатысында, ал өсімдіктерде вегетац. көбею кезеңінде өте жақсы жүреді. А. — бейорганик. заттардан органик. қосылыстар құруда яғни фотосинтез процесі кезінде маңызды рөл атқарады.Анобализмде жасушаға тән емес химиялық заттар өзгеріп, түрге тән заттарға айналады. Катаболизммен бір уақытта өтеді.Анаболизм — тірі ағзаға тән зат алмасу процесінің (метаболизмнің) қарапайым заттардан қуатты (энергияны) жинақтау арқылы күрделі молекулалы органикалық заттарды түзу кезеңі, яғни ол метаболизмнің катаболизм кезеңіне (күрделі органикалық заттардың қуатты бөлу арқылы өзінің қарапайым құрамына ыңырау процесі ) қарама-қарсы жүретін процесс . Анаболизмнің жержүзіндегі маңызды көрінісі - жасыл өсімдіктер жасушаларында жүретін фотосинтез процесі

БББ

111 Белок биосинтезіне қажет компоненттер.? Белоктардың синтезі рибосомада жүреді;2. Белоктардың синтезі үшін қажет энергия АТФ және ГТФ арқылы қамтамасыз етіледі, айта кету керек, бір пептидтік байланыс түзілу үшін 4 макроэргтік қосылыс қажет; 3. 20-ға жуық амин қышқылдары; 4. 20-дан астам аминоацил - т-РНҚ синтетаза ферменті; 5. 20-ға жуық т-РНҚ; 6. Мg2+ ионы, конц 5-8 тМ қажет. Сонымен барлығы 200-ге жуық макромолекулалар, белоктық факторлар қажет:

111 Белок түзілуі қайда өтеді???

111 Белоктар қайда синтезделеді? Синтезделеді Белоктардың синтезделуі негізінен екі кезеңнен тұрады: 1. Ядролық кезең немесе транскрипция. Мұнда ДНҚ қос тізбегінің біреуінің комплементарлы көшірмесі болып табылатын и-РНҚ синтезі жүреді. Осы жолмен синтезделген и-РНҚ әрі қарай синтезделетін белоктың негізі болып табылады. 2. Цитоплазмалық кезең яғни трансляция. Цитоплазмада 4 әріптік генетикалық информацияның триплеттік кодтың көмегімен 20 әріптік амин қышқылдарынан тұратын белоктың тізбегіне айналу процесі жүреді. Сонымен бірге онда белоктардың үшінші, төртінші реттік құрылысының кеңістікте орын алуы және олардың клетка метаболизміне тікелей қатынасуына мүмкіндік туады. Осы айтылған әрбір кезеңге қажет өзінің ферменттері, факторлары, индукторларымен тежеушілері болады. Клеткасыз жүйелер тіршілігін зерттеу осы факторларды ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл қандай факторлар? Белоктардың синтезі рибосомада жүреді.Қазіргі замандағы маңызды міндеттердің бірі — синтездік тағам жасау проблемасы. Соның ішінде ақуыздық тағам түрлерін алу бірінші кезекте түр. Бұл салада академик A. Н. Несмеянов бастаған ғалымдар тобы жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетті. Мысалы, сапасы жөнінен табиғи түрінен кем соқпайтын қара уылдырық синтездеп алды.

Ғалымдар биосинтез бен жасушаларда жүретін процестердің заңдылықтарын толық меңгерген кезде жасанды жолмен ақуыздар алу мәселесі де толық шешілуі мүмкін.Белок синтезi үнемi тоқтаусыз жүрiп отыратын процесс. Бiрақ оның (интенсивтiлiгi) үтѕрлi организмдерде әр басқа. Бұл процесс көбiне бауырда, көк бауырда, ащы iшек эпителiнде өте жақсы өтедi. Қазiргi кезде белоктар мен нуклеин қышқылдары арасында тығыз байланыс бар екендiгi анықталған.

111 Белоктарға жалпы сипаттама.? Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Карл Маркстің пікір бойынша: «Тіршілік — ақуыз заттарының өмір сүру формасы». Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.

Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.

Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.

Ақуыз – азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Адам тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.[1]

Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды

111 Белоктардың жалпы биохимиялық сипаттамасы? Белоктар – тіршіліктің негізгі нышаны. Белок жоқ жерде тіршілік те жоқ. Белоктар өмірдің материалдық негізі болып есептелінеді.

    Белок деген ат ең алғаш құс жұмыртқасының ақ затына берілген. 1839 жылы голландия ғалымы Мульдер бұл заттың тіршіліктегі аса маңызына көңіл аударып белокты «протеин» / грекше pratos – ең басты, ең маңызды / деп атауды  ұсынды.

     Белок – организмдегі заттардың ең күрделісі, ал оның элементтік құрамы айтарлықтай қарапайым болып келеді. Онда 50-55 % көміртек, 21-24 % оттек, 15-18 % азот, 6,5-7,5% сутек, 0,3-2,5 % күкірт, 1-2 % фосфор болады.

     Кейбір белоктарда өте аз мөлшерде 0,3-0,00001 % темір, мыс, иод, марганец, бром, кальций, мырыш және т.б. кездеседі.

     Организмнің  құрғақ затында белоктың мөлшері Д.Л. Фердманның деректері бойынша / мына төмендегідей болып келеді, % алынған:

           Көк бауыр        84                Жүрек      60

           Өкпе                 82                Бауыр      57

           Бұлшық ет        80                Ми           45

           Бүйректер        72                Сүйектер 28

           Тері                   6

111 Белоктардың жіктелуі ? Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:

қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады

111 Белоктық гормондар? Белоктық гормондар: инсулин, глюкагон (ұйқы безінің гормондары), соматотропин, вазопрессин, окситоцин (гипофиз маңы гормон-дары),кальцийтонин (қалқанша безінің гормоны). Белоктық гормон өзінің молекуласының үлкендігіне, суда еритіндігіне байланысты клетка мембранасы арқылы өте алмайды. Олар өз қызметін тек қана сақиналы (ц-АМФ)арқылы іске асырады.Белоктық: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]