- •Емтихан жауаптары коммуникация
- •Тұлғааралық коммуникация білімнің арнайы саласы және оқу пәні ретінде қалыптасып дамуын сипатаңыз.
- •Коммуникация теориясының заңдары, әдістері мен қвзметтерін айқындаңыз
- •Коммуникация теориясының әдістері
- •Коммуникациялық білімнің пәнаралық білімін сипаттаңыз
- •Тұлғаралық коммуникация мазмұнын ашыңыз
- •Коммуникация типтері, қызметтері мен құралдарын анықтаңыз
- •Бұқаралық коммуникация теориясының мәнін ашыңыз
- •«Коммуникация» ұғымын анықтау амалдарының алуан түрлілігін негіздеңіз
- •Педагогикалық этика ұғымының мәнін ашыңыз
- •Қарым-қатынас педагогикалық ынтымақтастық құралы ретінде негіздеңіз
- •Тұлғааралық өзара әрекеттегі вербалдық және вербалдық емес коммуникация мәнін ашыңыз
- •Педагогикалық мәдениет ұғымы мен деңгейлерін анықтаңызъ
- •Педагогтың коммуникативті мәдениеті және педагогтың коммуникативтік білігі ұғымдарына сипаттама беріңіз
- •Сөздік қарым-қатынас мәні мен құрылымын сипаттаңыз
- •Қарым-қатынастың коммуникативті қырларын айқындаңыз
- •Қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беріңіз
- •13.Тұлғааралық коммуникацияның тағы да бір ерекше сипаты оның екідеңгейлі құрылымы. Қарым-қатынас барысында ақпарат алмасу сөздік және бейсөздік деңгейлерде өткізіледі.
- •Кикілжің жағдай кезіндегі мұғалім мінез-құлқының негізгі ережелері
Ұрысқа себеп болушы негізгі себепкерді анықтау (мысалы, ойын добы).
Кикілжіңнің болуына себепші болғандарды бір тоқтамға келтірерліктей арбитр есебінде кикілжіңге қызықпайтын адамды алып, оған шешімді айтқызу.
Кикілжіңді одан әрі өрістетушілердің санын өз кезегімен және мақсатты түрде азайту.
Ұрыс-керісті бастаушылардың өзара агрессивті әрекеттері одан әрі ушығып төбелеске айналып кетпеуі үшін бір оңтайлы жағдайды ұйымдастыру.
Кикілжіңді бастаушылардан олардан осы кикілжіңді қандай жолмен шеше алатындығын сұрау арқылы олардың кикілжің жайында көзқарастары мен елестетулерін өзгертуге тырысу (кикілжіңге себеп болған нәрсеге аз мән беру; кикілжіңнің оңтайлы емес жақтарын көрсете отырып, соңғы результатының кикілжіңге себепкер адамдар, қоршаған адамдар, тіпті оларға бағалы әрі сыйлы адамдар үшін қаншалыты тиімсіз екендігін анық көрсету; осы кикілжіңнің сыртқы көрінісінің қандай екендігін көрсету).
Кикілжіңге себепшілер арасындағы өзара қатынасты өзгерту (қарсы жақтың кикілжіңдегі рөлін азайту)
«Сен ер бала болғандықтан, джентльмен есебінде қызға жол беруің керек», - деген мәтінде басқа адамға жол берудің қажеттілігіне көндіру.
Кикілжіңге себеп болған нәрсені әзіл-қалжың немесе сатира жағымен байланыстыру
Кикілжің жағдай кезіндегі мұғалім мінез-құлқының негізгі ережелері
Ұрыс-керіске түрткі болған затты, наразылық себебін кеңейтпеу. Оқушыға оқытушы тарапынан айтылатын талап – тілектер көп жағдайда жинақы әрі нақты емес. Мысалы, мұғалім оқушыға : «Сен оқуыңа нашар қарай бастадың», -деп айтады. Ал талап-тілек білдірудің бұндай қалпы оқушыға түсініксіз болады, себебі оған өзінің оқуына дәлірек қай жағынан нашар қарай бастағаның анықтау қажеттілігі туады. Басқалай кезде мұғалім қойылатын негізгі талапқа қоса басқаларын да кіріктіріп жібереді. Мысалы, мұғалімдер кабинетінде бір мұғалім дәптерлер тексеріп отырса, ал екіншісі өте жоғарғы дауыспен телефон арқылы сөйлесіп отыр. Бірінші, тәжірибелі, мектепте беделі жоғары мұғалім осы мектепте жұмыс істеуге жаңадан ғана келген мұғалімге : « Сіз телефонмен тым жоғарғы дауыста сөйлесіп жатырған жоқсыз ба?»,- дей отырып, осыған сол кезде өзі жайында қосып айтқысы келіп: « Біреулер бос сөзбен айналысып жатса, неге қалғанымыз жұмыспен айналысуымыз керек?», - деген сауал тастайды. Бұл жағдайда бірінші мұғалім кикілжің жағдайдың себебін айқындай отырып, фактілі түрде жас мұғалімнің намысын қорлады; кикілжің телефон арқылы сөйлесілген жоғарғы дауыстағы әңгімеге қатысты емес, адамды жұмыс жасамай отырғаны үшін кінәлауға қатысты пайда болды.
« Бір мезеттегі талап-тілектер санын қасқарту » ережесін қатаң қадағалаған жөн. Бір мезетте айтылған көп талап-тілектер білім алушының бойында оның айналасында болып жатырғанның бәріне өзін кінәлі санау әсерін қалдырады. Сондықтан оны кінәлі есептемеген жағдайдың өзінде ол ақтала бастайды. Осыдан бастап оның бойында әр түрлі тітіркену сезімдері басталады, мысалы «Сендерге жағу мүмкін емес жағдай», «Егер мен сіздерге ұнамасам, мен кетіп қала салайын. Осы үйірмеге соншалықты қатысқым келгенімен, егер кетсем ол маған ауыр тимейді!» деген мәтінде.
Кикілжіңді туындатушы адамға әділетті, әрі үстіртін емес қарым-қатынас білдіру. Кез-келген тұлғааралық кикілжің наразы адамның болуынан бастау алады. Егер адам өз сөзін келіспеушілікпен, ренішпен, талаптарымен бастаса, демек ол қарама – қарсы жақтан оның сөзіне құлақ түріп, оның айтқанын тыңдап мінез-құлықтарын өзгертуін күтеді. Сондықтан білім алушылардың бойында үнемі шағым жасауға, наразылық білдіруге негіздері болады және олар бұндай кикілжің жайттарды өздеріне рахат табу үшін емес, дәлірек олардың уайым жеп, қиналуларына себеп болып тұрғандығынан білдіретіндігін мұғалім үнемі есінде ұстауы қажет.
Сондықтан мұғалім өз шағымын, наразылығын білдірген оқушыдан тезірек теріс айналып, я оған ұрсып, құтылуға асықпай, одан да наразы адамды тыныш әрі толық көңіл бөліп тыңдап оның талап-тілегін түсінуі қажет.
Эмоцианалдық ұстамдылық көрсету. Оқытушы мен оқушы арасындағы әңгіменің эмоционалдық реңі көп жағдайда кикілжіңді жағдаятқа әкеліп соқтырып жатады. Категорялылық, айтылған сөздің өзіндік аппеляциядан өтпеуі, даусын көтеріп сөйлеу, сөйлесу ретін дұрыс білмеу секілді бұрыс жайттар білім алушыларды эмоцианалдық шиеленіс жағдайына түсіреді. Әрине, осындай әдепсіздік, тіпті кейде тұрпайылық пен дөрекілік « не ексең, соны орасың » дегендей білім алушылардың тарапынан жауапты реакцияны туындатады. Мұғалім қалаған мақсатына жете алмайды. Сондықтан, мұғалім өз эмоциясына ерік бермеуі қажет, сонымен қоса жұмысқа қатысты кикілжіңді тұлғалық деңгейге өсірмеуі және білім алушыны абыройының тапталуына жол бермеуі тиіс.
Кикілжіңді жағдайдың оңтайлы шешімін қалыптастыру. Білім алушылар өз наразылықтарын білдірген жағдайда және соған орай кикілжің орын алған кезде мұғалім оның шешу жолдарын ұсынуы керек, сонымен қатар екі жақтың біреуінің наразылығын анықтай отырып келіспеушіліктің туындауына себеп болған нәрсені айқындауы қажет. Бұл көмек көрсетуге ұмтылудан, бір-біріне жол беруден, талаптың жұмсаруынан көрініс табады.
Кейбір мұғалімдер оқушылардың қатысуыменорын алатын кикілжің жайттарды көп жағдайда мектеп әкімшілігін, сынып жетекшісін, ата-аналарды (баласының мектептегі тәртәбән көрсету мақсатында) шақыру арқылы шешуге тырысады. Алайда, бұндай әрекеттер өз шешімін бермей, керісінше мұғалімнің өз оқушылары алдындағы беделін жоғалтуына әкеліп соғады. Кикілжіңді жағдаятты шешу барысында жан-жақтан көмекші ретінде адамдарды көмекке тарту жоғарыда айтып өткеніміздей өте тиімсіз.
Көп жағдайда мұғалімдер тарапынан жіберілетін қателіктердің бірі – оқушыға оның қателігін ашып айтыпұрсып, зекігеннен кейін оның өзін-өзі ұстауының күрт өзгеруіне байланысты кикілжіңді жайт өз шешімін тапты деп есептеуі. Шын мәнінде, мұғалімнің өз қалауын жасатуға оқушыны мәжбүрлі түрде көндіру арқылыол кикілжіңнің себебін анықтамады, керісінше оны екінші жасырын формаға айналдырд
Жас маманға арналған «Телефонмен қары-қатынас жасау ережесін» құрастырыңыз
Жұмыс бойынша керекті мәселелерді телефон арқылы тез шешуге болады, ал егерде жеке мәселеге келсек ол көп уақыт алады. Сондықтанда іскер адамға телефон арқылы сөйлесу ережесін сақтау керек, керексіз мәліметтерді телефон арқылы шешсе ол жұмыс уақытының тәртібін бұзып, керекті сұрақтарды қиындатып, қасындағы әріптестерге кедергі жасайды. Телефон жұмыс уақытында психеологиялық тітіркендіргіш болып есептеледі. Тағыда телефон адамның өміріне өте қауіп төндіреді, себебі ол сөйлесер алдында немесе күтіп отырғанда немесе оның даусынан адамның психологиялық клеткалары бұзылады. Телефон мен сөйлесер алдында біріншіден не айту керек екенін дайындалып алу керек. Есте сақтау қабілетінің жақсы болсада телефон арқылы сөйлесіп отырған сұрақтарыңызды жазып алуыңыз жөн. Жазылған сұрақтарыңызды сізге бірден есте болмауы мүмкін. Телефон шығарылған кезде сіз тұтқаны аласыз. Неден бастау керек? Егерде үйдің телефонына звандаса онда қиналмай «Алло» деуге болады, ал егер жұмыстың телефонынан звандаса онда амандасып сыпайы түрде сөйлесу керек. Жұмыс телефонмен жұмыс уақытында тек жұмысқа байланысты мәселелерді талқылау керек. Мысалы: сәлеметсіз бе, сіз қандай жұмыспен телефон соғып тұрсыз. Егерде сөйлесіп жатқанда телефон үзіліп қалсаонда, тұтқаны қою керек. Ереже бойынша телефон соққан кісі қайта звандау керек. Мына ереже ұзақ сөздің арасында да қолданылады. Егерде телефон бос болмаса немесе шақырған кісіңіз келмесе онда қоя тұрып телефон шалғаныңыз дұрыс. Телефонмен сөйлесіп жатқанда кішкене үзіліс жасау керек. Себебі, тыңдап отырған кісі сұрақтарыңызға жауап беру үшін. Сұрақтарыңыздың шешімін тапқаннан кейін, қайтадан сқрақты қайталау міндетті емес. Сөздің соңында телефонмен сөйлесіп отырған көршіңізге қызық жауаптары үшін алғыстарыңызды білдіру керексіз. Сөйлесер алдында айқайламай жайлап сөйлесу керек, егерде сөйлесіп жатқанда сөзің даусы естілмей кетсе онда телефон дұрыс істемей тұр
«Педагогтың коммуникативті толеранттылығы» таұырыбына жаднама құрастырыңыз
Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia – шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.Француз тілінде – басқаға оң қарым-қатынас Орыс тілінде -төзімділік, шыдамдылық.Араб тілінде -сабырлылық, шыдамдылылық, рақымшылдық.Қытай тілінде -өзгелермен көркем қарым –қатынас.Ағылшын тілінде –шыдамды деген мағыналарды білдіреді.
Педагогикалық үрдіс адамдардың түрлі санатының қатысуымен сипатталады. Яғни, білім алу мен білім беру үрдісі субъектілері өзіндік ерекшеліктерге ие. Оладың дүниеге көзқарасы, діні мен ділі, құндылықтар жүйесі әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ, барлық адамдар ерекшеліктеріне қарамастан білім алуға құқылы. Олай болса, педагогикалық коммуникациядағы толеранттылық ұғымының орны ерекше.
Педагогикалық коммуникативті толеранттылық:
Педагог оқушы пікіріне, көзқарасына толерантты бола білуі шарт.
Педагог оқушы дініне, таңдауына құрметпен қарап, қабылдауы тиіс.
Педагогикалық коммуникация барысында педагогикалық субъектілердің нәсілдік, этникалық ерекшеліктері оқу процесінде ешбір теріс әсер етпеуі тиіс.
Әрбір оқушы тұлғасының құқын мойындау педагог парызы.
ұстаз бойында шәкіртін тыңдай білу, өзара қарым-қатынас деңгейін арттыру, кез-келген мәселені өзі шеше білуге мүмкіндік беру, келеңсіз жағдайларға килікпеуіне бағыт беру, бірлесе атқарған қызметін мадақтау сияқты қасиеттер болуы тиіс.
Оқу- тәрбие процесінде өз халқының және өзгенің атақ-абыройына деген құрмет сезімін қалыптастыру, өзін халықтың бір өкілі ретінде тани білуге тәрбиелеу, басқа халықтардың да мәдени деңгейін бағалауға бағыт беру
Кез келген оқушыға педагогикалық қатынас кезінде ол оқушының индивидуал екендігін есте ұстау. Оның өз ерекшелігі, мүдделері мен әрбір нәрсеге қатынасы болады.
Педагогикалық субъектілердің бір-бірін бар қалпында толық қабылдай алуы.
Толеранттылық – үйлесімді қарым-қатынас шарты.
«педагогикалық іс-әрекеттегі қазіргі оқытушының қарым-қатынас ждасаудағя қиындытары» тақырыбына мини-эссе жазыңыз
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. қазіргі кезде оқытушылар қарым-қатынасқа түскенде біршама қиындыққа ұшырайды. Ол ең біріншіден, ооқушыларға өзін тыңдата алмағанынан болуы мүмкін. Оқушылар сөзіңізді тыңдағанын қаласаңыз, оларға қызықты, қажеттіліктерін қанағаттандыратын тақырыпты таңдауыңыз керек, олардың да пікірлерін тыңдап, ойарына құлақ түріңіз. Қиыншылықтың тағы бір себебі, қазіргі оқытушы оқушыларға өз талаптарын орындата алмайды. Сондықтанда оқу процесінде тәртіпті сақтауға немесе оқу тиімділігін арттыруға байланысты талаптарыңызды айтқанда, оқушылармен біріге отырып талаптар мен ережелер тізімін түзіңіз. Үшінші себебі – педагог оқушыларды тыңдай алмаған кезде. Оқушылардың тілектері мен қалауларын, пікірлерін, тыңдай алмаған кезде қарым-қатынаста қиыншылықтар туындайды. оқушыларды тыңдай білу өте маңызды. Қарым-қатынасқа түсушілерге деген антипатия сезімінің болуы, қар-қат түсуішілерді жақтырмау, сыйламау, олармен бірге ортақ тақырыпта әңгіме айта алмау. Бұл сезімді эмпатия сезімімен амастырып көріңіз. Қарым-қатынасқа түскенде сыртқы ортадан келетін кедергілерде де оқытушыға қиындық туғызуы мүмкін, мысалы сырттағы шуылдар, құрылыс дыбыстары, күннің ыстықтығы, ауа-райының қолайсыздығы,т.б. қарым-қатынасқа түскенде оқытушы барлық қиыншылықтарды және кедергілерді мүмкін болған әдістермен жеңе алы керек. ол үшін оқытушы сабаққа кірмес бұрын қар-қат кезеңдерін нақты анықтап алуы керек, сонымен қатар өзінің коммуникативті дағдылары мен қасиеттерін дамыту үшін, шыңдау үшін көптеген кітаптар оқып, тұлғалық өсу тренингтеріне қатысып тұруы керек.
