- •33.Дәстүр және инновация қазіргі педагог іс-әрекетінде қандай көрініс табады талдау жасаңыз.
- •34.Педагогтың сөзін жетілдіруге арналған ұсыныстар беріңіз.
- •36, «Мен және менің мамандығым»микроәңгіме құрастырыңыз.
- •38.Пантомимикалық мәнерлілікті жетілдіру жаттығуларын ұсыныңыз.
- •39.Қазіргі білім берудің өзекті мәселелеріне байланысты ішкі монолог құрастырыңыз.
- •40 Педагог дауысының бұзылу себептерін түсіндіріңіз.
- •41,Педагогтың интонацияны дұрыс қою мәнерлілігінеарналған жаттығулар ұсыныңыз.
- •42.Педагог әңгімесіне қойылатын талаптарға сай көркем әдебиеттен үзінді жазыңыз.
- •45. Мұғалімге қойылатын кәсіби және адамгершілік талаптар. Сіздің ұсынысыңыз.
- •46.Педагогтің «эмоционалдық жануын» алдын алуға арналған нұсқаулық құрастырыңыз.
46.Педагогтің «эмоционалдық жануын» алдын алуға арналған нұсқаулық құрастырыңыз.
«Эмоционалды жану » деген ерминді ең алғаш ғылымға американдық психиатр Х.Дж.Фрейденбер енгізген болатын. Ол 1974 жылы бұны психологиялық хал-ақуалы жақсы бірақ адамдармен қарым-қатынаста қысылатын адамдар деп түсіндірді.
Педагогтың «эмоционалды жануының» ішкі және сыртқы факторлары болады.Олар қарым-қатынастың жетіспеуі, өзіне-өзі сенбеу, күмәндену және т.б
Педагогтың «эмоционалды жануын» алдын-алуға арналған нұсқаулықтар
1) жақсы денсаулық және оның физикалық жай-күйі (тұрақты жаттығулар, салауатты өмір салтын) саналы сақтау;
2) жоғары өзін-өзі бағалау және өзіне өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сену;
3) табысты еңбек, стрессті жеңу тәжірибесі;
4) Сындарлы стрестік жағдайларды өзгерте білу;
5) жоғары ұтқырлық;
6) ашықтық
7) коммуникативтік;
8) тәуелсіздік;
9)өз күшіне арқа сүйену
47.
48. Қарым-қатынастың 10 ережесін және олардың педагогикалық шеберлікті дамытуда қажеттілігін дәйектеңіз
1. Қарым-қатынас адамгершілік бағытта болуы керек
2. Қарым-қатынас барысында ақпарат беру және ақпарат алу тәсілі болуы керек
3. Қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыру керек
4. Қарым-қатынасты дұрыс басқару керек.
5. Қарым-қатынас барысында ақпаратты дұрыс және түсінікті жеткізу керек.
6. Қарым-қатынас барысында вербальды және вербальды емес түрлерін дұрыс қолдану керек.
7. Қарым-қатынас барысында дұрыс тыңдай және дұрыс назар аудара білу керек.
8. Қарым-қатынас барысында кедергілер тудыратын мінездік кедергілерді боладырмау керек
9. Қарым-қатынаста келесі тарптың пікірін,ойын сыйлау керек.
10. Қарымқатынас бараысында қарым-қатынас мәдениетін сақтау керек.
49
50.Жас педагогтің педагогикалық техникасын жетілдіру мақсатында қандай жаттығулар ұсынасыз
« Педагогикалық техника » ұғымына 2 компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері-өз денесін билеуі(мимика, пантомимика); эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепсия іскерлігі ( бет -әлпетінен тану) ; сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция ). Екінші топ компоненттері: тәрбие үрдісінің технологшиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарымс-қатынас техниекасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгәі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы.
Аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) - ерекше психофизикалық жаттығу. Олармен дем алу және артикуляциялық жаттығулармен бірге мұғалімнің педагогикалық даярлық жүйесіне енгізілуі тиіс. Психикалық өзін-өзі реттеу – бұл кәсіби қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатында релаксация ( босаңсу) және өзін-өзі иландыру.
51.Педагогикалық әрекет – актердің жеке театры дегенді түсіндіріңіз.
Мұғалім-шебер актер болуы керек.Бір уақытта бірнеше рөлге енеді. Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі, бірақ актер болуды көздемейді.Сабақта, сабақтан тыс уақытта да актерлік элементтерді пайдалана білу керек.Актерлік қабілеттердің тәжірибеде жинақтаған өз белгілері бар. Көптеген театр қайраткерлері, түрлі мектептердің негізін қалаушылар Станиславсикй,Мейерхольд,Тиров актерне қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде жазғн болатын.Педагогтар актердің, сыналатын тұлғаның адамдық құндылығына,оның ақиқат пен сенім сезімдеріне яғни түрленуге деген қабілеттілігіне,саналық тартымдылығына,қызықтыра әсер беретініне және сендірірлігіне, сезім күшіне және эмоциялық шапшаңдығына, сахналық тұрғыдан ыңғайлы сыртқы мәліметтеріне көңіл бөледі.Сәтсіз көрсеткіш кейде актердің абыржуымен,физикалық қысымымен,жанын күштеумен байланысты болуы мүмкін,ол шығармашылық ойлауға,олардың динамикасында күрделі сипаттарды жүзеге асыру шеберлігі бір көргеннен мүлдем байқалмайды.Егерде, болашақ мұғалім өзінің шығармашалығында әртістікее дейін көтерлігуге ұмтылса,онда театр педагогикасының элементтерін толық меңгеруі тиіс.Әртіс педагогтың міндеті оқушыларға эмоциялы ықпал ету,олардың үн қосуына, өмір және оның ұғымын терең қабылдауға,баланың санасы мен жүрегінде өзіне сенімді нығайту олардың сезімдеріне әсер ету болып табылады.Украин зерттеушісі В.Ф.Моргун былай дейді: «Актердің өнері біріншіден, әлеуметтік, екншіден, өмірлік және үшіншіден ғана театральды болуы тиіс,оның үстіне мұндай түсінік педагогтың шеберлігіне де қатысты болуы тиіс» дейді. Демек, педагогикалық шеберліктің формуласы бойынша көрініс табады: біріншіден, өнегелік, екіншіден, біліктілік және үшіншіден актерлік. Мұғалімдік кәсіп актерлік кәсіппен туыс деп жиі айтамыз.Мұғалімнің актерлігі даусында, сөйлеуінде,оқушылардың алдында өзін қалай ұстай білуінде ғана емес,әр сабағын жаңа, алғашқы сабақ сияқты етіп өткізгенінде.Ол оқушылармен бірге бір жаңалықты ашып тұрғандай болады, оған жауап іздейді,күдіктенеді, жауап табылса таңданып, қуанады.
1.Режиссер - түсіндіруші; ол - қалай ойнауды көрсетуші, сондықтан оны режиссер - актер, режиссер - педагог деп атауга болады
2. Режиссер - айна. Жекелеген актерлердің қасиеттерін бейнелеп көрсетуші.
3. Режиссер – ұйымдастырушы,- деген бағалы пікірлер қалыптастырады.
Педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогикалық бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызыметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. Бұл жағдайда педагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскиийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс–әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледіК.С.Станиславский жүүйесі– бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңкйту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызыметтегі кез–келген дарындылықтың «пайдалы іс–әрекет коэффицентін» жоғарлату тәсілі.К.С.Станиславский жүйесі бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу, жүйенің негізгі теориялық және практикалық ұстанымдарын талдау мынадай негіздеме жасауға мүмкіндік береді: оларды меңгеру педагогикалық қызыметтің қыр–сырын жан–жақты танығысы келетін кез–келген тұлғаның педагогикалық қабілеттерін жан–жақты дамытуға және өзінмөзі дамытуға жол ашады. Педагогикалық мамандықты таңдаған кез–келген адам қызыметке қажетті практикалық дағдылардыдамытуға арналған педагогиканың нақты саласы жоқ екендігі белгін біледі. Сондықтан біз театр педагогикасына жүгініп отырамыз. Мұғалімге, актерге сияқты, К.С. Стансиславскийдің айтқан сөзін ұстағаны жөн («работа актера над собой»): «Алғашқы, бастапқы, содан кейінгі кезеңдерде жаңадан бастап жүрген, тәжірибесі жоқ оқушымен не істеуге болады?.. оған сольфеджио сияқты қандай жаттығулар қажет? Шығармашылық сезімін және күйлерін дамыту үшін қандай гаммалар, арпеджио қажет болады? Оларды мектепте және үйде жүйелі түрде жаттығу үшін есеп жинақтарындағы сияқты нөмірлеу керек ». педагогикада «жалпы», жуықтау ештеңе болмауы тиіс.
Зерттеушілер К.С.Станиславский жүйесін ішкі және сыртқы өзін сезінудің элементтері ретінде де қарастырады. Бірақ Станиславскиий рольмен жұмыс жасау барысныда өзін сезінуден емес, ерік пен санаға дұрыс бағынбайтын психикалық күйден емес, дене әрекеттерінің логикасынан шығуды ұсынады. Дене әрекеттерін дұрыс жүзеге асыру рефлекс деңгейінде қажетті сезімдерді оятады, психикаға әсер етеді.
Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, қажетті сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық әрекет қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың аудиториямен үйлесіиділігіне кедергі келтіреді.
Станиславский іс–әрекетті дене және психикалықтың бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз алдына бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық техниканың тығыз байланысын талап етеді.
52. «Шебер педагог – бұл.....» деген сөйлемді «аяқталмаған ой» әдісі бойынша бірнеше нұсқада аяқтаңыз
53. Педагогикалық абырой және педагогикалық имидж ұғымдарын салыстырыңыз.
Кейбір мұғалімдерді оқушылар сүйеді және құрметтейді жақсы көреді немесе оларға немқұрайлы, ал кейбіреулері тіпті елемейді. Неге солай? Себебі - мұғалімнің абыройы мен беделін болуы немесе оның жоқтығында.Әрбір педагог оның жасына және қызмет өтіліне қарамастан өз студенттері, оқушылары алдында беделді болғысы келеді, өйткені ол педагог үшін әрі оны танытатын өлшем, әрі оған және пәнге қатынас жүйесі және оқытушының үкімділігін көрсету дәрежесі, және оны қоршағандардың оған сый кұрметінің көрсеткіштері. Ғылыми әдебиетте бедел кең және тар мағында қарастырылады, бірінші жағдайда ол қоғамдық қатынастардың тіршілік ету формасы, екіншеде - қайсібір тұлғаның қоғамдық маңыздылығы айқындалды. Бедел объектівті түрде бар қоғамдық құбылыс, ал абыройлы адам төңірегіндегілерге белгілі бір әлеуметтік нормаларды тасымалдаушы ретінде болады.
Педагогикалық бедел-оның оқушылары мен әрістестер ұжымы арасындағы моральдік статусы, бұл құрмет пен қошеметке ие болып жүрген беделді де, құрметті педагогтың өз оқушыларының тәртібі мен нанымдарына әсер ететін өзіндік ерекше әлеуметтік статусы.Педагогикалық бедел педагогтың осыған дейін алған моральдық-этикалық,психологиялық-педагогикалық жаярлығына байланысты.Оның деңгейі білімнің,зеректіліктің ,педагогикалық шеберліктің тереңдігімен және өз қызметіне жоғары ықыластылығымен анықталады.
Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі
54. Жас педагогқа педагогикалық имидж бен авторитетті қалыптастыру мақсатында қандай ұсыныстар бересіз.
Педагогикалық имиджді қалыптастырушы бөліктерінің ең маңызды төртеуін қарастырайық:
1. Кәсібилік және әділдік. Педагог талантты тұлға болуы қажет. Бірақ тәжірибе көрсеткендей 100 адамның 99-ы өз талантын көрсетуге мүмкіндігі жоқ және өмір бойы басқа іспен айналысады.
2. Педагогтың адалдығы. адамзат тәжірибесінен шыққан моральді ережелер бойынша өмір сүру керектігін ұғынады, ал әдепсіз болса өз нәтижесінің тұтқынында болады және оның идеялы – барлығы рұқсат етілгендік.Біздің қоғамға өзін-өзі жетілдіре алатын, ең алдымен рухани тұрғыдан, жетілдіре алатын әдепті, тәрбиелі, адал педагог өте қажет. Ол назарын барлық адамзат мәдениетінің байлығын алу керек, яғни оның кең гуманитарлық білім алуы міндетті.
3. Педагогтың гуманитарлық білімі. Ф.Достаевскийдің ойынша, гуманитарлық дамығандық адамның кез келген мамандықты игеруін жеңілдетеді. Осы атақты жазушының адалдығынан атақты адамдардың өмірінен көптеген мысалдар дәлел болады. Гуманитарлық мәдениет арқасында адам сезімдік немесе рационалдық өңдей отырып, өзіне әртүрлі мәлімет таңдау мүмкіндігіне ие болады.
4. Педагог психотехнолог болуға міндетті. Психотехнология – бұл адамдарды басқаруда психологияның техниканы практикада қолдану жөніндегі ғылым. «Психотехнология» терминін өз құрамында 3 құрамдас бөлігі бар: «психо», «техно», «логия» оны талдағанда «психотехнологияның» мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Грек тілінен аударғанда «психе»- жанды , «техно»- өнер, шеберлік дегенді тура білдіреді, ал «логос» - сөз, оқуды білдіреді
Педагогикалық авторитетті қалыптастырушы бөліктер:
1.Педагогтың тұлғалық дамуы
2.Кәсіби білімін жоғарылату
3.Жаңаны және өзгерісті тез қабылдауы,заманауи технологияға бейімділігі
4.Қарым-қатынастағы сыпайылық,ынтымақтастық
5.Педагогикалық этикасы
6.Педагогикалық іс-әрекеті
Педагогикалық имиджді қалыптастыруға арналған ұсыныстар:
Сіздің имиджіңіз сізді қай мамандық иесі екенін білдіртіп тұратынын ескеріңіз
Педагогикалық талапқа сай имиджіізді қалыптастырыңыз
Өзіңізден беделдірі жоғары педагогтардың имиджіне қараңыз
Классикалық үлгіде,адамды тартымды көрсететін үлгіде киініңіз
Сіз әрдайым оқушылардың алдында болған соң, өзіңізді бос ұстап тұратын ыңғайлы киім таңдаңыз
Авторитеті қалыптастыруға арналған жаттығулар;
Сіздің авторитетіңіздің өсуі кәсіби біліктілігіізге байланыты екенін есте сақтаңыз
Беделді қалыптастыру үшін әрдайым ізденіс үстінде болуы керек
Белеліңізді қалыптастыру үшін мектеппен,ұжыммен қарым-қатынасты дұрыс орната білііз
Мейірімді,адамгершілігі мол, үлгігі, сыйлы бола біліңіз
55. «Педагогикалық шеберлік» пен «педагогикалық талант» ұғымдарының айырмашылығын көрсетіңіз
Жалпы, талант (гр. talanton — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. Талант деп қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуын атайды. Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Ал, шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» — деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
56. «Педагогикалық шығармашылық», «педагогикалық қабілет» ұғымдарының айырмашылығын көрсетіңіз.
Шығармашылық –барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашылық мұғалім-барлық реформаның негізгі кәсіпкері.Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің оқу-тәрбие міндеттерін, жоғары тиімділікпен шешуі; тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін байытуы. Сонымен қатар, шығармашлық талдау,стандартты емес ойлау,жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс болып табылады.
Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі)Педагогикалық қабілет -өзінің ерекшеліктабиғатымен сипатталады . Бұлардың барлығына қарапайым дағдылар кіреді сөйлеу дағдысы , сөйлеу этикеті , дикция , өзін -өзі ұстай білу , сыртқы келбеті , жүріс – тұрысы т.б.
57. «Педагогикалық құзыреттілік», «педагогикалық біліктілік» ұғымдарының айырмашылығын көрсетіңіз.
Құзыреттілік дегеніміз-ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінд айқындалатын,тұлғаның кіріктірілген қасиеті.Педагогикалық құзыреттілік- педагогтың жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді.Ғалым В.А.Мижериков бойынша, педагогтың педагогикалық құзыреттілігі-дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.Педагогикалық құзыреттілік-педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі»арқылы,іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
• тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті
• қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі
• қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы
• практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
• нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі
• тиімді шешім кабылдау қабілеті
Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол – педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат
58.
58 |
Кәсіби біліктілікті қалыптастыру кезеңдері мен жолдарына кесте құрыңыз |
|
|||
№ |
Кезеңдері |
Жолдары |
|||
1 |
Кәсіби пәндік білімді шыңдау кезеңі |
Педагог кәсіби біліктілігінің деңгейін көтергісі келсе ең алдынмен, кәсіби пәндік білімін жетілдіру керек. |
|||
2 |
Оқушы тұлғасын қабылдау кезеңі |
Педагогтың тікелей жұмыс істейтін нысаны-бала. Сондықтан педагог баланы жеке тұлға ретінде қабылдау керек. |
|||
3 |
Ұжыммен бірлесіу кезеңі |
Педагог көпқырлы маман. Ол үнемі адамдармен жұмыс жасайды. Педагог өзінің кәсіби біліктілігін қалыптастыру үшін ұжыммен бірлесіп жұмыс атқауы керек |
|||
4 |
Педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеру кезеңі |
Педагогтың кәсіби біліктілігін көтеру үшін міндетті түрде педагогиакалық тәсілдердің дәстүрлі және жаңа әдістерін де толық меңгеру керек. |
|||
5 |
Өз бетінше оқып үйрену |
Педагог әрдайым өз-өзін жетілдіруге ынтық болкы керек. Кәсіби біліктілікті қалыптастыру педагогтың өз берінше ізденуіне, жаңаны тану қабілетіне байланысты қалыптасады. |
|||
59. Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберлік ерекшеліктерін сипаттаңыз
Педагог пен актер мамандықтары өзара ұқсас. Мұнда адамға жоғары әсер ету талап етіледі. Актер мен педагог адамның сезімдеріне, жан дүниесіне әсер ере отырып, оның санасына жол табады. Педагог бойындағы артестизм ол беретін ақпараттың нақтылығын арттыра түседі, оқушы педагогқа сенеді және осы арқылы педагог зор нәтижеге жетеді. Педагогтың режиссерлік қабілеті оқу ұжымын толық басқаруға, біріктіре отырып бір әрекетке ұжымдастыруға, оқу үрдісінің логикалық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Актерлік және режиссерлік шеберліктерді пайдалана отырып білім беру үрдісін ұйымдастыру шығармашылық тәсіл болып табылады. Ол берілуі керек ақпаратты, фактіні көрсету, жандандыру, көркемдік әсерлеумен сипатталады.
Педагогтың актерлік шеберлігі оның рухани бай дүниесінің көрінісі. Актерлік шеберлік кәсіби жетілу барысында педагогтың шығармашылық әрекеттің белгілі бір түрлерін игеруі барысында қалыптасатын қасиеттер жүйесі. И.П. Андриади педагогикалық артестизм педагогикалық үрдісте тиімді әсер етуге көмек көрсететін қабілет деп санайды. Педагогикалық үрдісте артестизм келесідей рөл орындайды: синтезаторлық, байытушылық және үйлестірушілік, реттеушілік, қорғаныстық, қалыптастырушылық.
В.А. Бахвалов бойынша актерлік шеберлік компоненттері:
• Эрудиция. Балалар үшін педагог – әлемді ашушы. Мұндай болу үшін педагог үнемі өзін жетілдіріп, ғылыми-танымдық білім аясын арттырып отыруы қажет.
• Әсерлілік, сүйкімділік – өзгелерді өзіне қарата алу, сезімдері мен санасын, ерік-жігерін, елестетулерін басқара алуы, бақылауы. Рухани дүниесі мен сүйкімділігін байланыстыра білу керек. Тек сонда ғана педагог өзгелерді түсініп, оларға жанашырлық таныта алады.
• Ерекшелік, өзгешелік. Педагогтың «Мен» бейнесі жарқын болуы керек.
• Импровизация.
• Сөйлеу көркемдігі.
• Пластика. Сөйлеу, қимыл, өзін ұстау барлығына қатысты.
О.С. Булатова бойынша педагогикалық режиссерлік өзіне кіріктіреді:
Оқу үрдісінің болуы мүмкін нәтижесін болжамдау;
Сабақтың қиын тапсырмаларын белгілеу мен дұрыс қалыптастыру;
Сабақ барысын мақсатты дұрыс құрылымдау;
Сабақтың әрбір бөлімін этап бойынша дұрыс уақытқа бөліу;
Өзін ойша оқушы орнына қоя білу;
Өзгермелі шарттарға байланысты қайта бағдарлану және оларға байланысты әрекеттерін құйымдастыру.
Педагогикалық актерлік пен режиссерліктің ерекшелігі – актерлік шеберлік сабақ барысында оқушына оқу үдерісіне қызықтыруға бағытталған педагогтың шығармашылық әрекеті болса, режиссерлік - оқу үдерісін ұйымдастыру, алдын ала болжамдау мен топтың бірге жұмысын реттеу.
Мектептегі оқу–тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс–әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез–келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді.
Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогикалық бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызыметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. Бұл жағдайда педагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскиийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс–әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.
К.С.Станиславский жүүйесі– бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңкйту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызыметтегі кез–келген дарындылықтың «пайдалы іс–әрекет коэффицентін» жоғарлату тәсілі.
60. Мәдениет, білім беру, тіл, қарым-қатынасқа жайлы 10 мақал-мәтелдер жазып мәнін ашыңыз
Тіл туралы
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ғабит Мүсірепов
Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет. Жалау Мыңбаев
Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!
Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Білім туралы:
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет. Ш.Уәлиханов
Мектеп-кеме, блім-теңіз. Барар жерге тез жетеміз
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді.Білімді жан тас қамалды күйретеді
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балға
Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. Макаренко Антон Семенович
Мәдениет туралы:
Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Н.Назарбаев
Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек. У.Черчилль
Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ. Ә.Бөкейханұлы
Қарым-қатынас туралы:
Үлкенге құрмет, кішіге ізет!
Адамның ұяты бетінде ,
Адамгершілігі ниетінде.
