Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_ped_sheb_polny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.04 Кб
Скачать

40 Педагог дауысының бұзылу себептерін түсіндіріңіз.

Дауыстың бұзылуы –фонацияның ішінара немесе толығымен бұзылуы. Дауыстың бұзылулары көбінесе дауыспен жұмыс жасайтын маман иелерінде жиі кездеседі, мысалы: педагогтар, лекторлар,актерлер, әншілер,т.б. педагогтардың 60 пайызы дауыстың бұзылуынан жапа шегеді, сол себепті дауыстың бұзылуы әлеуметтік-медициналық мәселе боып табылады. Қарлығу, дисфония (грек. dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер. Мыс., қабыну, көмекей обыры, т.б. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне дейін жетуі мүмкін. Қарлығу ларингитсияқты көмекейдің қабыну кеселінде, дыбыс жалғамаларының ісініп, қалыңдауында, сол сияқты дыбыс жалғамалардың сөйлеу барысында толық ашылып жабылмауына байланысты болады. Дыбыс жалғамалары ісінуіне, домбығуына, зақымдалуына дәрі-дәрмектердің әсерінен туатын аллергиялық реакциялар да себеп болады. Науқасқа мезгілінде сапалы ем қолданылса, Қарлығу тоқтап дыбыс та, дауыс та орнына келеді. Дыбыс жалғамаларын операциядан кейін тыртық басса немесетуберкулез, мерез, т.б. жұқпалы аурулармен ауырса, адам дауысында Қарлығу сақталып қалады.

Педагог даусының бұзылуының бірнеше себептері бар, оларды топтарғы жіктейміз:

1. Биологиялық – конституциалды ерешеліктер, жасына, ауруына байланысты бұзылуы.

2. Кәсіби – жұмыстағы дәрежесіне, дауыспен жұмыс жасаудың ұзықтығы мен күштің көп түсуі.

3. Тұрмыстық – отбасы жағдайы, отбасы мүшелері, тұрмыстық жағдайы.

4. Психологиялық – кәсіби және тұрмыстық конфликттілердің әсерінен, тұлғаның психоэмоциялық және мнезіндегі ерекшеліктері.

Көбінде осы аталған факторлар қосарласып келуінен педагогтың дауысы бұзылады. Негізгі төртеуі мыналар:

  • күнделікті дауысқа түсетін салмақтың жоғарылылығы;

  • дыбыс аппаратын дұрыс қолдана алмауы;

  • гигиеналық ережелерді сақтай алмау;

  • дыбыс органының тумысынан әлсіздігі.

Педагогтың даусының бұзылуына әртүрлі кемшіліктер себеп болуы мүмкін.Олар; ыслдап сөйлеу, сақауланып сөйлеу, сөздің солғындығы, түсініксіздігі, тез сөйлеу, «тістеніп» сөйлеу, сөздің сонғы буынын немесе әріптерді (дауысты, дауыссыз) жеп қойып сөйлеу.Қарлығу, дисфония (грек. dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуіБұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер. Мыс., қабыну, көмекей обыры, т.б. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне дейін жетуі мүмкін. Қарлығу ларингит сияқты көмекейдің қабыну кеселінде, дыбыс жалғамаларының ісініп, қалыңдауында, сол сияқты дыбыс жалғамалардың сөйлеу барысында толық ашылып жабылмауына байланысты болады. Дыбыс жалғамалары ісінуіне, домбығуына, зақымдалуына дәрі-дәрмектердің әсерінен туатын аллергиялық реакциялар да себеп болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]