- •33.Дәстүр және инновация қазіргі педагог іс-әрекетінде қандай көрініс табады талдау жасаңыз.
- •34.Педагогтың сөзін жетілдіруге арналған ұсыныстар беріңіз.
- •36, «Мен және менің мамандығым»микроәңгіме құрастырыңыз.
- •38.Пантомимикалық мәнерлілікті жетілдіру жаттығуларын ұсыныңыз.
- •39.Қазіргі білім берудің өзекті мәселелеріне байланысты ішкі монолог құрастырыңыз.
- •40 Педагог дауысының бұзылу себептерін түсіндіріңіз.
- •41,Педагогтың интонацияны дұрыс қою мәнерлілігінеарналған жаттығулар ұсыныңыз.
- •42.Педагог әңгімесіне қойылатын талаптарға сай көркем әдебиеттен үзінді жазыңыз.
- •45. Мұғалімге қойылатын кәсіби және адамгершілік талаптар. Сіздің ұсынысыңыз.
- •46.Педагогтің «эмоционалдық жануын» алдын алуға арналған нұсқаулық құрастырыңыз.
36, «Мен және менің мамандығым»микроәңгіме құрастырыңыз.
32 сұрақтың ответын жазамыз
37. Мимикалық мәнерлілікті жетілдіру жаттығуларын ұсыныңыз.
Мимика- өз ойын, сезімін, көңіл- күйін, жағдайын бет бұлшық еттерінің қозғалысы арқылы білдіретін өнер. Сөзге қарағанда, мимика (ым) арқылы жеткізу оқушылардың зейініне жағымды әсер етеді. Ым мен ишара ақпараттың эмоционалдық маңыздылығын арттыра отырып, оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді.
Балалар мұғалімнің жүзін оқиды, қарым- қатынасын байқайды, көңіл- күйін аңғарады, сондықтан бет- жүзі тек бейнелеп суреттемейді, сонымен қатар ішкі сезімдердіжасырады. Сыныпқа келгенде отбасылық, жеке уайымдаулар мен келеңсіздіктерді есік сыртында қалдырған жөн. Оқыту- тәрбиелік мақсаттарына бағытталған іс- шараларға толықтай кірісіп, ыммен, ишарамен көрсету тиімдірек.
Әрине, ым- ишара адамның мінез- құлқына сай, қарым- қатынасқа сай келуі маңызды. Мимика сырт келбет сияқты, сенімділікті, жақтауды, мінеушілікті, қанағаттануды, қуанышты, тамсануды, қызығушылықты, немқұрайдылықты, ашулануды осы түрлі нұсқауды суреттеп бейнелейді. Адамның күлкісі оның сұлулығы мен адамгершілік күш- қуатын көрсететін ауқымды диапазон. Мимиканың мәнерлі бөлшектері- қастар мен көздер. Көтеріңкі қастар- таңырқауды, жақын тұрған қастар- жинақылықты, қозғалусыз қалған қастар- тыныштық, немқұрайдылық, қозғалыстағы қастар- тәнті болуды көрсетеді (білдіреді).Адамның бет жүзін көздер мәнерлейді. К.С.Станиславский: «Түйсіксіз көздер- бос кеуде жанның айнасы»,- деген.Сондықтан мұғалім әр жағдайда өзінің бет жүзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, танып білгені жөн.Өзінің және оқушылардың жүріс- тұрыстарының саналы дамуы жөнінде хабардар болу үшін, ең алдымен психологтардың жұмыстарында берілген өлшемдерімен (этилон) танысу қажет. Мысалы, қуаныш кезіндегі қимыл өлшемі: күлкі, көздер жайнайды, артық ишараға салынады, басқа біреуге қол ұшын беруге даяр. Қорқыныш кезінде қимыл этилоны: көздер бақырайып, қатқан қалыпта, қастары көтеріңкі, дауыс дірілдейді, көзқарасы қалыпты емес, қозғалыстары тым қатты, дене түршігеді.
Мұғалімнің көзқарасы тек балаларға ғана визуалды түрде бағытталуы керек. Қабырғаға, терезеге, төбеге қарап сөйлеуден тартылу керек. Визуалды қатынас саналы түрде дамытатын тетехника. Көз алдында және назарында барлық оқушыны қамту керек.
Мұғалімнің мимикасының мәнерлігін жетілдіруге арналған жаттығулар:
Ең алдымен, мұғалімні мимикасын дұрыс жетілдіру үшін 10 түрлі беттің бұлшық еттерін қозғалту арқылы істелетін әртүрлі эмоциялар
1. Қорқу
2. Ашу
3. Махаббат, ғашық болу
4. Қуану
5. Кішіпейілділік
6. Өкіну, қайғыру
7. Жылау
8. Ұялу,қысылу
9.Кешіру
10.Ауырсыну
2 жаттығу Айнаға қарап жаттығу
Жаттығудың мақсаты: Өзінің мимикасын басқаруға және әдемі мимика жасауға көмектеседі.
Нұсқаулық: Айнаның алдына отырып, түрлі өзіңізге ұнайтын мимикаларды келтіріңіз.Өзіңіз дұрыс деп тапқан және кәсіби қызметті қолдана аламын деген мимиканы өзіңізге алыңыз
38.Пантомимикалық мәнерлілікті жетілдіру жаттығуларын ұсыныңыз.
Пантомимика- бұл дене, қол, аяқ қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге, кейіпті бейнелеуге көмектеседі. Шабытпен сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімге назар аударайық. Бас, мойын, қол және барлық дене бітімі келісімді қимылда. Әдемі де мәнерлі келбеті тәрбиешінің ішкі тұлғалық абыройын білдіреді. Тік жүрісі, жинақылығы педагогтың өзінің күшіне, біліміне деген сенімін байқатады. Сол уақыттағы бүкірею, басты түсіру, әлсіз қол қимылдары педагогтың ішкі дәрменсіздігін, өзіне деген сенімсіздікті куәландырады.
Мұғалім міндетті түрде балалар алдында сабақ беру кезінде дұрыс тұруын қадағалауы қажет (аяқ алысы 12-15 см, бір аяғын сәл алға қарай жылжыту). Барлық қимыл қозғалыстары мен тұрған тұрыстары оқушылардың зейінін аудартуы қажет. Тұрған тұрыстың эстетикасы жағымсыз әдеттерді: алға- артқа теңселу, аяқты кезек- кезек алмаса айқастыру, орындықтың арқасын ұстау әдеті, бөгде заттарды қолда айналдыру, басты қасу, мұрынды уқалау, құлақты жұлқуды қаламайды.Педагогтың ишарасы табиғи және ұстамды, күрт ауқымды қол сермеусіз және өткір бұрышсызболғаны дұрыс. Көбіне шеңбер тәріздес бұрыштың және қол бұлғауының сараң болуы ең қолайлы.Ишара психологиялық және бейнелік болады. Бейнелік ишара ойдың жолдарын суреттейді және безендіреді. Оларды аз қажетсінгенімен, көп кездеседі. Психологиялық шаралар әлдеқайда маңыздырақ, олар сезімді бейнелейді. Мысалы: «өтінемін» дегенде- қолымыздың білегін кеуде тұсына көтеріп, алақанды жоғары қаратып, ептеп өзінен ұсынамыз.
Атап өтетін жайт, ишара басқа қимыл- әрекеттер сияқты (дене бітімі) ойдың жолын көрсетеді, ойға ермейді.Дұрыс келбетті өңдеуде спортпен және оның ең қажетті амалдары көмек береді. Олар: аяқ ұшында тұрып, еркін тұру, ең қажеттісі педагогтың сырт көзбен қарауы және өз қимылын басқаруы. Қарым- қатынас активті (белсенді) болуы үшін ең алдымен ашық, анық кейіп, қолды айқастырмай, сыныпқа оң жағымен қарауды ұстану маңызды. Алдыға қадам жасау арқылы аудиторияны жаңа ақпарат берумен қаратасыз. Ал сыртқа бір қадам жасау арқылы аудиторияға біраз үзіліс жариялайсыз. Осылардың бәрі өте маңызды қажеттіліктер.
Пантомимика мәнерлігіне арналған жаттығулар
Айналар жаттығуы:
Студенттер жұптасып жұмыс істейді.Оның ішінде біреуі жүргізуші болады. Оның міндеті-берігген жағдайды құрастыру.Бір студент әртүрлі қимылдар жасайды,ал екінші бір студент оның айнасы болып,оны қайталайды.Екінші адам,яғни айна, оның тек аяқ-қолының ененің қимылын ғана емес,соынмен қатар,адамның бет пішінін де,эмоциясын да қайталайды.
Шетелдік жаттығу
Нұсқаулық Екі шетелдік адамдар кездесіп қалады.Екеуі де тіл білмейді.Олардың жалғыз амалы қолмен,мимикамен, дене –мүшелеімен бір-біріне түсіндіру
Жаттығулар
«Итбалық» - отырып бір қолын ішіне, екінші қолын кеудесіне қою; ішін тартып демін ішке алу, кеудесін төмен түсіріп, ішін жіберіп томпайтып ауаны сыртқа шығару.
«Басын бұру» - түзу тұрып, аяғын иық деңгейінен сәл кішілеу ұстау; басын бір жағына бұрып дыбыспен демін ішке тарту, басын екінші жағына бұрып дыбыспен демін сыртқа шығару.
«Үлкен маятник» - түзу тұрып, аяқтарын иығынан сәл кішілеулетіп қою; ілгері еңкейіп, еденге қарай созу, демін ішке алу; тоқтамастан артқа шалқаю, қолымен иықтарын құшақтау; жаттығулардың арасында демін сыртқа шығару.
«Кеудені бұру» - түзу тұру, аяқ арасы иықтан сәл кеңдеу; қолдары дененің бойымен; денені бұрған сайын дыбыспен; қысқа, демді ішке жұту; жаттығу арасында демді сытрқы шығарады.
«Көкжиек» - түзу тұрып, қолдарын шынтақтан көтеріп, алақанды көрсету; дыбысты қысқа дем алу, демді мұрыннан шығару және саусақтарын жұдырыққа қысу.
