Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_ped_sheb_polny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.04 Кб
Скачать
  1. «Педагогикалық шеберлік» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері

Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс–әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу–тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс–тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал, педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері.

«Педагогикалық шеберлік» курсы- «Педаогогика және психология» мамаандығы бойынша жалпа кәсіптік пәндер цикліндегі педаогогикалық пәндердің бірі болып табылады.

Курс мақсаты: Балашақ педагог, әлеуметтік педагог студентер бойында оқыту мен тәрбиелеудің,өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың аса маңызыды қажеттілігін қалыпастыру.Студенттер бойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің,жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерін дамуына жағдай жасау.

Курстың міндеттері:

  • Педагогикалық шебелік мазмұнын түсіну

  • Педагогикалық қызметтің мазмұныны ашу

  • Педагогикалық мамандықтың перспективалық мүмкіндіктерін көрсету

  • Жаңашыл педаготар идеясын, оқыту формасын пайдалану

  1. Педагогикалық шеберлік және оның негізгі компонеттер.

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.Педагогикалық шеберлік-ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский «Педагогика теориясын қаншама жетік меңгергеніңмен,педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін» айтады.Педагогикалық шеберлік туралы А.С.Макаренконың пікірлеріне сүйенсек оның ойынша, шеберлік-бұл «тәрбие процесін шын мәнеінде білу,тәрбие ісінде біліктің болуы.»Бұл жөнінде ол: «мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемнен көзім жетті»дейді.Ал, Шербаковтың ойынша педагогикалық шеберлік-мұғалімнің ғылыми, әдістемелік, өнерінің,білігі мен дағдысының,жеке қасиеттеріні үйлесуі деп санайды.Ю.П.Азаров: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын: оынң мәні, технология, қарым-қатынас,тұлға сияқты үштік» дейді.

Педагогикалық шеберліктің негізгі компоненттері

Гуманистік

бағыттылығы

Кәсіптік білім

Педагогикалық қабілет

Педагогикалық техника

Қызығушылығы

Құ ндылықтары

Мұраттары

Өз пәнін,оны оқтудың

әдістемесін,педагогиканы,псих психологияны білу

Коммуникативтілігі:Адамға оң қатынасы,тілекткестігі,перцептиптігілі,кәсіптік байқағыштығы

Динамизмі:еріктік әрекетке, сендіруге қабілеттілігі

Эмоционалдық орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі,оптимистік болжам

Креативтілігі: Шығармашылық қабілеттілігі

Өзін-өзі басқару іскерлігі,өзінің эмоциясын,көңіл-күйін, денесін басқарау .

  1. Педагогикалық іс-әрекеттегі актерлің және режиссерлік шеберліктің элеметтері.

Педагог пен актер мамандықтары өзара ұқсас. Мұнда адамға жоғары әсер ету талап етіледі. Актер мен педагог адамның сезімдеріне, жан дүниесіне әсер ере отырып, оның санасына жол табады. Педагог бойындағы артестизм ол беретін ақпараттың нақтылығын арттыра түседі, оқушы педагогқа сенеді және осы арқылы педагог зор нәтижеге жетеді. Педагогтың режиссерлік қабілеті оқу ұжымын толық басқаруға, біріктіре отырып бір әрекетке ұжымдастыруға, оқу үрдісінің логикалық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Актерлік және режиссерлік шеберліктерді пайдалана отырып білім беру үрдісін ұйымдастыру шығармашылық тәсіл болып табылады. Ол берілуі керек ақпаратты, фактіні көрсету, жандандыру, көркемдік әсерлеумен сипатталады.

Педагогтың актерлік шеберлігі оның рухани бай дүниесінің көрінісі. Актерлік шеберлік кәсіби жетілу барысында педагогтың шығармашылық әрекеттің белгілі бір түрлерін игеруі барысында қалыптасатын қасиеттер жүйесі. И.П. Андриади педагогикалық артестизм педагогикалық үрдісте тиімді әсер етуге көмек көрсететін қабілет деп санайды. Педагогикалық үрдісте артестизм келесідей рөл орындайды: синтезаторлық, байытушылық және үйлестірушілік, реттеушілік, қорғаныстық, қалыптастырушылық.

В.А. Бахвалов бойынша актерлік шеберлік компоненттері:

• Эрудиция. Балалар үшін педагог – әлемді ашушы. Мұндай болу үшін педагог үнемі өзін жетілдіріп, ғылыми-танымдық білім аясын арттырып отыруы қажет.

• Әсерлілік, сүйкімділік – өзгелерді өзіне қарата алу, сезімдері мен санасын, ерік-жігерін, елестетулерін басқара алуы, бақылауы. Рухани дүниесі мен сүйкімділігін байланыстыра білу керек. Тек сонда ғана педагог өзгелерді түсініп, оларға жанашырлық таныта алады.

• Ерекшелік, өзгешелік. Педагогтың «Мен» бейнесі жарқын болуы керек.

• Импровизация.

• Сөйлеу көркемдігі.

• Пластика. Сөйлеу, қимыл, өзін ұстау барлығына қатысты.

О.С. Булатова бойынша педагогикалық режиссерлік өзіне кіріктіреді:

Оқу үрдісінің болуы мүмкін нәтижесін болжамдау;

Сабақтың қиын тапсырмаларын белгілеу мен дұрыс қалыптастыру;

Сабақ барысын мақсатты дұрыс құрылымдау;

Сабақтың әрбір бөлімін этап бойынша дұрыс уақытқа бөліу;

Өзін ойша оқушы орнына қоя білу;

Өзгермелі шарттарға байланысты қайта бағдарлану және оларға байланысты әрекеттерін құйымдастыру.

Педагогикалық актерлік пен режиссерліктің ерекшелігі – актерлік шеберлік сабақ барысында оқушына оқу үдерісіне қызықтыруға бағытталған педагогтың шығармашылық әрекеті болса, режиссерлік - оқу үдерісін ұйымдастыру, алдын ала болжамдау мен топтың бірге жұмысын реттеу.

Мектептегі оқу–тәрбие үрдісі өте күрделі, көпқырлы, өзгермелі құбылыс. Педагогикалық іс–әрекеттің өнермен ұқсастығы ежелден мәлім. Өнердің дарындылық пен шеберліктің туындысы екендігі де баршаға белгілі, ал шеберлік бірнеше ұрпақтың дәстүрлерін жинақтаған мектепте қалыптасады. Мектеп оқушының табиғи нышандарын дамытады, оған қажетті білім, іскерлік және дағдымен қаруландырады, дарындылығын ұйымдастырады, оқушының кез–келген берілген шығармашылық тапсырманы орындауға дайындығын қамтамасыз етеді.

Айта кететін жайт, педагогикалық өнер театр өнерімен көп ұқсас болып келеді. Педагогикалық бір актердың театры деп те атайды. Сондықтан да педагог театрлық қызыметтің ұстанымдарын, оның заңдарын білген жөн. Бұл жағдайда педагогтарға К.С.Станиславскийдің жүйесі көмекке келеді. К.С.Станиславскиийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс–әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.

К.С.Станиславский жүүйесі– бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңкйту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызыметтегі кез–келген дарындылықтың «пайдалы іс–әрекет коэффицентін» жоғарлату тәсілі.

  1. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі.

Кәсіби өзін–өзі тәрбиелеудің негі-зінде, басқа да әрекеттер сияқты, белсен-діліктің көздері мен мотивтерінің жүйесі жатыр. Педагогтың өзін–өзі тәрбиелеуінің қозғаушы күштері өзін–өзі жетілдіруге де-ген қажеттілік болып табылады. Осы тұста қажеттіліктің, яғни, қоғамның педагогқа қоятын және оның бойындағы қалыптасқан кәсіби–тұлғалық даму деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы қарама–қайшы-лығын шешу қажеттілігінен, өзінен–өзі қа-лыптаспайтынын айта кету керек. Қоғам-ның педагогқа қоятын талабы «оны өзін өзгертуге бағытталған жұмысын не ынталандырады, не сол қайшылықты шешу үшін барлық мүмкін емес әрекетке баруға итермелейді». Психологтар мұндай құбылысты компенсаторлық механизмдерге (рационализациялау, инверсия, проекция) балайды.

Кәсіби өзін–өзі тәрбиелеу негізінде, мұғалімнің іс-әрекетінің негізіндегідей, мотив пен мақсат арасындағы қарама–қайшылық жатыр. Мотивті мақсатқа бағыт-тауды қамтамасыз ету – яғни, өзін–өзі тәр-биелеуге қажеттілікті тудыру. Осылайша педагогтың өзін–өзі тәрбиелеуге қажет-тілігінің болуы кейін тұлғалық белсенділік көздерінен (сенім, парыздық сезім, жауапр-кершілік, кәсіби ар–ождан т.с.с.) қолдау табады. Осының барлығы өзін–өзі жетіл-діру бойынша әрекет жүйесін тудырады. Ол кәсіби идеал мазмұнынмен айқын-далады. Басқаша айтқанда, педагог педа-гогикалық әрекетті тұлғалық, терең саналы құндылық ретінде түсіне бастағанда ғана, өзін–өзі жетілдіру қажеттілігі туындайды да, өзін–өзі тәрбиелеу үрдісі басталады. педагогтың өзін–өзі баға-лауын қалыптастырудың басты тәсілі – ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте, әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі – өзін–өзі білім-дендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал–педагогын табу мақсатында ұлы педагогтардың өмірімен және шығарма-шылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты шар-ты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал обра-зын тапқан дұрыс. Мысалы, педагогикалық жоғары оқу орнында Л.Н. Толстой өмірі үлгі боларлықтай. Оның өзін–өзі тәрбиелеу жұмысына қатысты жазып қалдырған күн-деліктеріндегі үлгілер таптырмас асыл қазына. Ол мынандай ережелерді орындау өте маңызды деп санаған: «Белгіленгенді, ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орын-дау. Орындаған екенсің, оны жақсы дең-гейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл–есіңді үнемі мүмкіндігінше жаттықтырып отыр». Ал өз–өзіне есеп беру мен өз–өзін талдауда күнделік толтыру жақсы әдет, себебі, сол арқылы өзін–өзі тәрбиелеу субъектісі өзінің қабілеттерінің дамуын қадағалай алады.

  1. Педагогтарды даярлау бойынша К.С. Станиславскийдің театрлық жүйесінің принциптері.

К.С.Станиславскиийдің жүйесі шығармашылықты табиғатын жаратушы адамның табиғаты арқылы қарастырады. Онда ең алғаш рет шығармашылықтың санаасты, еріксіз сипаттағы үрдісін саналы түрде меңгеру, іс–әрекет барысында тұлғаның дарындылығын анықтау мәселелері шешіледі.

К.С.Станиславский жүүйесі– бұл тек актерлік шығармашылық жайындағы ғылым ғана емес, сонымен қатар, сахналық қабілеттермен бірге объективті заңдылықтарға сүйене отырып, басқа да түрлі қабілеттерді дамыту, байыту, кеңкйту жайындағы ғылым. Бұл шығармашылық қызыметтегі кез–келген дарындылықтың «пайдалы іс–әрекет коэффицентін» жоғарлату тәсілі.

К.С.Станиславский жүйесі бойынша жазылған әдебиеттерді зерттеу, жүйенің негізгі теориялық және практикалық ұстанымдарын талдау мынадай негіздеме жасауға мүмкіндік береді: оларды меңгеру педагогикалық қызыметтің қыр–сырын жан–жақты танығысы келетін кез–келген тұлғаның педагогикалық қабілеттерін жан–жақты дамытуға және өзінмөзі дамытуға жол ашады. Педагогикалық мамандықты таңдаған кез–келген адам қызыметке қажетті практикалық дағдылардыдамытуға арналған педагогиканың нақты саласы жоқ екендігі белгін біледі. Сондықтан біз театр педагогикасына жүгініп отырамыз. Мұғалімге, актерге сияқты, К.С. Стансиславскийдің айтқан сөзін ұстағаны жөн («работа актера над собой»): «Алғашқы, бастапқы, содан кейінгі кезеңдерде жаңадан бастап жүрген, тәжірибесі жоқ оқушымен не істеуге болады?.. оған сольфеджио сияқты қандай жаттығулар қажет? Шығармашылық сезімін және күйлерін дамыту үшін қандай гаммалар, арпеджио қажет болады? Оларды мектепте және үйде жүйелі түрде жаттығу үшін есеп жинақтарындағы сияқты нөмірлеу керек ». педагогикада «жалпы», жуықтау ештеңе болмауы тиіс.

Зерттеушілер К.С.Станиславский жүйесін ішкі және сыртқы өзін сезінудің элементтері ретінде де қарастырады. Бірақ Станиславскиий рольмен жұмыс жасау барысныда өзін сезінуден емес, ерік пен санаға дұрыс бағынбайтын психикалық күйден емес, дене әрекеттерінің логикасынан шығуды ұсынады. Дене әрекеттерін дұрыс жүзеге асыру рефлекс деңгейінде қажетті сезімдерді оятады, психикаға әсер етеді.

Педагогты даярлау жүйесінің негізіне салынған дене әрекеті, қажетті сезім логикасы, санаасты саласы жайындағы Станиславскийдің тұжырымдамасы педагогикалық әрекет қабылдаудан басталады. Бұл заңның бұзылуы педагогтың аудиториямен үйлесіиділігіне кедергі келтіреді.

Станиславский іс–әрекетті дене және психикалықтың бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл түсіндірме педагог тәртібіндегі ішкі және сыртқы, денелік және рухани элементтердің өз алдына бөлек дамуына жол бермейді, бұл әдіс пен педагогикалық техниканың тығыз байланысын талап етеді.

  1. Педагогикалық техника педагогтың әрекетін ұйымдастыру формасы ретінде.

Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деген ұғым кеңінен қолданылады.Педогогикалық техниканың өзі мұғалімнің ішкі жан-дүниесімен байланысты және ол мұғалімнің сырт келбетінен білінетін құрылым б.т. А.П.Черняевскя бойынша, педагогикалық техника-мұғалім іс-әрекетінің ішікі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәлісдер жиынтығы. Педагогикалық техника-мұғалімінің өзінің жеке психофизиологиялық жай-күйін,көңіл күйін,эмоциясын,өз денесін,сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұймдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені. Педагогикалық техника-педагогтың ішкі және сыртқы құрылымына гормониялық себеп болады.А.Гин мұғалімнің кəсіби шеберлігінің деңгейі педагогикалық техникаға жататын тұтастай білім, іскерліктер мен түрліше қабілеттерді меңгеруіне тəуелді болады деп көрсетеді... Педагогикалық техниканың бес негізгі принципін атап көрсетеді: таңдаудың еркінділік принципі; ашықтық, іс-əрекеттік, кері байланыс идеалдылық принципі.

«Педагогикалық техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:

  1. Педагогтың ішкі дүниетанымы: өз денесін басқаруы: (мимика, пантомимика), сезімді басқаруы (психикалық күш салу, шығармашылықты сезіну),әлеуметтік-перцептивті қабілеті (зейін,бақылау,ойлау),техникалық құрал (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция,темп) басқара білу қабілетімен байланысты

  2. Оқыту-тәрбиелеу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық жағынан,педагогикалық техникамен байланыстырып,дидактикалық,ұйымдастырушық, коммуникативті қабілет,ұжымды шығармашылық істермен байланыстыру.

Педагогикалық техникадағы педагогикалық шеберлік төмендегідей критеилерге бөлінеді:

  • Мақсаттылық

  • Продуктивтілік «білім, тәрбие деңгейінің нәтижесі»

  • Оптималдық «құрамына байланысты»

  • Шығармашылық

Педагогикалық техника:

  • Дене қозғалысы –жест, поза, пантомимика

  • Дикция-бұл сөздерді, буындарды, дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық

  • Мимика-өз ойын,сезімін, көңіл-күйін,жағдайын беттің бұлшық еттерін арқылы білдіру,

  • Пантомимика- дене, қол, аяқ қозғалысы,ол ойдың негізігісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды

Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:

  • Өзін-өзі басқару іскерлігі

  • Ұжыммен, жеке тұлғамен әрекеттесу іскерлігі

Өзін-өзі басқару іскерлігі:

  • Өз денесін игере білу

  • Эмоцианальды жағдайды бақылай әрі дұрыс пайдалана білу

  • Әлеуметтік перцепция

  • Сөйлеу техникасы

Ұжыммен, жеке тұлғамен әрекеттестік іскерлігі:

  • Дидактикалық іскерлік

  • Ұйымдастырушылық іскерлік

  • Коммуникативті іскерлік

  • Бағалау іскерлігі

  • Педагогикалық қарықатынасты басқару іскерлігі

Педагогикалық техниканың принциптері. Педагогикалық техниканың бірнеше принципке бөледі

  • еркін таңдау принципі педагогтың кез-келген оқытушы әрекеті, қимылы оқытушының жауаптылығының жетілдірілуі негізін таңдау құқығына бағытталған;

  • ашықтық принципі - тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оларды қолдану үшін жол ашуды іздестіру, сөйтіп педагогикалық процестің субъектілерін өзіндік жетілуімен танымдық белсенділігін ынталандырады;

  • қызметтік принципі теориядан практикаға көшу үшін қажет, сонда ғана сабақтарда алынған білім педагогикалық техниканың негізі болады;

  • кері байланыс принципі - бұл белгілі шамада барометр сияқты, оқытушы бұның көмегімен өзі қолданған әдіс-тәсілдердің оқу тәрбие жұмыстарындағы тиімдіігін анықтайды;

  • идеалдық принципі - кез-келген іс-қимылды тек пайдамен сипаттамайды, сонымен қатар есепке алынуы қажет энергетикалық, психологиялық шығындармен анықталады.

  1. Педагогтың сыртқы келбеті.

Жалпы «имидж» терминін ең алғаш американдық экономист Болдуинг ХХ ғасырдың 60 жылдарында енгізген болатын. Содан бері «имидж» алғаш рет басқа салада қолданыла бастады .«Имидж» кескін, бейне, келбет» деген мағынаны білдіреді. «Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р.Ф.Ромашкина, Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.

педагог имиджі – бұл тұлғаның интеграциялық сапалары, интеллектуалдық, габитарлық, кинетикалық, тілдік, орта және әртістік мәдениетінің синтезі.

Сонымен, педагог имиджінің құрауыштары болып табылады:

• интелектуалдық мәдениет - бұл ойлау қабілетінің икемділігі, рефлексия және өзін-өзі ұғыну, шығармашылық бастамалардың дамуы мен педагог тұлғасының кәсіби шеберлігімен байланысты;

• габитарлық (лат. habitus — сыртқы келбет) мәдениет — бұл тұлғаның физиологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын индивидуалдылығын; мамандықтың талаптарына сай индивидуалды шығармашылықты мінез-құлықты орнататын стилін (романтикалық, спорттық, драммалық); даму тенденцияларын көрсететін және педагогқа әріптестері мен білім алушылардың арасында заманауи болуға әрі өзін-өзі мойындатуға көмектесетін сәнді біріктіретін мәдениеті;

• кинетикалық ( гр. kinesis — қозғалыс) мәдениет, мимика және пантомимикаға негізделген ( жесттер, көз қарас, қалып, дене қимылы, жүріс-тұрысы және сымбаты);

• сөйлеу мәдениеті — тіл мен танымдық процесстің арасындағы объективті принцип негізінде дамушы, стильді сезіну, талғам мен эрудицияны қарастыратын тұлғалық мәдениет;

• орта мәдениеті — материалдық және әлеуметтік ерекшеліктері ( қоршаған орта және аксессуарлар);

• Әртістік мәдениет — кәсіби қызмет пен қарам-қатынас барысындағы әр түрлі аксиологиялық және эстетика-этикалық бастамаларды, жалпы мәдениет пен әртістіктің бірлігін жүзеге асыратын, тұлғаның интеграциялық сапалары.

Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі.

В.М Шепель «Имиджеология: жеке тартымдылық құпиясы» атты еңбегінде имидж ұғымына төмендегідей анықтамалар берген:» имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен, жасалатын заттар, индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын, мекемені сипаттайтын келбет».

С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде: «Имидж дегеніміз - ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас, қатынас» делінген

«Имидж» мағынасын түсіну әртүрлі құрамды бөліктерден құралады. Бұл бөліктерінің ең маңызды төртеуін қарастырайық:

  1. Педагогикалық іс-әрекеттегі мимика мен пантомимиканың орны.

Мимика- өз ойын, сезімін, көңіл- күйін, жағдайын бет бұлшық еттерінің қозғалысы арқылы білдіретін өнер. Сөзге қарағанда, мимика (ым) арқылы жеткізу оқушылардың зейініне жағымды әсер етеді. Ым мен ишара ақпараттың эмоционалдық маңыздылығын арттыра отырып, оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді.

Балалар мұғалімнің жүзін оқиды, қарым- қатынасын байқайды, көңіл- күйін аңғарады, сондықтан бет- жүзі тек бейнелеп суреттемейді, сонымен қатар ішкі сезімдердіжасырады. Сыныпқа келгенде отбасылық, жеке уайымдаулар мен келеңсіздіктерді есік сыртында қалдырған жөн. Оқыту- тәрбиелік мақсаттарына бағытталған іс- шараларға толықтай кірісіп, ыммен, ишарамен көрсету тиімдірек.

Әрине, ым- ишара адамның мінез- құлқына сай, қарым- қатынасқа сай келуі маңызды. Мимика сырт келбет сияқты, сенімділікті, жақтауды, мінеушілікті, қанағаттануды, қуанышты, тамсануды, қызығушылықты, немқұрайдылықты, ашулануды осы түрлі нұсқауды суреттеп бейнелейді. Адамның күлкісі оның сұлулығы мен адамгершілік күш- қуатын көрсететін ауқымды диапазон. Мимиканың мәнерлі бөлшектері- қастар мен көздер. Көтеріңкі қастар- таңырқауды, жақын тұрған қастар- жинақылықты, қозғалусыз қалған қастар- тыныштық, немқұрайдылық, қозғалыстағы қастар- тәнті болуды көрсетеді (білдіреді).Адамның бет жүзін көздер мәнерлейді. К.С.Станиславский: «Түйсіксіз көздер- бос кеуде жанның айнасы»,- деген.Сондықтан мұғалім әр жағдайда өзінің бет жүзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін мұқият зерттеп, танып білгені жөн.Өзінің және оқушылардың жүріс- тұрыстарының саналы дамуы жөнінде хабардар болу үшін, ең алдымен психологтардың жұмыстарында берілген өлшемдерімен (этилон) танысу қажет. Мысалы, қуаныш кезіндегі қимыл өлшемі: күлкі, көздер жайнайды, артық ишараға салынады, басқа біреуге қол ұшын беруге даяр. Қорқыныш кезінде қимыл этилоны: көздер бақырайып, қатқан қалыпта, қастары көтеріңкі, дауыс дірілдейді, көзқарасы қалыпты емес, қозғалыстары тым қатты, дене түршігеді.

Мұғалімнің көзқарасы тек балаларға ғана визуалды түрде бағытталуы керек. Қабырғаға, терезеге, төбеге қарап сөйлеуден тартылу керек. Визуалды қатынас саналы түрде дамытатын тетехника. Көз алдында және назарында барлық оқушыны қамту керек.

Пантомимика- бұл дене, қол, аяқ қозғалысы. Ол негізгіні көрсетуге, кейіпті бейнелеуге көмектеседі. Шабытпен сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімге назар аударайық. Бас, мойын, қол және барлық дене бітімі келісімді қимылда. Әдемі де мәнерлі келбеті тәрбиешінің ішкі тұлғалық абыройын білдіреді. Тік жүрісі, жинақылығы педагогтың өзінің күшіне, біліміне деген сенімін байқатады. Сол уақыттағы бүкірею, басты түсіру, әлсіз қол қимылдары педагогтың ішкі дәрменсіздігін, өзіне деген сенімсіздікті куәландырады.

Мұғалім міндетті түрде балалар алдында сабақ беру кезінде дұрыс тұруын қадағалауы қажет (аяқ алысы 12-15 см, бір аяғын сәл алға қарай жылжыту). Барлық қимыл қозғалыстары мен тұрған тұрыстары оқушылардың зейінін аудартуы қажет. Тұрған тұрыстың эстетикасы жағымсыз әдеттерді: алға- артқа теңселу, аяқты кезек- кезек алмаса айқастыру, орындықтың арқасын ұстау әдеті, бөгде заттарды қолда айналдыру, басты қасу, мұрынды уқалау, құлақты жұлқуды қаламайды.Педагогтың ишарасы табиғи және ұстамды, күрт ауқымды қол сермеусіз және өткір бұрышсызболғаны дұрыс. Көбіне шеңбер тәріздес бұрыштың және қол бұлғауының сараң болуы ең қолайлы.Ишара психологиялық және бейнелік болады. Бейнелік ишара ойдың жолдарын суреттейді және безендіреді. Оларды аз қажетсінгенімен, көп кездеседі. Психологиялық шаралар әлдеқайда маңыздырақ, олар сезімді бейнелейді. Мысалы: «өтінемін» дегенде- қолымыздың білегін кеуде тұсына көтеріп, алақанды жоғары қаратып, ептеп өзінен ұсынамыз.

Атап өтетін жайт, ишара басқа қимыл- әрекеттер сияқты (дене бітімі) ойдың жолын көрсетеді, ойға ермейді.Дұрыс келбетті өңдеуде спортпен және оның ең қажетті амалдары көмек береді. Олар: аяқ ұшында тұрып, еркін тұру, ең қажеттісі педагогтың сырт көзбен қарауы және өз қимылын басқаруы. Қарым- қатынас активті (белсенді) болуы үшін ең алдымен ашық, анық кейіп, қолды айқастырмай, сыныпқа оң жағымен қарауды ұстану маңызды. Алдыға қадам жасау арқылы аудиторияны жаңа ақпарат берумен қаратасыз. Ал сыртқа бір қадам жасау арқылы аудиторияға біраз үзіліс жариялайсыз. Осылардың бәрі өте маңызды қажеттіліктер.

  1. Педаготың сөз мәдениетінің элементтері.Сөз сөйлеу техникалары.

Мәдениет дегеніміз қоғамның тарихи белгіленген даму деңгейі, адамның сөйлеу қарым-қатынастарында, өмірімен іс-әрекеттерін ұйымдастырумен оның материалдық және рухани құндылықтарды құрастыруында көрінген шығармашылық қабілеттерінің бейнесі.Тіл мәдениеті жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда қажет. Тіл мәдениеті студенттердің педагогикалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді, оқу-тәрбие процесінде маңызды роль атқарады. Мамандардың ойынша тіл қабілеттігі мен мәдениеті өмірлік жағдайлардағы қолайсыздықтарды шешуге мүмкіндік береді. Осыны қазіргікездегі педагог-мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындары қатаң назарға алуы керек секілді. Еліміздің тарихы бай, рухани және материалдық мәдениеті жоғары болуы үшін Х.Досмұхамедовтың: «Мәдениеттің негізі –білім. Білімге тіл арқылы жетеді.Білімді жұрттардың тілі бай болады», -деген пікірі бүгінгі күннің шындығына айналып отыр. Мұғалімнің кәсіби тіл мәдениетінің маңыздылығы педагогтың кәсіби қызметінде сөйлеу негізгі құрал болып табылатындығымен байланыстырылады. Сөйлеудің басты міндеті – қарым-қатынас педагогтық қызмет шеберлігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. А.С.Коменскийдің ойы бойынша педагог-оқытушылар назарын өзіне толық аудару үшін сөз шеберлігіне ие болуы керек. Шәкірттері үшін мұғалімнің тілі мүлтіксіз және оның мәнерлі, анық және тартымды болуы тиіс. Мұғалімнің тіл мәдениетінің жасалуы ол таным процесі, ол қандай болса да таным іс-әрекеттер бойынша іске асырылады. Тіл,сөз, сөйлеу – педагогтың негізгі құралы болып табылады. Содықтан мұғалімнің тіл мәдениетін қалыптастыру вербальды компонент болып табылады. Тіл мәдениетінің өзіндік қалыптасуында қарым-қатынас технологиясы, тілдік шеберлік, көпшілік алдында сөйлеу т.б. Болып табылады. тақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский "Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген. В.А.Сухомлинский: «Сөз-ең маңызды педагогикалық құрал,оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...» деген екен.

Сөйлеу техникасы

Мұғалімнің сөзін қабылдау және түсіну оқыту процесінің күрделілігін қамтамасыз етеді, барлық оқыту уақытының шамамен ¼ - ½ -не сәйкес келеді. Сондықтан, оқушылардың оқу материалын дұрыс қабылдау процесі мұғалімнің сөзін жүзеге асыруға байланысты. Сөйлеу техникасын игеру дегеніміз сөйлеу, тыныс алу, дауысты меңгеру; жақсы дикция мен орфоэпиялық дұрыс сөйлей алу. Педагогқа әрдайым дикциясымен, тыныс алуы және дауысымен жұмыс жасауы қажет.

Сөйлеу техникасына; тыныс алу, (ауаны ішке жұту, сыртқа шығару) дауыс, дикция жатады. Дауыс. Сөз сөйлеуге дауыс қатысады. Дауыстың естілуі психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты. Әркімнің өз даусы (дауыс нақышы) болады. Осыған қарап сөйлеп тұрған адамды көрмей-ақ даусынан тануға болады. Негізгі дауыспен бірге бірнеше қосымша дауыс тоны (сарыны) обертондар да болады. Ол сөйлеушінің тамақ, мұрын қуысының құрылысына байланысты шықпақ. Осындай обертондар арқылы адамның жеке-дара даусы жасалмақ, үні таза шығады.

Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғақты жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нақышына келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып, өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек. Тексті оқу немесе әңгімелеп беру кезінде дауысқа күш түспеген жөн, сонда ғана оның жұмсақ, жылы лебі немесе керісінше, қатал, салқын үні нақышталады.

Дикция (үн реңі). Педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыруы керек. Анық, таза сөйлеу дәрежесіне үнемі артикуляциясын жаттықтыру арқасында жетуге болады, яғни сөйлеу мүшелерінің қажетті дыбыстарды айтуға ыңғайлап, бір қалыпты қозғалуы мен позициясы жағдайында ұстау. Бұл жаттығулар еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына, кей дыбыстарды (р,ш,с) дұрыс айтуға дағдыландырады, тез сөйлегенде, созып сөйлегенде т.б. Кездесетін кемшіліктердің болмауына көмектеседі.

  1. Педаготың ықпал ету шеберлігі.

Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады. Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады: — қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай); — тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия); — таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.) — оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).

  1. В.А. Кан-Калик бойынша қарым-қатынас құрылымы.

В.А. Кан-Калик педагогикалық процесте қарым – қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатынын, және оның ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігінің арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым – қатынас адамгершілік-құндылық потенциялға ие. В.А. Кан-Калик қарым – қатынас функцияларын ішкі және сыртқыға бөледі. Олардың әрқайсысы құрамдас бөліктерге ие. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық қатынастардың өзара танымды етіп ұйымдастыру,бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, мінез-құлықтық, әдептік. Педагогикалық қарым-қатынас – қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет – динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі балалардың қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады.Педагогикалық қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, білімгерлер арасындағы байланыстың дамуын орнататын көп жоспарлы үрдіс.

В.А. Кан-Калик кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың 4 стадиясын бөліп көрсетті:

1) тәрбиеленушілермен болатын қарым-қатынасты жобалау немесе модельдеу

2) тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру

3) педагогикалық процесстегі қарым-қатынасты басқару

4) қарым-қатынастың іске асырылған жүйесін анализдеу және жаңасын жобалау.

Немесе бұл процессті мынадай реттілікпен көрсетуге болады:

1) Коммуникация алдындағы фаза

2) Үш кезеңнен тұратын коммуникативті фаза: алғашқы әсер қалдыру; зерттеу кезеңі; қарым-қатынас кезеңі

3) Посткоммуникативті фаза

В. А. Кан-Калик Тәрбиелік әсердің нәтижелігіне байланысты педагогикалық қарым-қатынас стильдері:

- бірлескен шығармашылық қызмет негізнде – бұл стиль мұғалімнің кәсіби қызметі мен этикалық көзқарастарының бірлестігіне негізделеді.

- жолдастық байланыс негізінде – жолдастық байланыс, әсіресе педагогикалық қарым-қатынастың маңызды реттеушісі. Алайда қарым-қатынас үдерісінде кез келген эмоциялық көңілдің сияқты да жолдастықтың да шегі болуы қажет. Кері жағдайда ол оқыту тәрбиелеу үдерісінде теріс нәтиже беруі мүмкін.

- қашықтық қарым-қатынас – мұғалім мен білім алушы арасында әрқашан қашықтық байқалады, оқытуда- бедел мен кәсібилікке, тәрбиелеуде – жас пен өмірлік тәжірибеге нұсқау арқылы көрінеді. Бұл стиль шығармашылық ортаны құруға мүмкіндік бермейді.

- қорқыту қарым-қатынасы – қарым-қатынастың жағымсыз түрі. Көбінесе мұны мұғалім қызметін жаңадан бастаушылар қолданылады. Бұл тиімді ортақ қызметті ұйымдастыра алмаушылықпен түсіндіріледі.

- әзілдесу қарым-қатынасы – білім алушыда «оңай» бедел алуға тырысуға негізделеді, мұндай қатынас өз кезегінде педагогикалық этика т алаптарына қайшы келеді. Бұл стиль бір жағынан білімгермен тез байланыс орнатуға деген құштарлықпен, екінші жағынан педагогтық және коммуникативтік мәдениеттің жоқтығымен сипатталады.

Педагогикалық қарым-қатынас-қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы»болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиелеуші қызмет атқарады. Педагогикалық іс-әрекет-динамикалық іс-әрекет: тәрбиеленушілердің жасына қарай әрі педагогтың, әрі тұлғаның қарым-қатынас көзқарасы, позициясы өзгеріп отырады. Оқытушы мамандығын әр түрлі мінезді, әр түрлі темпераментті адамдар меңгеретіндіктен, қарым-қатынас стилі де әр түрлі болып келеді. Қарым-қатынас стилі ұғымына В.А.Кан-Калик: “Қарым-қатынас стилі деп біз педагог пен оқушының әлеуметтік-психологиялық арақатынасының жеке-типологиялық ерекшеліктерін айтамыз: а) мұғалімнің қатысымдық мүмкіндіктері; ә) педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қалыптасуы; б) педагогтің шығармашылық тұлғасы; в) оқушы ұжымының ерекшеліктері” деген анықтама бередІ. Педагогтың қарым-қатынас стилдері:

1. Педагогтың жоғары кәсібилігі негізіндегі қарым-қаты нас.

2. Достық негіздегі қарым-қатынас.

3. Ара қашықтық қарым-қатынас (общение – дистанция).

4. Қорқыту қарым-қатынасы, гумандық емес, қатал тәртіп, қорқыту, сөзін жүргізу, сөзсіз бағынуды талап етеді. Бұл – біріккен педагогикалық іс-әрекет бола алмайды.

5. Қылжақтау (заигрывание) қарым-қатынасы

6. Тан-тамашалық (превосходство) қарым-қатынасы.

Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:

Сабақ үстіндегі және сабақтан тыс оқу іс-әрекетінің формаларын пайдаланатын оқытушының қызметін талдай отырып, қарым-қатынастың әр түрлі деңгейлерін бөліп алуға болады:

1. жоғары - өзара түсінісу, өзара қарым-қатынас жасау, сенім артуда жылылықпен сипатталады;

2. орта.

3. төмен – түсінбеушілік, бір-біріне жат болу, суық қарау, өзара көмектің болмауымен сипатталады

  1. Педагогикалық әдеп пен әдептілік - педагогикалық қарым-қатынастың негізгі элементтері ретінде.

Педагогикалық этика (әдеп) - моральдің (ізгіліктің) тұтас педагогикалық процесс жағдайында қызмет етуінің ерекшелігін білдіретін этиканың құрамды бөлігі; мұғалімнің адамгершілік іс-әрекетінің әрқилы аспектілері туралы ғылым. Педагогикалық этика пәні - әдептің педагог санасындағы, мінез-құлқындағы, қатынастары мен іс-әрекетіндегі көріністердің заңдылықтары.

Этика – мораль туралы ғылым. «Этика» терминін б.з.б IY ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.

Кәсіби этика – еңбектің моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.

Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:

  • Еңбек объектісі – адам.

  • Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауапкершілікте.

  • Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі.

  • Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу лгісі. Ол жоғары адамгершілік идеалы.

Педагогикалық этиканың категориялары

  • кәсіби парыз

  • педагогикалық әділеттілік

  • кәсіби ар-ождан

  • педагогикалық ар-намыс

  • педагогикалық такт

  • жауапкершілік

  • ар-ождан

  • бедел

Педагогикалық этиканың негізгі принциптері

  • ізгілік принципі

  • педагогикалық оптимизм

  • педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық

  • азаматтық, патриотизм

  • тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу

  • профессионализм, шығармашылық

  1. Иландыру мен сендіру ықпал ету тәсілі ретінде.

Сендіру (Иландыру) — бір адамның мағынасыз түрде басқа адамның психологиясы мен қылығын белгілі дәрежеге өзгерту. Сендіру адамда қажетті қасиеттерді дамыту мақсатында, оның санасына, еркіне және сезіміне жан-жақты әсер ету.

Сендіру - 1) адамның өз көзқарасын өзгелерге қабылдатуға бағытталған іс- әрекеті. Сендіру адамның танымдық, сезімдік және ерік қасиеттерінің деңгейіне тікелей тәуелді;

  • 2) бір нәрсеге сенімділік;

  • 3) Баланың сана, сезім, тәжірибесіне бағытталған тәлімдік әсер әдісі;

  • 4) ақпараттық қабылдаудың белгілі бір кезеңі.

Сендіру өзін-өзі тәрбиелеудің және тәрбиелеудің негізгі тәсілі. Адам қандай да маңызды алдына қойылған бір мақсаттан бас тарту үшін немесе бір нәрсеге қатынасын өзгерту үшін ол ұстанған позицияның қате екенін сендіру қажет және ішкі күрес ішкі қарама-қайшылықтарды өзі және айналасындағылармен жағымды қарым – қатынас орнатып қана қоймайды, сондай-ақ адамның даму мүмкіндіктерін ашады.

Өзін-өзі сендіру – өз істерін түбегейлі саластырумен қатар, жаңа қатынастардың бекітілуімен де байланысты болуы мүмкін.

Өзін-өзі сендіру – ол өзімен-өзі айтыс-дәлелдерді және қарама-қарсы дәлелдерді ұсынып, ақылға салып көру және тағы басқалар. Ақиқатты орнату – өз іс-әрекеттерін  реттеуде оны басты идея ретінде ұстанады.

Өзін-өзі сендіру арқылы сана сезімін, түрлі құбылыстарға қатынасын және соңғы нәтижесінде өзінің шынайы мінез-құлқын өзгертуге болады.

Өзін-өзі сендіру, өзін-өзі тәрбиелеудің бірінші сатысында жағымды іс-әрекет мотивтерін бекіту үшін қажет деп ойлауға болмайды. Ол өзін-өзі тану, өзі тәрбиелеу, өзін-өзі бағалау тұлғаның жас ерекшелігіне байланысты туындайтын негізгі рухани қажеттілік. Өйткені өмірдің келесі сатыларында жеңу керек болатын қиыншылықтар мен санасында қалып қойған күмәндар оны жиі мазалайтын болады.

Өзін-өзі сендіру көбінесе, қоршаған ортадағы адамдардың сендіруімен байланысты қалыптасады, бекиді. Мұндай байланыстың екі жағдайы бар. Бірінші жағдайда педагог немесе ата-ана оқушының жалтақтауын байқап оны іс-әрекет жасауға немесе бір нәрсемен айналысуды жалғастыруға сендіріп соның негізінде ойлануға және өзін-өзі сендіруге итермелейді. Басқа жағдайда оқушының өзі өз дәлелдеріне сенімді болып өзінен үлкендерден немесе жолдастарынан өзі сенген нәрсесін мақұлдауға немесе жоққа шығаруды өтінеді. Осы кезде ол мәселенің мәнін, өзінің күмәндарын және дәлелдерін баяндайды.

Оқушы балаларға өзінің ойын және көңіл күйін білдіргісі келмей, өзін қызықтыратын сұрақты басқа адам атынан қойып, алған жауабы оны белгілі пікірдің дұрыстығына сендіреді.

АҚШ-та Шульц және Джекобсон өзін-өзі иландырудың тиімді шарттарын зерттеп, өзін-өзі иландыру бұлшық ет релаксациясы кезінде нәтижелі болады деген пікірге келген [3]. Өзін-өзі иландыру үшін ең жақсы уақыт ұйқы алдында және ұйқы қанғаннан кейінгі кезең. Дәл осы уақытта адам бұлшық ет релаксациясы күйінде болады.

Өзін-өзі иландыру сөздері өз атынан, келер шақта емес осы шақта бекітілген түрде айтылуы керек. Өзін-өзі иландыру кезінде бір сөзді бірнеше рет айтуы қажет: бірінші сеанста қатарынан 2-3 рет, ал 5 минуттан кейін тағы екі рет. Екінші сеанста сөздер 2 рет 2-3 минут үзілістен кейін және тағы сол сияқтылар. Мақсатқа жету үшін өзін-өзі иландырудың 4-6 сеансы қажет

  1. В.А. Сухомлинскийдің педагог сөзіне қоятын талаптары.

Педагогтың оқушылармен қалай сөйлесетіні оларды қалай түсінетіні, олардың ойлау әрекетін бағыттауы, бағалауы үлгірім мен тәрбиелік ықпалға ерекше әсер етеді. Педагогтың қызметі - сыныпта қолайлы психологиялық ахуал тудыру, материалды оқушылардың мүмкіндігінше меңгеруіне қол жеткізу, тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру.

Мынадай ситуацияны көз алдымызға елестетейік. Mұғалім сыныпқа кірді. Балалар 5-шi сабақтан кейін шаршап отыр. Үй тапсырмасын тексеруге ұзак дайындалып жатыр, біреудің тіпті дәптері де жоқ. Педагог бұнда тұтас сыныпқа, немесе тапсырманы орындамаған оқушыларға ескерту жасауына болады. Cөгic, ашулы дауыс, үзілді-кесілді сөздер балаларға жағымсыз әсер етіп, олардың белсенділігін, әңгімеге қатысу тілегін, жауапты толықтыру, мысал келтipy және т.б. ұмтылыстарын төмендетуі мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім жұмыс жасау ахуалын тудыра алмайды. Сыныппен дұрыс қарым-қатынас орната алмас еді.

Ал бұл ситуацияда тәжірибелі шебер мұғалім шыдамдылықпен оқушылардың кітап, дәптерлерін алып шығуларын күтіп, егер бip-eкi оқушы тапсырманы орындамаған болса, тұтас сыныпқа «нотация» оқымай (олармен соңынан бөлек әңгімелеседі), оқушыларға қызықты тапсырма беруді ойлар еді. Әpбip сұрақты жан-жақты ойластыра отырып, мұғалім олардың белсенділігін құптайды. Сабақ оқушылар үшін де, педагог үшін де жеңіл әpi тиімді өтер еді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдану, теориялық дайындықтан басқа мұғалімнің оқушылармен тіл табыса білyi де маңызды. Сондықтан, оқушыларға бағытталған сөз салмақты, байсалды болғаны жөн. Мұғалім сөзі дөрекі, тіл тигізуші болмауы дұрыс. ВЛ.Сухомлинский былай жазған: «Байқаныз! Сөзіңіз өмip бойы тыртығы қалатын нәзңк тәнге тиген қамшыдай болмасын...Егер сөз шын жүректен шығып, шынайы болса ғана, сөзде өтірік, тepic түсінік, «ұрсу», «cөгic беру» тілгей болмаса ғана, сөз жасөспірімнің жүрегін қорғайды және сақтайды...Педагог сөзі ең алдымен жұбатуы керек»

Mұғалім cөзi оқу-тәрбие жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ауызша сөйлеу шеберлігі, балалардың назарын өзіне аудару және ұстау іскерлігі, сендіру, қызығушылығын ояту іскерлігі, көңіл-күйіне әсер ету - бұл қасиеттерсіз мұғалімді елестету мүмін емес.

В.А.Сухомлинский сөздің маңызын былайша керсетеді «...Сөз - адамның мінез-құлқының өте нәзік салаларына өз әсерін тигізуге қабілеті бар өте жіңішке пышақ. Оны дұрыс қолдана білу іскерлігі - ұлы өнер. Сөз арқылы жан сұлулығын тудыруға болады, Kерісінше, сөзбен оны бүлдіруге де болады. Ендеше, тек сұлулықты тудыратын іскерліктерді меңгерейік»Сонымен қатар В.А.Сухомлинскийдің пайдалы ақыл- өсиеттерін, соның ішінде жан- дүниенің теңдестік тәрбиесі туралы: жабырқаудың өсіп- өнуін, бөгде адамдардың кемсітулерін болдырмау; әзіл- қалжыңға сүйену, оптимист, ықыласты болу. Осындай қасиеттердің шарты мынадай: өзіндік мамандықтың әлеуметтік рөлінің тереңдігін ұғыну, міндет сезімін дамыту, педагогикалық ұшқырлық, эмоционалды қайырымдылық, сонымен қоса өзін- өзі иландыруда адекватты және өзіндік талдау жасауға ұмтылу. Осының бәрі психофизиологиялық өзін- өзі реттеушіліктің амалдары тұлғаға бағытталған жалпы қалыптасумен тығыз байланысты. Қыздар апай берген материалдарда осы ғана.

  1. Педагогикалық этика.

Педагогикалық этика (әдеп) - моральдің (ізгіліктің) тұтас педагогикалық процесс жағдайында қызмет етуінің ерекшелігін білдіретін этиканың құрамды бөлігі; мұғалімнің адамгершілік іс-әрекетінің әрқилы аспектілері туралы ғылым. Педагогикалық этика пәні - әдептің педагог санасындағы, мінез-құлқындағы, қатынастары мен іс-әрекетіндегі көріністердің заңдылықтары.

Этика – мораль туралы ғылым. «Этика» терминін б.з.б IY ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы ілім деп көрсетті.

Кәсіби этика – еңбектің моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.

Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:

  • Еңбек объектісі – адам.

  • Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік жауапкершілікте.

  • Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық жағынан күрделі.

  • Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу лгісі. Ол жоғары адамгершілік идеалы.

Педагогикалық этиканың категориялары

  • кәсіби парыз

  • педагогикалық әділеттілік

  • кәсіби ар-ождан

  • педагогикалық ар-намыс

  • педагогикалық такт

  • жауапкершілік

  • ар-ождан

  • бедел

Педагогикалық этиканың негізгі принциптері

  • ізгілік принципі

  • педагогикалық оптимизм

  • педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық

  • азаматтық, патриотизм

  • тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу

  • профессионализм, шығармашылық

  1. Педагогикалық еңбектің көрнекті шеберлері

Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді. 1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды. Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко “тәртіп” және “режим” ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды. Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы болды. Педагогтар жиі айтатын: “Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның табиғаты аңғарылады деді”. Макаренко оған қарсы болды, балалар өзін-өзі ұстай білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға тиіс.

   Макаренко “еркін тәрбие” теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды жазалау мәселесінде айтқан “жазалау құлды тәрбиелейді” деген қағидасын қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады. Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық, жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін мойындауы қажет. Оның “Педагогикалық дастаны” көптеген шет тілдерге аударылды.

Дидактикалық - әдістемелік бағыт Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады.Оның «¥лы дидактика» еңбегінде жазылған дидактикалық принциптерін ұсына келіп, оқушылар өз бетінше істейтін белсенді әрекетін ұйымдастыру және оқыту, мұғалім мен оқушының әрекетін талдау мәселелерін қарастырады.Бүл бағыт бірнеше ғасырлар бойы жалғасын тауып, одан әрі дамыды.Бұл Ж.Ж.Руссоның, И.Г.Песталоццидің, А.Дистервергтің еңбектерінде дами түсті.

Психологиялық- дидактикалық бағыт К.Д.Ушинский,Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алады.Оқушылардың өзіндік әрекеті тек қана оқытудыңпедагогикалық әдістері мен құралдары төңірегінде ғана емес, сондай - ақ зерттеу нысаны ретінде танылуымен сипатталады.

  1. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі

Құзыреттілік дегеніміз-ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінд айқындалатын,тұлғаның кіріктірілген қасиеті.Педагогикалық құзыреттілік- педагогтың жеке мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес және тиімді шешуге ықпал етеді.Ғалым В.А.Мижериков бойынша, педагогтың педагогикалық құзыреттілігі-дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігі.Педагогикалық құзыреттілік-педагогтың кәсіби көрсеткіші; педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі»арқылы,іс-әрекеттерді меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.

М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:

• тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті

• қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі

• қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы

• практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті

• нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі

• тиімді шешім кабылдау қабілеті

Білім – адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, біздің жағдайымызда, ол – педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол себепті біз «адамды» оның өмір сүру барысында өзгере алатын, оған өзінің әлеуеті жететін ашық жүйе ретінде қарастырамыз. Ал ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат

  1. Педагогикалық такт педагогтың кәсіби сапасы ретінде

Педагогикалық такт – мұғалімнің салмақты, байсалды мінез-құлқынан көрініс табады.

Педагогикалық такт деп біз мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психо-физиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айтамыз. Педагогикалық тактінің ең негізгі компонеттерінің бірі - оқушының ұжданы мен абыройын сақтай білу, оның психолгиялық көңіл күйін байқау, соған байланысты қатынас жасау, керек уақытында оқушыға сену және әрбір жағдайға байланысты талапты дұрыс қоя білу т.б. Педагогикалық тактінің ішінде ең бір негізгі орын алатын мәселе – оқушының еріктілігіне шек қоймай, оған, өз мүмкіншілігінше, қабілетін дамытуға жағдай туғызып, көмектесу болып есептеледі. Педагогтің ең негізгі мақсатының бірі - әрбір баланың ерекшелігін, қайталанбайтын өзіндік жақтарын байқап, оның дамуына қазіргі педагогикалық ғылымның жетістіктерін қолданып жағдай жасау. Ал , бұл сияқты күрделі де құрметті жұмысты іске асыруда педагогикалық тактіні сақтай білудің ерекше маңызы бар.

  1. Өзін-өзі тәрбиелеу- педаготың кәсіби шеберлігінің қалыптасуының құралы ретінде.

К.Д. Ушинский өзін–өзі тәрбиелеуде мына «ережелер» көмектесті дейді:

1) Салмақты болу;

2) Сөзде де, істе те тура болу;

3) Ойланып әрекет ету;

4) Тәуекелдік;

5) Өзі туралы қажет болмаса айтпау;

6) Санасыз бос уақыт өткізбеу;

7) Тек қажетті және жағымды істі жасау;

8) Әр кеш өз іс-әрекетің туралы есеп беру;

9) Ешқашан өткен іспен, болғанға, болар іспен мақтанбау.

Өзін–өзі білімдендіру мен өзін–өзі тәрбиелеудің тағы бір жолы – жұмысты жоспарлау. Ұзақ уақыт бойына және қысқа уақытқа іс-әрекетті бөліп жоспарлау керек.

Педагогтың кәсіби жоспарына мына-лар кіреді:

- мәселелер мен қарама–қайшы-лықтарды айқындау;

- мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, оны жүзеге асырудың жолдары мен құрал-дарын анықтау;

- әдістемелік және диагностикалық инструментарияны өңдеуді жоспарлау;

- күтілетін нәтижені болжау.

Педагог өзін–өзі тәрбиелеуде алдына мақсат қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын білуі керек. Ол үшін, жоғарыда айтып өткендей, өзін–өзі танудың маңызды әдісі – өз тәжірибесінің жағымды және жағымсыз жақтарын талдау қажет. Енді бір жолы – басқалармен салыстыру.

  1. Педагогикалық шығармашылық педагогикалық шеберліктің даму факторы ретінде.

Шығармашылық - сапасы жағынан жаңа қайталанбаушылығымен, біртумалығымен және тарихи-қоғамдық бірегейлігімен ерекшеленетін әлдебір қызмет туғызушы .Шығармашылық, тұлғада жаңалығымен ерекшеленетін өнім алу үшін қажетті мотив, білім және біліктілігілің болуын ұйғарады.Шығармашылық ұғымы екі аспектіде қарастырылады: бірінші бұрын белгісізді, жаңаны ашу және екінші - нақты жағдайда жақсы шешім қабылдау.Педагог шығармашылығының ерекшелігі оның объектісінің тұлғаның жасампаздығын қалыптастыруында. Педагогта әлдеқайда тиімді шешімдерді іздестіретін бағдар болады: оның проблеманы көре білу қабілеті болады, қайшылықтарды әшкерелеу, ал еліктеу, таңғалу, көкей көз, сезгіштік, қиял, елес сияқтылар педагог шығармашылығың белсенділендіру механизмі болып табылады.

Педагогикалық шығармашылығын дамуының келесі деңгейлері бөліп қарастырылады [23-25].

Кәсіби қалыптасу - бұл шығармашылықтың бастапқы (элементарлық) деңгейі, сынау және қателесу әдісімен орындалады.

Стихиялық өзіндік жетілдірілу , немесе жеке-әдістемелік деңгей - бұл бір жағынан жинақталған біліктілік кешенімен дағдылар, екінші жағынан - жеке әдіскерліктердің тәжірибесімен ұсыныстары практикаға енгізілген педагогикалық деңгей жоспарланған жетілдіру (рационализация). Бұл педагог өз жұмысының жүйесін жасауға әріптестерінің тәжірибелеріндегі әлеуметтелінің қолдана отырып құрастыруы.

Жұмыс нәтижесін оптималдау процесі - бұл тек жоспарлы түрде орындалатын творчества ғана емес, сонымен бірге педагогикалық процесті оптималдау принциптерін ескере отырып жүйелі орындалады.

Ғылыми - ұйымдасқандық - бұл шығармашылық еңбектің ең жоғары ұйымдастырылған түрі. Оның ерекшеліктері, педагогикалық қызметтің теориялық негізін идеялар мен принциптерді құрауы, сонымен қатар бұл деңгей эталон болып саналады, әрі оған өте сирек қол жеткізіледі.

Бұл жерде қарастырылған педагогикалық қызметтің шығармашылық деңгейлердің болуы шартты. Бір педагогта әр түрлі деңгейдің болуы мүмкін, сонымен қатар әр варианттың қилысуы да мүмкін.

Белгілі бір деңгейге шығу үшін, педагогтың төменде қарастырылатын шығармашылыққа дайындығы туралы айтылуы қажет:

үздіксіз білім алуына және өзіндік білім алуына;

педагогикалық қызметтің барлық мүшелерінің шығармашылық дамыту мүмкіндіктері, яғни педагогтың өзі және студенттері;

оқытушы еңбегін тиімді және ғылыми ұйымдастыруды қалыптастыру.

  1. Педагог имиджіне қойылатын талаптар.

Педагогикалық имидждің құндылықтық қызметтері:

Жеке тұлғалық көтерілім. Педагог тұлғаның айналасында тартымдылық қасиетін құрудың арқасында, ол адам әлеуметтік сұранысқа ие болады, өзінің ең жақсы қасиеттерін қысылып – қымтарылмастан алға тартады.

Жеке тұлғалық қатынастарды жақсы жағдайға келтіру. Осы қызмет арқасында адамдардың бір-біріне тартымдылығы ортақ ұнамдылық пен сыйластыққа әкеледі және осы арқылы адамгершілік төзімділіке қол жеткізіледі.

Психотерапевтік қызмет. Бұл қызмет мәні мынада, яғни өз жеке ерекшелігіне және өзгелермен тез ортақ тіл табыса алатындығына сенімді адамның көңіл – күйі әрқашанда көтеріңкі әрі ол адам әрқашан да өз - өзіне сенімді болады.

Имидждің технологиялық қызметтері:

Тұлға аралық бейімделу. Дұрыс таңдалған имидждің арқасында нақты бір әлеуметтік ортаға тез кірігуге, өзіне назар аудартуға және тез арада сүйкімді қарым – қатынастар орнатуға болады.

Ең жақсы жеке – іскерлік қасиеттер көрсету. Сәтті таңдалған имидж адамның ең жақсы қасиеттерін баса көрсетеді және онымен істес болған адамдар бойында жақсы сезімдер қалыптастырады.

Жағымсыз жеке қасиеттерді жасыру. Әртүрлі көз алдау технология-лары және сыртқы өзгерістер (мыс., киім стилі) көмегімен адамның жеке жағымсыз қасиеттерін сырт көзден жасырып ұстауға болады.

Имидж құрылымы:

- сыртқы бейне;

- вербалды және вербалды емес қарым - қатынасты пайдалану құралы;

- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.

В.В.Бойко имидж құрылымының күрделілігін ескере отырып, оны құрамына келесі компоненттер кіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады:

  1. Тұлғаның аудио-визуалдық мәдениеті: сөйлеуінің сауаттылығы мен жағымдылығы, өзін-өзі ұстау манері, киім киісі, шаш үлгісі және т.б. Сыртқы келбет көршіліктің немесе белгілі бір топтың ойынан шығу керек.

  2. Өзін-өзі ұстау стилі, яғни, өзін-өзі ұстаудың әр түрлі аспектілері: кәсіби, интеллектуалдық, эмоционалдық, коммуникативтік, этикалық, эстетикалық.

  3. Ішкі философия, адамның құндылықтар жүйесі: өмір жайлы не ойлайды, тапсырылған іс, бірге жұмыс жасайтын адамдар туралы ойы, оның принциптері.

  4. Тұлғаның статусын көрсететін атрибуттары – кеңседегі жиһазы, көлік, үй жануарлары және т.б.

Психогигиеналық «Мен- бейнесі»: серіктесінің психогигиеналық образының тартымдылығы, яғни, адам сырттай да, іштей де сабырлы, белсенді, жақсы көңіл-күйде, ниеті жақсы, оптимист

  1. Педагог абыройының өзіндік ерекшіліктері.

Бедел - тұлғаның немесе ұйымның қоғамдық өмірдің әр түрлі саласында көпшілік таныған өз саласындағы терең білімділігіне, құзыреттілігімен (компетенттілігімен) жетістігіне негізделген, сонымен бірге, тұлға әйгілігімен немесе әсерімен танымал.

Педагогикалық зерттеулерде нағыз және жалған бедел феномендері ажыратылып көрсетіледі, немесе қандай түрде болмасын зорлыққа негізделген жалан абыройдың көрініс алуы байқалады.

Жалған беделдің көптеген түрлері болатынын Макаренко айтқан. Басымшылдық беделі. Бұл террор бедел, барлық тәрбиелік әсерлер қорқытуға көргенсіз, дөрекі, жәбірлеуге бағытталған. Педагог үнемі өзінің өктемдігін, артықшылығын, демонстрациялай отырып, студенттерді үнемі жазаландыруы мүмкіндігі қорқынышта устайды.

Қашықтық бедел. Оқытушы өзінің тәрбиеленушілерін өзінен белгілі бір қашықтықта ұстайды, тек өте қажет жағдайларда өзінің басымдылық позициясымен байланысқа, қарым-қатынасқа кіреді. Студент пен оқытушы арасындағы дистанцияның болуы педагогтың жұмбақ және аз рұқсатты адам образын күшейтеді.

Әлдекімсу беделі. Оқытушының өзін бағалауы гипертрафикаланған, асакөтерумен көрінеді. Педагог әр бір адымында өзін ең құрметті, еңбегі сіңген қайраткер қызметкерлік дегейін қайталап отырады, өзінің қандай қабілетті екенін, оған қоршағандардың барлығы таңқалатынын, студенттерге және әріптестеріне менменшілдікпен, аямпаздықпен басынады.

Тақуа беделі. Педагогтың өз жұмысына бюрократтық келісімен байқалады. Ол үнемі әмір береді, олардың дереу орындалуын, мүлтіксіз орындалуын талап етеді және студенттер үшін оқытушының айтқан сөзі заң болады деп санайды. Бұндай педагог студенттер алдында қате жіберуден, жасқаншақтықтан қорқады.

Мейрімділік беделі. Бұл беделдің ең ақылсыз түрі. Бұл жағдайда оқушылардың илануы жұмысақтықпен, көнгіштікпен және тәрбиеленудің қайырымдылығымен қол жеткізіледі. Ол бәрін күйретеді, ол ештеңені аямайды, ол түрлі жан-жалдан қорқады, барлығы жақсы болуы үшін ештеңесін аямайды.

Беделдің достық, сатып алушылық, әдемілік, көңілсіз және т.б. түрлері де белгілі.

Педагог беделінің құрылымы. Субъект-субъект қарым-қатынастары толығырақ қарастырылып төмендегі компоненттерге бөлінген:

Кәсіби компонент: арнайы эрудиция, әдістемелік шеберлік, технологиялық әртүрлілік, әдістемемен пәнді оқытуды кіршіксіз білуі қажет.

Тұлғалық компонент беделдің қозғаушы күші болып табылады.

Әлеуметтік компонент

Рольдік компонент

Барлық компоненттер бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді.

Педагог абыройының беделінің қалыптасуында мынадай негізгі кезеңдерін бөліп көрсетеді:

Педагог - ақпарат көзі. Педагогпен оның оқушылары арасындағы қарым-қатынас педагогтың қажетті деректер көзі ретінде, тіпті кейде ол тұлға ретінде, оқушылар көзінде мағынасы жоқ сияқты оның жеке қасиеттерінің ешбір маңызы жоқ сияқты көрініске негізделген. Бұндай қатынастар ахуалдық болады, ол жеткілікті көлемде болғанда бұзылады.

Педагог - референт (жәрдемші). Қарым-қатынас басқаша орындалады. Педагогтың референттілігі студенттер үшін өмірлік және кәсіби өзіндік бағдар рөлін атқарады. Оның пікірі маңызды деп табылады да, оқытушы позициясынан қимыл-әрекет жасауға негіз болады.

Педагог - беделді тұлға. Педагогтің пікірі, іс әрекеті толықтай дұрыс деп саналады.

Беделді жеңіп алу және ұстап тұру - күрделі және күнделікті қажырлы еңбекті талап етеді. Сондықтан, педагогқа өзінің беделін тек үнемі ұстап тұру ғана жеткілікті емес, сонымен қатар рухани мінез-құлықтық өрлеуі қажет: өзінің студенттермен қарым-қатынасын талдау, өзінің мінезін сынай отырып ұғыну, күдігі мен көкіректілігін баса білу, кісілік қадір-қасиетін және педагогикалық намысын сақтау.

Жоғарыдағы мазмұндалғандарды қорыта отырып беделді педагогтың өзіндік портретін салуға болады (Бусыгина А.Л.).

Бірінші блокты педагогтың қабілеті, білімі, педагогтық дағдысы, жоғары деңгейлі интеллекті, кәсіби біліктілігі, студентпен дербес қатынас орната білуін қамтиды.

Екінші блокты қызметтің бағыттылығы мен мотиві, еліктеушілігі, әдістемешілігі, белсенділігі құрайды.

Портреттің маңызды штрихіне әділділік, жауапкершілік, принциптік, бірізділік сияқты педагогтың мінезінің сипаттары оның адамдар мен жұмыс істеуге селқосеместігін көрсетеді.

Енді бір блок - темпераментімен байланысты қасиеттері. Портретті суреттеу коммуникативті қасиеттерді жатырқамаушылық (сөлеткіш), әлеуметтік, сезгіштік, әдептілік тамамдайды.

Сонымен оқытушының беделі -оқу-тәрбие жұмысын табысты шешуге керекті шарттардың бірі. Бұл әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін салынған күрделі әлеуметтік феномен. Беделде педагогикалық қызметтін жалпы заңдылықтары және нақты жеке адамдардың ерекшеліктері бекітіледі; беделдің динамикалық жүйеге тән даму деңгейлері және қалыптасу кезеңдері болады; бедел педагог пен білім алушылар арасындағы қарым-қатынастың негізі, бұл осы қатынастардың көрінісі әрі соның өнімі

  1. Педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылықтың алатын орны.

Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін ұсынды:

1) гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешедқ

2) жобалаушылық, бұл – оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;

3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;

4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;

5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.

А.Н.Щербаков мұғалімнің іс-әрекеті жөнінде: «Кеңес мұғалімінің іс-әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмұны жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағыттылықты, тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалықтың заңдарын, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі еңбек» дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртұтас құрылым міндеттерін атқарады да, мұғалімнің тұлғасын сипаттайды.

Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:

1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;

2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;

3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, мазмұны мен құралдары, нәтижелері.

Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Педагогикалық шығармашылық үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» — деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

  1. Педагогикалық қарым-қатынас стилдері.

Педагогтардың қарым-қатынас стилдері:

  1. Авториталы стиль- бұл стилде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас тең дәрежеде емес, педагогиклық әсердің обьектісі ретінде қарастырады.Мұғадім шемімді өзі қабылдайды, оқушыладың жағдайын және олардың шешімдерін ескермейді.Бұл стилді ұстанған мұғалім өте қатал, талапшыл,өзі айтқанаын екі етпей орындатуды қалайтын, оқушылардың өз ойы мен пікірін ескермейтін болып келеді.

  2. Демократиялық стиль. Оқушы қарым-қатынастағы тең серіктес, бірігіп білім іздеудегі әріптес ретінде қарастырылады. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды, оқушылардың тек оқу үлгерімін ғана емес, сондай-ақ олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады. Әсер ету әдістеріне әрекетке түрткі болу, кеңес, өтініш жатады. Басқарудың демократиялық стилін ұстанған мұғалімдердің оқушылары байыпты қанағаттану, өзін-өзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Осы стильдегі мұғалімдер өзінің психологиялық іскеріктеріне көбірек назар аударады. Мұндай мұғалімдер үшін үлкен кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.

  3. Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық-ты, толқуды көрсетеді. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қақтығыстар байқалады»

Педагогикалық стилдің Кан-Калик ұсынған түрлері:

  • Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке негізделеген қарым-қатынас стилі

  • Достық қарым-қатынасқа негізделген стил

  • Дистанция стилі

  • қорқыту мен жарамсақтану қарым-қатынас стилі – оның өзі педагогтың кәсіби кемеліне жетпегендігін көрсетеді.

  1. Жас педагогтардың бойындағы кемшіліктер

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар.

Біріншіден, мұғалім жеке көқарасы бар және қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Осындай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар- ожданың үнемі қорай алады.

Екіншіден, мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде пайдалана білетін болуы керек. Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ берсе де, ол баланың өмірінің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге дайын болуы керек.

Әр мұғалімнің педагогикалық басты заңдылық. «Адам өзінің шаруашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқып, тоқу керек. «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды.

Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандарты оқулықтарды пайдалану, ақпараттарды көбейту, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысының өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан- жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.

Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге де шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін.

Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып. Ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлға айналуы керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тоқтасақ, әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика мен этнопсихология негіздерін меңгеріп, өз ісінде инновациялық әдістерді пайдалануы қажет – ақ. Сонда ғана ұстаз ұлағатты атқа лайық бола аламы

Жас ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар

 

Жас ұстаздардың кәсіби шеберлігің қалыптасуына әр түрлі бақалаулардың, тексерулердің пайдасы бар. Бақылаулар мен тексерулер әр түрлі болып келеді. Олар, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді.

1. Мектеп басшыларының әкімшілік тарапынан бақылау- тексеру.

2. Озара бақылаулар мен тексерулер.

3. Өзін- өзі бақылау.

Әкімшілік тарапынан бақылау- тексерудің бірнеше түрі болады. Олар: арнаулы  бақылау. Белгілі бір тақырып бойынша бақылау, үйретіге қажетті деген мәселелерді анықтау үшін бақылау, біліктігін бақылауүшін ұйымдастырылатын бақылау,мұғалімінің өсу деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау.

Арнаулы бақылалар мен тексерулер.

Арнаулы бақылау жұмыстарды жоғары орындардан келген нұсқауларға, бұйрықтарға байланыстыф өткізіледі. Ол оқушылардың білім сапасын пәндер бойынша тексеруден өткізу арқылы мұғалім жұмысындағы ғылыми әдестімелік сипаттағы істердің дұрыс бағытта жүргізілу дәрежесін анықтауды мақсат етеді. Егер бұл жұмыс нәтижелі болмаса, мұғалім жұмысында кемшіліктер бар деп есептеліп, оны қалпына келтірудің шаралары көріледі. Мұндай байқалаулар не бір мектепте, не біренеше мектепте бір саладан өткізілуі мүмкін.

Белгілі бір тақырып бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау- тексеру

  1. Педагогтың кәсіби өсуі дегенді түсіндіріңіз.

Кәсібилік – ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кез–келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін–өзі білімдендіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қа-лыптасуға аса қажет.

Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын те-рең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – тол-ғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.

Ғалым Е.Н. Волкова педагог субъек-тілігінің құрылымының негізгі компонент-терін атап көрсетеді. Олар:

1) Белсенділік;

2) Рефлексияға кабілеттілік;

3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған жауапкершілік;

4) Субъектінің бірегейлігі (уникаль-ность);

5) Басқаны түсініп қабылдау;

6) Өздік даму.

Осы аталған компоненттерінің бар-лығы да педагогтың өзін–өзі білімдендіру үрдісінде ерекше орынға ие.

Өзін–өзі білімдендіру кәсіби өзін–өзі жетілдіру мен өзін–өзі тәрбиелеудің жетек-ші компоненті болып табылады. Өзін–өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педаго-гикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпыадамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін–өзі білімдендіру – оқытушының мА-ман ретінде өсуінің негізі.

19 ғасырдың ұлы неміс ғалымы, пе-дагог Адольф Дистервег (1790- 1866) педа-гогтардың білімі мен тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: «педагог өз тәрбиесі мен білімін жетілдіру бойынша жұмыс жасап жүрген кезде ғана басқа-ларды шынайы тәрбиелейді және білім-дендіреді» деп салмақты ой тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетіс-тіктерді күнделікті біліп отырмайтын педа-гог артта қалады деу аз болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қиындатады, педаго-гикалық ұжымның жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан–жақты зерттегендердің бірі. Ол былай деген еді: «мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді». Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына де-ген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Ал К.Д. Ушинскийді «орыс мұға-лімдерінің мұғалімі» деп текке атамаған болар. Олай болса, оның ой астары тереңде жатыр деп айтуымызға әбден болады. Осындай ой тастаған ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев. Ол: «Оқып, үйрену әрқашан керек. Барлық ұлы ғалымдар өмірлерінің соңына дейін оқытып ғана қойған жоқ, өздері де оқыды. Оқуды тоқтатсаң – басқа-ларды оқыта алмайсың. Білім күннен күнге өседі және қиындай береді» деген еді.

Өзін–өзі жетілдіруге деген ұмтылыс пен тәжірибе өзін–өзі тәрбиелеуге қажетті өзінің тұлғалық кәсіби маңызды сапаларын үш бағытта дамытуда саналы жұмыс жасау алғышартын құрайды. Олар:

- өзінің жекелікқайталанбас ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына бейімдеу;

- кәсіби құзыреттілігін әрдайым жо-ғарылатып отыру;

- әлеуметтік–адамгершілік және тұл-ғалық басқа да қасиеттерін үздіксіз дамыту.

Осы орайда Р.П. Скульскийдің «мұ-ғалімді мұғалім болуға үйрету керек» деген ой–пікірі тілге оралады. Яғни:

1. Жүйелі түрде әдістемелік біліммен қарулану, философия классиктерінің еңбектерін, өсіп келе жатқан ұрпақты білім-дендіру мен тәрбиелеу туралы мемлекеттік құжаттарды оқу.

2. Өз іс-әрекетінде психологияның және педагогиканың жетістіктерін, озық тәжірибені қолданып және өзінің ғылыми–педагогикалық зерттеуін жасай отырып, күш–жігерін мұғалімнің кәсіби педаго-гикалық функциялары жетік жүзеге асатын оқыту үрдісін жетілдіруге бағыттау.

3. Жүзеге асырылып отырған білім беру үрдісінің жағдайын, оның оқыту үрді-сінің жалпы даму тенденциясымен сәйкес-тендіре отырып, әрдайым талдау, бағалау критерийі ретінде өзінің мұғалімдік еңбе-гінің педагогикалық тиімділігінің аралық және соңғы көрсеткіштерін алу.

4. Өзінің педагогикалық әрекетін сол жүйеде оқу–тәрбие міндеттерінің мазмұнына қарай шығармашылықпен әртүрлі шешу үрдісі ретінде терең ұғыну.

5. Өзін–өзі білімдендіру арқылы өзінің кәсіби педагогикалық квалифика-циясын үздік жетілдіру, ғылымның жетіс-тіктерін оқу және оны тәжірибеде қолдану, сонымен қатар өзінің педагогикалық ізде-ністерінің нәтижелерін енгізу.

6. Барлық дидактикалық қағидаларды жетекшілікке ала отырып, өзін–өзі тәр-биелеу және өзін–өзі дамыту арқылы шы-ғармашылық әрекетке жетелейтін өзінде кәсіби–педагогикалық сапаларды қалып-тастыру, біртіндеп педагогикалық міндеттерді шығармашылық сипатта шешудің зерттеу біліктері мен тәсілдерін меңгеру.

  1. Озат педагогикалық тәжірибе ұғымын түсіндіріңіз.

Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек. Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.  Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

  1. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық әрекет

Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс–әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу–тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс–тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал, педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері.

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін, сондай-ақ қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын ескере отырып, әрбір адамға әлеуметтік талаптардың жиынтығы ретінде құрылады. Мақсатқа оралған түрде, бір жағынан, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен тырысулар, басқа жағынан, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылықтары мен күтулері бар. Тәрбиелеу мақсаттары мәселелерін зерттеуге үлкен күш жұмсаған әйгілі педагог А. С. Макаренко «үйлесімді тұлға», «адам-коммунист», және т. с. с. тәрбие мақсаттаының аморфты анықтамаларына қарсы шыққан.

Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.

Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін ұсынды:

1) гностикалық, педагогикалыќ жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешедқ

2) жобалаушылық, бұл – оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;

3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;

4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;

5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.

А.Н.Щербаков мұғалімнің іс-әрекеті жөнінде: «Кеңес мұғалімінің іс-әрекеті, ол қандай түрде болмасын, өзінің психологиялық мазмұны жағынан адамнан жоғары идеялылықты, айқын кәсіби бағыттылықты, тиянақты білім мен орнықты ықыласты, балалықтың заңдарын, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын білуді талап ететін күрделі еңбек» дейді. Осы сапалардың барлығы бірігіп біртұтас құрылым міндеттерін атқарады да, мұғалімнің тұлғасын сипаттайды.

Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында мынадай функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады. Олар:

1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;

2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, процесі және ұйымдастыру түрлері;

3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектіні, мазмұны мен құралдары, нәтижелері.

Педагогикалық іс-әрекет кәсіби, кәсіби емес те бола алады екендігін түсіндіруге талпыныс жасадық. Кәсіби емес іс-әрекет отбасында ата-ананың баланы тәрбиелеуі болып табылады. Бірақ, отбасында баланы оқытумен, тәрбиелеумен арнайы шақырылған педагогтар айналысуы мүмкін.

Педагогикалық іс-әрекеттің түрлері

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

Тәрбие жұмысы  –  жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

  • Тәрбиелеу

  • Оқыту

  • Дамыту

  • Қоғамдық

  • Әдістемелік

  • Ғылыми ізденіс

  • Ұйымдастырушылық

  • Өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік білім алу.

  1. Педагогикалық қабілет және оның мәні

Педагогикалық қабілеттер — мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере үйрете білу), коммуникациялық (қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

  1. Педагогикалық мәдениет педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі ретінде

Педагогтың кәсібилігінің бір шарты-мәдениет болса, «мәдениет» ұғымына анықтама беріп көрелік: «Мәдениет» термині латын тілінің «cultura» сөзінен аударғанда жерді өңдеу дегенді білдіреді.Мәдениет-адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.Педагогикалық мәдениет-жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі, онда білім беру мен тәрбиелеуді рухани және материалдық құндылықтары кең тұғыда көрініс табады, ол тұлғаны әлеуметтендіріу, ұрпақтар ауысуы тарихи процесіне қызмет көрсету үшін қажетті шығармашылық педагогикалық іс-әрекет тәсілдері болып табылады. Педагогикалық мәдениет педагогикалық теорияларды және практиканы, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды,педагогикалық іс-әрекеттегі тұлғаның шығармашылық өзін-өзі реттеу тәсілдерін меңгеру тәсілдері ретінде қарастырылады. Педагогтың мәдениеті-білім ошықтарында ғана емес, күнделікті жүріс-тұрысынан, өзін қац ортада болмасын ұстай білуінен,өзгелер қызығатын жан дүниесі бай,кең,көпшіл,білімді адамгершілігі мол,жан-жақты үйлесімді дамуы болып табылады.Е.В.Бондаревская және С.В.Кульнеевия,мұғалімнің жалпы базалық мәдениетін былай жіктейді:

- ақыл-ой және дене еңбегі мәдениеті

- өзін-өзі тәрбиелеу,өзіндік білім алу мәдениеті

- өзін-өзі ұйымдастыру мәдениеті

- тұрмыс мәдениеті

- қарым-қатынас және демалыс мәдениеті

Педагогтың ақыл-ой мәдениеті- педагогтың іс-әрекеті кезіндегі өзіндік ойлауы мен шығармашылық ойы және икемділігінің деңгейі:

Өздігінен білім алу мәдениеті-өзідігінен ілім алудың барлық құрылымдарының дамуы мен жетілуінің жоғарғы деңгейі;

Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті-педагог пен оқушының арасындағы адамгершілікті салалы қарым-қатынасы, оның мазмұнында сөз мәдениеті, сыртқы өзіндік мәдениет.

Педагогикалық кәсіби мәдениет- мұғалімінң әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білу және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа дамдармен ізгілік тұрғысынан қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.

Педагогикалық мәдениеттің компонентері төмендегідей:

  • Маұғалімнің балаларға қатынасындағы гуманистік ұстанымы;

  • Кәсіби мінез-құлық мәдениеті, өзін-өзі дамыту, өз іс-әрекетін өзіндік реттеу және қарым-қатынас іскерлігі:

  • Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

  • Психологиялық –педагогикалық құзыреттлік және педагогикалық ойлауды дамыту;

  • Ғылыми эрудиция,құндылық бағдар;

  • Пәні бойынша білімді болу, педагогикалық технологияны меңгеруі;

Сондай-ақ , педагогикалық мәдениеттің компоненттері быйлайша, жіктеледі: аксиологиялық, технологиялық, эвристикалық,тұлғалық.

Аксиологиялық компонент- педагогикалық еңбектің құндылықтары меңгеру және қабылдаудан тұрады:

  • Кәсіби педагогикалық білім мен дүниетаным

  • Педагогикалық ойлау және рефлекция

  • Педагогикалық такт және этика

Технологиялық компоненттің құрамдас бөліктеріне жатады:

  • Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру,жоспарлау туралы білім, іскерліктер;

  • Педагогикалық ойлау;

  • Педагогикалық іскерліктер;

  • Педагогикалық техника;

  • Педагогтың өзін-өзі реттеуі;

Эвристикалық білім беру іс-әрекеті төмендегілермен сипатталды:

  • Мұғалімнің тұлғалық білім беру потенциалы, жеке ерекшелктері, мотивтері, мақастары;

  • Мұғалімінің іс-әрекетіне сәйкес жаңа білім беру өнімін жасап шығаруына әкеледі.

Педагогикалық мәдениеттің тұлғалық компоненті педагогикалық іс-әрекеттері орындаудағы педагогтың өзінің қажеттіліктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын іске асыру барысында көрінеді. Тұлғалық компонент өзін-өзі ұстау, кәсіби этикет, сөйлеу мәдениеті, киіну мәдениеті сияқтылар.

31.Шебер педагогтың педагогикалық портретін құрастырыңыз.

Қазіргі   заманғы   педагогтың, айрықша шеберлік белгілері: ұдайы өзін-өзі жетілдіру; өзіне-өзі сын тұрғысынан қарау; білімдарлық және жоғары еңбек мәдениеті болып табылады. Қазіргі   заманғы   педагогтың психологиялық белгілері: Салмақты, байсалды, өз-өзіне сенімді болу. әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау. өз-өзін қабылдау өз-өзіне баға беру жауапты болу керек Ұйымдастыру қабілеттер - бұл, біріншіден, оқушы ұжымын ұйымдастыра алу, біріктіру, маңызды мәселелерді бірігіп шешуге бағыттау қабілеттері болса, екіншіден, өзінің жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу қабілеттері болып табылады. Коммуникативті қабілеттер- оқушылармен тіл табыса алу, оқушыларды түсіне алу, олармен қарым-қатынас орната алу қабілеттері жатады.

32.«Мәңгілік және шығармашылық кәсіп» атты шығарма жазыңыз.

Қоғамдық өмірде көрініс тапқан сан-салалы сапалық өзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді өз істеріне сын көзбен қарауға итермелеуде. Өйткені, оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-өнегесі арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі мол мәселелерді шешу педагог мамандардың алдына зор міндеттер жүктейді.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында: «Педагог кадрларды қазіргі заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз жетілдіру – мұғалімнің шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық жоғары әзірлігі болып табылады»-деп атап көрсетілген. Мұғалім әрбір баланың өзіне ғана тән дара ерекшелігін білгенде ғана, жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Жоғары жетістікке жету үшін педагогикалық талант болуы қажет пе? Бірақ, әр мұғалім өз ісінің шебері бола алады, болуы тиіс те.

Педагогикалық мамандықтың пайда болуының объективті негіздері бар. Жас ұрпақ аға ұрпақтың сан ғасырлар бойы жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін шығармашылықпен игеріп, оны пайдаланбаса, қоғам одан әрі дамымас еді.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непомняшая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман-уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек

33.Дәстүр және инновация қазіргі педагог іс-әрекетінде қандай көрініс табады талдау жасаңыз.

Педагогикалық инновация мәселесін жан-жақты талқылап зерттеушілердің бірі – югославиялық педагог-ғалым К.Ангеловски. Зерттеуші мұғалімнің жаңашылдығына қандай әлеуметтік факторлар әсер етеді, жаңашылдыққа мұғалімдердің көзқарасы қандай, оның мұндай іс-әрекетке қатысуы немен белгіленеді деген сұрақтарға жауап іздейді. Ғалым «Учителя и инновации» деген еңбегінде инновация термині экономика немесе техника ғылымдарынан педагогика саласына келуі мүмкін, бірақ бұл терминнің нақты қайдан алынғанын анықтау аса маңызды емес дей отырып, инновацияға жақын туыстас ұғымдарға тоқталады.

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді.

Инновациялар классификациясы негізінде білім беру мекемелердің қызметіндегі туындайтын саналы педагогикалық ой-идея жүйесі жатыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмекетеседі.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда, кәсіби шеберлігін арттыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рөл атқарады:

        Мұғалімнің оқушы білім сапасының мониторингісін жасауы, өз іс-тәжірибесіндегі дидактикалық қиындықтарды, кемшіліктерді көре алуы және оны болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі;

        Мұғалім өз жұмысына сын көзбен қарауды үйренеді, өз жұмысын, педагогикалық іс-әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне-өзі баға береді;

        Жоғары кәсіби деңгейі қалыптасқан шебер-мұғалім өзінің төл инновациялық педагогикалық технологиясын ұсынуы мүмкін.

Қосымшада мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттырудағы инновациялық іс-шаралардың үлгі-жоспарлары берілді.

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

        оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

        оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

        жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

        оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.

34.Педагогтың сөзін жетілдіруге арналған ұсыныстар беріңіз.

Педагог тілі – балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Педагогтың сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Жас шамасына қарай әр сыныптағы балалар өз педагогтарымен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Педагог балалардың ойындарын ұйымдастырады, программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциялының мүмкіндігі түгелімен педагогтың сөзінің сапасына байланысты. Педагог үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру – бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру – болашақ әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс. Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады. Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен: Адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан; Сөз үйлесімін дұрыс құрмауынан; Сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан; Сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе деректі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б. Сөйлеу мәдениетіне ие болу – бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз. Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілінің сезінуіне немесе тілдің сезгіштігінің қаншалықты дамығандығына байланысты. Жоғары тіл мәдениеті деп стильді түсініп, игеруді атайды. Сондықтан болашақ педагогтар әдеби тілдің стилі туралы ең болмаса жалпы түсінікті, яғни адамдардың қай жерде, кіммен, не туралы сөйлескеніне байланысты өз сөзін қалай реттеп отыратындығын білгені жөн.

35.«Бүгінгі мұғалім...Ол кім?» атты сауалнама құрастырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]