Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОНФ.ЕМТИХАН.Дика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
197.2 Кб
Скачать

34.. Оқушылар арасында конфликтілік жағдайда оның алдын алу жұмыс шараларын корсетіп , талдаңыз

Д.П.Зеркин пікірінше, «кикілжіңді алдын-алу оны бол-жауды»

білдіреді. Мүмкін болатын кикілжің жағдайды негіздеп оның

алдын-алу мақсатында әрекет еткеніміз жөн. Психология және

педагогика теориясы мен практикасында бұл мәселе

зерттелгенімен оның іс жүзінде қолданылмауы немесе оған баса

мән бермеушілік қарама-қайшылық тудырады. Осыны жүзеге

асырудың жолдарын іздестіру зерттеу мәселесінің өзектілігін

тудырады.

Оқушылар арасындағы конфликтік жағдайдың алдын алу:

  • Дұрыс қарым-қатынас орната беру;

  • Оқушымен қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер

  • айтпау;

  • Қиын,қыңыр,қырсық оқушылармен жеке-дара қарым-

  • қатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолы-

  • психологиялық ойындар, тренингтер,т.б

Конфликтілердің алдын-алудың келесідей ұйымдастыру –басқару факторлары болады.

- құрылымдық- ұйымдық шарттары ұйымдық және әлеуметтік топтардың құрылымдарын шешілетін мәселеге сәйкес кезеңмен келтірумен байланысты. Ұжымның формалды және фармалды емес құрылымының максималды түрде сәйкес болуы қайшылықтардың төмендеуін қамтамасыз етеді;

- Функционалдық ұйымдық шарттар – ұйым және қызметкерлердің құрылымдық элементтер арасындағы функционалдық өзара байланыстарды оптималдау;

- тұлғалық-функционалдық шарттар- тұлғаның өз дәрежесіне сәйкес келетін максималды талаптарына сәйкес келу принципін ескеру;Қызметтің кәсіби, адамгершілік өзге де психологиялық және физикалық сапаларға сәйкес келмеуі басшымен, бағыныштымен, қызметтестермен конгфликтінің пайда болуына әкеледі;

- ситуациялық басқару шарттары – оптималды басқару

35.. Оқушыларға конфликтілік жағдайда кеңес берудің ережесін құрыңыз

- Өзгелердің жағдайын түсінуге тырысу, назар аударуы

- Қарым-қатынасқа бейімділік, жылы шырайлылығы

- Әдептілігі, сыпайылығы

- Дұрыс ақыл-ойымен басқаруы

- Жарқын жүзділігі

- Шыдамдылық, төзімділік

- Үлкен жауапкершілікті сезуі

- Әр түрлі жұмыстарды толық орындау қабілеттілігі

- Әрекеттегі ұқыптылығы

- Жұмыс барысындағы ұқыптылығы және реттілігі

- Өз ойын еркін айтуға қабілеттілігі , есте сақтауы

- Өзгелерді оқытуға қабілеттілігі

- Бейтаныс адамдарға қамқорлық жасай білу

- Оқушыларға үнемі психологиялық, эмоционалдық қолдау көрсету;

- Қарым - қатынаста жаңа позицияны қалыптастыру, эмпатияға қабілеттіліктерін дамыту;

36.. Мұғалім-ата-ана, Ата-ана- оқушы арасындағы конфликтілік жағдайдың негізінде әр-түрлі факторлардың әсер етуі жиі болады. Осы бағытта педагог-психологтың реттеушілік қызметіне мысал келтіріңіз

Қазіргі Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық және рухани-өнегелік қатынастарды қайта құру, ең алдымен әлеуметтік интситут ретінде отбасына әсер етті де өскелең ұрпақ тәрбиесі, балалардың эмоциялық қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету тәрізді аса маңызды бірқатар міндеттердің дұрыс атқарылмауына келіп тірелді. Аталмыщ ахуал отбасына әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттігін шарт етіп қоюда.

Реттеушілік қызмет:

  • көпбалалы отбасылардан шыққан жасөспірімдерді әлеуметттендіру үдерісінде ата-ана тарапынан жасөспірім шақтың проблемалары туралы білмеуі, көңіл бөлудің жетіспеушілігі, жұмысбастылығына байланысты жасөспірімнің сүйіспеншілікке деген көзқарасының, өзінің басты қажеттілігін қамтамасыз ететін жағдайлардың бұзылуы мүмкін; көпбалалы отбасылар қоғамдық бірлестігі ата-аналар мен жасөспірімнің бір-біріне қолдау жасау және бірге күйзелу үдерісін қамтамасыз ететін түрлі бірлескен шығармашылық қызметтерді ұйымдастыру негізінде проблемалық ахуалдарды еңсеруде қолдау көрсету, «ата-ана – бала» жүйесінде эмоциялық бірге күйзеліс жағдайын жасауға бағтталған ахуалдың реттілігін құрастыру.

  • Тәрбие мен тұлғаны дамыту әлеуметтік-педагогикалық ситуацияның анализінің негізінде жоспарлау және бағдарлау;

  • Тұлғаның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуі үдерісінің перспективасын анықтау.

  • Алдыңғы өткен уақыттағы өзі жүргізген негізгі нақты анализ нәтижесін жоспарлау.