Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
302.33 Кб
Скачать

58. Қр зейнетақы жүйесіндегі реформаға талдау жасаңыз және зейнетақыны тағайындау және мөлшеріне тұжырымдама жасаңыз

Зейнетақы– азаматтарға белгілі бір жасқа толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да реттерде берілетін тұрақты ақшалай төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады.

Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемл. емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.[1] [2]

Бүгінде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш дәрежелі жүйесі қалыптаскан:

бірінші дәрежесі — мемлекеттік негіздегі зейнетақы;

екіншісі — міндетті зейнетақы жарналары есебінен болатын ортақ жүйе мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан тұратын зейнетақы;

үшіншісі — ерікті және кәсіби зейнетақы аудару есебінен қосымша төлеу.

2005 жылы Қазақстанның барлық азаматтарына үш мың теңге мөлшерінде мемлекеттік негіздегі зейнетақы енгізілді. Бұдан әрі негізгі зейнетақы төлеу мөлшері республикалық бюджет туралы заңда қарастырылатын болады. Келешекте негізгі зейнетақы дәрежесін күнелту минимумы дәрежесіне жақындату жоспарлануда. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жуйесі — көсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ерікті ақша аудару есебінен зейнетақы төлеу дегенді білдіреді. Жеке жинақталган жүйе — нақты зейнетақы қорындағы өзінің жеке есебіне табыстарын аудару арқылы әрбір азаматтың зейнетақы сомаларын қалыптастыруы

Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады. Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді (жинақтаушы зейнетақы корларға) жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатьш жеке тұлғалар жүзеге асырады. Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді. Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақталу зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде зейнетақымен қызмет көрсететін әр түрлі фондалар бар.

Реформа мезетінен қазіргі уақытқа дейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптері болып:

зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу;

зейнетақы каржы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарды жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;

азаматтарды белгіленген зейнетақының аз мөлшерімен қамтамасыз етуге тікелей мемлекеттік кепілдік беру;

зейнетақы және басқа әлеуметтік қамтамасыз ету формаларына шек кою;

зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастағы әр азаматтың қатысуы міндеттілігі;

енбекке қабілетті азаматтардың қартайған шағында өздерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне жеке жауапкершілігі;

жинақтаушы зейнетақы қорларына ақша салудың қауіпсіздігі мен сақталуынын халықка тиімділігі;

жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақыға азаматтардың мұрагерлік құқығын қамтамасыз ету;

әр азаматтың өз еркімен қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілу кұқығы;

азаматтардың зейнетақысын сақтауы инвестиция арқылы экономикаға қосқан үлесі болып табылады.

Мемлекет мемлекеттік жинақтаушы қорда зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Зейнетақылық жинак каржыларының колсұғылмай сақталуын түрлі шаралар жүйесі аркылы камтамасыз етеді, атап айтканда, жинақтаушы зейнетақы корларының зейнетақы жарна- ларын түсіру және зейнетақылық төлемдер төлеу жөніндегі қызметін лицензиялау жолымен жүзеге асырады; жинақтаушы зейнетақы корларының жылдық каржылық есептерін міндетті түрде аудиторлық тексеруден өткізу аркылы жасайды, жинақталған зейнетақылық каржыларды алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара сақтандыру жолымен де және тағы басқалай төсілдермен жасайды. Салымшылардың зейнеткерлік шарттар жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын дербес таңдап алуға, зейнетақылық қаржы жинактарының жағдайы туралы акпараттар алуға құқығы бар.

Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз — қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарды, сондай-ақ балалы отбасыларды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жүйесі. Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар ұолданады. Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз — адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы. Зейнетақы дегеніміз — азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем.

2017 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 12 802 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 28 148 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 24 459 теңге.

2016 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 11965 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 25 824 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 22 859теңге.

2015 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 11182 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 23692 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 21364теңге. 

2014 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 9 983 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 20 782 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 19 966теңге. 

2013 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 9 330 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 19 066 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 18 660теңге. 

2012 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 8 720 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 17 491 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 17 439теңге. 

2011 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 8 000 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 16 047 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 15 999теңге. 

2010 жылға зейнетақы төлемдерінің мөлшері

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi (МБЗ) – 5 981 теңге.

Зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 12 344 теңге.

Базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 14 952теңге

орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;   Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;

Орталықтан зейнетақы төлемдерi:        1998 жылғы 1 қаңтардан бастап - еркектерге 61 жасқа толғанда, әйелдерге 56 жасқа толғанда;        1998 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 61,5 жасқа толғанда, әйелдерге 56,5 жасқа толғанда;        1999 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62 жасқа толғанда, әйелдерге 57 жасқа толғанда;        2000 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 62,5 жасқа толғанда, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;        2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - еркектерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда тағайындалады.       2. Төтенше және барынша радиациялық қатерлi өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл тұрған азаматтар "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес:        еркектер - жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;        әйелдер - жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.       3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.       4. Орталықтан жасына байланысты зейнетақы төлемдерi толық көлемiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:       1) еркектерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 25 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi;       2) әйелдерге 1998 жылғы 1 қаңтарда кемiнде 20 жыл еңбек стажы болғанда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметiнен босатылған кезiнен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.       5. Толық емес көлемдегi жасына байланысты зейнетақы төлемдерi осы баптың 1-тармағында аталған азаматтар санаттарына олардың 1997 жылғы 1 қаңтарда нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы болмаған жағдайда және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн қызметтен босатылған кезiнен бастап тағайындалады.       6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегi төлемдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретiнде есептеледi. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшiн еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезiне дейiнгi қызметi осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледi.

Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру қазіргі уақытта ынтымақтастыққа негізделген және жинақтаушы жүйелер механизмдерін бірге қамтитын үш сатылы жүйеден тұрады.

Бірінші деңгей – Бұл Қазақстанға КСРО тараған соң, одан мұра боп қалған және «ұрпақтар ынтымақтастығына» негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйесі, онда халықтың жұмыс жасайтын бөлігінің салық төлемдері мен басқа түсімдер есебінен құралған мемлекеттік бюджет зейнетақы төлемдерінің көзі болып табылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады. Қазіргі уақытта бұл деңгей шеңберінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақыға шығу сәтінде еңбек өтілі алты айдан кем емес адамдар үшін зейнетақы төлемдері қалыптастырылуда.  

Екінші деңгей – бұл Қазақстан азаматтары үшін ай сайынғы кірістен 10 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналары, Қазақстанда үнемі тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жұмыстар мен мамандықтар, өндірістер тізіміне енгізілген жұмыскерлердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы  жарналары белгіленген міндетті жинақтаушы зейнетақы қоры.   

Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтау жүйесі. ЕЗЖ көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдері бойынша анықталады. 

Осылайша, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысы бар халқына зейнетақыға шыққан соң өз кірісінің деңгейі үшін жауапкершілікке ие болу қажет, себебі олардың жеке зейнетақы шоттарында өздері қалыптастырған жинақтар зейнетақы төлемдерінің көзіне айналады.   

Әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз жинағын арттыруға және соның арқасында еңбек жолын аяқтаған соң өзіне көбірек кіріс қамсыздандыру мүмкіндігі беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]