- •7. Әлеуметтік-экономикалық әдісі, нормативті талдау, позитивті талдау және экономикалық-математикалық үлгілеу әдістеріне мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз:
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың атқаратын қызметтері:
- •29. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың түрлері мен қайнар көзін атаңыз және тұжырымдаңыз
- •30. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың атқаратын қызметтерін анықтаңыз және мәнін ашып көрсетіңіз (ұқсас сұрақтар)
- •45.Жалпы профильдік және арнайыландырылған әлеуметтік қызметтер экономикасына тоқталыңыз
- •46.Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің экономикалық іс-әрекетін түсіндіріңіз және әлеуметтік қызметті қаржыландырудың қайнар көзін атаңыз
- •48. Денсаулық сақтау мен осы бағыттағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлін сыни талдаңыз: Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері
- •3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері мен нысандары
- •4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және аитв/житс алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
- •56. Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қаңтарындағы «күн көріс минимумының» мөлшерін атаңыз. «Күн көріс минимумы» қалай және қандай құзіретті органдармен тағайындалатындығына түсіндірме беріңіз:
- •57. Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері мен оның экономикалық негізін анықтаңыз
- •58. Қр зейнетақы жүйесіндегі реформаға талдау жасаңыз және зейнетақыны тағайындау және мөлшеріне тұжырымдама жасаңыз
4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және аитв/житс алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
15. Әлеуметтік-медициналық қызметтер: 1) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) әлеуметтік-терапиялық жұмысты ұйымдастыру (бағалау, проблемаларды белгілеу, кешенді жоспар құру, жасын ескере отырып көмек көрсету және жағдайдың позитивті жаққа өзгеру мониторингі); 2) тұрмыста және қоғамдық жерлерде өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлық, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларын қалыптастыру; 3) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық білім негіздеріне үйрету; 4) ауыр науқастардың, жалғыз басты қарт адамдардың, мүгедектердің, мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың үйіне жиі барып көмек көрсету және үй жағдайында бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу); 5) пациенттерді әлеуметтік орталықтарға және қызметтерге жолдау үшін құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктер бойынша консультация беру және ақпараттандыру (жеңілдіктер, әлеуметтік төлеулер, жәрдемақы, өтемақы, алименттер алу, тұрғын үй жағдайын және басқа да жағдайларын жақсарту); 7) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету; 8) жұмысқа орналасу мәселелеріне көмек көрсету, емдеу және басқа да мекемелерге көмек көрсету; 9) еріктілерді ауыр науқастарға, жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, мүмкіндіктері шектелген тұлғаларға медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге даярлау және үйрету. 16. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер: 1) психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізу; 2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) жеке және топтық қолдау көрсетуге жағдай жасау; 3) жеке әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізу, интерактивті әдістер қолдану. 17. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: 1) әлеуметтік және шығармашылық бастамаларын қолдауды топшылайтын ұйымдастыру қызметтері, қоғамдық-құнды қызметті ұйымдастыруға көмек көрсету; 2) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер. 18. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер: 1) әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді айқындау мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды диагностикалау; 2) әлеуметтік-экономикалық патронаж және қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беру. 19. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: 1) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету және пациенттердің құқығын қорғаудың құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша пациенттерге тегін консультация беруге көмек көрсету; 2) медициналық қызмет көрсетудің әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша, денсаулық сақтау саласындағы құқықтар бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге көмек көрсету; 3) денсаулық сақтау саласында құқықтық мәдениетті арттыру, халықты құқықтық ағарту бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға көмек көрсету; 4) әлеуметтік, құқықтық және басқа да қоғамдық маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған пациенттердің азаматтық бастамаларын қолдау. 20. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: 1) пациенттің өмірлік жағдайын әлеуметтік диагностикалау, әлеуметтік-тұрмыстық өмір жағдайын зерделеу; 2) қиын өмірлік жағдайға душар болған тұлғаға (отбасына) тұрмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту және консультация беру. 21. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері. 22. Бос уақытты ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тарту.
5. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау, қайтадан қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының деңгейіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
23. Әлеуметтік-медициналық қызметтер: 1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны, жағдайын ескере келе, күтуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, соның ішінде санитариялық-гигиеналық қызмет (сүртіп алу, жуып алу, гигиеналық шомылдыру, тырнақтарын алу, шашын тарау) көрсету; 2) санаторийлік және оңалту іс-шараларын алуға көмек көрсету; 3) қамқоршы және қамқоршылық жасау органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды орналастыруға, асырап алуға, қамқорлыққа, отбасында асырап алуға көмек көрсету; 24. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер: 1) психологиялық диагностика жүргізу және жеке немесе топтық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету; 2) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған әлеуметтік-психологиялық білім негіздеріне үйрету, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлыққа дағдыландыру, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларына үйрету; 3) пациенттерді тіршілік әрекетінің түрлі салаларында медициналық қызмет көрсетуде, тұлғалық және әлеуметтік бейімделуде әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу; 4) өзін-өзі сақтау мінез-құлқына үйрету мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу; 5) халықтың түрлі топтарының психологиялық құзыретін жоғарылату мақсатында БАҚ, буклеттер, үндеухаттар шығару арқылы жарияланатын ақпараттық және білім беру іс-шараларын жүргізу. 25. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: 1) тұлғаның өзінің мүмкіндіктерін, тәрбиелік әлеуетін пайдалана отырып, өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасын) әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау және әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер; 2) пациенттерде мүмкін болатын психологиялық-педагогикалық проблемаларын алдын алу; 3) қандай да бір себеппен қоғамдық байланыс пен қарым-қатынастарын, әлеуметтік және жеке басының маңызы бар сипатын, қасиеті мен мүмкіншіліктерін жойған не жоғалтқан пациенттерді қалпына келтіру; 4) мүмкіншіліктері шектелген, сондай-ақ, әлжуаз топтар мен дұрыс жолдан адасқан пациенттер тобын әлеуметтік ортаға әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу. 26. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер: 1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаны (отбасы) өмірінің әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайларының мәселесін айқындау; 2) әлеуметтік-экономикалық көмек мәселелері бойынша консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету. 27. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер: 1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) әлеуметтік-құқықтық мәселелерін айқындау; 2) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету, құқықтарын қорғау бойынша заңды қызметтер мен құқықтық консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету; 3) медициналық қызмет көрсету мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге, заңнамамен көзделген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, кепілдіктерді алуға көмек көрсету; 4) медициналық қызмет көрсетуге байланысты заң бұзушылықтың әлеуметтік түрде алдын алуға заңды мекемелер мен ұйымдарға көмек көрсету; 5) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) құқықтық мәдениетін жоғарылату бойынша құқықтық ағарту бағдарламалары мен іс-шараларын іске асыруға көмек көрсету. 28. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер: 1) өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаның (отбасының) өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын зерделеу, консультация беру және жеке қызмет көрсету мен гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету; 2) ауыр науқастардың, мүгедектердің, мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың және де басқалардың тұрмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша санитариялық-гигиеналық ағарту. 29. Өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғалардың (отбасылардың) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері. 30. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға өмірдегі қиын жағдайға душар болған тұлғаларды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мониторингінің индикаторлары
N |
Индикаторлар |
Барлығы |
1. |
Осы ұйымдағы әлеуметтік қызметкерлердің штат бойынша/нақты саны |
|
2. |
Жыныстық/жас және әлеуметтік сипаттағы халықтың жалпы саны, оның ішінде: |
|
|
0–15 жасқа дейінгі балалар |
|
|
15-18 жастағы жасөспірімдер |
|
|
18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі ересектер (58 жас - әйелдер, 63 жас - ерлер) |
|
|
зейнеткерлік жастағы тұлғалар - 80 жасқа дейін |
|
|
80 жастан асқан адамдар |
|
3. |
Жетім балалар және ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың саны |
|
4. |
Кәмелетке толмаған қараусыз қалғандар, оның ішінде девиантты мінез-құлықтылары бар балалардың саны |
|
5. |
Психофизикалық дамуда мүмкіндігі шектелген 0-ден 3 жасқа дейінгі балалардың саны |
|
6. |
Физикалық және (немесе) ақыл қабілетіне байланысты ағза қызметінің тұрақты бұзылуы бар пациенттер саны, оның ішінде балалардың арасында |
|
7. |
Тіршілік әрекеті: әлеуметтік маңызы бар аурулар - айналасына қауіп төндіретін аурулардың салдарынан мүмкіндіктері шектелген пациенттердің саны, - оның ішінде балалар |
|
8. |
Өзіне өзі қызмет ете алмайтын пациенттердің саны: - егде жасқа байланысты - бастан кешкен ауруының салдарынан - мүгедектігінен - оның ішінді балалардың арасында |
|
9. |
Мейірімсіз қылыққа тап болған пациенттер саны, - әлеуметтік адасуға – - әлеуметтік депривацияға апарып соққан, - оның ішінде балалар арасында |
|
10. |
Баспанасы жоқтар саны (тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар), - оның ішінде балалар |
|
11. |
Бас бостандығынан айырылған жерден босап шыққан тұлғалар саны, - оның ішінде балалар |
|
12. |
Үйге бару саны |
|
13. |
"Сенім телефоны" бойынша телефон шалу саны |
|
14. |
Медициналық-әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер саны |
|
15. |
Тренингтер саны/қатысушылар саны |
|
16. |
Халықтың арасындағы белсенділер (волонтерлар) саны |
|
53. «Жол картасы» бағдарламасына статистикалық мәліметтер келтіре отырып, толығырақ түсіндірме беріңіз: «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:
1-ші кезең - 2010-2014 жылдар аралығында. Яғни 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл болып табылады. 2011–2014 жж . міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
2-ші кезең – 2015-2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылатын болады.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:
а гро - өнеркәсіп кешені;
кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;
жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;
құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;
металлургия, металл өңдеу, машина жасау;
өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)
көлік және қойма қызметі;
туризм;
ақпарат және байланыс;
кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
білім;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
өнер, көңіл көтеру және демалыс;
қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.
Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыты аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден :
1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау;
2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;
5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.
Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:
1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
2) Борышкерге өсімпұлын есептеместен бюджет алдындағы (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу мерзімін кейінге шегеру;
3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алынған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
54. Нарықтық экономиканың басты мақсаты – бұл мүмкіндігінше жоғары табыс табу болып табылады да бұл кезеңде индивид «экономикалық адам» ретінде қарастырылады. «Экономикалық адам» ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз: Экономикалық белсенді халық — халықтың жұмыспен қамтылған бөлігі (жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындарды қоса), еңбекке қабілетті адамдардыңбасым көпшілігі. " Экономикалық белсенді халық" ұғымы елдің экономикалык дамуында адам ресурстарының рөлін кешенді талдауда маңызды орын алады. " Экономикалық белсенді халық " термині ұғымдардың халықаралық стандарттық жүйесінде қолданылады. БҰҰ- ның ұсынысы бойынша экономикалық белсенді халыққа тек жұмысшылар, қызметшілер және кәсіпкерлер ғана емес, олармен бірге ақылы жұмыс іздеуші жұмыссыздар да жатқызылады. Соған байланысты Экономикалық белсенді халықтан жұмыс істейтіндер белек көрсетіледі. Қазақстанда Экономикалық белсенді халыққа: 1) жұмыс жасындағы бүкіл еңбекке қабілетті адамдар (өндірістен кол үзіп оқитын оқушылар мен Қарулы Күштер қызметшілерін және үй шаруасындағы адамдарды қоспағанда); 2) жұмыс жасынан тыс, бірақ қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылған адамдар; 3) жеке қосалқы ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдар жатады. Белгілі бір жас топтары үшін есептелген халықтың экономикалық белсенділігінің көрсеткіштері халықтың еңбектік белсенділігі деп аталады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты елдер мен аймақтар бойынша әр түрлі болады.
Римнің идеалдары роман-герман цивилизациясында одан әрі дами түсті. Реформация Батыс әлемінде өмір, табиғат және дүниежүзі туралы адамгершілік бағалылықтарды өзгертті. Эгоистік, индивидуалистік тұлғаға бағытталған, протестант этикасының ықпалымен, экономикалық адам ұғымын, азаматтық қоғам және таптық мемлекет теориясын табиғи құқық деп түсінетін, жеке меншік ілімі жарыққа келді, ал "адамның бостандығы, еркіндігі" деген түсінік "меншігі бар адам" деген түсінікке айналды.
Көне Римнің цивилизациясы басқа болды. Бұнда жеке тұлға тұңғыш рет өзінің жалпыламалық бірлігінен бөліне бастады, индивидуалдық дамуға кедергі болатын тайпа мен ру екенін сезіну жойыла түсті. Жеке меншікке артықшылық көрсетіліп, оны мойындау орын алды.
55. Қазақстандағы тұрғын-үй шаруашылығын реформалау халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ету деңгейіне сыни талдау жасаңыз: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және «Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын (бұдан әрі - ТКШ) 1993 жылға дейін мемлекет демеу қаржы бөлу арқылы қаржыландырып келген, бұл коммуналдық желілер мен объектілердің қатты тозуына алып келді. 1996 жылы ТКШ-те жүйелі реформалар басталды, бұл ТКШ-ге демеуқаржы беру қағидатынан бас тартуға және тұрғын үй қатынастарының сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ТКШ-ні одан әрі дамыту және жаңғырту мәселелері экономиканы дамытудың қазіргі кезеңінде де өзекті болып табылады. ТКШ өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады: - коммуналдық сектор ол, сумен, газбен, жылумен, электрмен жабдықтауды және су бұруды, абаттандыру мен жалпы пайдаланудағы және елді мекендердің аумақтарындағы объектілерді, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер мен аумақтарды күтіп ұстауды қамтамасыз ететін жүйелерден тұрады; - тұрғын үй қоры көп пәтерлі тұрғын үйлерді және жеке үй құрылыстарын қамтиды және коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылады. Бағдарлама ТКШ-ні жаңғырту бойынша шаралар әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етеді, бұл оның жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ ТКШ саласына инвестиция тарту тетігін іске асыруға мүмкіндік береді. Республика тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің аса маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы бағдарламалық құжатты әзірлеу туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты, осы Бағдарламада елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелерін қарамайды.
Ағымдағы ахуалды талдау
Бүгінгі күні республикадағы ТКШ субъектілерді - ТКШ кәсіпорындарын басқарудың тиімсіз жүйесімен және олардың қанағаттанғысыз қаржылық жағдайымен, жоғары пайдалану шығындарымен және оларды төмендетуге экономикалық ынталандырудың болмауымен сипатталады. Қолданыстағы желілер мен құрылғылар айтарлықтай тозған, бұл инженерлік коммуникацияларда авариялардың артуына және оларда жұмыстың тоқтауына, жаппай материалдық-техникалық ресурстардың артық жұмсалуына, энергия мен судың үлкен ысырабына алып келеді. Желілер және жүйе ғимараттарының жай-күйі, негізінен, коммуналдық қызметтерді ұсыну түрақты және қажетті сападағы талаптарға сәйкес келмейді. ТКШ саласының ірі, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін тартымдылығы аз болып қала бермек. Негізгі құралдардың әбден тозуы, қатаң реттелетін тарифтер кезінде өтелу мерзімінің ұзақ болуы, ұзақ мерзімді инвестициялау үшін заңнамалық базаның болмауы және өзге де факторлар экономиканың осы саласындағы қызметті дамытуға жеке капитал тартуды ынталандырмайды.
Тұрғын үй секторының жай-күйі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша республиканың тұрғын үй қорының жалпы алаңы 267,8 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 261,4 млн. шаршы метр немесе 97,6% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі. Қалалық елді мекендердегі кондоминиум объектілерінің (көп пәтерлі Тұрғын үйлердің) саны 172164 бірлікті құрайды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректері бойынша тіркелген кондоминиум объектілерінің саны 14687 бірлікті құрайды, бұл кондоминиум объектілерінің жалпы санының 8,5 -%-ын құрайды. Тіркеу кезінде құқық иелерінің ортақ меншіктегі үлесінің мөлшерін жазбаша растау үшін барлық меншік иелерін қатыстыру қажеттілігі кондоминиум объектілерін тіркеудің негізгі проблемасы болып отыр. Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы орган кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй инспекциясы қызметінің негізгі проблемалары мыналар болып табылады: тұрғын үй инспекциясының қызметін қамтамасыз етуді қаржыландыруға мүмкіндік беретін бюджеттік бағдарламалар және техникалық тексеру жүргізу жөніндегі бағдарламалар жоқ; тұрғын үй инспекциясының қызметін регламенттейтін нормативтік Құқықтық актілер жоқ; жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі ретінде тұрғын үй инспекциясын құру бойынша бірыңғай тәсіл белгіленбеген. Пәтер және үй-жай иелерінің төлем жасау тәртібі бүгінгі күнге дейін төмен. Әр түрлі себептер бойынша пәтер иелері тұрғын үйді күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинауды жүзеге асырмайды, бұл тұрғын үй қорын тиісті күтіп ұстамағандықтан оның тозуына алып келеді. Ғимараттардың одан әрі қирауының алдын алу және оларды сақтау тұрғын үй секторындағы бірінші кезектегі шаралар болуға тиіс. ЖОА-ның деректері бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі немесе 32 % күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұл бұзылуға жататын, тұруға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) деректеріне сәйкес республикада 414 көп қабатты ғимараттарды бар, оларда жоба бойынша өртке қарсы қорғау жүйесінің жабдықтары көзделген. Бұл ретте, 264 ғимаратта автоматты өрт дабылы және лифт шахталарына ауаны айдау жүйелерінде ақаулар бар. 257 тұрғын ғимаратта түтін шығару жүйесі; 251 тұрғын ғимаратта өртке қарсы ішкі су құбыры жұмыс істемейді. Бұдан басқа, ТЖМ-ның деректері бойынша 622 мектептің, 305 аурухананың, 132 мектепке дейінгі мекеменің, 1481 қоғамдық ғимарат пен құрылыстың және өндірістік кәсіпорынның 459 ғимаратының техникалық жай-күйі қанағаттанғысыз, жалпы алаңы 489 мың шаршы метр әлеуметтік және өндірістік мақсаттағы кемінде 1152 объекті сейсмикалық күшейтуді талап етеді. Осы жағдай көп қабатты тұрғын ғимараттар мен әлеуметтік сала объектілерінің өртке қарсы жүйелерін қалпына келтіруді және сейсмикалық күшейтуді талап етеді.
