Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonomika_otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
302.33 Кб
Скачать

29. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың түрлері мен қайнар көзін атаңыз және тұжырымдаңыз

30. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың атқаратын қызметтерін анықтаңыз және мәнін ашып көрсетіңіз (ұқсас сұрақтар)

Қаржыландыру - кәсіпорындарды, салаларды, жалпы экономиканы, әлеуметтік аяны, аймақтарды дамытуға, елдің ұлттық қорғанысын қамтамасыз етуге және қоғамдық өмірдің басқа аяларын дамытуға жұмсалатын шығынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.

Қаржыландыру көлемі жоспарланған шығыс пен онын қамтамасыз етілу көздері негізінде айқындалады. Коммерциялық кәсіпорындарда қаржы ресурстары мен қаржылық өзара қатынастар кәсіпорынның бизнес-жоспарында көрсетіледі (бизнес-жоспардың "Коммерциялық кәсіпорынның бизнес-жоспары" бөлімі)- Сметалық қаржыландыруда тұрған кәсіпорындар мен мекемелерді ұстауға және олардың қызметін кеңейтуге жұмсалатын ағымдағы шығыс негізінен республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердін есебінен қаржыландырылады. 

Қаржыландыру қағидаты:

  • жоспарлылық;

  • қаражаттың кәсіпонның бизнес-жоспарына немесе ұйымның сметасына сәйкес жұмсалуы;

  • каражаттың нысаналы мақсатқа жұмсалуы;

  • барлық деңгейдегі бюджеттерден ,бөлінетін каражаттың қайтарылмайтындығы

  • үнемдеу режимін сақтау.

Әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың 2 әдісі бар:

  • Тікелей қаржыландыру- әлеуметтік жұмысты жалпылама максатты бағытталган күйде каржыландыру бағыты болып табылады.

  • Жанама қаржыландыру- әлеуметтік жұмыстың белгілі бір салаларын бағыттарын ғана каржыландыруды негізге алады.

Әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың ерекшеліктері

  • Мемлекеттік бюджет. Халықты әлеуметтік қорғауда мемлекет тарапынан жәрдемақылар, әскери жәрдемақылар беріледі. Сонымен қаиар мемелекет тарапынан бөлінген қаржыға қарттардың, мүгедектердің көмек алуы, яғни олардың оқуы, санитарлық-гигиеналық көмек және көппабалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға көмек көрсету үшін жұмсалады.

  • Бюджеттік емес фондтар. Арнайы кредиттік жүйедегі көмек көрсетуге негізделген қайырымдылық қорлары, яғни көрсеткен көмегі үшін қайтарымды талап етеді.

  • Мемлекеттік емес қаржыландыру. Жеке және қоғамдыұ қайырымдылық қорлары қаражат көзінің бастысы. Қайырымдылық қорлары экономиканың 3-секторына кіреді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары

Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес орындалатын жұмыстың көлеміне, сапасына және мерзіміне байланысты жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүзеге асады

Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбегіне төленген шығындары жұмыс берушілердің осы айда жұмыссыздардың жұмыс істеген күндері көрсетіліп, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берген атқарылған жұмыстар туралы актілер негізінде алты айдан аспайтын мерзімге 0,5-тен 1,0 дейінгі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жұмыс берушілердің есеп шоттарына немесе жұмыссыздардың жеке шоттарына аудару арқылы жартылай өтеледі.

Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың және нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек ақысына заңнамаларға сәйкес тәртіпте салық салынады

Жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын адамдардың еңбек төлемін жартылай өтеу үшін кәсіпорынның есеп шотына түскен бюджет қаржыларын орынды пайдаланбағаны үшін жұмыс беруші жауап береді.

Әлеуметтік жұмысты қаржыландыруда мынадай міндеттерді шешу қажет:

  1. Әлеуметтік қорғауға бағытталған шығындарды да есепке алу қажет;

  2. Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған уақытты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек;

  3. Мемлекеттік командалық ролін шектеу, бюджеттік емес фондтарды, әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетіндегі ролін жоғарылату қажет;

  4. Халықтың аз қамтылғандарына мақсатты түрде адрестік көмек көрсетуді қолға алу керек.

Халықтың әлеуметтік қорғауын қаржыландыру

Халықтың әлеуметтік қорғауын қаржыландыру өмірдің қиын жағдайына тап болған, кембағал азаматтарға әлеуметтік көмектерді ұйымдастыруға бағытталған бюджет ресурстарының жиынтығын қосады. Өтпелі кезеңде бұл міндеттер мемлекеттік және жергілікті басқарудың барлық деңгейіндгі Қазақстан халқының әлеуметтік көмектер қызметін қалыптастырумен байланысты.

Мемлекеттің және аймақтардың әлеуметтік бюджеті сондай-ақ, әлеуметтік ортадағы салалардың маңызды қолдау мен қаржыландыруға ағымдағы және күрделі шығындардың жиынтығын қосады: білім, мәдениет, өнер және жаппай ақпарат құралдары, денсаулық, дене шынықтыру мен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

Әлеуметтік қызмет салаларында мемлекеттің қызметтері мен қызмет түрлері оның секторына байланысты ажыратылады, Мемлекеттің неғұрлым кең қызметтері нарықтық емес секторларда ұсынылған, онда мемлекет білім, денсаулық сақтау, мәдениет өндірісінің қызметтерін қаржыландырады және тікелей ұйымдастырады және тегін және жеңілдікті қызметтерді көрсету есебімен азаматтардың табыстарын қайта бөледі. Нарықты және коммерциялық емес секторларда жеке коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтерін реттеу мен жәрдем ақша беру қызметіне ие болады, сондай-ақ, мемлекттің қажетіктері үшін тауар мен қызметтерді сатып алу, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік бағдарламалары мен әлеуметтік ваучерлер механизмі арқылы.

Денсаулық сақтау, зейнетақымен қамсыздандыру, жұмыссыздықтан сақтандыру, және ана мен балаға әлеуметтік салаларында әлеуметтік сақтандыру қызметіне және әр түрлі жетістіктегі азаматтар мен ұрпақтар арасында мемлекет табыстарды қайта бөлуге ие болады.

Табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік қызмет өндірісі мен кәсіпкерлікті реттеу қызметтері айқын берілген, сондай-ақ, бір қатар сала-ларда жәрдем ақша беруде айқын.

Аймақтық әлеуметтік саясатты қаржыландырудың маңызды ерекшеліктері

Аймақтық әлеуметтік саясатты қаржыландырудың маңызды ерекшеліктері аймақтардың әлеуметтік өркендеуін жеке қаражаттары есебінен мемлекеттік субсидиялаумен аумақтардың әлеуметтік салаларының өркендеуімен үйлес-тіру болып табылады. Аумақтың дербес өркендеуінің көзі болып жергілікті салықтар, жинаулар, мемлекеттік (аймақтық) меншіктің және кәсіпорын-дардың табыстары, еркімен қаржыландыру мен заңды тұлғалар мен азаматтардың жарналары табылады. Аумақты әлеуметтік өркендеуді орта-лықтандырылған экономикалық реттеу көзі болып реттейтін салықтар, салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік аймақтық бағдарламалардың қаржылық ресурстары, жалпы жәрдем ақшалар мен аймақтарды әлеуметтік өркендеуге мақсатты жәрдем қаражаттар, аймақтық өркендеу қорлары табылады.

Қаржыландырудың түрлері

  • Қысқа мерзімді (1 жылға дейін) қаржыландыру аясында импорттық-экспорттық мәмілелерге төлем жасаудың кең тараған және көпшілікке танымал тәсілдерінің бірі аккредитив болып табылады.

  • Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.  Лизинг – сыртқы ұзақ мерзімді қаржыландыру есебінен қажетті негізгі құралдарды сатып алуға мүмкіндік беретін инвестициялық құрал. Лизингтік қызмет Қаржы лизингі туралы заңмен, салықтық және кедендік заңдармен реттеледі   

  • Өзін-өзі қаржыландыру – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру тәсілі. Мұнда тек ағымдағы кезеңдердің шығындары ғана емес, сонымен бірге күрделі жұмсалым да, болашақ кезеңдердің шығыстары да меншікті қаражат көздерінен өтеледі.

  • Мақсатты қаржыландыру инвестордың мүдделерін қамтамасыз ету үшін күні бұрын межеленген мақсаттарға қол жеткізетін шаралар жүйесін пайдалана отырып, нысаналы мақсатпен қаржы ресурстары мен ақшалай қаражат бөлу, яғни қаржы қаражатын нақты айқындалған мақсаттарға арналған бағдарламаға‚ сметаға‚ бюджетке‚ жарғыға сәйкес арнаулы мақсатпен бөлу.

31. Әлеуметтік саладағы қаржыландыруды жүзеге асырудың принциптерін атаңыз және жеке-жеке түсініктеме беріңіз: Қаржыландыру - кәсіпорындарды, салаларды, жалпы экономиканы, әлеуметтік аяны, аймақтарды дамытуға, елдің ұлттық қорғанысын қамтамасыз етуге және қоғамдық өмірдің басқа аяларын дамытуға жұмсалатын шығынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Қаржыландыру көлемі жоспарланған шығыс пен онын қамтамасыз етілу көздері негізінде айқындалады. Коммерциялық кәсіпорындарда қаржы ресурстары мен қаржылық өзара қатынастар кәсіпорынның бизнес-жоспарында көрсетіледі (бизнес-жоспардың "Коммерциялық кәсіпорынның бизнес-жоспары" бөлімі)- Сметалық қаржыландыруда тұрған кәсіпорындар мен мекемелерді ұстауға және олардың қызметін кеңейтуге жұмсалатын ағымдағы шығыс негізінен республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердін есебінен қаржыландырылады. 

Қаржыландырудың түрлері

Қысқа мерзімді (1 жылға дейін) қаржыландыру аясында импорттық-экспорттық мәмілелерге төлем жасаудың кең тараған және көпшілікке танымал тәсілдерінің бірі аккредитив болып табылады.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру.  Лизинг – сыртқы ұзақ мерзімді қаржыландыру есебінен қажетті негізгі құралдарды сатып алуға мүмкіндік беретін инвестициялық құрал. Лизингтік қызмет Қаржы лизингі туралы заңмен, салықтық және кедендік заңдармен реттеледі   

Өзін-өзі қаржыландыру – кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру тәсілі. Мұнда тек ағымдағы кезеңдердің шығындары ғана емес, сонымен бірге күрделі жұмсалым да, болашақ кезеңдердің шығыстары да меншікті қаражат көздерінен өтеледі.

Мақсатты қаржыландыру инвестордың мүдделерін қамтамасыз ету үшін күні бұрын межеленген мақсаттарға қол жеткізетін шаралар жүйесін пайдалана отырып, нысаналы мақсатпен қаржы ресурстары мен ақшалай қаражат бөлу, яғни қаржы қаражатын нақты айқындалған мақсаттарға арналған бағдарламаға‚ сметаға‚ бюджетке‚ жарғыға сәйкес арнаулы мақсатпен бөлу.

Әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың ерекшеліктері

Мемлекеттік бюджет. Халықты әлеуметтік қорғауда мемлекет тарапынан жәрдемақылар, әскери жәрдемақылар беріледі. Сонымен қаиар мемелекет тарапынан бөлінген қаржыға қарттардың, мүгедектердің көмек алуы, яғни олардың оқуы, санитарлық-гигиеналық көмек және көппабалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға көмек көрсету үшін жұмсалады.

Бюджеттік емес фондтар. Арнайы кредиттік жүйедегі көмек көрсетуге негізделген қайырымдылық қорлары, яғни көрсеткен көмегі үшін қайтарымды талап етеді.

Мемлекеттік емес қаржыландыру. Жеке және қоғамдыұ қайырымдылық қорлары қаражат көзінің бастысы.

Әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың 2 әдісі бар:

Тікелей қаржыландыру. Әлеуметтік жұмысты жалпылама максатты бағытталган күйде каржыландыру бағыты болып табылады.

Жанама қаржыландыру. Әлеуметтік жұмыстың белгілі бір салаларын бағыттарын ғана каржыландыруды негізге алады.

32. Салық әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың маңызды құралы ретінде және оның шығу тарихына тоқталыңыз: 1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салық мен алым енгізілді.Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп жазылған.

Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Шотландэкономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге кажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) кағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мыналар: 1) салық салу төлеушінің әркайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты); 2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық кағидаты); 3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы .тиіс (қолайлылық кағидаты); 4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем кағидаты).

Қаржылық менеджмент көзқарас тұрғысынан қарағанда салық ауыртпалығы бизнес-системалардың қаржылықлеверидж мөлшеріне екі жолмен әсер етеді: тікелей және жанама:1)Тікелей әсер, шаруашылық жүргізуші субъекті өзі салық төлеу базасын азайтуға есептелетін шығыстар деңгейінде қалыптасады. Егер осы сомаға шаруашылық жургізіші субъектінің қарыздары бойынша жоғары пайыздармен төлейтін шығыстарын қосатын болсақ – онда бұл агрессиялық финанстық даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындардың өсуін ынталандырады. Және осыған сәйкес, консервативтік финансты даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындарды рыноктан ығыстырады. Салық заңдылықтары жағынан осы пайыздарды төмендету агрессиялық финанстық даму стратегиялы шаруашылық жургізіші субъектілерінің банкрот болуын арттыруға алып келеді және, консервативтік финансты даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындардың, әсіресе қысқа мерзімді перспективада, орташа өркендеуіне әкеледі.

2)Жанама әсер қарыз капитал әкелушілерге салық жүктемесін арттыру немесе кеміту есебінен қалыптасады: салық ауыртпалығын көбейту бизнес-системалар үшін қарыздық капиталдың құнының қымбаттауына және де, соған сәйкес агрессиялы даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындардың дамуын тежеуге алып келеді (осы жағдайда бенефициар болып косервативтік стратегиялық дамудағы компаниялар түседі); Салық ауыртпалығын төмендету, шартты түрде рынокта дұрыс конкуренция болғанда, қарыздық капитал құнының арзандауына әкеледі.Ол агрессиялы финанстық стратегиялы дамудағы компаниялардың өркендеп өсуіне әкеледі, соған сәйкес консервативтік финансты даму стратегиясындағы компаниялардың өшуін ынталандыратын болады.

33. Салықтың атқаратын қызметтері: фискалды және экономикалық. Әрбір қызметіне анықтама бере отырып, түсіндіріңіз: Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:

  • 1. реттеушілік;

  • 2. фискалдық;

  • 3. қайта бөлу.

Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық мөлшерлемелері мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған мөлшерлемелер кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері жөнінде мынаны байқауға болады:

  1. - салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

  2. - салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, жай ұдайы өндіріске әкеледі;

  3. - салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында болса, ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлестік салмағы 40 пайыздан асып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.

Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар қарайтын функцияларда толық ашыла түседі. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функцияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады. Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады

37. Әлеуметтік қызмет, әлеуметтік қызмет көрсету түсінігіне тоқталыңыз. Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.

Облыстық көлемдегі әлеуметтік қызмет түрлері:

  • Қарттар үйі

  • Балалар үйі, ақыл-есі кем балалар интернаты

  • Психоневрологиялық интернат

Аудандық, ауылдық денгейде қызмет көрсету:

  • тұрғындарға әлеуметтік қызмет ету орталықтары

  • қарттар, мүгедектерге әлеуметтік қызмет ету орталықтары

  • мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары

  • балаларды әлеуметтік реабилитациялаудың оталықтары

  • жалғыз басты қарттар үйі

  • тұрғындардың әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бөлімдері

Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы:

  • Аумақтық орталық медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет көрсетулерін алу, бос уақытын өткізу және демалу мақсатында жеке оңалту бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің күндіз болуына арналған.

  • Невроздарды, жарыместің жеңіл дәрежесінің, ақыл-есі кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) тырыспалы синдромдарды қоспағанда, мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ауру процесінің белсенді сатысындағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венереологиялық аурулардың, ЖҚТБ болуы аумақтық орталықта әлеуметтік қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалар болып табылады.

Егде адамдар мен мүгедектер әлеуметтік қызмет көрсетуге мынадай құжаттардың негізінде қабылданады:

  • өтініш;

  • уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражатының есебінен қызмет көрсету кезінде);

  • жеке куәлік;

  • тұрғылықты жері туралы анықтама;

  • денсаулық жағдайы туралы медицицналық карта (белгіленген үлгіде);

  • амбулаторлық картадан үзінді көшірме;

  • зейнеткерлік куәлік (зейнет жасындағы адамдар үшін);

  • мүгедек, ҰОС қатысушы және соларға теңестірілген адамдар мәртебесін растайтын куәлік (мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдар үшін);

  • мүгедектігі туралы анықтамадан үзіндінің көшірмесі;

  • мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.

Әлеуметтік қызмет көрсету кезінде жалғызілікті егде адамдарға көмек ұйымдастыру ерекше орын алады. Әлеуметтік қызметкерлер үйде көмек көрсете отырып, адаммен қарым-қатынастың жетіспеушілігін білдіртпейді. Жалғызілікті, қозағалуға шамасы келмейтін егде адамдарға баратын әлеуметтік қызметкерлер мәжбүр еткен жалғыздықтан арылады. Әлеуметтік қызметкерлердің қамқорлығындағы адамдарға қызмет көрсетуі аса маңызды.

ҚР Стандартына сәйкес үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері мынадай әлеуметтік қызмет көрсетеді:

  • қарт адамдар күтімі бойынша қызмет көрсетулер;

  • кереуеттен тұруға, киінуге, жуынуға, тамақтануға, дәретхананы пайдалануға, үйде жүріп-тұруға көмек;

  • хат жазуға және оқуға көмектесу;

  • стационарлық мекемеге апаруға жәрдемдесу;

  • тамақ өнімдерін, ыстық түсткі асты, бастапқы қажетті өнеркәсіптік тауарларды, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және үйге жеткізу;

  • тамақ дайындауға жәрдемдесу;

  • жеке үйлерде су әкелу, пеш жағу, орталық жылу жоқ үйлерде тұратын адамдар үшін отынмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

  • заттарды кіру жууға, химиялық тазартуға, жөндеуге тапсыру және оларды кері қарай жеткізу;

  • киімдерді жууға көмектесу;

  • тұрғын үй және коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеуге жәрдемдесу;

  • әдеп-ғұрыптық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру;

  • денсаулық жағдайын ескере отырып, күтімді қамтамасыз ету, санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетулер (сылу, жуындыру, гигиеналық ванналар, тырнағын қию, тарау);

  • денсаулық жағдайын бақылау (температурасы мен қысымын өлшеу);

  • дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді (дәрі қабылдау, тамшы тамызу, компресс қою, өңдеу, тазарту клизмаларын орындау) жасау;

  • психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, тыңдау, сергіту, белсенділікке ықылас қою, өмірлік тнуысын психологиялық қолдау;

  • шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету;

  • техникалық, техникалық көмекші, орнын толтырушы құралдарды алуға жәрдемдесу, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емделуге жіберу;

  • госпиталдандыруға жәрдемдесу;

  • медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;

  • тиесілі кепілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды алуға жәрдемдесу;

  • әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулерді ұсыну; әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беру.

38. Жалпы профильді қызмет көрсету мекемелерін атаңыз және олардың атқаратын қызметеріне тоқталыңыз. 90 жылдары әлеуметтік саясаттың ең бір маңызды үрдістерінің бірі әлеуметтік қызмет көрсету  жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технологиялар мен әдістемелер кеңінен қолдынала бастады. Әлеуметтік әдебиеттерде осы кезге дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің бірдей қалыптасқан ұғымы жок деп айтуға толық негіз бар, әркім әртүрлі қарастырады. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің кейбір ғылымы еңбектерде әлеуметтік  жұмыстың баламасы ретінде қарастырылады. Ал басқа да еңбектерде оны жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік жұмыстың техлогиясы деп санайды.

Бұл  әлеуметтік технологиялар  қазіргі күрделі әлеуметтік ситуациялар кезінде азаматтарға нәтижелі әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіншілік жасайды. Осы ситуация әлеуметтік өрістің маңызды секторы болып саналады, адамдардың кез- келген әлеуметтік топтың шын мәніндегі өмірдегі қызметін бұзады.

Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту нәтижесінде іске асырылады.Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік қызметкерді және басқа мамандарды даярлау жеткілікті дәрежеде жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыстың теоретиктері әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдайды. Іс жүзінде тәжірибеде — бұл жүйелер әлеуметтік адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі бір түрлері болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының кез-келген адамдар жиынтығының қайта қалыптасып, түзетінілуін қамтамасыз етуге негізделген.

Арнаулы және профильді әлеуметтік қызмет:

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге мына ұйымдар жатады:

1) тұратын орнын ұсына отырып, азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары:       жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер;       девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттық мекемелер;       мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған стационарлар;       әртүрлі бейіндегі балалардың сауықтыру орталықтары; 2) азаматтардың белгілі бір санатының білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдары:       оңалту орталықтары;       психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;       мектепке дейінгі және мектептік арнаулы ұйымдар; жалпы дамыту және түзеу сипатындағы функцияларды қатар атқаратын мектепке дейінгі және мектептік аралас ұйымдар;       мүмкіндігі шектеулі және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірге тәрбиелеуге арналған мектепке дейінгі және мектептік инклюзивтік ұйымдар;       күндіз болатын қызметтер/бөлімдер (бұдан әрі - КБҚ/Б) (күндіз қызмет көрсететін орталықтар, оңалту орталықтары, отбасы мен баланы қолдау қызметтері, ерте араласу, әлеуметтік қатер тобындағы ересек адамдарға арналған орталықтар, кризистік орталықтар).

қабылдаушы отбасылар: патронаттық отбасы, асырап алушылар.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдар санаты:

Арнаулы әлеуметтік көмек алатындарға мыналар жатады:

1) жетiм балалар – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;       2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қажет ететін балалар;       3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар — медициналық қорытындымен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала; 4) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi оқыту, тәрбиелеу мекемелері қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;

5) девиантты мінез-құлықты балалар — мектепке бармайтын немесе мектепте мінез-құлқында проблемалары бар, алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды теріс пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, қылмыстық әрекетке тартылған немесе бейім, психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық көрген немесе осындай зорлыққа тап болып отырған және осының салдарынан қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндігі жоқ 18 жасқа дейінгі балалар.       6) әлеуметтік қатер тобындағы отбасы — 18 жасқа дейінгі балаларды өсіріп отырған және ең болмағанда ата-анасының біреуі алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, әлеуметтік дағдыларының жоқтығынан балаларын тиісті түрде қадағалауды білмейтін немесе қадағалай алмайтын, оларға психологиялық, дене немесе сексуалды зорлық жасайтын, алып отырған мемлекеттік қолдауды отбасының мүддесіне жұмсамайтын, осыған байланысты балалардың дене, ақыл-ой, рухани, адамгершілік дамуына қауіп төнген отбасы. Медициналық қызмет көрсетуге және  денсаулық жағдайы бойынша бөтеннің көмегіне зәру мүгедектер мен жалғызілікті қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және жасына сәйкес профильді, денсаулық жағдайы менөмірлік іс әрекетіне жағдай жасайтын, күтіммен қамтамасыз ететін, медициналық қызмет көрсететін, бос уақыты мен демалысын ұйымдастыратын, мүгедектер мен жалғызілікті қарттарға арналған мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар қызмет көрсету мекемері қатарына:

  • Күнделікті орналасу медико-әлеуметтік мекемелер;

  • Үй қызметіндегі әлеуметтік қызмет бөлімшесі;

  • Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету бөлімшесі;

  • Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету бөлімшесі;

  • Және т.б. Орталықтар мен ұйымдар.

39.Арнайы қызмет көрсету мекемелерін атаңыз және олардың атқаратын қызметтеріне түсініктеме беріңіз: Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірдің қиын жағдайына тап болған тұлғаны (отбасыны) пайда болған әлеуметтік мәселелерді шешуге және қоғамның өміріне қатысуға басқа азаматтармен теңдей мүмкіндіктерді беруге бағытталған жағдайлармен қамтамасыз ететін қызметтердің кешені.

Арнайы әлеуметтік қызметті көрсету қарттық жас шамасындағы және мүгедек жалғыз басты азаматтарға, мүгедек балаларға және т.б. халықтың әлеуметтік осал жігіндегі азаматтарға бағытталған жағдайда әлеуметтік қызмет әлеуметтік қолдаудың құрамды бөлігі ретінде көрінеді. Халықтың дәл осындай дәрежесіне арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» заңында реттеудің пәні болып анықталады.

Елімізде көрсетіліп жатқан әлеуметтік қызметтер жүйесі денсаулықты сақтау және бақытсыз жағдайлардың алдын-алу шаралары; медициналық және білім беру саласындағы қызметтер; өндірісте жарақат алғандар мен мүгедектерді оңалту жұмысы; мүгедектер мен қарт адамдарға арнайы қызметтерді көрсету; баланы күту және үй тұрмысы бойынша қызметтер және т.б. арқылы көрінуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер тағайындалуына байланысты бөлінеді: 

1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке қажеттіліктеріне байланысты тұрмыстағы тіршілік әрекеттерін қолдауға бағытталған:

2. Әлеуметтік-медициналық қызметтер балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке бас жағдайын ескере байланысты азаматтардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған;

3. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер балалар мен 18 жастан асқан адамдардың жеке бас жағдайын ескере әлеуметтік үйренуіне, әлеуметтік және ықпалдастыруға бағытталған:\

4. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер: балаларды дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес оқыту және педагогикалық түзету;

18 жастан асқандарға тұрмыстық дағдыларға және қол өнер шеберлігіне үйрету;

5. Әлеуметтік еңбек қызметтері балалар мен 18 жастан асқан адамдардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, еңбек қызметін ұйымдастыруға және 18 жастан асқан адамдар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған

6. Әлеуметтік-мәдени қызметтер демалысты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тартуға бағытталған.

7. Халықты әлеуметтік қолдау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық қызметтер  балалар мен 18 жастан асқан адамдардың өмір сүру деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған .

Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесіндегі реформалар көптеген мәселелерді шешуді қажет етеді. Қазіргі кезде елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында бір қатар нормативтік-құқықтық актілер, маңызды мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл реформалардың ішінде күрделісі әрі өте байыптылықты талап ететін бағыт әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады.

Әлеуметтік қызметтер жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет етудің кешенді жүйесін құру, әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын өңдеу, осы салада бәсекеге қабілетті нарықты дамытудың құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларын жасау арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын әрі қарай көтермелеу.

Әлеуметтік қызмет көрсету саласын реформалаудың төмендегідей міндеттері алға қойылды:

  • арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді заң негізінде регламенттеу және оның кешенді жүйесін ендіру;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандартарын өңдеу;

  • ақылы және ақысыз негізде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер түрлерінің тізімін анықтау;

  • мұқтаж азаматтардың категорияларын және оларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету критерийлерін анықтау;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуде кешенді тәсілді жүзеге асыруда халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдарының құзыретін бөлу;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жеке меншік секторы мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын және әлеуметтік сала қызметтерінің біршама түрін бәсекелі нарыққа біртіндеп шығаруды нормативтік тұрғыда негіздеу;

  • медициналық-әлеуметтік мекемелерді деинституттау және шағын мекемелер жүйесін әрі қарай дамыту;

  • конкурстық негізде әлеуметтік қызметтер кешенін тендерлік сату үлгісін ендіру;

  • арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін бағалау, бақылау және есеп берудің тетіктерін өңдеу және нормативтік тұрғыда регламенттеу;

  • әлеуметтік қызмет нарығына бақылау жүргізу және жоспарлау жүйесін дамыту;

  • әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтермелеу;

  • арнаулы әлеуметтік қызметті тұтынушы мен ұсынушы жөнінде мәліметтердің ақпараттық қорын құру.

Халықтың осал қабатына әлеуметтік қызметтерді көрсетудің сапасын көтермелеуде мемлекеттің реттеу қызметін жетілдіру маңызды мәселелердің бірі. Ол бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды, бағдарламаларды жүзеге асыруды, мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру және азаматтар, жеке меншік секторы, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғам жіктері тарапынан үкіметке сенімдерін нығайтуды қамтамасыз етеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мемлекеттік органдар іске асыратын мемлекеттік реттеумен тығыз байланысты. Ол бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауды, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды, мемлекеттік қызметтің сапасын жетілдіру және азаматтар, жеке меншік секторы, үкіметтік емес ұйымдар және де басқа да қоғам жіктері тарапынан үкіметке сенімдерін нығайтуды қамтамасыз етеді.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік реттеудің механизмдерін жетілдірудің мынадай жолдары белгіленеді:

1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін реформалау:

- әлеуметтік қызметтердің медициналық-әлеуметтік үлгісіне көшу;

- әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарын өңдеу;

- ақылы және ақысыз негізде көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді тізімін жетілдіру;

- әлеуметтік қызметтерді алуға құқылы азаматтардың барлық категориясының сапалы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіуін қадағалау;

2. Әлеуметтік қызметтерді көрсетудің институттық жүйесін жетілдіру:

- мемлекеттік емес секторда әлеуметтік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетіктерін енгізу;

- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету нарығын кеңейту;

- өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарды институттық қамтамасыз етудің жаңа формаларын дамыту.

3. Әлеуметтік қызметкерлер институтын қалыптастыру.

4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қаржыландырудың жүйесін жетілдіру (жаңа стандарттарды ескере отырып) [10,315б].

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылатығына күмән жоқ. Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік қорғау жүйесі жатыр. Егер елімізде әлеуметтік тұрақтылық болмаса, халық өз тұрмысына риза болмай жиі-жиі ереуілденіп тұратын болса, сөйтіп әлеуметтік сілкіністердің еліне айналатын болсақ, басқа мәселелердің барлығы бос әңгіме болып қалмақ.

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін қалыптастыру стратегиялық маңызы бар мәселе болып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның халықты әлеуметтік қорғаудың өзіндік құрылымы 1999 жылдардан қалыптасты.  2001 жылы 27 маусымды «Халықты әлеуметтік қорғаудың концепциясы» қабылданды. Бұл маңызды құжат мемлекетте әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуімен ерекшеленеді. Сонымен бірге құжат бойынша  халықты әлеуметтік қорғау үш деңгейде жүзеге асады. Олар:

- базалық, мемлекеттік бюджет есебінен төлемдер: зейнетақы төлемдері, мүгедектік бойынша төлемдер, асыраушысынан айрылуына байланысты төлемдер, әлеуметтік қорғау мекемелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мекен-жайлық әлеуметтік көмектер.

-міндетті, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша төлемдер: еңбек етуге қабілетсіз болған жағдайда, асыраушысынан айрылу жағдайында, жұмысынан айрылу жағдайында.

- қосымша, жұмыс беруші жауапкершілігімен сақтандыру[11].

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік сақтандыру маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік сақтандыруға зейнеткерлік, медицналық, жұмыссыздық бойынша сақтандыру, өндірістегі оқыс оқиғалардан сақтандыру сияқты түрлері бар.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде медициналық және зейнеткерлік сақтандыру жалақының бір бөлшегін ұстап қалу арқылы жүзеге асады. АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру мақсатында жұмысшылардың жалақысының 7,5 пайзы ұсталынады. Ал Швецияда әлеуметтік сақтандыру толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Қазақсатнда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды.

Бұл қор төмендегідей қызметтер атқарады:

- еңбек ету қабілетінен айрылу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама азаматқа еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

- асыраушысынан айрылу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

- жұмысынан айрылу, жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер азамат үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және жұмыссыз ретінде ресми тіркелсе, онда ол жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылы.

- жүктілігі және босануына, әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды.

- нәресте күтімі үшін, бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің ең кіші ері бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады.

Әлеуметтік қызмет көрсетудің арнаулы мекемелері халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде саналады. Олардың басты қызмет бағыттары мүмкіндігі шектеулі топтарға әлеуметтік жағдай жасауға арналған. Мәселен, аталған арнаулы ұйымдарда жасы ұлғайған жалғыз жарым қарт адамдар мен мүгедек балалар, көп балалы аналар қомқорлыққа алынады. Сондай-ақ аталған мекемелердің шаруашылық және қаржы ресурстары мен негізгі қорларының деңгейіне байланысты әлеуметтік күтімге ұзақ ауруға шалдыққан панасыз жетім-жесірлер т.с.с алынып, оларға ұйымның қызметтік жарғысы, ережелері мен тиісті нұсқауларына сәйкес қажетті реаблитациялық, тәрбиелік, диагностикалық, емдеу, бейімдеу және психологиялық қызмет жүйелер жүйесі жүргізіледі.

Әлеуметтік қызмет ұйымдарында типтік бағдарламалар мен қызметтік ереже-нұсқаулардан туындайтын іс-шаралардың ауқымы өте күрделі және бірнеше бағыттарда жүргізіледі. Олардың негізгілері:

-мекемеде арнаулы тәрбие-емдеу шараларын кешенді формада жүргізу;

-телефон арқылы кеңес беру;

-балалардың үйі мен, ата-анасымен тығыз байланыс жасау;

-басқа әлеуметтік ұйымдардың ата-аналар комитеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату;

-отбасылық кештер өткізу;

-әлеуметтік-медициналық тақырыптар бойынша дәрістер ұйымдастыру;

-әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен отбасында болатын дағдарысты жағдайдың алдын алу;

-емделуші балалар ата-аналары үшін мазмұнды мәдени-ағарту шараларын ұйымдастыру.

Қазіргі индустриалдық даму кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік және рухани жетістіктер арнаулы әлеуметтік көмек жасау мен әлеуметтік қорғау жүйесінің жұмысын жетілдіре түсінуі тиімді алғышарттар қалыптастырып келеді.

Дамыған елдердің аталған салалардағы қол жеткен табыстары жалпы адамзаттық құндылықтардың мазмұнын кеңейтеді; ұрпақтар тәрбиесін дамытуға, отбасындағы әртүрлі жағдайларды реттеуге және оларды әр елдің қоғамдық өмірінде жергілікті территорияларында қалыптасқан салт-дәстүрге сәйкес атқаруға мүмкіндіктер ашады.

40.Әлеуметтік қызмет, әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарын еңбекақымен қамтамасыз ету жүйесіне баға беріңіз: Әлеуметтік қызмет көрсету - бір өзі еңсере алмайтын қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.

Әлеуметтік қызметтер – ізгілік пен теңдік қағидаларына, адам өмірінің түрлі салаларындағы білімге, әлеуметтік мәселелерді бағалау және қиындықтарды басынан кешкен адамдарды қолдау икемділігіне негізделген, адамдар мен қызметтердің түрлі топтары арасындағы жаңа қарым-қатынас моделінде қалыптасқан маңызды кәсіби қызмет.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында іске асырылды. Қысқа тарихи мерзімде әлеуметтік қолдаудың ескі механизмдері нарықтық экономикаға сай келетін және халықтың жарлы және осал топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмірге бейім жүйелеріне ауыстырылды.

Енбекақы (жұмысақы) төлеудің маңызын, қызметкерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.

Енбекақы төлеудің негізінде енбекақы төлеудің шекті өнімділігін шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Әлеуметтік – экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

Қызметкерлер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:

  • мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;

  • еңбектің қалыпты жағдайнан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндере және т.б. күндерге жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

  • қызметердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

  • сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім – шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:

*демалыс уақыттарына ақы төлеу;

*мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

*жасөспірімдерге белгіленетін жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.

Тарифтік жүйеге:

-сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтың тарифтік жүйе;

- еңбекақы төлеудегі жұмыстың және жұмысшылардың (біліктілік) әр түрлі разряд арасындағы арақатынастарын көрсететін тарифтік тор;

-тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың және жұмыстың разрядтын анықтауға болатын тарифтік – біліктілік анықтамалар кіреді.

Еңбекақының жүйелері және нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіщтер жиынтығының көмегімен жұмсалып, еңбектің санына және сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілуі тәсілдерін көрсетеді.

Еңбекақы мына формула бойынша есептелінеді:

ЕА = ЕА + ПУ,

мұндағы: ЕА – еңбекақы;

ТС – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік мөлшірлемесі;

ПУ – нақты пайдаланылған уақыт.

Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбекетегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдауға білдіреді.

1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қосылған болатын.

Бірыңғай тарифтік торда бірінші разрядтағы жұмысшылардан басталып, басшылардың аяқталғанын, қызметкерлердің разрядтарының тарифтік коэффициенттерінің мәтіні көсетіледі.

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге тартылады. 21 тарифтік разряд шаруашылықтағы жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәспіорындарға арналған:

1 – 8 разрядтар бойынша – жұмысшырларға төлемдер;

6 – 15 разрядтар бойынша – сызықтық қызметкерлер;

4 – 11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандар;

7 – 15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандар;

10 – 20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтердің басшылары;

9 – 21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлер.

Жұмысшылардың дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процесінде орындалған жылпы қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.

ҚР «ҚР-ғы еңбек туралы» Заңы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылған. Бұл заңға сәйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің еңбекік арақатынастары нормативтік құқықтық актілермен және еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен, ұжымдық шартпен реттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]