- •7. Әлеуметтік-экономикалық әдісі, нормативті талдау, позитивті талдау және экономикалық-математикалық үлгілеу әдістеріне мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз:
- •Әлеуметтік қамсыздандырудың атқаратын қызметтері:
- •29. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың түрлері мен қайнар көзін атаңыз және тұжырымдаңыз
- •30. Әлеуметтік жұмыстағы қаржыландырудың атқаратын қызметтерін анықтаңыз және мәнін ашып көрсетіңіз (ұқсас сұрақтар)
- •45.Жалпы профильдік және арнайыландырылған әлеуметтік қызметтер экономикасына тоқталыңыз
- •46.Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің экономикалық іс-әрекетін түсіндіріңіз және әлеуметтік қызметті қаржыландырудың қайнар көзін атаңыз
- •48. Денсаулық сақтау мен осы бағыттағы әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлін сыни талдаңыз: Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері
- •3. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері мен нысандары
- •4. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі және аитв/житс алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі
- •56. Қазақстан Республикасында 2015 жылғы 1 қаңтарындағы «күн көріс минимумының» мөлшерін атаңыз. «Күн көріс минимумы» қалай және қандай құзіретті органдармен тағайындалатындығына түсіндірме беріңіз:
- •57. Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері мен оның экономикалық негізін анықтаңыз
- •58. Қр зейнетақы жүйесіндегі реформаға талдау жасаңыз және зейнетақыны тағайындау және мөлшеріне тұжырымдама жасаңыз
4.Әлеуметтік жұмыс экономикасының принциптерін атаңыз және анықтама беріңіз: Әлеуметтік жұмыстың экономикалық принциптері- Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мекемелері мен кәсіпорындардың іс-әрекеттері және оны жүзеге асыру әдістері мен түрлерінің ғылыми негізделген ұстанымы.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы қалыптасуының принциптері жалпы және арнайы түрлері бар.
Гуманизм принципі:Гуманизм – адамды басты құндылық ретінде қалыптастырады. Мұнда тұлғаның қабілеттерінің жан-жақты жүзеге асырулуына жағдай жасалады, оның азаматтық құқығы қорғалады. Қазіргі кезеңде адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады;
Әлеуметтік әділдік принципі - әлеуметтік-экономикалық әділдік деген кезде абсолютті теңестіру туралы емес, мұнда ең біріншіден, еңбекті әділ бағалау туралы сөз болуда;
Мемлекеттік алғышарттар принципі – осы принципке сәйкес, объективті себептерге байланысты өздерін өздері қамтамасыз ете алмайтын адамдарға, мемлекет экономикалық қамсыздандырудың кепілі ретінде шығады. Әлеуметтік қорғау құралдары негізгі 2 категория бойынша қаралады:
әрқашан әрекет етуші шектеушілер, яғни нарықтық эффектілерге жетуді қамтамасыз етеді. Сол себепті мемлекет минималды еңбекақыны реттеп отырады, салық салушылардың максималды ставкалары минимум тегін білім алуға кепілдеме береді және медициналық қызметке;
әлеуметтік компенсациялар жүйесі: жеңілдік, субсидия, рассрочка, кедейлерге көмек, қайырымдылық көрсетуге шақыру.
Жергілікті органдардың экономикалық өзін-өзі басқару принципі – федералды және жергілікті деңгейлердің субъектілерінің экономикалық өкілдігін ұстанады. Әлеуметтік жәрдемақылар және басқа да төлемдер федералды деңгейде минималды көлеммен кепілде болуы керек. Ал барлық төлемдер жергілікті бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қорларынан беріледі.
Сонымен бірге келесі экономикалық принциптер 2 маңызды: еңбекті төлеудің еңбектік мотивация принципі; өмірлік сапаны арттыру; қажеттіліктердің артуы.
Осы принциптердің бәрінде халықты әлеуметтік қорғау негізі жүйе ретінде мемлекеттің барлық деңгейлерін қарастырады. Бұл принциптер ортақ балансты сақтауға тырысады өндіріс немесе әлеуметтік жұмыс тұтынушыларға қызмет етеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру 90-жылдардың өзінде нарықтық қатынасқа еңбеген болатын.
Экономикалық тиімділік принципі - әлеуметтік шығындардың көлемі мен деңгейін, солардың қаржыландырылуына оптималды қарым-қатынасын білдіреді. Әлеуметтік мәселелерді қаржыландыру макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:еңбектердің төлем қорымен, халықаралық күнкөрісімен.
Әлеуметтік қажеттіліктерді қаржыландыру белгіленген шекарадан асса, қоғамдық өндірістің нәтижелілігін төмендетеді. Сонымен бірге бұл принцип айлық төлеу мен әлеуметтік төлемдер арасындағы қарым-қатынасты анықтайды.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік жұмыс экономикалық әдістері әлеуметтік қолдау механизмінің негізгі бөлігі.
5.Гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, қоғамдық мақсатты бағытталған және экономикалық тиімділік принциптеріне мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз: Әлеуметтік жұмыс экономикасының принциптері-бұл ғ ылыми дәлелденген,тәжірибеде тексерілген халықты әлеуметтік қорғау кәсіпорындары мен мекемемелерінің экономикалық қызметінің формасы мен әдістері жөніндегі қаулы. Әлеуметтік жұмыс экономикасына әлеуметтік сфера қызмет етуінің принциптері және ерекше принциптер де тән.
Гуманизм принципі: Адамның жоғары құндұлығын мойындауды,оның жетістіктері мен азаматтық құқықтарын қорғауды,жеке адам қабілетін жан-жақты көрсетуге жағдай жасауды көздейтін негізгі принциптердің бірі.
Әлеуметтік әділдік принципі: Әлеуметтік-экономикалық әділдік абсолюттік тепе-теңдік түрінде емес,ең алдымен еңбектің әділ бағасы,ұсақ өндірушілердің әділ табысы,минималды жалақыны жақындату,бюджеттік сфера мен негізгі халық шаруашылығы арасындағы қатынасты директивті қолдауды енгізу түрінде көрініс табады.
Ол екі формада көрініс табады:айырбас әділеттілігі және бөлу әділеттілігі.Бқл формалардың екеуі де бөлудің рыноктық механизмімен,екінші жағынан «байлық теориясының» -жеке және қоғамдық меншік сияқты екі артықшылығымен теңестіруге болады.
Әлеуметтік әділеттілік барлық адамдардың экономикалық өмір мен қоғамдағы саяси оқиғаларға белсенді қатысуын көздейді. Экономикалық әділеттілік кәсіпкердің,сондай-ақ тікелей рыноктық-өндірістік қызметтен тыс адамдар өндірістік қатынасқа әлі түсіп үлгермегендер (балалар,жасөспірімдер) немесе объективті себептерге байланысты оған түсе алмайтындар (мүгедектер,көпбалалы аналар),сондай-ақ жас мөлшері бойынша немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты өндірістен кеткен адамдарды (қарттар,мүгедектер) экономикалық қорғауды көздейді.
Басқа сөзбен айтқанда бұл меншікті қорғаумен қалыпты кәсіпкерлік қызметі қорғауға құқыққа иелік ету құқығын мойындау,балаларды,зейнеткерлерді,мүгедектерді әлеуметтік-экономикалық қолдауды білдіреді.
Қоғамдық мақсатқа бағытталған принцип: Бұл принципкесәйкес қоғамда қорғалатын халықтың толығымен немесе ішінара жұмысқа қабілеттілінен айырған бөлігімен қатаң түрде шектеуі тиіс.Бұл принцип бұзылса іске деген мотивация төмендеп еңбек армиясы көбейеді.Әлеуметтік жұмыстың бұл принципінің тәжірибедегікөрінісі адрестік әлеуметтік-экономикалық көмек жүйесі болып табылады.
Экономикалық тиімділік принципі: Әлеуметтік шығын көлемімен оны қаржыландыруға бөлінген ақша көлемінің арасындағы оптималды арақатынасы бейнеленеді.Әлеуметтік сфераны қаржыландыруға бөлінетін қаржы барлық макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс:жалпы ұлттық өнім,еңбек ақы қоры,халық табысы және тағы басқасы.Әлеуметтік мұқтаждыққа берілетін қаржының оптималды көлемнен алып келеді.Сонымен қатар,экономикалық тиімділік принципінің мәні әлеуметтік төлемдер мен жалақы арасындағы оптималды арақатынас болып табылады.
Жоғарыда тізбектелген принциптерде халықты әлеуметтік қорғау жүйеретінде негізделген.Бұл принциптер өндіріс және тұтыну сфераларның арасындағы пропорцияны,оптималды арақатынасты сақтауға бағытталған.
6.Әлеуметтік жұмыс экономикасының әдістерін атаңыз және анықтама беріңіз: Әлеуметтік жұмыстың экономикалық әдістері:
әлеуметтік-экономикалық
нормативтік талдау;
экономикалық-математикалық үлгілеу.
Әлеуметтік-экономикалық әдіс – Әлеуметтік қолдау технологиясында әлеуметтік-экономикалық әдіс дегеніміз – экономикалық принциптердің негізінде әлеуметтік мақсатқа жету тәсілі. Әлеуметтік мақсат дегеніміз – адамдардың, топтардың, қоғамның қызығушылығын біріктіруді қамтамасыз ету (экономикалық әдістердің әлеуметтік жұмыс технологиясында қолданылуы клиентке әлеуметтік эффектінің нәтижелі болуымен бағаланады).
Экономикалық әдіс – отбасында, адамға кризистік жағдай туған кезінде әлеуметтік-экономикалық көмек беруде қолданылады.
Әлеуметтік-экономикалық әдіс – құқықтық және әлеуметтік саясатты қолдана отырып, халықтардың белсенді еңбек етуін, өзін және отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсаты қолданылады.
Аталған мәселені шешуде экономикалық әдістердің негізі ең төменгі әлеуметтік-экономикалық кепілдік жүйесін енгізу әдісі. Бұл әдістің негізі – минималды еңбекақыны және ең төменгі күнкөріс деңгейін заң шығарушылар арқылы анықтау.
Нормативтік анализ әдісі – ғылыми қисынды әлеуметтік-экономикалық стандарттар мен нормативтерді анықтаумен және зерттеумен байланысты (жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің оптималдылығы).
Позитивті анализ – экономикалық құбылыстың байланыстарын зерттейді (баға өсімі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі).
Экономикалық-математикалық үлгілеу – экономикалық процестердің өзгеру заңдылығын, себебін анықтайды және оны болжайды.
Экономикалық эксперимент әдісі арқылы халықты әлеуметтік қолдау моделінің нәтижелігін анықтаймыз (зейнетақыны қызметінің ұйымдастырылу құрылымы).
7. Әлеуметтік-экономикалық әдісі, нормативті талдау, позитивті талдау және экономикалық-математикалық үлгілеу әдістеріне мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз:
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық әдістері: экономикалық-математикалық үлгілеу.
нормативтік талдау;
әлеуметтік-экономикалық
Әлеуметтік-экономикалық әдіс. Әлеуметтік қолдау технологиясында әлеуметтік-экономикалық әдіс дегеніміз – экономикалық принциптердің негізінде әлеуметтік мақсатқа жету тәсілі. Әлеуметтік мақсат дегеніміз – адамдардың, топтардың, қоғамның қызығушылығын біріктіруді қамтамасыз ету (экономикалық әдістердің әлеуметтік жұмыс технологиясында қолданылуы клиентке әлеуметтік эффектінің нәтижелі болуымен бағаланады).
Экономикалық әдіс – отбасында, адамға кризистік жағдай туған кезінде әлеуметтік-экономикалық көмек беруде қолданылады.
Әлеуметтік-экономикалық әдіс – құқықтық және әлеуметтік саясатты қолдана отырып, халықтардың белсенді еңбек етуін, өзін және отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсаты қолданылады.
Аталған мәселені шешуде экономикалық әдістердің негізі ең төменгі әлеуметтік-экономикалық кепілдік жүйесін енгізу әдісі. Бұл әдістің негізі – минималды еңбекақыны және ең төменгі күнкөріс деңгейін заң шығарушылар арқылы анықтау.
Нормативтік анализ әдісі – ғылыми қисынды әлеуметтік-экономикалық стандарттар мен нормативтерді анықтаумен және зерттеумен байланысты (жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін, зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінің оптималдылығы).
Позитивті анализ – экономикалық құбылыстың байланыстарын зерттейді (баға өсімі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі).
Экономикалық-математикалық үлгілеу – экономикалық процестердің өзгеру заңдылығын, себебін анықтайды және оны болжайды.
Экономикалық эксперимент әдісі арқылы халықты әлеуметтік қолдау моделінің нәтижелігін анықтаймыз (зейнетақыны қызметінің ұйымдастырылу құрылымы).
8. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі мен әлеуметтік кеңістік ұғымдарына анықтама беріңіз және айырашылықтарын сипаттаңыз: Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі - әлеуметтік қорғау институттарының экономикалық өзара байланысын реттеп отыратын, үнемі дамудағы әлеуметтік жұмыс қоғам мүшелеріне қалыпты жағдаймен қамтамасыз ететін және тұлғаның шығармашылық потенциалын жүзеге асырып отырады. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі – әлеуметтік шеңбер түсінігімен, оның экономикалық, әлеуметтік мәселелерімен тығыз байланысты. Сфераның негізгі мақсаты- әлеуметтік жұмыс субъектілерінің нормалар мен экономикалық потенциалын айқындау болып табылады.
Экономикалық кеңістік ұғымы – әлеуметтік сфера ұғымымен байланысты. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің экономикасын қарастырады. Экономикалық кеңістік – субъектілердің экономикалық байланыстарын айқындайды және ол экономикалық қатынастың дамуын арттырады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі- әрдайым дамушы әлеуметтік жүйе, әлеуметтік қорғау институтының өзара экономикалық қатынасы. Қоғам мүшелерінің қалыпты өмір сүру шарттарын қамтамасыз етеді, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Әлеуметтік қызметкерлер және мамандар өздерінің іс-әрекетін экономикалық кеңістікте жүзеге асырады.
Экономикалық кеңістікте әлеуметтік байланыстар жүзеге асады, көптеген түрлі экономикалық формалар, әдістер, өзара қарым-қатынастың әлеуметтік субъектілері жүзеге асады.
Әлеуметтік жұмыс кеңістігінде еңбек пен тұрмыс маңызды орынға ие. Еңбектік қарым-қатынастардың маңыздылығы, барлық халықтың 49%- ы халықтық шаруашылықта жұмыс жасайды. 40%-дан көбі- мемлекеттік емес сферада жұмыс атқарады. Еңбектік қатынастарды реттейтін база жаңа экономикалық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес келмейді. Мемлекет азаматтың еңбекке деген құқығын әлеуметтік қорғамайды. Өтпелі кезең еңбектік қатынастардың негативті тенденцияларын тудырды: еңбектік құқықтардың бұзылу саны артты, оның орындалуына мемлекеттік бақылаудың әлсіреуі. Жұмыссыздарға көрсетілетін мемлекеттік адрестік, әлеуметтік-бағытталған мәселелер маңызды орынға шығады.
Экономикалық кеңістік келесі салалармен байланысты : Денсаулық сақтау, Білім беру ,мәдениет,тұрмыс.экономикалық білім,еңбектік қатынастар.
Бұл кеңістікте экономикалық механизмді жүзеге асыру құрылымында 2 негізгі элемент құрайды: Мемлекеттік (федералды, аймақтық, жергілікті) ,мемлекеттік емес.
Әлеуметтік кеңістік – әлеуметтік сфера субъектілеріне тәуелді :қайырымдылық ұйымдары,ішкі істер министрлігі,халықты әлеутметтік қамтамасыз ету және еңбекпен қамтамасыз ету министрлігі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың еңбектік қатынастар шеңберіндегі негізгі бағыттары: Жұмыссыздықтың алдын алу және оларға әлеуметтік-экономикалық көмектің жүзеге асырылуы Мемлекетпен кепілденген төлемдердің төленуін бақылау және қадағалау жүйесін қайта жаңғырту Жаңа еңбек заңдарын шығару, кәсіподақтың мәртебесін қайта қарау
Әлеуметтік қорғау саласындағы экономикалық кеңістікті реттеу
9.Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістіктігінің құрамдас бөліктерін атаңыз және сипаттама беріңіз: Әлеуметтік жұмыс кеңістігінде еңбек пен тұрмыс маңызды орынға ие. Еңбектік қарым-қатынастардың маңыздылығы, барлық халықтың 49%- ы халықтық шаруашылықта жұмыс жасайды. 40%-дан көбі- мемлекеттік емес сферада жұмыс атқарады. Еңбектік қатынастарды реттейтін база жаңа экономикалық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес келмейді. Мемлекет азаматтың еңбекке деген құқығын әлеуметтік қорғамайды. Өтпелі кезең еңбектік қатынастардың негативті тенденцияларын тудырды: еңбектік құқықтардың бұзылу саны артты, оның орындалуына мемлекеттік бақылаудың әлсіреуі. Жұмыссыздарға көрсетілетін мемлекеттік адрестік, әлеуметтік-бағытталған мәселелер маңызды орынға шығады.
Экономикалық кеңістік келесі салалармен байланысты : Денсаулық сақтау, Білім беру ,мәдениет,тұрмыс.экономикалық білім,еңбектік қатынастар.
Бұл кеңістікте экономикалық механизмді жүзеге асыру құрылымында 2 негізгі элемент құрайды: Мемлекеттік (федералды, аймақтық, жергілікті) ,мемлекеттік емес.
Әлеуметтік кеңістік – әлеуметтік сфера субъектілеріне тәуелді :қайырымдылық ұйымдары,ішкі істер министрлігі,халықты әлеутметтік қамтамасыз ету және еңбекпен қамтамасыз ету министрлігі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың еңбектік қатынастар шеңберіндегі негізгі бағыттары: Жұмыссыздықтың алдын алу және оларға әлеуметтік-экономикалық көмектің жүзеге асырылуы
Мемлекетпен кепілденген төлемдердің төленуін бақылау және қадағалау жүйесін қайта жаңғырту
Жаңа еңбек заңдарын шығару, кәсіподақтың мәртебесін қайта қарау
Әлеуметтік қорғау саласындағы экономикалық кеңістікті реттеу
Денсаулық сақтау саласындағы қайта құру келесідей принциптерге жүгінеді:
Медициналық ғылым мен денсаулық сақтау саласындағы тәжірибенің бірізділігі
Медииналық қызметтер нарығын қалыптастыру
Медико-әлеуметтік оңалту
Денсаулық сақтау саласындағы көпжүйелілік
Халықтың денсаулықты қорғау саласындағы сауалдарға ат салысуы
10.Білім жүйесіне әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігінің субъектісінің бірі ретінде сипаттама беріңіз: Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі - әлеуметтік қорғау институттарының экономикалық өзара байланысын реттеп отыратын, үнемі дамудағы әлеуметтік жұмыс қоғам мүшелеріне қалыпты жағдаймен қамтамасыз ететін және тұлғаның шығармашылық потенциалын жүзеге асырып отырады. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі – әлеуметтік шеңбер түсінігімен, оның экономикалық, әлеуметтік мәселелерімен тығыз байланысты. Сфераның негізгі мақсаты- әлеуметтік жұмыс субъектілерінің нормалар мен экономикалық потенциалын айқындау болып табылады.
Экономикалық кеңістік ұғымы – әлеуметтік сфера ұғымымен байланысты. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің экономикасын қарастырады. Экономикалық кеңістік – субъектілердің экономикалық байланыстарын айқындайды және ол экономикалық қатынастың дамуын арттырады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі- әрдайым дамушы әлеуметтік жүйе, әлеуметтік қорғау институтының өзара экономикалық қатынасы. Қоғам мүшелерінің қалыпты өмір сүру шарттарын қамтамасыз етеді, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Әлеуметтік қызметкерлер және мамандар өздерінің іс-әрекетін экономикалық кеңістікте жүзеге асырады.
11.Халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттілігі және оның мемлекеттік саясаттағы орнын анықтаңыз және түсіндіріңіз: Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматқа ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңлы негіздер, бойынша жалақы мен зейнетақының аз мөлшері, жасының жетуіне байланысты әлеуметтік жағынан қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.
Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселегі мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен төлеу тәртібі заңда қарастырылған. Біздің елімізде "Мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заң қабылданған.
Егер қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы жарақатқа немесе кәсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа шыққанша не мүгедектігі анықталғанша орташа айлық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде төлейді. ! Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны не ойдағыдай орындамағаны үшін жұмыс беруші заңда белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Жұмыс берушіге, сондай-ақ қызметкердің жарақаттануына және өзге де денсаулығының бұзылуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру міндеті жүктеледі. Егер жұмыс берушінің кінәсінен қызметкер өзінін қызметтік міндеттерін орындау үстінде жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілсе жене соның салдарынан ол толықтай немесе ішінара еңбекке қабілеттілігін жоғалтса, онда жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру орнын толтыру төлемі болмаған жағдайда белгіленген тәртіп бойынша және мәлшерде оған келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті. Қызметкердің жарақатты немесе денсаулығына келтірілген өзге де зиянды қай жерде алғандығына қарамастан (кәсіпорын аумағында ма, не одан тыс жерде ме) жұмыс берушінің оған кінәлілігі дәлелденген жағдайда жұмыс берушінің материалдың жауапкершілігі туындайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянға өзінің кінәлі еместігін дәлелдесе, онда ол зиянның орнын толтырудан босатылады.
Келтірілген зиянның орнын толтыру дегеніміз — зақымданған қызметкердің еңбекке қабілеттілігін жоғалту, не онын төмендеуі салдарынан жоғалткан жалақысының, табысының мөлшерінде (немесе олардың тиісті белігі мөлшерінде) ақша сомасын төлеуді, біржолғы жәрдемақы төлеуді және денсаулығының бұзылуына байланысты шығарылған қосымша шығындарының орнын толтыруды білдіреді. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге; қайтыс болған адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдардың немесе ол өлген күнге дейін асырап-бағу үшін одан қаржылай көмек алып тұруға құқылы адамдардын; қайтыс болған адамның ол өлгеннен кейін туған баласының; сондай-ақ ата-анасының біреуінін жұбайының немесе жұмыс істемейтін және өлген адамнын жасы сегізге толмаған балаларының інілері мен қарындастарының немерелерін бағумен айналысатын өзге де отбасы мүшесінің құқығы бар.
Зардап шеккен қызметкердін алған енбек жарақатына байланысты жұмсалған қосымша шығындардын орнын толтырудың тәртібі мен шарттары да белгіленген. Мәселен, кәсіпорын зардап шеккен қызметкердің денсаулығы жойылуынан жоғалтқан жалақысының орнын толтырумен қатар, оның алған жаракатына байланысты шығарған қосымша шығындарының да (қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, медициналық тексерілуге және денсаулығын қалпына келтіруге, тіс салдыруға, оны күтуге, санитарлық емделуге, зардап шегушінің емделетін жерге әрлі-берлі барып-қайтуға қажет жолақысын, ал қажет болған жағдайда оның қасына еріп жүретін адамнын да жолақысын қоса) орнын толтырады. Алған жарақаттарынын немесе кәсіби аурудың салдарынан мүгедек болған қызметкерлер өздері еңбек қатынасында тұратын жұмыс берушілердің қаржысы есебінен жүріп-тұру құралдарымен, еңбектік- әлеуметтік қалпына келтірудің басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Жұмыс беруші осы айтылған міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда мүгедектердің немесе олардьщ мүддесін қорғайтын әлеуметтік камсыздандыру органдарының талаптары бойынша сот алдында жауап беретін болады. Қолданылып жүрген заңға сәйкес мүгедектердің жұмыска орналасуға қақысы бар. Мемлекет күйі төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар қолданып отырады. Адам басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындар мәртебесі бар адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға құқығы бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қақысы бар. Еңбекпен қамту мәселелелері бойынша әкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Дәлелді себептерсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, оқуға және қайта оқуға қатысудан өздігінен бас тартқан жұмыссыздар алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің құқықтық және әлеуметтік негіздері Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңы арқылы реттеліп отырады. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, республика азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамтамасыз етілуіне құқығы бар.
Жалпы ереже бойынша, еркектер — 63 жасқа, әйелдер — 58 жасқа толғанда зейнеткерлікке шығуға қақысы бар. Кейбір адамдардың ел алдында сіңірген еңбегі үшін зейнеткерлікке шығуға қақысы бар, мысалы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 5 баласы бар және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеп өсірген әйелдердің 53 жасында зейнеткерлікке шығуға еркі бар. 2005 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 9200 тенгені құрады, орташа зейнетақы — 12427 теңге.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ және жеке жүйелері
Бүгінде Қазақстанда зейнетақымен қамтамасыз етудің үш дәрежелі жүйесі қалыптаскан:
бірінші дәрежесі — мемлекеттік негіздегі зейнетақы;
екіншісі — міндетті зейнетақы жарналары есебінен болатын ортақ жүйе мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан тұратын зейнетақы;
үшіншісі — ерікті және кәсіби зейнетақы аудару есебінен қосымша төлеу.
2005 жылы Қазақстанның барлық азаматтарына үш мың теңге мөлшерінде мемлекеттік негіздегі зейнетақы енгізілді. Бұдан әрі негізгі зейнетақы төлеу мөлшері республикалық бюджет туралы заңда қарастырылатын болады. Келешекте негізгі зейнетақы дәрежесін күнелту минимумы дәрежесіне жақындату жоспарлануда. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жуйесі — көсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ерікті ақша аудару есебінен зейнетақы төлеу дегенді білдіреді. Жеке жинақталган жүйе — нақты зейнетақы қорындағы өзінің жеке есебіне табыстарын аудару арқылы әрбір азаматтың зейнетақы сомаларын қалыптастыруы.
Зейнетақы қорлары
Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады. Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді (жинақтаушы зейнетақы корларға) жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатьш жеке тұлғалар жүзеге асырады. Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді. Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақталу зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде зейнетақымен қызмет көрсететін әр түрлі фондалар бар.
Реформа мезетінен қазіргі уақытқа дейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптері болып:
зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу;
зейнетақы каржы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарды жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;
азаматтарды белгіленген зейнетақының аз мөлшерімен қамтамасыз етуге тікелей мемлекеттік кепілдік беру;
зейнетақы және басқа әлеуметтік қамтамасыз ету формаларына шек кою;
зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастағы әр азаматтың қатысуы міндеттілігі;
енбекке қабілетті азаматтардың қартайған шағында өздерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне жеке жауапкершілігі;
жинақтаушы зейнетақы қорларына ақша салудың қауіпсіздігі мен сақталуынын халықка тиімділігі;
жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақыға азаматтардың мұрагерлік құқығын қамтамасыз ету;
әр азаматтың өз еркімен қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілу кұқығы;
азаматтардың зейнетақысын сақтауы инвестиция арқылы экономикаға қосқан үлесі болып табылады.
Мемлекет мемлекеттік жинақтаушы қорда зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Зейнетақылық жинак каржыларының колсұғылмай сақталуын түрлі шаралар жүйесі аркылы камтамасыз етеді, атап айтканда, жинақтаушы зейнетақы корларының зейнетақы жарна- ларын түсіру және зейнетақылық төлемдер төлеу жөніндегі қызметін лицензиялау жолымен жүзеге асырады; жинақтаушы зейнетақы корларының жылдық каржылық есептерін міндетті түрде аудиторлық тексеруден өткізу аркылы жасайды, жинақталған зейнетақылық каржыларды алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара сақтандыру жолымен де және тағы басқалай төсілдермен жасайды. Салымшылардың зейнеткерлік шарттар жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын дербес таңдап алуға, зейнетақылық қаржы жинактарының жағдайы туралы акпараттар алуға құқығы бар.
Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз — қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарды, сондай-ақ балалы отбасыларды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жүйесі. Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар ұолданады. Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз — адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы. Зейнетақы дегеніміз — азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем.
12. Мемлекеттің экономикалық саясаты дегеніміз не және оның экономикалық кеңістіктегі қызметіне талдау жасаңыз: Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру.
Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.
Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды.
1929 – 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Экономикалық саясат жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 – 60-жылдардан бастап Экономикалық саясатта неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі Экономикалық саясат шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің экономикалық саясатның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс.
Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген экономикалық саясатта көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде экономикалық саясаттың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Экономикалық саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың еңбектік қатынастар шеңберіндегі негізгі бағыттары:
Жұмыссыздықтың алдын алу және оларға әлеуметтік-экономикалық көмектің жүзеге асырылуы
Мемлекетпен кепілденген төлемдердің төленуін бақылау және қадағалау жүйесін қайта жаңғырту
Жаңа еңбек заңдарын шығару, кәсіподақтың мәртебесін қайта қарау
Әлеуметтік қорғау саласындағы экономикалық кеңістікті реттеу
13.«Экономикалық адам» және «әлеуметтік адам» ұғымдарына талдау жасаңыз және өзара байланысын көрсетіңіз: Адам, индивид, жеке тұлға-өзара байланысты бұл ұғымдар өмірде жиі бірге қолданылғанымен, социология ғылымы оларды бір-бірінен бөліп қарастырады. "Адам” деген термин –жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдеи субъект. Адам табиғаты біртұтас әлеуметтік жүйе болып табылады. Адамның мәнді әлеуметтік қасиеттері- оның азаматтылығын анықтайды. Адам белгілі бір қоғамдық қатынастың нәтижесі ғана емес, сонымен бірге сол қатынастың өзін " дүниеге әкелуші”.
Ал индивидд дегеніміз-қоғамның жеке бір мүшесі, яғни жеке адам.
Жеке тұлға дегеніміз-өзінің қайталанбас индивидуалдығымен ерекшеленетін индивидтің әлеуметтік қатынас жүйесіне енуі, қоғам дамуының өкілі ретінде адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің толықтығы. Жеке тұлғаның барлық анықтамалары оның дамуының екі қарама-қайшы көзқарастарымен негізделеді. Бірінің көзқарасы бойынша әрбір жеке тұлға өзінің туылған қасиеттері мен қабілеттерінің қатынасында қалыптасады және дамиды, және мұнда әлеуметтік орта онша үлкен маңызға ие бола қоймайды. Ал екінші көзқарастардың өкілдері жеке тұлғаның туылған ішкі қасиеттері мен белгілерін толығымен терістейді және жеке тұлғаны әлеуметтік тәжірибе барысында толығымен қалыптасатын құбылыс деп санайды. Бұл жеке тұлғаның қалыптасу процесіндегі көзқарастар болып табылады.Бұл құбылысты талдауда біз жеке тұлғаның биологиялық ерекшеліктерімен қатар оның әлеуметтік тәжірибелерін де ескеруіміз қажет.
Бұл көзқарастарға байланысты жеке тұлға әртүрлі әлеуметтік және мәдени тәжірибелердің түрлеріне қатысты биологиялық организм ретінде дамиды. Мұнда жеке тұлғалық белгілердің қалыптасу процесіне әсер ететін туған қабілеттері, даму қарқыны терістелмейді.
Жеке тұлға ұғымы адамда оның өмірлік қызметінің әлеуметтік бастауын сипаттауға көмектеседі. Адам әлеуметтік байланыстарда , әлеуметтік институттарда, мәдениетте, яғни қоғамдық өмірде басқа адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылатын қасиеттерді жасайды.
Жеке тұлға ұғымы әрбір адамда әлеуметтік мағыналы белгілердің индивидуалды бейнеленуін және оның негізгі барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде бейнеленуін көрсетеді. Социология ғылымы тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуының әлеуметтік негізін, тұлғалар типі қоғамында өсетін әлеуметтәік қызметтер мен әлеуметтік мазмұнда , яғни жеке тұлғаны қоғамдық өмірдің қайнар көзі ретінде зерттеуге тырысады. Социологтардың көзқарасы бойынша жеке тұлға басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы ндивидуалды өмір қызметінің әлеуметтік белгілерін бейнелейтін және сол арқылы қоғамдық қатынастардың дамуы мен тұрақтануына әсер ететін жеке адамдарды білдіреді.
Адам және экономика
Біздің ерқайсымыз өсе келе дөл қазіргі кезенде көңіліміз соққан көп нәрсеге қолымыздың жете бермейтінін білеміз. Өз өмірімізде біз үдайы тандаумен боламыз. Таңдау мәселесі табыскер бизнесмендердің де, үкіметтің де алдында түрады. Адам баласының қажеттілігі шексіз. Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру адам Қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалынады. Қажеттілік — Жоғары және төменгі деңгейлі, өлеуетті жөне толем қабілетті Жөне тағы басқа болып келеді. Адам баласының қажеттілігіне байланысты әртүрлі теориялар бар. Біз оны А.Маслоу теориясы бойынша қараймыз. Ол адам баласының қажеттілігін 5 топқа жатқызады: 1. физиологиялық (аштық, шолдеу, секс және сол сияқты); 2. қауіпсіздіктегі қажеттілік (қорқыныштан, ашу-ызадан, жанға батудан қорғану және т.б.); 3. әлеуметтік байланыстағы қажеттілік (махаббат, достық, әлеуметтік теңестіру мен жалғастыру жөне сол сияқты); 4. озін озі сыйлау қажеттілігі (қол жеткізу, мойындау, қостау және т.б.); 5. озіне озі коңіл қою кажеттілігі (түсіну жөне ойлау, оз мүмкіндіктері мен қабілеттерін іске асыру). Экономиканың даму деңгейіне қарай бүл кажеттіліктері отеу ӨР елде өр басқа болып келеді. Әр топтың айырымы мен мәні де өртүрлі. Мәселен, жапондық жүйе басқармасы кобінесе І-ІІІ топқа, ал американдықтар I, ГУ, V топтарға бағдар түзейді. Адамның ғана емес, сонымен қатар көсіпорынның да қажет-тіліктері шексіз және оның шөлін қандыру мүмкін емес. Тауар өндіру мен қызмет корсетуге арналған қүралдар шектсулі немесе сирек. Адамдардың үздіксіз өсу үстіндегі материалдық қажетті-ліктері мен оларды қанағаттандыратын экономикалык мүмкін-діктердің арасында қайшылықтар болады. Адам оз қажеттілікгерімен қиындықтарға үрынады. Өндірістің заттай факторлары капитал мен жерді, шындығында, адам жандандырады. Атап айтқанда оның кәсіпкерлік кемеңгерлігі өн-дірістің озат технологиясындағы толық жүйелерді тудырады, сол кемеңгерлік озіне де және қоғамға да керекті барша нәрселерді ондіреді. Адам ондірістің басында түрады, сонымен бірге онді-рістің ортасы мен түйінді түсынан да табылып, кез келген өн-дірістің мақсаты секілді ол оның соңында да корінеді. Сонымен адам капиталы козбен коргенде өсерлі корініс беріп, ондірістегі оның ықпалы беп-белгілі болып түрады. Демек, біз адам капита-лын капиталдың баска түрлерімен бірдей экономикалык жүйенің нысаны деп карай аламыз. Нарыққа оту адамды зерттеудегі жетімсіздік пен үйлеспеу-шілікті болдырмауды талап етеді. Өзіне бара-бар дамыған нарық-тық қатынастар жағдайында адам-жүмысшының тиісті ғылыми негізделген әлеуметтік-экономикалық үлгісінің болмауы, Қа-зақстанның экономикалык, жағдайларынан айқын корініп түр-ғанындай, үлкен қателіктерге, қоғам үшін шығындар мен кері кетушілікке әкеп соғады. Нарықтық қатынастардың субъектілеріне барынша назар ау-дарылуы керек жөне оларға тиісінше инвестициялар болінуі қажет. |
14. Әлеуметтік кепілдеме және әлеуметтік стандарттар ұғымдарына анықтама бере отырып, талдау жасаңыз: Әлеуметтік кепілдемелер – қоғамның әрбір мүшесіне оның маңызды әлеуметтік-экономикалық құқығы мен бостандығын жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық және құқықтық кепілдемелер жиынтығы.
Әлеуметтік кепілдемелерге келесілер жатады:
Айқын жалақы құрылымы;
Тегін медициналық тексерілу;
Жас маман иелеріне материалдық көмек көрсету (жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектері);
Ұжыммен жасалынатын келісім-шарт;
Жеңілдетілген жолдамалар;
Жақсы қызметі үшін берілетін сыйлық еңбекақы және т.б.
Әлеуметтік стандарттар – азаматтарға ақысыз және қайтарымсыз берілетін мемлекеттік көмек.
Мемлекеттік қызметтер мен стандарттар:
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына сәйкес Еңбекминнің 10 мемлекеттік қызметтері көрсетіледі, олар:
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау;
Базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау;
Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған;жұмысынан айрылған жағдайларда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау;
Көші-қон квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлікті (оның ішінде малды) жеткізу шығыстарын өтеу, келген жерінде тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақы төлеу;
Бала туғанда және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау;
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау;
Әлеуметтік жеке код беру;
15.Өмір сапасы, күнкөріс минимумы, күнкөріс минимумы бюджеті ұғымдарына анықтама беріңіз және олардың өзара байланысын ашып көрсетіңіз: Өмір сүру сапасы – адам басына шаққандағы шынайы табыс пен тұтыну мөлшерін сипаттайтын материалдық жетістік деңгейі.
Соңғы онжылдықтарда ғалымдар «өмір сапасы» деген терминге беретін мағына және оған салынатын мазмұн елеулі өзгерістерге ұшырады. Өмір сапасы адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін субъективті бағалау ретінде анықтала бастады.
Өмір сапасын сондай-ақ, адам үшін өмірлік маңызды жақтардың, процестердің және еңбек қызмет аспектісіндегі сияқты жалпы тіршілік қызметі аспектісіндегі оның қазіргі болмысын көрсететін белгілі бір сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастыру керек.
Өмір сүру сапасына келесілерді жатқызамыз:
тән саулығы;
психологиялық денсаулық;
тәуелсіздік деңгейі;
әлеуметтік қатынастар;
қоршаған орта;
руханият / дін/ жеке нанымдар.
Күнкөріс минимумы - адамның тіршілік харекетін қолдау және оның жұмыс күшін қалпына келтіру үшін қажет ақшалай қаражаттың ең төмен деңгейі (минимумы); оны анықтау әдістемесі бүкіл отбасының немесе бір қызметкердің шығыны мен табысының теңгерімі болып табылатын тұтыну бюджетін (күнкөріс минимумының бюджетін) құрауға негізделеді.Статистикада, ғылыми зерттеулерде, болжауларда Күнкөріс минимумының көрсеткіші кедейлік шегі ретінде қаралады.
«ҚР «2012-2014 жылдардағы Республикалық бюджет туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, минимум 17 439 теңге деп көрсетілген. Ол 60 пайызы азық-түліктен тұратын минимальді тұтыну қапшығымен анықталады. Ал қалған 40 пайызы азық-түлік емес тауарлар. Азық-түліктен басқа тауарларға коммуналдық қызмет төлемдері, киім-кешек, жолақы және басқалар жатуы керек. Соның ішінде бір пәтердің коммуналдық төлемінің өзі жазғы уақытта 7-8 мың теңгені, қыста 12 мың теңгені құрайды.
Минималды әлеуметтік кепілдеменің негізі ретінде жұмыссыздықтан қорғау
Қазақстан Респубикасының «Тұрғындарды жұмыспен қамту» заңына сәйкес ауданда келесі жұмыстар жүргізілуде:
1.Азаматтарды жұмыспен қамту 2.Жұмыссыз азаматтарды қайта дайындық курстарынан өткізу,білімдерін көтеру жұмыстары 3. Қоғамдық мекемелердің қоғамдық жұмыстарының ақысын төлеу 4.Әлеуметтік жұмыс орындарын құру 5.18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына жәрдемақы төлеу тағы басқа іс-шаралар жүргізілуде.
Жұмыспен қамту орталығына тіркелу үшін келесі құжаттар қажет: 1.Жеке куәлік (түп нұсқасы, көшірмесі) 2.Еңбек кітапшасы (түп нұсқасы) 3.Тұрғын үй кітапшасы (түп нұсқасы) 4. Диплом (білімі туралы анықтама) 5. Жеке әлеуметтік коды (түп нұсқа )
17.Халықты әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру ұғымдарына анықтама беріңіз және жүзеге асырылу жолдарын сипаттаңыз. Әлеуметтік камсыздандыру - әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттерін қанағаттандыруға және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы.
Әлеуметтік камсыздандыру объектілері: жасы ұлғайған азаматтар; еңбекке жарамды жаста ауырған адамдар соның ішінде еңбек ету қабілетінен айрылған мүгедектер; жартыкеш және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек балалар; жетімдер; еңбекке жарамсыз, біреудің күтіміне мүқтаж жалғыз іліктілер; күнелтуге қажетті ең аз мөлшердегі табысы жоқ кедей жұртшылық; дүлей және әлеуметтік апаттардан зардап шеккен азаматтар, т. б.
Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру бірнеше топтарға бөлінеді, олар: әлеуметтік сақтандыру, меншікті әлеуметтік камсыздандыру және әлеуметтік көмек (әлеуметтік қолдау).[1] Әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), заттай түсімдер (азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары, тегін асханалар, жәрдем қаражат алған арзан тауарлар дүкендері, дәрі-дәрмек, протездер беру, т. б. түрінде), тегін жеңілдікті қызметтер көрсету (үйге барып қызмет көрсету, интернат үйлер, уақытша баспаналар, арнаулы көлік, жол жүру шегерімдері, телефон, тұрғын үй, психологиялық және заңды кеңестер беру, санаторийлік-курорттық емдеулер түрінде), т. б. нормалары болады.
Әлеуметтік сақтандыру –
әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;
экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;
азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т.б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.
Әлеуметтік сақтандырудың ерекшелігі – жұмыс берушілердің және мемлекеттің қолдауымен жұмыскерлердің мақсатты жарналарынан құралатын мамандандырылған қорлардан қаржыландыру, яғни әлеуметтік сақтандыру кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың міндетті жарналарынан құралатын ерекше қорлардың есебінен жүзеге асырылады. Халықты әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесі мынадай негізгі элементтерді қамтиды:
мемлекеттік көмек берудің дәстүрлі нысаны (әлеуметтік көмек);
әлеуметтік жеңілдіктерді қоса халықтың жекелеген санаттарына берілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер жиынтығы;
Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.
Екі түрі бар, олар: міндетті жалпы сақтандыру және міндетті кәсіптік сақтандыру. Міндетті жалпы сақтандыру еңбек шартымен немесе келісімшартпен жұмыс істейтін барлық тұлғаларға қолданылады. Міндеті кәсіптік сақтандыру жарақаттану қауіпі жоғары, ерекше қауіпті және еңбек етуге жағдай қолайсыз жұмыстарда істейтін тұлғаларға қолданылады. Ерікті әлеуметтік сақтандыру мемлекеттің (мемлекеттік бюджеттің) сақтандыруды қолдауы жоқ болғанда ұжымдық ынтымақ және өзара көмек қағидаты негізінде құрылады. Адам және бүкіл қоғам үшін барынша мәнді қажеттіліктерді қанағаттандырудың мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктері халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа жүйесінің негізі болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру деп әдетте еңбек ету қабілетін жоғалтқан және (немесе) жұмысынан айырылған жағдайларда азаматтарды материалдық қолдау және олардың денсаулығын қорғау үшін қоғамдық өнім құнын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың жүйесін айтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы №886 қаулысымен мақұлдаған Қазақстан Республикасында Халықты әлеуметтік қорғаудың тұжырымдамасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың мүмкін болатын әлеуметтік қатер туған жағдайда халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудағы бағыттарын айқындап берді. Рыноктық экономика жағдайында әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмектен басқа халықты әлеуметтік қорғаудың басым түрлерінің бірі әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Қазақстанда 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің енгізілуіне 2004 жылдың 27 ақпанында мамандандырылған институт - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы себеп болды.
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады.
1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті сипаты.
Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.
2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып табылады.
3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.
Резервтік әдіс - бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік төлемдер төленеді. Бұл әдістің ерекше сипаттрына жарналардың тұрақты деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады. Халықаралық тәжірибелерге жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесін қаржыландырудың моделін жасағанда басымдық резервтік әдіске беріледі.
4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қызметтерді бөлу болып табылады.
18. Әлеуметтік қамсыздандырудың атқаратын қызметтеріне талдау жасай отырып, сипаттама беріңіз: Әлеуметтік камсыздандыру - әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттерін қанағаттандыруға және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы.
Әлеуметтік камсыздандыру объектілері: жасы ұлғайған азаматтар; еңбекке жарамды жаста ауырған адамдар соның ішінде еңбек ету қабілетінен айрылған мүгедектер; жартыкеш және көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек балалар; жетімдер; еңбекке жарамсыз, біреудің күтіміне мүқтаж жалғыз іліктілер; күнелтуге қажетті ең аз мөлшердегі табысы жоқ кедей жұртшылық; дүлей және әлеуметтік апаттардан зардап шеккен азаматтар, т. б. Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру бірнеше топтарға бөлінеді, олар: әлеуметтік сақтандыру, меншікті әлеуметтік камсыздандыру және әлеуметтік көмек (әлеуметтік қолдау). Әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), заттай түсімдер (азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары, тегін асханалар, жәрдем қаражат алған арзан тауарлар дүкендері, дәрі-дәрмек, протездер беру, т. б. түрінде), тегін жеңілдікті қызметтер көрсету (үйге барып қызмет көрсету, интернат үйлер, уақытша баспаналар, арнаулы көлік, жол жүру шегерімдері, телефон, тұрғын үй, психологиялық және заңды кеңестер беру, санаторийлік-курорттық емдеулер түрінде), т. б. нормалары болады. Әлеуметтік қамсыздандырудың нысаны ретінде әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және халықтың тұрмысы төмен жіктеріне «әлеуметтік көмек» деп аталатындар бола алады.
