- •2 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін-қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негізденіз.
- •19.Президенттің «Интеллектуалды ұлт 2020» бағдарламасы және оның маңызы
- •20.Бірінші орыс революциясының қазақ қоғамдық қозғалысына әсері
- •21.Совет өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформалары және ондағы қайшылықтар
- •22.Жалпыға бірдей Еңбек қоғамын құру-қр әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі екенін дәлелдеңіз.
- •24.Е.Б.Бекмаханов,е.С.Смаиылов,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •25. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызын көрсетіңіз
- •26.Советтік Қазақстанда жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •27.Н.С.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі үдерістер
- •28.Қазақстанның бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы:мақсаты мен міндетін ашыңыз
- •30.Хх ғ. 30-50 жж. Қазақстандағы саяси репрессиялар.Оның зардаптарын көрсетіңіз
- •31.1992 Жылы 7 мамырда Президент Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлығы-егемен мемлекеттің қалыптасу кезіндегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •32.Қазақ зиялыларының қалыптасуы:оның сандық және сапалық құрамы
- •33.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері
- •34.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы»атты еңбегінде қарастырылған мәселелер
34.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы»атты еңбегінде қарастырылған мәселелер
Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді. 34. Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.
I. Тәуелсіздік стратегиясы II. 1995 жылғы Конституция III. Каспий үшін күрес және мұнай дүмпуі IV. Теңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз V. Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке VI. Ұлттық қаржы жүйесі VII. Жер мәселесінің эволюциясы VIII. Жұлдыздарға жол салған Қазақстан IX. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы
35. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды:Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин,Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзетітөңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. 1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті. Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым–салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу–ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті.
36. 1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорғасүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті.Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылыққызметтердегі санын шектеп отырды.1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті. 1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекетіорталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды.Партияның өлкелік комитеті таратылып,реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталинмен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарынтүп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатыноппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды. 1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдыңқыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партияданшығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқыныңмүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды. 1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралықсипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңесзаңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы,1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялыққылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыруқұқығын сақтаған ереже бекітілді. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағыныңқұрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс
Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстан экономикасында «индустрияландыру» бағыты жүзеге асырылды. 1926-1940жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуы елді ірі нәтижелерге жеткізді. Қазақстан КСРО-ның құрамындағы аграрлы елден дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. 1938жылы Балқаш мыс қорыту зауыты алғашқы өнімін берді, 1940 жылы Ақтебе ферроқорытпалар зауытының құрылысыбасталды. Шымкент, Ащысай және Лениногорск комбинаттарының өнімі артты. Қарсақбай мен Ертіс мыс балқыту зауыттары жаңа техникамен жарақтандырылып, қайта құрылды. Қазақстанда 1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, өнім ендірді.1940 жылы елімізде индустрияның жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 7,9 есеге өсті. Республикамыз соғыс қарсаңында КСРО-да қорғасын ендіруден бірінші, мұнай мен кемір өндіруден алтыншы орын алды.Қазақстанның халық шаруашылығында өнеркәсіп басым салаға айналды, оның ірлесі 60%-ға жетті. Еліміздің өнеркәсіпті шикізат аймағы Орталық Қазақстанда қалыптасты. Қарағанды өз көмірімен Балқаш пенЖезқазғандағы түсті металлургиякеніштерін, Оралдың оңтүстігіндегі кәсіпорындарды қамтамасыз етіп отырды. 1930 жылдардың соңында республикамызда транспорт жүйесі де жетілдіріле түсті. Соғыс қарсаңындағы жылдарда Қазақстанда темір жол салу ісі де кеңінен қанат жайды. Республиканың табиғи байлықтарын игеруде маңызды рөл атқарғанТүркістан-Сібір темір жолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының құрылысы 9 ай ішінде бітіп, оның үзындығы 806 километрге жетті. Гурьев-Қандыағаш темір жол желісі пайдалануға берілді. Аталған темір жолдар республиканың батысы мен орталық өлкелерін байланыстырды, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтты. 1940жылы елімізде 1358 километр темір жол пайдалануға берілді. Темір жолжелілерінің ұзаруы республикамыздың халық шаруашылығын дамытып, ел корғанысын нығайтуға елеулі үлес косты. Химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібіндеде іргелі табыстарға қол жеткізілді. Еліміздің ірі қалаларында аяқ киім және тігін фабрикалары, ет, жеміс-көкөніскомбинаттары мен май, консерві, қант шығаратын зауыттар салынып, жұмыс істей бастады. Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш,қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары және арнаулы білімі бар мал дәрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығындаеңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай әсер етті. Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мәселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы әлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тәртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл әкімшілік-командалық тәртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбек белсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бәрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері әсер етті. Осындайқиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды. [1]
37. Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан. «Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Программа реализуется по нескольким направлениям: - ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; - археологиялық зерттеулер; - қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; - ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру. 2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген,олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш ретеліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Апмения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды. Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі. Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер. Қазақтың дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.
38. Отаршылдық жүйе кеткенімен, жаңаотаршылдық жүйе келді. Яғни, бәрібірөзегінде Ресей тұрды. Орталық билікбәрібір Ресейдің қолында қалды.Осындай жағдайда қазақ зиялылары,соның ішінде Алаш зиялылары«Табалдырықты» қолдады. Ал егертергеуге берген құжаттарда«қолдамады» делінсе, ол қазақазаматтарының бірін–бірі қорғау үшінайтқаны деп ұғу керек. Өйткені, алғаш1926 жылғы қуғын–сүргін кезінде 44 азамат тұтқынға алынды.Олардың баршасы бір ауыз артықсөздің ертең таяқ болып тиетінінжақсы түсінді, сондықтан да сақтықжасады. Мағжан Жұмабаевты 1937 жылы 30 желтоқсанда екінші реттұтқындайды ғой. Сол кездегі ісі үштомнан тұрады. Сонда өз қолымен берген түсініктемесі бар. Мен соны тұтас конспект жасадым. Кейде сол дәуірдегі қазақ зиялыларын большевиктік бағытты қолдағандар, ұлттық бағытты ұстанғандар деп те бөліп жатамыз, соның өзі дұрыс емес. Барлығы бір қазақтың азаматы, бір мүддені көздеді. Әлбетте, әдебиетшілер арасында социалистік реализмді қабылдағандар бар да, қабылдамағандар бар. Мағжан өз қолымен жазған түсініктемесінде осы зиялылар арасындағы қарым-қатынас мәселесін жақсы суреттеп жазған. «Табалдырықта» «қоғамның тынысы бүркемелеусіз, тұтас, толыққанды жазылуы керек» деген ой айтады, ақынның өзі сол бағытты ұстанады. Мағжанды Шериаздан Елеукенов бастаған әдебиеттанушы ғалымдар да зерттеп жүр. Ал тарихи тұрғыдан алғанда, «Табалдырық» – бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоймаған, өте үлкен концептуалдық құжат. Ол әлі де зерттеуді, зерделеуді қажет етеді. Тарихи сана, ұлттық сана тұрғысынан алғанда да, «Табалдырықтың» өзектілігі өте жоғары. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар саласына берері көп. Ұлттық тарих қалай жазылуы керек, ұлттық әдебиет қай бағытта дамуы керек, ұлттық философия қандай болғаны жөн, міне, осы мәселелерде «Табалдырық» әдістемелік бағдар бола алады. Кеңестік кезеңдегі төл тарихымыздан ажырап қалған уақыттағы ақтаңдақ беттерді солай толтыруға болады. – Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына 1988 жылға дейін тыйым салынғаны белгілі. Ақынның шығармаларының жарыққа шығуына, бүгінгі күнге жетуіне жары Зылиха апамыздың еңбегі зор болғаны да мәлім жайт. Бізге белгілі деректерде тұтқынға алынғаннан кейін шығармалары тегіс тәркіленіп, өртелгені айтылады. Алайда, мағжантанушы ғалым Шериаздан Елеукенов мұрағаттағы Мағжанның ісінде ашылмаған, ашуға рұқсат етілмейтін беттердің көп екенін алға тартты
– Мағжан Жұмабаевқа қатысты тарихи құжаттар, яки Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағатындағы деректер әлі ашылған жоқ. Алаш зиялыларына, Мағжанның тұстастарына қатысты көп деректерді біз әлі күнге дейін жеткілікті білмейміз. ҰҚК мұрағатында «Алаш ісі» деген бірінші процесс бойынша 14 том іс жатыр. Екінші процестің өзі 6 том. Тұрсын Жұртбай ағамыз біразын жариялады, ал жарияланбағаны әлі көп.
– Заң бойынша, оларды жариялауға ешқандай да тыйым жоқ. 1999 жылы наурызда Президент Назарбаев қол қойған Мемлекеттік құпия туралы заң бар. Сол заңның 17-бабы бойынша, саяси, әлеуметтік және басқа да себептермен болған репрессия құжаттары отыз жылдан кейін құпия болып табылмайды. Егер оларды ашуға белгілі бір органдар кедергі жасаса, олар заң алдында жауап беруі тиіс. Ал Мағжандардың ісіне жетпіс жылдан асып кетті. Заң бойынша, ашылуы керек. Бірақ, өкінішке қарай, Қауіпсіздік комитетіндегі деректер әлі күнге дейін зерттеушілердің қолына берілмей отыр. Түрлі бюрократиялық шектеулер бар. – Егер зиялылардың арасында өзара түсініспеушіліктер немесе келіспеушіліктер болса, ол қалыпты жағдай. Өйткені, олар да пенде. Олар да қателесуі мүмкін. Бірін-бірі тұтастай қолдауы мүмкін емес. Бірақ, олар бәрібір ортақ мүддеге, яғни ұлттық мүддеге қызмет жасады.
39. 1991 жылы тәуелсіздігін жария еткен Қазақстан өзінің құрдас мемлекеттері секілді өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын бастан кешірді. Өтпелі кезеңдегі негізгі мақсатымыз жоспарлы экономикадан нарықтық сатыға көшу болатын. Бұрыннан бағынып келген орталықтың күл-талқаны шығып, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстардың аяқ астынан «жоғалуы» барлық саланы дерлік құлдыратуға сүйреді. Бұл Қазақстан тәуелсіздігінің тарихындағы алғашқы экономикалық дағдарыс болды. 90-шы жылдардың басында төске өрлеген гиперинфляциямен, өндірістің толық тоқтатылуымен, төлемсіздік дағдарысымен күрес экономикалық жағынан да дербестікке ұмтылған жас мемлекетіміз үшін үлкен сынақ болды. Ресми Мәскеу арқылы ғана шешімін табатын бюджеттік жүйе де тоқырап, тәуелсіз елді көтермелеп, жығылғанға сүйеу болатын қор мүлдем болмады. Кеңес одағы шеңберіндегі Қазақ ССР-інің бюджеттік субвенциясы 50 пайызға дейін жететін. Бұның өзі сол кезде жеке отау тіккен дербес ел үшін аса қатерлі ғана емес, экономикалық тәуелділікке қайта итермелейтіндей Қазақ елі үшін мүлдем кері көрсеткіш болғаны даусыз. Тәуелсіздіктен кейінгі 1993 жылы гиперинфляция орын алып, бұндағы инфляция деңгейі - 2165 пайызды құраса, 1994 жылы ол 1158 пайызға жетті. Сондықтан да, қалыптасқан күйзелістен шығудың жолы тым қиын еді. Сөйтіп, Қазақ еліне заң жүзінде жарияланып, әлемге мойындатылған тәуелсіздігін іс жүзінде дәлелдеудің, қайта кіріптарлықтан құтылу үшін экономикасын қорғаштап көтерудің сынағы келді. Бұл дегеніңіз - елдің жерін, территориясын сақтау, ұлттық мемлекеттіліктің белгілерін бекітумен қатар, дербес экономикалық саясат ұстану үшін тәуекелі берік тағдыршешті мәселелерде табандылықты талап еткені белгілі. Сонымен қатар сол кездері тәуелсіздік алған мемлекеттердің ішіндегі ең күрделі жағдай Қазақстанның басында болғаны да анық еді. Әлемдегі ең ұзын шекараның ұзақтығы өз алдына, жас мемлекеттің қаржылық жүйесін алпайыт көршіден бұрып алып өз алдына тәуелсіз бағытқа түсіру де үлкен күшті талап еткені түсінікті. Өйткені, егемендіктің алғашқы жылдары көзге көрінбесе де әртүрлі экономикалық қысымдар болып тұрғаны анық. Басқасын айтпағанда, қазақтың мемлекеттілігіне қарсы «рубльдің шеңберінде қалыңыздар, әйтпесе ел болуларың қиын» деген кері пікірлер де сырттан айтылып жатты. Осы шеңбердің ықпалында ұстап тұру үшін нешетүрлі қитұрқы амалдарды бастан өткеруге тура келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабында былай дейді: «Еңбекақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды төлеу үшін біз Ресейден ақша сатып алуға мәжбүр болдық. 1992 жылдың бірінші жартысына дейін Ресейдің Орталық банкісінен ақша қаражатын біз тегін алып тұрғанбыз. Бірақ кейіннен бюджеттер бөлінгенде рубльді сатып алуға тура келді. Ақшаны сатып алуға Қазақстан бюджетінде қаражат жетпегендіктен, ел оның тапшылығын бірден сезінді. Біз рубльді қарызға (несиеге деп те айтуға болады) алатынбыз. Артынан Ресей біздің 1,5 миллиард долларға қарызданғанымызды айтты. Бірнеше жылдар өткеннен кейін барып, «Байқоңыр» айлағы үшін есептескенде ғана осы қарызды жаптық». Кейіннен тәуелсіздіктің тірегіне айналған төл Теңгенің айналымға енуі елдің егемендігін біржолата нығыздай түскен еді. Қазақстан осылайша тәуелсіздіктің алғашқы 5-6 жылын түбегейлі дербес мемлекеттікті қалыптастыру, ішкі және сыртқы сая саттың жаңа жүйесін құру, экономи каны жұмыс істеуге мәжбүр ету, оны жекешелендіру, яғни либералды мем ле кетті, либералды экономиканы қалып тас тыру үшін тынымсыз жұмыстарды бастан өткерді. Соның арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ дағдарыстың жағымсыз салдарынан қарсы тұра алатын экономика құруға шама жетті. Осыдан соң барып Тәуелсіздіктің алтыншы жылында ҚР Президенті Н. Назарбаев қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты бағдарын айқындайтын, сондай-ақ елдің алдағы даму белестерін айғақтайтын «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын бекітті. Аталмыш Стратегия жас Қазақстанның ұзақмерзімді, сатылап дамуына берік негіз қалағаны айқын. Стратегияға сәйкес, еліміздің миссиясы 2030 жылға қарай тәуелсіз, гүлденген, саяси һәм экономикалық тұрақты Қазақстанды қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттің бұған дейінгі жүріп өтк
Осыдан соң барып Тәуелсіздіктің алтыншы жылында ҚР Президенті Н. Назарбаев қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты бағдарын айқындайтын, сондай-ақ елдің алдағы даму белестерін айғақтайтын «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын бекітті. Аталмыш Стратегия жас Қазақстанның ұзақмерзімді, сатылап дамуына берік негіз қалағаны айқын. Стратегияға сәйкес, еліміздің миссиясы 2030 жылға қарай тәуелсіз, гүлденген, саяси һәм экономикалық тұрақты Қазақстанды қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттің бұған дейінгі жүріп өткен жолдары да, даму бағыттары да осы стратегиямен берік үндесіп келеді. Өйткені, «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді стратегиялық іс-шаралар жоспары да бекітілді. Кезең кезеңге межеленген бірқатар басымдықтар айқындалды. Ал ондай басымдықтарды игеру бойынша бірқатар мәселеде жағымды динамика мен прогресс орын алды. Мәселен, көрсеткіштердің аса маңыздысы болып табылатын Ішкі жалпы өнімінің өсімі бойынша 2008 жылдың өзінде «Қазақстан-2030» стретагиясында 2010 жылға қарай қол жетуі межеленген мақсат орындалды. Әйтсе де, Қазақстан тарихындағы тағы бір күрделі кезең Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысымен тұспа-тұс келеді. 1998 жылғы Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысы дамыған нарықтарға ғана емес, жаңа қалыптасып келе жатқан нарықтарға да кері әсерін тигізді. Бұл Қазақстанның да ІЖӨ-не жағымсыз рөл атқарғаны да айқын. Еңсеріп қана қойған жоқ, сол жылдары Қазақстанның ел ордасын Ақмолаға көшіру туралы алып бастама көтерілді. Кейіннен бұл бастама елдіктің, егемендік пен тәуелсіздіктің символына айналған Астананы өмірге әкелді. Сөйтіп, қазіргі Астана Қазақстан өңірлері үшін экономиканы дамыту көшбасшысы болып қана қойған жоқ, саяси-әлеуметтік, қаржылық-экономикалық мәселелердің халықаралық алаңына да айналды. Сол арқылы басқа қалаларға бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаудың, инвестиция тартудың үлгісін көрсетіп келеді. Кеңес одағының ыдырауынан, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысынан кейінгі ел басындағы ең үлкен күйзеліс АҚШ ипотекалық нарығынан бастау алған, сосын әлемдік деңгейде алапат толқын тудырған 2008 жылы бастау алған жаһандық қаржы дағдарысы еді. Құрылыс индустриясын қарышты дамытып отырған Қазақстан үшін де бұл оңай соққы болған жоқ. Құрылыс саласының соңынан банкілік-қаржылық жүйе де біршама шайқалды. Әйтсе де, жаһандық дағдарыстың сынағын бұл жолы да Қазақстан сәтті еңсерді. Елдің қаржылық-экономикалық жүйесін құлдырытпау, экономика секторларын қолдау бағытында Үкіметтің тұрақтандыру жоспары бекітілді. Ең бастысы, әлеуметтік бағдарланған бюджетті толық сақтау басты назарда болып, елдің жұмыссыздығын өсірмеуге көп күш салынды. Өңірлерде жұмыспен қамту стратегиясы жүзеге асты. Ал 2010 жылы дағдарыс салқынын еңсеруді одан сайын түгесіп, дағдарыстан кейінгі даму сатысына өту мақсатында Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осылайша, уақытылы қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің құлдырауынан сақтап қалды. Мәселен, Экономикалық даму және сауда министрлігінің келтірген деректеріне сүйенсек, Қазақстан, тіпті, ең дағдарысты жылы болып саналатын 2008-2009 жылдарының өзінде ІЖӨ-нің төмендеуін емес, өсімін қамтамасыз етті. Атап айтқанда ІЖӨ 2008 жылы - 3,2 пайызға артса, әлемдік күйзелістің шарықтау шегі саналатын ел экономикасына аса ауыр тиген 2009 жылы бұл - 1,2 пайыздық өсімді көрсетті. Сөйтіп, 2010 жылы еліміздің ІЖӨ 7 пайызға өсіп, біраз уақыт «шыр айналдырған» дағдарыстан кейінгі экономиканың қалпына келу белгілері көрінді. Өнеркәсіптік өндіріс 10,5 пайызға жоғарылады. Жұмыссыздықты жою мақсатында 100-ге тарта жаңа кәсіпорындар ашылды. Тарихи қалыптасқан өлшеммен статистиканы тағы да салыстырып қарасақ, 1996 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 1 мың 300 доллар шамасында қалыптасса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 10 мың доллар шамасында болды. Ал орташа айлық жалақы аталған кезеңдерде 101 доллардан 526 долларға дейін артты. Ал еңбек нарығына келер болса, 90-шы жылдардың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 13-15 пайыздық көрсеткіште қатып тұрса, қазір 5,8 пайызды құрап, бұл көрсеткіш бойынша бірқатар дамыған елдермен тереземіз теңесті. Икемді салы
40. бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде. Осы ретте сәл шегініс жасасақ... Естеріңізде болса, V Астана экономикалық форумы аясында «Жасыл көпір» және EXPO-2017 тақырыбы «Болашақ энергиясы» сияқты Қазақстанның Жаһандық экологиялық бастамалары жөнінде мамандандырылған сессия өткен болатын. Сессияның спикерлері ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Ауманн, Эрик Маскин, АҚШ Хьюстон университетінің баламалы энергетика зерттеу институтының директоры Алекс Игнатиев, Мыңжылдық жобасы халықаралық ұйымының Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Экоэнергомаш» бас директоры Альберт Болотов, Назарбаев Университеті инженерлік факультетінің машина жасау кафедрасының профессоры доктор Сарим әл-Зубайди, Назарбаев Университеті Инженерлік мектебінің профессоры Жұмабай Бәкенов өз ойын ортаға салды. Басқосуды қорытындылай келе мамандар бүгінде бүкіл әлем қайта қалпына келетін және баламалы энергия көздеріне баса көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға әлеуеті жеткілікті екенін алға тартты. Жаһандық мәселелерді көтеріп, климаттың өзгеруін, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігін және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларына қаржылай қолдау көрсету жайын талқылады. Шындығында да еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның сағатына 1 трлн кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. Оның үстіне Астана көрмені өткізу құқығын жеңіп алған жағдайда, ЭКСПО-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындауда. 2012 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде төраға Стин Кристенсеннің басшылығымен Көрмелердің халықаралық бюросы Сарапшылық комиссиясының елімізге
41. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс – қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Кеңес үкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады. 1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады [1,85б.] Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» — деп көрсеткен болатын[2,27б.]. Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұханбетовтар сонымен қоса Уәлитхан Танашевтың, (Жанша Жаянша) Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Ә
Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету — біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар XX ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істері не марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі — олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттың санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ[3,149б.] Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру — қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр. Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды. Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы
Абай заманында өмірге келіп, өркен жая бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары Алаш ұранды әдебиет өкілдері болды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ғ.Қараш, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш қозғалысының белді, белсшді мүшелері Қазақтың жазба әдебиетін тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан байытты, кеңітті. Яғни, негізінш ауызша айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне көше баетады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу типін ғана өзгертіп қоймай, ең бастысы, жазудың мәдениетін арттырды. Көркем ойды жеткізудің тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем түрлер пайда болды, тың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен, ұзақ толғанумен жазылатын дүниелер болғандықтан, мұнда ұлт тілінің барлық байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор мүмкіншіліктер туды. Туған тілінің осы мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына ұлы махаббаттары табиғи Алаш ұландары үтымды пайдалана алды. Сөйтіп қандай да бір қасаңдыктан ада, адами құндылыктарды ту еткен, халқының халіне, ұлтының ұйысуына зерек ой, адал ниетпен көмкерілген көркем туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті» деп аталатын жаңа әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде ұраншылдык, наеихатшылдық басым болғанымен, шамамен жас дарындар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтердіңшығармалары жазыла, жарық көре бастаған тұстан бері карай көркемдігі кемел дүниелер бой көрсете баетады. Осы эволюциялық жол - Алаш әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен ілгерілегенін көрсетеді. Оның мысалы, «Оян, қазақ!»пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні», «Ақбілек» аралықтары.
42. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен әскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті. Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді. Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика-механика институты, Москва, Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді. Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищает Родину”, “Воздушный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из нашего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васильев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В,Марецкая және т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, А.Тәжібаевтің қатысуымен “8 - ші гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жауынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді.
43. 2010 жыл Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен басталды. Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ қызметіне қатысты негізгі ұстанымдарды баяндап, Ұйым төрағалығындағы Қазақстанның ұраны мен басымдықтарын жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан төрағалығының сенім, дәстүрлер, транспаренттік және төзімділік (4Т) қағидаттарына негізделетінімен ерекшеленетінін атап өтті. Жыл соңында ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізу туралы шешім мақұлданып, оған даярлық жұмыстары атқарылды. Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, 2010 жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл болды. Бұл үдемелі индустриялық бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылы деп атап өтті. Ал Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның халықаралық беделіне берілген жоғары баға ретінде қабылданды. Елімізде «Халық денсаулығы ісіне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. Республикада осы жылдың қайғылы оқиғасы «Кызылағаш» суқоймасындағы бөгеттің бұзылуы көптеген адамдардың өліміне алып келді. Мемлекет тарапынаи зардап шеккендер жанұясына көмек көрсетілді.
Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады. ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда. Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында. Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді. Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие. ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағыниндустрияландыруды жүзеге асыру ісіҚазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды. Бұл қиындықтардың көбі республикадахалық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдайҚазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
44. Қазақстан индустрияландыру кезеңінде1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағыниндустрияландыруды жүзеге асыру ісіҚазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды. Бұл қиындықтардың көбі республикадахалық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдайҚазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың жәнеАзамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді. 1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады.Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды.Алматыда, Шымкентте және Талғардатері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады. Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі жәнеДоссор көсіпшіліктері 1925 жылдыңөзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті.Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялықөнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді. Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп,1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды жәнеЕкібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты менБайқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері,Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті
Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақОңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды. Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты. Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдыңқарсаңында республиканың өнеркәсібі1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды. Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекетиелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады. Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндікт
45. Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі кезеңінде ғарышты игеру саласында бірқатар мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастығын белсенді дамытып жатыр. Бђл ынтымақтастық бір жағынан сыртқы саясаттың принциптерін іске асыруға, екінші жағынан республиканың ђлттық-мемлекеттік мџдделерін ескеруге негізделген. Кљптеген мемлекеттер, оның ішінде Қазақстан да ғарыштағы геосаяси мџдделердің маңыздылығын тџсіне бастады, соның нѕтижесінде ғарыштық кеңістікті игеру мен пайдалану бџгінде ђлттық саясаттың басымдықтарының бірі болып табылады. Ғарыштық кеңістікті зерттеу мен пайдалану біздің мемлекетіміздің экономикалық, ғылыми-техникалық жѕне ѕлеуметтік дамуында рљлі артып келеді. Республика џшін бџкілѕлемдік ғарыш жџйесіне кірігу жѕне бағдарламаның љзінің техникалық жѕне қаржылық мџмкіндіктеріне сай келетін бљлігін орындау аса маңызды. Қазақстанның ғарыштық бағдарламасын дамыту жан-жақты халықаралық ынтымақтастықсыз мџмкін емес. Ғарыш алып жѕне оны жалғыз игеруге ђмтылу мѕнсіз.
ынтымақтастықсыз мџмкін емес. Ғарыш алып жѕне оны жалғыз игеруге ђмтылу мѕнсіз. Бџгінде Байқоңыр ғарыш айлағы жетекші халықаралық ғарыштық айлақтардың бірі болып табылады. Ѕлемде ғарыштық аппараттарды ђшыру саны бойынша џшінші орынды алады. Оның џлесіне ђшырулардың тљрттен бірі келеді. Оның џстіне ғарыш айлағына ресейлік бағдарламалардың 70% -дан астамы жѕне халықаралық ғарыштық бағдарламалардың едѕуір бљлігі байланысты. Осы ђшулар Қазақстанның ғарыштық қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі бағыттарын айқындайтын 1998 жылы қабылданған Ђлттық ғарыш саясатын дамыту концепциясына толығымен сай келеді. Ғарыш техникасы мен технологиясын қолдану арқылы ѕлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге айрықша мѕн беріледі. Олар, мѕселен, ғарыштық байланыс пен телевизия, навигация жѕне картография, Жерді қашықтықтан шолу мен табиғи ресурстарды зерттеу, адам басқаратын ђшулармен байланысты ғарыштық технология жџйелері. Бђл міндеттердің біразы ғылыми тѕжірибелердің қазақстандық ғалымдар жасаған џш бағдарламасын «Мир» орбиталық бекетінде орындау барысында ойдағыдай шешілд
шешімге келді. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы «Байқоңырды» пайдалану мѕселелеріне қатысты қатынастар бірнеше сатыдан љтті. Біздің ойымызша, ғарышты игеру саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығының дамуын былай кезеңдеуге болады: 1 кезең 1994-1998 жж. - Қазақстан Республикасының тѕуелсіз Қазақстанның ғарыш айлағын жалға ала бастаған Ресеймен халықаралық ынтымақтастығының басталуы. АҚШ-пен, Ресеймен џш жақты келісімдер жасалды. 2 кезең 1998-2004 жж. - халықаралық ынтымақтастықтың одан ѕрі даму кезеңі. Қытаймен келіссљздер жџргізілді. 3 кезең 2004 ж. – бџгінгі кџнге дейін Қазақстанның ғарыш айлағының елдің бѕсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету факторы ретінде қалыптасу кезеңі. Осы кезеңде сондай-ақ, Қазақстанның Еуропалық Одақ жѕне Израильмен ғарышты бірігіп игерудегі туралы келіссљздер жџргізілді. 2005 жылы Қазақстан Республикасының ғарыштық қызметін дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. Осы Мемлекеттік бағдарламада тџрлі мақсаттағы отандық ғарыштық аппараттар жасау мен оларды ђшыруды кљзделгендіктен Қазақстан мен Ресей арасында осы жобалар кљрініс тапқан келісімдер жасалды. Қазақстан мен Ресей арасында Байқоңыр ғарыш айлағының мерзімін ђзарту туралы келісім жасалды. Осы кезеңнің маңызды оқиғасы Kazsat серігінің ђшырылуы болды. Алдағы уақытта екінші осындай серікті ђшыру жоспарланып отыр. Осының бѕрі Қазақстанның ғарыштығы халықаралық ынтымақтастығы дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын дѕлелдейді.
џстіне ғарыштық индустрия болашақта 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму Стартегиясында анықталған Қазақстанның инновациялық экономикасының бљліктерінің біріне айналуы тиіс. Міне осы џлкен мақсатқа Қазақстан осы жылдардың барлығында қадам басып келеді. Бірінші кезекте халықаралық ғарыштық қђқыққа қосылуға бірқатар қадамдар жасалды. 1996 жылы БЂЂ Бас Ассамблеясының 49 сессиясында біздің ел бейбіт мақсатта ғарыштық кеңістікті пайдалану туралы БЂЂ Комитетінің мџшесі болып қабылданды. 1997 жылы ҚР ғарыш туралы БЂЂ-ның негізгі шарттарын, оның ішінде Ай мен басқа аспан денелерін қосқандағы ғарыштық кеңістікті зерттеу мен пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің принциптері туралы Шартты (1972 жыл) ратификациялады. Сондай-ақ бірқатар ғарыштық саладағы ынтымақтастықтың халықаралық аспектілерін реттеуші екі жақты жѕне кљпжақты келісімдер жасалды.
Бђл ретте ѕрине бірінші кезектегі орынды Ресей мемлекеті алады. Себебі Ресей љзінің ғарыштық бағдарламасының 70% «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланып жџзеге асырады. Бђл географиялық, экономикалық жѕне технологиялық кљзқарас тђрғысынан қолайлы жѕне тиімді ғарыш айлағы болып табылады. Қазақстан бџгінде тек тѕуелсіз Ресейдің кљршілес мемлекеті ғана емес, осы мемлекеттің ғарыштық ѕріптесі болып табылады. Қазақстан Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген «2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарламада џш џлкен бағыт белгіленген. Біріншісі - Қазақстанның бірінші ғарыштық аппаратын ђшыру. Бђл жобаны жџзеге асыру џшін Республикалық, ғарыштық байланыс орталығы қђрылды. Екіншісі - «Байқоңыр» ғарыш айлағында зымыран ђшыру кешенін қђру. Бђл жобаны жџзеге асыру џшін «Бѕйтерек» атты Қазақстан мен Ресей бірлескен кѕсіпорны қђрылды. Џшіншісі - отандық ғарыш аппараттарын жѕне оларды пайдалануға қажет ғарыштық техника мен қђралдарды љзіміздің мамандарымыздың қолымен жобалап, жасап шығару. Бђл жобаны жџзеге асыру џшін «Қазғарыш» ђлттық компаниясы қђрылды. Бђл Мемлекеттік бағдарламаның бірінші нѕтижесі қазақстандық спутник «KazSat»-тың ђшырылуы болып табылады. Ресей ѕріптесін ғарыштық державалар клубына енгізеді. Бђл серік бџкіл Қазақстанды теледидар, байланыс жѕне интернетке қол жеткізуге қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ ол Орталық Азия республикаларына, Кавказ, Модлдавияның оңтџстік-шығыс бљлігін, Украина мен Мѕскеу облысына сигнал бере алады. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Џкіметтері Келісімде «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бѕйтерек» ғарыштық-зымырандық кешенін қђру жобасын тиімді іске асыру мен оны тараптардын мџдделерін кљздеп ѕрі карай коммерциялық пайдалану мақсаттарына қатысты қажетті принциптерді белгіледі. Пайдалану сатысында «Бѕйтерек» бірлескен кѕсіпорны «Ангара» тобының ђшырғыш-ракеталарын коммерциялық ђшыруды да, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан мемлекеттік ғарыштық бағдарламалары мџддесіндегі ђшыруларды да жџзегс асырады. Жобаны іске асыру џшін Қазақстан несиелік қаражаттар бљледі. Сонымен, жоғарыда айтылғандар, Қазақстанның АҚШ, Ресей, Франция, Қытай, Џндістан, Жапония сияқты ғарыштық державалармен бір қатарға тђратынын жѕне ђшыру қызметтерінің ѕлемдік нарығында лайықты бѕсекелестік қђратынын кљрсетеді. Ал ѕлемдік ғарыштық нарықтың талаптарына сѕйкес, љз мџмкіндіктерін нақты бағалай отырып, ғарыштық ѕрекетті ђлттық жѕне ақпараттық қауіпсіздікке, Отанымыздың жалпы ѕлеуметтік-экономикалық жѕне ғылыми-техникалық дамуына тигізетін ықпалын кџшейту џшін ол барлық қажетті шараларды жџзеге асырады. Қазақстан Республикасының Парламенті 2005 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының џкіметі мен Ресей Федерациясы џкіметінің арасындағы қазақстандық «КазСат» байланыс жѕне хабар тарату серігін жасау жљніндегі ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялады жѕне 2005 жылы 26 қазанда Қазақстан Республикасының џкіметі мен Ресей Федерациясы џкіметінің арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бѕйтерек» зымырандық-ғарыштық кешенін қђру туралы Келісімді ратификациялады. Жобаға қызығушылықты бірқатар британдық, израильдық жѕне италияндық фирмалар танытты. Қазақстандық џкіметтің ғарыштық кеңістікті тиімді жѕне салыстырмалы арзан игеруге жѕне азаматтық міндеттегі кіші серіктерді тљменгі жер маңындағы орбиталарға шығаруға мџдделі басқа шетелдік компаниялармен келіссљздері жалғасып жатыр. Оның џстіне қазақстандық тараптың қаржыландырушысы жобасының мџддесінде «Есіл» кешені арқылы жақын уақытта жерді қашықтықтан барлайтын екі ғарыштық аппарат пен мђнай-газ инфрақђрылымының жағдайының мониторингі џшін алты ҒА ђшыру жоспарланып отыр. 1998 жылы Премьер-Министр Н. Балғымбаевтың ҚХР-ға ресми сапарында ғарыштық бағдарламаларды бірлесіп ѕзірлеу мѕселелері талқыланды. Келіссљздердің қорытындылары бойынша ғарыштық саладағы ынтымақтастық туралы Келісімдерге қол қойылды [3]. 1998-2007 жж. сѕйкес Бағдарламамен экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім-шартқа; халықаралық термоядролық эксперименталды реактордың жобасын ѕзірлеу аясындағы ғылыми-те
47.
Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт—азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт—азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті.
ХХ ғасыр басында түрік халықтарының ұлт—азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне — олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80—шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени—либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның теориясының қалыптасуы мен таратылуы қырым—татар ағартушыларының қоғамдық және ғылыми қызметтерімен тығыз байланысты. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның — ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский (1851–1914) 1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар " тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек" деп атап көрсетті. Оның ізбасары Жүсіп Ақшора түркi тілінде сөйлейтін ұлттар бірігіп, бірлікке келген " ұлт одағы" болып құрылуы керек дегенді ортаға салды. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті. Сөйтіп, бұл идея түрік зиялыларының қолына өтіп, жаңа Түркияны қайта гүлдендірудің рухани тірегіне айналды. Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашып, онда жаратылыстану, тіл, әдебиет сияқты зайырлы пәндер басым жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырды. Сөйтіп, 1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды. Мәселен, 1905 жылы Кадет партиясының бастауыш ұйымын құру жүргізілді, І—ІІІ бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайлары өтіп, " Мұсылман партиясы қоғамының" құрылуы басталды. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық—демократиялық төңкеріс болып, монархия құлады. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды. Қазақтар самодержавиенің құлатылуын құттықтап, бұл фактіге өздерінің сан ғасырлық күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт—азаттық қозғалыс мақсаттарының қанағаттандыруы деп қарады. Ақпан төңкерілісі патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды—бостандықтарды, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Революция туралы Қазақстанда ұлттық—демократиялық қозғалысынң басшылары қуанышпен қарсы алды. Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді.
17 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатының айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылғы жазға қарай барлық кеңестер солардың қолында болды [3,35 б.]. Халықтың ауыр жағдайын шешу үшін өлкеде бірнеше съездер өткен болатын. 1917 жылғы мамыр айында өткен Ташкенттен өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Осыған мазмұндас сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды [1,109 б.]. Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды. Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура—ислами ұйымы құрылды. Бұл ұйым ұлттық—демократиялық бағытта саяси күштері Алаш партиясымен қарым қатынаста болды. Мәселен, 1917 жылы " естеліктерден үзінділер" атты М. Шоқайдың естеліктерінде өлке зиялылары мен діни қызметкерлердің қоғамдық—саяси өмірге араласу, әр түрлі саяси ұйымдардың пайда болуы, Қоқан автономияның құрылуы оның Кеңес үкіметімен арақатынсы, ұлттық мүдделерді көтеру туралы деректемелік мәні зор мәліметтер молынан кездеседі. Онда Алаш қайраткерлерінің батыс және шығыс топтары жетекшілерінің қозғалыстың Түркістандық басшылар тобымен байланысты мен өзара қатынасын ашып көрсететін мәліметтер де бар.
Oсы кезеңде құрылған Түркістандық Ерік партиясын да назардан тыс қалдырмаған жөн, өйткені 1919 жылдың көктемінде құрылған партяи ұлт мәселесіне көп көңіл аударды. Бұл партияның құрылуына қазақ Жанұзақов, башқұрт Вавилов, өзбек Әріпов бас—көз болды. Партияның құрылу үрдісі 1926 жылға дейін созылды. Бұл партияның ерекшілігі оның бағдарламасында бір емес, бірнеше ұлттар мен халықтардың алдындағы көкейкесті мәселелерінің көтерілуінде жатыр, яғни оның жетекшілері ұлттық мүдделерден гөрі ұлтаралық мәселелерді көре білді, жалпы халықтық мақсаттарды саралауға жеткізді [4,253 б.]. 1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты — реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. Алаштықтардың мақсаты қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру. " Қазақтарға, жаңарған Ресей азаматтарына" деген мәлімдеде Ә. Бөкейханов былай деді: " ... Ресейдің барлық халықтары үшін бостандықтың, теңдіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа қоғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет... Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз демократяилық республиканы және жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру. Құдайдан, басқадан қорықпаңыздар... Әділет жолымен жүріп, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Министрліктің азық—түлік жөніндегі өкілдермен майдандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетуіміз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер..." Үндеу авторының, алдағы атқарылар негізгі үш саласы бойынша басты мақсат—міндеттерді айқындағандығын аңғару қиын емес. Олар: 1. Саяси әрекетте бірінші орында жалпыресейлік проблемалар, әсіресе үкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұра керек. 2. Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке алып, аграрлы мәселелердің жиынтығын ешбір кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою. 3. Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу бұрыңғы қорғалықтық пен бас июшшіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттілігі. 1917 жылы 28 наурызда " Речь" газетінде Ә. Бөкейханов " Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға дереу қайтарып беруді" талап етті [1, 80 б.]. Алаш партиясы атпен танылған ұлттық—демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күшін міндетін жалпы алғанда заман талабына сай адал атқарды. Алаш шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегенімен, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту кезеңі батсан кешірген өтпелі саяси ұйым болғандығына қарамастан, қоғамдық саяси өмірде араласа бастаған кезде түбірлі екі ұлттық мақсат — қазақ халқын отарлау езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басыт нысана етір белгіледі. Осын негізгі мақстаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді. 1919 жылы 3 тамызда А. Байтұрсынов " Революция и киргизы" шағын еңбегін жазды. Бұл еңбегінде қазақтардың бірінші революцияны қуанышпен қарсы алып, патшаның геноцид саясаты тоқталғаны мен ұлт мәселесі, мақсат—мүддесі көтеріледі деп түсінгенін айта келіп, екінші революция қазақ—қырғыз халқы үшін мүлде түсініксіз, мәні жоқ деп қарастырылғанын айтады.
49. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал апатына себеп болған факторлар:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
50. Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат. Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден - көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады. Себебі Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі мың жылға жуық тарихы бар қазақ әдебиетінің бүкіл елімізге ортақ дәуірлеу мәселесі қолға алынбаған еді. Бұл проблемаларға байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың тарихының даму процесін кеңестік тарихпен ғана байланыстырған біржақты ұстанымдарына қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан батыл тойтарыс бере отырып, қазақ әдебиетінің көне заманнан бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін халықтың жалпы тарихи даму процесін дәуірлеуден бөлек алып қарауға болмайды. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекет кезеңі VІ ғасырдан басталып, ХХ ғасырға дейін созылған ұзақ мерзімді қамтыды. Қазақ әдебиеті тарихының өткен дәуірлері де осы қоғамдық құрылыстың негізгі даму кезеңдері - қалыптасуы мен нығаюы, дамып өркендеуі, дағдарысы мен тоқырауы, қайта дамып күшеюі, ең соңында, құлап ыдырауы сияқты тарихи жолдарына сәйкес келеді және де, өз кезеңдері бойынша осы қоғамдық даму процесінің ерекшеліктеріне толыққанды сипаттама жасайды.
Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы дамуының әр тарихи дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен даралап тұратын өзіне тән белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. "Ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы әдебиет" ұжымдық монографиясында қазақ әдебиетінің көне заманнан ХІ ғасырға дейінгі аралықты қамтыған кезеңі көне дәуір, ал ХІІ ғасырдан бастап, Қазақ хандығы құрылған XV ғасырға дейінгі кезең орта ғасыр кезеңі деп аталады. Көне дәуірдегі түркі жазба әдеби ескерткіштеріне сақ-ғұн дәуіріндегі әдебиет туындылары, түркі және қытай халықтарына ортақ мәдени мұралар, Иран мен Тұран әлеміне ортақ әдеби шығармалар, түркі-моңғол бірлігі заманындағы әдеби мұралар, көне түркі әдебиетіне жататын Орхон-Енисей руна жазба ескерткіштері, оғыз-қыпшақ дәуіріндегі әдебиет мұралары - "Қорқыт ата кітабы", құмандардың "Кодекс Куманикус" жазба туындысы, "Оғызнама" дастаны, Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттің көрнекті өкілдері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" ("Құт әкелетін білім") еңбегі, Махмұд Қашқаридің "Диуани луғат-ит-түрік" ("Түркі сөздерінің жинағы") кітабындағы аңыздар мен әпсаналар, әдеби-поэтикалық үзінділер енеді. Бұл шығармалардың барлығын дерлік түркі халықтарының ортақ рухани байлығы деп бағалаған жөн. ХІ-ХІІ ғасырлар түркі халықтарының жазба әдебиетінің туып, қалыптасуымен байланысты болса, әрі бұл аралық кезең қазақ халқының қалыптасуы алдындағы дайындық кезең болғандығын да ескеру керек. Біздің заманымызға дейін сақталып жеткен көне түркі әдебиетінің жазба ескерткіштерін көрнекті түркітанушы ғалым Х.Көроғлы шартты түрде екі топқа бөліп көрсетеді: руна жазуымен бедерленген тарихи-эпикалық туындылар және көне соғды жазуына барып тірелетін ұйғыр жазуы пайдаланылған этикалық-дидактикалық шығармалар. Түркілер ислам дінін қабылдағаннан кейін Х ғасырлардан бастап, көне түркі әдебиетіндегі ұйғыр жазуы біртіндеп ығыстырылып, араб жазуы кеңінен қолданысқа енді.
а жазуындағы тарихи-эпикалық түркі жазба ескерткіштерінің ең көне үлгілері түркі халықтары тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткерлері, ержүрек қолбасшы Күлтегін туралы Кіші және Үлкен жазулар, Шығыс түркі қағанатының атақты қағандарының бірі Білге қаған туралы және оның кеңесшісі әрі әскер басы Тоныкөкті мадақтауға арналған жазулар Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзенінің бойынан табылғандықтан "орхон жазба әдеби ескерткіштері", ал Енисей өзені бойынан табылған жазулар "енисей жазба ескерткіштері" деп аталады. Көне түркі әдебиетінің бұл көне үлгілері құлпытастарға қашап жазылғандықтан руна жазулары деген атқа ие болған. Күлтегін және Тоныкөк жазба ескерткіштерінде түркі қағанаты құрыла бастаған кезден VІІІ ғасырдың басына дейінгі тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Шығыс түркі қағанатының құрылуы мен нығаюы, түркі халқының Қытай билеушілер құлдығынан құтылуы, қаһарман қолбасшы Күлтегін мен басқа қағандардың, қағанның дана кеңесшісі әрі әскербасы Тоныкөктің сыртқы жауға қарсы әскери жорықтары баяндалады. Халық қошеметіне бөленген батырлар мен қағандарды дәріптеу, олардың ерлік істерін қаһармандықтың үлкен өлшемі ретінде мадақтау - Орхон ескерткіштеріне тән басты белгілер. Жазулардағы мәтіндер ел билеушілері мен халықты ата-бабаның арман-мұратына адал болуға, мемлекет басқарған қағандармен ауыз бірлікте болуға, елдікке, адамгершілікке шақырады, түркі мемлекетінің беріктігі мен біртұтастығын өзекті идея етеді. Орхон жазба әдеби ескерткіштері көне заманда Орталық және Орта Азия мен Оңтүстік Сібірді қамтыған ұланғайыр аумақта түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ кең тараған әдеби тілі мен дамыған жазба әдебиеті болғандығын толық дәлелдейді. Көрнекті түркітанушы-ғалым И.В.Стеблева сөзімен айтсақ: "Күлтегін мен Тоныкөк жазуларын жанрлық жағынан тарихи-батырлық поэмаларға жатқызуға болады ғой деп ойлаймыз. Жазуларға патетиканың, замандастар мен ұрпақтарына үндеудің мол болуы оларға ұтымды күш пен нанымдылық беріп тұрады ". Ғалымның Орхон жазуларын әдеби көркем туынды ретінде қарау жөніндегі бұл пікірін құптау керек. Себебі, Күлтегін және Тоныкөк жазба ескерткіштеріндегі теңеу, эпитет, гипербола сияқты көркемдік бейнелеу құралдары мен мақал-мәтелдер бұл жазулардың көркем шығарма екендігін айғақтай түседі. Екінші жағынан алғанда бұл жазуларда өмір шындығын тарихи оқиғалар негізінде баяндаумен қатар әсірелеп суреттеп, тарихи-көркем шығармаға ыңғайлы етіп жазу анық байқалады. ҮІІІ-ІХ ғасырларда Түркі қағанаты дәуірінде оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған ерлік эпостары - «Қорқыт ата кітабың мен «Оғызнамең дастаны сол замандағы қазақ ұлыстарының өмір шындығын бейнелеумен ерекшеленеді.
Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ.) деп аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің «Риторикаң, «Поэзия өнері туралың, Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрікң («Түркі сөздерінің жинағың), Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігің, Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметің («Ақыл кітабың), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабың және т.б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосты. XІІІ-XV ғасырларда Дешті Қыпшақ даласында авторлық ауыз әдебиеті суырып салып өлең шығару, ауызша орындау және ауыздан-ауызға берілу түрінде дамып өркендеді. Оның басты ерекшеліктері ретінде авторының болуын, мәтінінің біршама тұрақтылығы мен мазмұнының нақтылығын, шығарманың адресаты - арналған адамның болуын, сондай-ақ шығарма стилінде автордың даралығының болуын, оның өзінің "менін" көрсетіп отыруын атау керек. Бізге жеткен авторлық поэзияның ең ертедегі үлгісі XІІІ-XV ғасырларға жатады. Бұл - "Ұлық жыршы" атанған Кетбұға (XІІІ ғ.) жырларының үзінділері. Олардың өмірбаяндары мен шығармашылықтары туралы деректер өте жұтаң және негізінен аңыз күйінде жеткен. Мазмұны мен жанры жағынан әр түрлі мәтіндер сол дәуірдегі Алтын Орда қоғамының рухани өмірінде ақындар мен жыраулар басым болғанын дәлелдейді.
51. 1 941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты. “Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер территорияларынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп – фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары – Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғы
Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия территориясында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ерещенко, К.Темирханов, Е.Балабеков, Т.Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті. Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин – Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия территорияларындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей қазақстандық әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. 1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне “Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Германия”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” және т.б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5-ші шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. 1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды. “Достық көмек” идеологиясын жамылған Кеңестер Одағы болашақта азат еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені басты жауы – Германияны жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды жоспарлады. Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга және т.б. Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-ші артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151-ші Карпат полкі 3-ші дәрежелі Кутузов орденімен, 310-шы атқыштар полкі 3-ші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. 72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105-ші гварди
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды. Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған территорияларда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.
