- •2 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін-қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негізденіз.
- •19.Президенттің «Интеллектуалды ұлт 2020» бағдарламасы және оның маңызы
- •20.Бірінші орыс революциясының қазақ қоғамдық қозғалысына әсері
- •21.Совет өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформалары және ондағы қайшылықтар
- •22.Жалпыға бірдей Еңбек қоғамын құру-қр әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі екенін дәлелдеңіз.
- •24.Е.Б.Бекмаханов,е.С.Смаиылов,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •25. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызын көрсетіңіз
- •26.Советтік Қазақстанда жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •27.Н.С.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі үдерістер
- •28.Қазақстанның бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы:мақсаты мен міндетін ашыңыз
- •30.Хх ғ. 30-50 жж. Қазақстандағы саяси репрессиялар.Оның зардаптарын көрсетіңіз
- •31.1992 Жылы 7 мамырда Президент Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлығы-егемен мемлекеттің қалыптасу кезіндегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •32.Қазақ зиялыларының қалыптасуы:оның сандық және сапалық құрамы
- •33.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері
- •34.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы»атты еңбегінде қарастырылған мәселелер
31.1992 Жылы 7 мамырда Президент Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлығы-егемен мемлекеттің қалыптасу кезіндегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ. Нұрмағамбетовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып қалды. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды. Егер қандай да бір зауал туған шақта мұның құрамына Қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы заңдары өз уақытында және тиісті-деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22 қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғаныс туралы» Заңды қабылдады. Сондай-ақ, 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Қазақстан Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы әскерден, Әскери-теңіз күштері және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен тұрды. 1997 жылы 17 қарашада Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды Жалпы әскери күштер (оған Құрлықтағы әскер және Жедел қимыл күштері енді), Әуе қорғанысы күштері (Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс күштері біріктірілді) және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері (олар Шекара әскерлерінің заставалары мен бөлімдерінен, Қазақстан Республикасының Әскери-Теңіз күштерінің кемелері мен жағалау қызметінен тұрады). Сонымен бір уақытта Бас штаб Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Штабы болып қайта құрылды. Көп өтпей, Шекара әскерлерінің Қорғаныс министрлігіне бағынуының негізсіздігі айқын болып, 1999 жылдың 2 шілдесінен бастап олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына қайтарылды. 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
