- •2 Билет
- •4 Билет
- •5 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •14 Билет
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18.Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін-қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негізденіз.
- •19.Президенттің «Интеллектуалды ұлт 2020» бағдарламасы және оның маңызы
- •20.Бірінші орыс революциясының қазақ қоғамдық қозғалысына әсері
- •21.Совет өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформалары және ондағы қайшылықтар
- •22.Жалпыға бірдей Еңбек қоғамын құру-қр әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі екенін дәлелдеңіз.
- •24.Е.Б.Бекмаханов,е.С.Смаиылов,б.Сүлейменов және т.Б ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.
- •25. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызын көрсетіңіз
- •26.Советтік Қазақстанда жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз.
- •27.Н.С.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі үдерістер
- •28.Қазақстанның бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы:мақсаты мен міндетін ашыңыз
- •30.Хх ғ. 30-50 жж. Қазақстандағы саяси репрессиялар.Оның зардаптарын көрсетіңіз
- •31.1992 Жылы 7 мамырда Президент Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы Жарлығы-егемен мемлекеттің қалыптасу кезіндегі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •32.Қазақ зиялыларының қалыптасуы:оның сандық және сапалық құрамы
- •33.Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері
- •34.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы»атты еңбегінде қарастырылған мәселелер
28.Қазақстанның бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы:мақсаты мен міндетін ашыңыз
«Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 147 Жарлығы Тұжырымдаманың мақсаты – азаматтық қағидаттарына және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлікпен бірлікті нығайту мен дамыту. Тұжырымдаманың міндеттері: 1) азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық патриотизмді құру; 2) ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру; 3) еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі; 4) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы; 5) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Тұжырымдама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін мониторингтеу, есеп беру және бақылау тетігін қалыптастыру. 29.Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» тұжырымдамасы және оның Қазақстан қоғамы үшін салдары
Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады.Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады. “Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар:
Қазақ ауылын кеңестендіру; Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу; Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды
Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді; байларыдың қарсылығына кездесті; Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді; кедейлердің бай үшін кезекке тұрған жағдайдһлары да кездесті; жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды. Қазақ ауылының дәстүрлі табиғатымен әлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең әлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф.Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тәркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді. Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе жатқан тоталитарлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін жасады. Ф.Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының әлсіздігін жергілікті партия органдарынан емес, қазақ байынан және рулық қатынастан көрінді. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С.Сәдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. «сәдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп әр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты.
