Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-51.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217.94 Кб
Скачать

22.Жалпыға бірдей Еңбек қоғамын құру-қр әлеуметтік жаңғырту саясатының негізі екенін дәлелдеңіз.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына құру туралы Президенттің идеясы әрбір қазақстандыққа және үкімет пен мемлекеттік мекемелердің іс-қимылына арналған ұлттық үрдісті жетілдіруші күш болып саналады.Мемлекет басшысы халықты, әсіресе жастарды жұмыспен қамтуға үнемі көңіл бөледі. Әлемдік экономикадағы дағдарыс бірінен соң бірі кейін келіп, жаһандық тұрақсыздық болып жатқан кезеңде елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін күшті әлеуметтік база қалыптастыру керек болды. Сөйтіп, 2012 жылдың шілдесінде Елбасы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы» туралы ой қозғалды. Содан бері, бұл саясат тиісті деңгейде орындалып, бүгінгі күнде жақсы нәтижелер көрсетуде.Аталған құжат еңбек, білім, жастардың әлеуметтік бағдары, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселелері секілді барлық маңызды сұрақтарды қамтиды. Сондықтан да қазіргі кезде елімізде жаңа мектептер, ауруханалар, мәдени орталықтар көптеп ашылуда.Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен салыстырғанда ең төменгі қатарда екенін атап өткен жөн. Кейбір бұрынғы кеңестік республикалардың елдерінен айырмашылығы, Қазақстан халқы жұмыс іздеп, елден кетуге мәжбүр болып жатқандардың қатарында емес. Керісінше, Қазақстанда еңбек етем деген азаматқа жұмыс табылады. Мемлекет басшысы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін  жұмыспен қамту туралы міндет қойды. Тұрақты өнеркәсіпті дамыту бойынша Қазақстан үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бес жылдық жоспарын құрды.«2020 Жол картасы» шеңберінде біршама жұмыс орындары ашылды. Бұған дейінгі «Жол карталарымен» салыстырсақ, бұл бағдарлама тұрақты түрде жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікті дамытуға, және халықтың өмір сүру жағдайы деңгейін жақсартуға бағытталған.Сондай-ақ, соңғы жылдарда мемлекет «Жастар тәжірибесіне» көңіл бөлуде. Бұл бойынша жас мамандар оқу бітіре салып, өз саласы бойынша қызметтік тәжірибе жинақтауға зор мүмкіндік алды. Және ол мемлекет тарапынан арнайы қаржыландырылып келеді.Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Қоғам Жалпыға ортақ еңбек идеясы қазақ қоғамына жағымды әсер етті, себебі Президенттің өзі қиын жұмыс, табандылық және өзін-өзі жетілдіруді үлгі тұтты. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз еңбек жолын металлургия өндіруден, болат зауытының жұмысшысы ретінде бастаған, және басқарушылық мансаптың барлық сатыларын өткен. Сондықтан да, Елбасы айтқандай Қазақстанда еңбек саясаты жаһандық бәсекелестік жағдайында шешуші фактор ретінде саналады. Сол себептен де біз оны бірінші жоспар ретінде алға тартуымыз абзал.

23.1-ші Жалпықазақ съезі,Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы

Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты.  Съездге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:

1. Мемлекеттікбасқару формасы.2. Автономия құру мәселесі.3. Жер мәселесі.4. Халық милициясын құру.5. Сот ісі.6. Дін мәселесі.7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.8. Құрылтай жиналысын шақыру.9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.11. Халық ағарту ісі.12. Земство13. Әйел мәсселесі14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.

Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық съезд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың  саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Жаңадан құлған партия «Алаш» деген атқа ие болды.

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. І. Мемлекеттік қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Әр мемлекет өз тізгінін өзі алып жүреді.  Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең (құрдас) мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект (құрдас мемлекеттер) өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті.  ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап жұрт тартқан айту жағына бастайды. Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады. ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу. IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады. V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. Айтылған үкім тез орнына келуі керек. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралады. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болады. Присяжный қазақтан алады. Қырдағы ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт қалаған ереже жолымен атқарылады. VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару. VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек. VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды.  IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақылсыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өзара сайлау мен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек. X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы; сыбағадан артылған жер земство қолында болуы тиіс; Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі жерді қазақ үйі басына иленбей ауыл-аймақ туысқан табына меншіктеп алу, өзара әділдік жолымен пайдалануы керек. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, өзендер мемлекеттік болып, аз ағаш және көл байлықтары земство мүлкіне саналуы керек. Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезінде өткен сайлауда Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]