- •Білек сүйектерінің сынықтары пайда болу механизмі, себептер
- •Туа пайда болған маймақ аяқ: этиология, патогенез
- •Ортан жілік басының туа пайда болған шығуы: этиологиясы, патогенезі
- •Қол басы сүйектерінің сынықтары: механизмі, себептері
- •Остеохондропатиялар: анықтама, этиология, патогенезі
- •6.Дюпюитрен сынағы:жарақат механизмі,себептері
- •7.Сирақ сүйектерінің сынықтары:диафизарлы сынықтардың пайда болу механизмі
- •8.Тобықтың сынықтары:пайда болу механизмі,жиі себептері
- •9.Шынтақ өсіндісінің сынығы:жарақат механизмі,жиі себептері
- •10.Буындардың дегенеративті – дистрофиялық аурулары,этиологиясы,пайда болу механизмдері.
- •6.Галеацци типті жарақаттар.Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп корсет.
- •10.Сирақтың диафизарлы сынықтары,жіктелуі,клиникасы,диагностика,емі.
- •Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы.
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Есеп № 6
- •Есеп № 7
10.Сирақтың диафизарлы сынықтары,жіктелуі,клиникасы,диагностика,емі.
Жіктемесі: (АО Жіктемесі бойынша)
1. Ашық (инфекцияланған сынық).
2. Жабық сынық.
Сынық жазықтығы бойынша:
- көлденең;
- қиғаш;
- бұранда тəрізді;
- бойлық;
- жарықшақтық (сегменттік).
Қауіп-қатерліфакторлар: -шынықпағандық; -байқаусызтезқозғалу; - кəрілік.
Диагностика критерилері:
1. Жарақат болған аяқтағы ауырсыну синдромы [1].
2. Сынған аймақтағы жұмсақ тіннің өзгерісі (ісіну, гематома, деформация жəне т.б.) [1].
3. Сирақтағы жарақат болуы мүмкін жерді пальпациялағанда сүйек сынықтарының сықырлауы [1].
4. Сүйек сынықтарының патологиялық қозғалғыштығы.
5. Сирақ сүйектерінің диафиздері сынуының рентгендік белгілері [1].
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жарақат алған сирақты 2 проекцияда рентгендік тексеру.
2. ЭКГ.
3. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
4. Жалпы несеп анализі.
5. Коагулограмма.
6. Биохимия.
7. Мерезді анықтау үшін серологиялық тексеру.
8. ВИЧ.
9. HbsAg, Anti-HCV.
Жарақат механизмі:тура және жанама күш әсерінен бды.Тура күштің әсерәнен сирақтың екі сүйегі бір денгейде және бөлшектеніп сынады.М:жаяу жүргінші көлік бамперімен соққанда жіліншіктің диафизинде көп бөлшектелген сынық пайда бды.Жанама механизмі аяқты бұрау және бүгу түрінде кездеседі.Бұралған жарақат меанизінен сирақтың екі сүйегі әр денгейде сынады және бұранда тәрізді болып келеді.Егер үлкен жіліншік диафизинің төменгі үштен бір бөлігі бұранда тәрізді сынса кіші жіліншіктегі сынық оның жоғарғы үштен бір бөлігінде орналасады.
Клиникасы диагностикасы:Сынық аймағында тері қабатының ісінгенін,түсінің өзгергенін анықтауға бды.Сынық үстінде тері керілген,бозарған,жарақаттан кн бірнеше сағат өткен соң ісік салдарынан іші сарысумен толған көпіршіктер пайда болуы мн.жарақаттанған аяқ басы өз салмағымен сыртқа ротацияланады.аяқтың осылай сыртқа бұралуы теки сирақпен шектеледі.сирақтың білік осі бір жанына алдына не артына қарай деформацияланғаны байқалады.сынық аймағында пальпациялағанда ауырсыну бірден пайда бды.Сынық аймағында саты тәрізді деформация пайда бды,сүйектің қыры бір бүйіріне қарай ығысады.Сынық бас тарының қозғалғыштығы анықталады.Палпацияда сынық орналасу жазықтығында анықтауға бды.Үлкен жіліншік сынғанда умбиликация белгісі байқалады.бұл-сынық үстіндегі терінің астыға қарай құты тәрізді жиырылуы.Оның пайда болу себебі-жұмсақ тіндердің интерпозициясы.сынық аймағында крепитация ан.оны әдейілеп анықтауға болмайды.
Ем мақсаты: сирақ сүйектерінің сынығын дер кезінде анықтау, емдеу əдісін анықтау (консервативтік, операциялық), мүмкін болатын асқынулардың алдын алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу, аяқтың қызметін қалпына келтіру.
Дəрі-дəрмекті ем: сирақтың қатарласқан сынығында орнына келтіру (репозиция) жұлындық анестезия қолдану арқылы жүргізіледі.
-Гипс таңғышы ығыспаған және репозициядан кн оңай бекітілетін сынықтарда қолданылады.Үлкен жіліншіктің көлденең и ығысқан сынығында сынық бастарына бір мезгіде репозиция жасап, аяққа гипс салынады.Репозицияны наркозбен жасаған тиімді или сүйекішілік анестезия жасау кк.Көмекшілер бір аяқ басынан ұстап, сирақтың білігі бойымен тракция жасайды,екіншісі науқастың денесін не санын кері тартады.Хирург шығып тұрған сынық бастарын саусақтарымен басып,еніне ығысқан сүйекті орнына келтіреді.Кн санның ортаңғы бөлігіне дн гипс салынады.Репозицияны арныйы аппаратпен жасаған тиімді ол үшін :өкше сүйегі арқылы сымшабақты өткізіп,оны арнайы доғағ бекітеді.Сынық басына тракцияны доғаны тарту арқылы жүзеге асырады.Репозицидан кн өкше сүегіндегі сымшабақты алып гипс санның ортасына дн салынады.Иммобилизация 3-4ай.Қосымша тракциясыз бектілмейтін сүйектен тарту емдеу әдісі қолданылады.Оған бұралған ,қиғаш,бқлшектенген ығысуы бар сынықтар жатады.
Сынықты операциялық емдеуге көрсеткіштер:
1. Сирақтың екі сүйегі бірдей орнынан тайып сынса (қажетті репозиция мүмкін болмаған жағдайда).
2. Жұмсақ тіндердің немесе тамырлық шоғырлардың үлкен, терең жарақаты кезінде.
3. Сирақ сүйектерінің асқынған сынығы.
4. Сирақ сүйектерінің сегменттік сынығы.
Операциялық ем:
1. Асықты жілік пен асықты жілік шыбығына сыртынан бекітетін құрал қолдану.
2. Интрамедуллярлық жабық тежегіш остеосинтез.
3. Интрамедуллярлық остеосинтез.
4. Пластинка мен бұранда арқылы остеосинтез.
Операциялық емнен кейін бірден жарақат алған аяқты қозғалысқа келтіруді (мобилизацияны) бастау қажет.
Остеосинтезден соң бекіткішті (фиксатор) 6 айдан ерте алуға болмайды. 60 жастан асқан науқастарда бекіткішті өмір бойына қалдыруға болады. Металл құрылғыны алып тастағаннан кейін 1 ай бойы науқас аяғына ауыр еңбек жүктемесін түсірмеуі тиіс.
Сирақ сүйектерінің сынығын қалпына келтіргеннен кейінгі шаралар
Репозициядан кейінгі 3 тəулік бойы науқас жарақат алған сирағын жоғары көтеріп жатуы керек, ісігі қайтқан соң қозғалысты бастайды, қозғалыс көлемі біртіндеп стационардан шыққанға дейін үлкейе береді. Бақайлар мен бұлшықеттерге арналған жаттығулар көп кешіктірмей басталуы керек.
Жарақат болған аяққа салмақтық жүктеме репозиция жасалғаннан кейін ертерек басталып, 6-8 аптаға дейін біртіндеп көбейе береді. Клиникалық тұрақты сынықта салмақтық жүктемені біртіндеп көбейте отырып жүруге рұқсат етіледі. Сүйек тінінің қалпына келу процесі сүйектердің орнынан таюы айқын болса жəне жұмсақ тіндердің зақымдануы терең болса баяу жүреді. Көптеген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, ашық сынығы бар науқастарға антибиотикпен алдын алу шараларын жүргізсе, іріңді-қабынулық асқынулар болу қаупінің барынша азаятыны анықталған. Науқастарды 3 қауіп-қатер тобына бөлуге болады
1. Терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы 1 см, жарасы таза ашық сынық.
2. Жақын жатқан тіндердің зақымдалуы жəне орнынан таюы айқын емес, терісінің зақымдалуы 1 см-ден жоғары ашық сынық.
3. Кез-келген сегменттік сынық, жақын жатқан тіндері айқын зақымдалған немесе жарақаттық ампутациясы бар ашық сынықтар.
1-2 қауіп-қатер тобындағы науқастарға негізінен грамоң микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктердің операцияға дайындық дозасын енгізеді (жарақаттан кейін барынша ертерек). 3 қауіп-қатер тобындағы науқастарға қосымша грамтеріс микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктер де тағайындалады.
Антибиотикпен алдын-алу кестесі:
1. 1-2 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0.
2. 3 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0 12 сағаттан кейін (тəулігіне 2 рет), 7 күн + метронидазол 100 мл. в/і 8 сағаттан кейін (тəулігіне 3 рет), 3-5 күн.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
3. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг
4. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
6. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Репозициядан кейін 1-3, 6-8, 10-12 аптада рентгендік тексеру арқылы сынықты дұрыс қалпына келтіру.
2. 5 ай ішінде сынықтың тұрақты болуы.
3. Репозициядан кейін бірден пассивті əкету жасай алу мүмкіндігі.
4. Репозициядан кейін белсенді қозғалыстар жасай алу мүмкіндігі.
5. Аяқтың қызметін қалпына келтіру.
6. Емнен кейін асқынулардың болмауы.
