Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
травма ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245.79 Кб
Скачать

6.Галеацци типті жарақаттар.Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп корсет.

Галеацци сынығы көбінесе білекке тиген қатты соққыдан немесе қолды тіреп құлағанда және т.б кезде пайда болады Галеации сынығы да бүгуші және жазушы түрінде кездеседі Бүгуші сынықта сынған кәрі жілік фрагменттері арасында алдына (алақанға)қарай ашылған бұрыш пайда болады,шынтақ сүйектің басы сыртқа қарай шығып кетеді Жазушы сынықта керісінше,сынған кәрі жілік фрагменттері арасында сыртқа қарай ашылған бұрыш пайда болады,ал шынтақ сүйектің басы алақанға қарай шығып кетеді.Жалпы тексеріп қарағанда осы жарақатқа тән білектің деформациясы байқалады.Жазушы сынықта білектің сыртқы беткейінде,кәрі жілік жағында ойыс ,ал алақан жағында төмпешік пайда болады.Бүгуші сынықта керісінше,білектің сыртқы беткейінде,кәрі жілік жағында томпаю,ал алақан жағында ойыс пайда болады.Пальпация кезінде сынық аймағында ауырсыну анықталады,шыққан шынтақ сүйегінің басын саусақпен басқанда,шыққан сүйек орнына оңай салынады,алайда саусақпен басуды доғарғанда,сүйек басы қайта шығып кетеді.Білек және кәрі жілік-білезік буындарын қамтып жасалған екі бағыттағы рентгенограмма жарақат диагнозын және ығысу сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

7.Бел омыртқаның денесінің компрессиялық сынықтары. Жіктемесі. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп көрсетіңіз. Диагностика әдістерін тізіп көрсетіңіздер. Емінің негізгі принциптерін тізіп көрсетіңіздер.

ЖАРАКАТТЫН МЕХАНИЗІ:Бел омыртка денесінің тура емес закымдалуларында болады:осьтік жуктеме,кенеттен немесе шамадан тыс бугілуі,омыртканың айналуы немесе жазылуы. Омыртқа денесінің зақымдануы жиі тікелей емес жарақат кезінде, осьтік жүктеме кезінде (биіктіктен аяғына, бөксесіне құлау), тез, мөлшерден тыс бүгілу , омыртқаның жазылуы кезінде..Жаракаттын ерте кезеңінде ауырсынуға шағымданады,ауырсынудың қарқындылығы зақымдалған аймақта ғана емес көршілес жатқан жұмсақ тіндерге де беріледі.Жарақат алған кезде физиологиялық иілімдерге көңіл аудару керек.Омыртқаның қылқанды өсінділерін пальпациялаған кезде ауырсыну байқалады.Науқасты қараған жағдайда қозғалысын шектеу керек.Пальпациялаған кезде ауырсынудан басқа сол аралықтың үлкейгенін байқаймыз.Бел омыртқасының сынығы кезінде ауырсыну ішке,алдыңғы құрсақ бұлшық еттеріне беріледі.Сынықтар кезінде кұрсақ алдыңғы қабырғаларында гематомалар түзіледі.Егер гематома симпатикалық нервтерді тітіркендірсе псевдоабдоминальды синдромға алып келеді.

Халықаралық жіктемеге байланысты жіктеледі:

А-тип бел омыртқаның денесінің компрессиялық сынықтары

В-тип алдынғы және артқы комплекстің созылулық зақымдануы

С-тип алдынғы және артқы комплекстің ротациялық зақымдалуы

Компрессия дәрежелері:

— I д – компрессия омыртқа денесінің биіктігінің 1/3 не дейін

II.д- компрессия 1/3 ден 1/2ге дейін

IIIд — компрессия 1/2 жоғарыДиагностикасы.

Клиникасы: Жарақаттан кейінгі ерте кездегі шағымдары зақымдану орнында ауырсыну. Ауырсыну интенсивтілігі науқастың жалпы жағдайына, жұмсақ тіндердің зақымдануына және сүйектің зақымдану ауырлығына байланысты болады. Биіктен құлаған кезде омыртқалардың сынығы табан және тізе- сирақ буындарының сынығымен бірге болады, және аяқтағы ауырсыну өте қатты болады, сондықтан омыртқа зақымдануын анықтау қиынға түседі. Сондықтан ең бірінші анамнезді толық жинап, зақымдану механизмін түсініп, клиникалық тексеруді дұрыс жүргізу керек. Науқас денесіндегі қанталау мен сырықтар жарақат механизмі мен күшуін анықтауға ынғайлы болады.

Диагностика:Арқаны қарағанда физиологиялық иілімдерге көніл аудару керек. Шынайы бүкірлік кейде кездеседі, бел лордозының жазылуы мен кифоздың айқындылығы жиі кездеседі. Сколиоздық деформация да кездесуі мүмкін. Бұлшықеттері жақсы дамыған науқастарда « божжы симптомы » –зақымданған омыртқалардың сүйір өсіндісінің екі жанынан кеуде ұзын бұлшықетінің тартылуы байқалады Пальпациялағанда сүйір өсінділер зақымданған аймақта ауырсынады. Науқасты қарағанда, оған аз қозғалу керек, яғни егер науқас носилкада жатқан болса, пальпацияны қолда науқас астынан өткізіп жасау керек Бел омыртқалары сынғанда ауырсыну іште, алдынғы ішастар қабырғасының бұлшықеттері қатаяды. Бұл ішастарартылық гематоманың барын көрсетеді. Сәулелі өрім мен шекаралық симпатикалық бағанның гематомамен тітіркенуі кезінде псевдоабдоминальды синдром пайда болады, , клиникасында «өткір іш », сондықтан да диагностикалық лапароскопия мен лапаротомия жасалады. Омыртқаға Осьтік жүктеме түскенде , яғни аяқ басын ақырын ұрғылағанда, немесе басын ақырын басқанда зақымданған жерде ауырсыну болады.Мүны жатқан кезде ғана тексере аламыз.

1.Радиологиялық зерттеулер. Тексеруді көрсеткіш екі проекциялы ретгенннен бастайды, алдыңғы артқы және бүйір, рентгенограмманың ортасында клинасмен анықталған зақымданған ошақ орналасады. Алдынғы артқы проекцияда көлденең өсінділер зақымдануы, омыртқалардың бүйірлык шығулары, ал қалған сынықтар бүйір проекцияда жақсы көрінеді. Әдеттегі сынықтардардың орнын білу кезінде рентгенологиялық тексеру барысында барлық кеуде бел ауысуын (бел омыртқаларының сынығына күдіктенгенде ) және мойын- кеуде ауысуында төменгі мойын омыртқаларының сынығын анықтағанда, науқас қолы төменге қарай, иық және иықүсті буының төмен түсіру арқылы рентген суретін жасаймыз. Рентгенограмманы бағалаған соң, керек жағдайда томограммыа , қиғаш проекциялы рентгенограмма, жасауға болады, Омыртқаның шығуы болатын болса, жоғары орналасқан омыртқа шыққан деп есептеледі. Омыртқа денесінің сынығының рентгендік көрінісі ретінде бүйір проекциядағы сына тәрізді деформация болып табылады. 2.Компьютерлі томография (КТ) сынық сипатын, омыртқа өзегіндегі ығысқан сынық фрагментін, рентген арқылы көрінбейтін екінші мойын омыртқасының тісінің сынығын, краниовертебральды ауысудың сынығын көрсетеді. КТ арқылы зақымдану тұрақтылығын, бітісу уақытын анықтаймыз, емдік мақсатта қолданамыз.

3. Магнит-резонансты томография (МРТ) омыртқа өзегіндегі жұлын мен түбіршелер және сынған омыртқа фрагменттер қатынасын анықтауға көмектеседі. Бұл әдіс оперативті емге көрсеткішті анықтап, ауру ағымын болжау үшін қажет. Омыртқаның біріншілік асқынбаған сынығы кейін сүйек мүйісіне және екіншілік миело- радикулопатияға асқынады. Ауруханаға дейінгі көмек. Науқасқа біріншілік көмек көрсету кезінде,мынаны еске алу керек егерде омыртқа зақымданған болса, оған қозғау қимылдары әсіресе бүгу кезінде омыртқалар орнынан ығысуы немесе жұлын зақымдануы болады. Мұндай науқастар арнайы носилкада, щитпен, қолтықасты конструкцияда, ортопедиялық матрацпен тасымалдану керек. Мойын бөлімі арнайы ортезбен бекітілу керек.

Емі: Төменгі кеуде және бел омыртқаларының сынығын емдеу.

1.Омыртақаларды консервативті емдеу әдістерінң ішіндегі ең кең

қолданылатындары: функциональды әдіс, сонынан корсет салу арқылы бірсәтті репозиция; Функциональдя әдіс аз дәрежелі компрессияда (омыртқа денесінің 1/3 не дейін) омыртқа өзегінің ішіндегісінің қысылуы бомаған жағдайда қолданылады. Бұл әдісті толығымен В. В. Гориневской и Е. Ф. Древинг негіздеді. .Сынық иммобилизациясын омыртқаны бойлық тарту арқылы төсектік режимде жүргізеді.Омыртқаны толығымен босату үшін физиологиялық лордоз астына арнайы валик қояды. Бірінші күннен бастап науқас,бұлшықетті корсетін нығайту үшін ЕДШ мен айналысу керек Омыртқа деформациясы ығысқан аймақты компенсаторлы түрде қисайту арқылы түзетіледі. Төсектік режим 1,5 – 2 ай . Науқас белсенділік танытса корсет салынбайды, қатқыл ортез арқылы ұстап тұруға болады. 4–6 ай ішінде науқас еңбекке жарамдылығын анықтайды, бірақ бір жыл ішінде вертикальды жүктемеге қатаң шектеу қойылады.

2.Түзету (реклинация) сынған омыртқаны омыртқа бағанын форсирленген жағдайда жазып, экстензионнды корсет немесе ортез салу арқылы жасайды. Манипуляцияны жергілікті анестезия арқылы жүргізеді, себебі репозиция кезінде неврологиялық бұзылысты анықтауға болады. Ең тиімді әдіс Белер бойынша анестезия (сынған омыртқа астындағы сүйір аралық кеністікке 2 –4 см, 20 мл 0,5 % новокаин ерітіндісін енгіземіз. ). Жергілікті анестезияны анальгетиктермен де жасайды. Репозицины арнайы ортопедиялық столда жасайды.Омыртқа экстензиясын иілімді өзгерту арқылы науқас астына серіппелі пластина қою арқылы жүргізеді. Репозицияны әр биіктіктегі столда (Ватсон – Джонс–Белер) әдісі, іште жатқан науқастың аяғын жоғары тарту (Дэвис әдісі) ортопедиялық столда омыртқаның компрессиялы сынығынның репозициясы

3.Екі омыртқа сегментін тежеу арқылы бекіту әдісі Юмашев–Силин бойынша. Бұл азинвазивті операцияның негізгі қағидасы науқастарды 4 – 6 тәулікте аяғына тұрғызады. Омыртқаның Транспедикулярлы фиксациясы. Бұл әдіс ортакеуде және бел омыртқаларын бекітуші ен негізгі, кең тараған әдісі, жоғары тұрақтылықты және көп сегментті шектемейтін әдіс болып табылады. Омыртқа аяқшалары арқылы интраоперациялы рентгенкөрсеткіш арқылы сынған омыртқа асты мен жоғары бөлімінен омыртқа денесіне винт енгізеді. Арнайы құралдар арқылы омыртқа реклинациясы мен тракциясын жасайды. Репозициядан кейігні пайда болған қуысты алломатериалмен (цемент, керамика кейджбен толтырады. төсектік режим жіптер шешілгенге дейін (12 т ), содан науқас активизациясы үшін отырған немес жүргенде шешілетін корсет алты апта ,7 аптада жүзуге баруға болады6 аптадан кейін еңбекке жарамды болады.

8.Менисктердің зақымдалуы.Негізгі клиникалық симптомдары

Менисктердің зақымдалуы бұл тізе буындарының ең жиі кездесетін жақым түрлеріне жатады. 80-90%менискттердің іштей зақымдалуы,10-20%сырттай зақымдалуы кездеседі.Ішкі мениск қозғалыссыз сондықтан жиі зақымданады,ал сыртқы мениск қозғалғыш болғандықтан сирек жарақаттанады.

Зақымдалу механизмі:олр тура және тура емес зақымдалулардан болады,көбінесе тура емес зақымдалулардан,кенеттен қозғалыс,аякка соққы,секірген кезде ,аяқпен кулаған кезде.Ең көп ротационды механизм кездеседі және жаншылу механизмі.Егер жарақаттаушы күш одан әрі әсерін жоғарылатса онда алдыңғы айқасқан байлам зақымданады.Сонымен ішкі бүйірлік байлам,ішкі мениск және алдыңғы айқасқан байлам бірлесіп жарақаттанса триада яғни Бақытсыз үштік деп аталады.

Классификациясы:Локализациясы бойынша менисктің зақымдалу формасы:

· Паракопсулярлы аймақ

· Аваскулярлы аймақ

Диагностикасы:Науқастың шағымдарын тыңдай отыра клиникалық диагноз қою қиындай түседі,себебі зақымдалған аймақта гемартроз болады.Нақты диагнозды созылмалы периодқа ауысқан кезде қояды(1апта немесе 1ай аралығында)сол кезде зақымдалған аймақтың қозғалысы шектеледі,буын беткейлерінің сәйкес келмеуімен көрінеді.Ерте диагностика жасау үшін УДЗ немесе МРТ көмегімен анықталады.

Симптомдары:

· Блокада симптомы – сирақ және сан сүйектерінің ығысуы нәтижесінде менисктің сыртқа қарай таюы.Тізені қозғағанда ,сирақты ротациялағанда тізе буыны шамамен 130С бүгілген қалпында қалып қояды.Науқас аяғын жазу не бүгуге әрекет жасаса ауру сезімі күшейеді.Блокада кезінде жұлынған менск ортан жілік и үлкен жіліншік арасында қысылып қалған болады.

· Баспалдақ симптомы-Тізе буындарының кезеңді қайталамалы ауырсынуы, әсіресе жүк түскенде,жүргенде,секіргенде болады.

· Созылмалы синовит

· Шелчка симптомы сыртқы менискте кездеседі.Тізе буынын палпация жасағанда ауру сезімі күшейеді,менисктің артқы буында зақымдануы тізе астында болуы мүмкін.

· Байков симптомы 90градуска жазылу.Тізені 90 С-қа жазып,буын саңылауын 1-2саусақпен ішкі және сыртқы жағынан қысады.екінші қолмен тізе буынын пассивті жазады,осы кезде жыртылған мениск аймағында ауру сезімі күшейеді.

· Штейман-Бухард симптомы сыртка қарай ротация кезінде ауырсынудың артуы және ішке 90градус бүгілу кезіндегі тізе буынының ауырсынуы

· «Калоши» Перельман симптомы:науқас сирақ пен аяқ басын калош киген сияқты бұрайды.осы кезде тізе буынында ауырсыну бды.

· Түрікше отыру симптомы аяқтарын айқастырып отырған кезде ауырсыну пайда болады

· Турнер симптомы:тізенің ішкі жағында тері қабатының гиперестезиясы не анетезиясы бды.

-Сан мен сирақ бұлшыұеттердің атрофиясы не Чаклин симптомы:науқас созған аяғын көтерсе төрт басты сан бұлшықетінің атрофиясы нәтіжесінде тігінші бұлшыұеттің контуры айқын көрінеді.

-Шерту симптомы:тізе буынан қозғағанда сыртқа мениск жағынан бір бөгет арқылы сирақтың сырғанауы не шерткен тәрізді дыбыс естіледі.

-Түрікше отыру симптомы:науқас жүресінен отырғанда тізе буынында ауырсыну бды.

ЕМІ:синовит пен буын жарақаттың жіті көріністерін жою,блок болғанда менискті орнына салу кк.Жыртылған менискті тігу,менисктің секторальды резекциясы-оның жұлынған бөлігін кесіп алу не паракапсулярлы менсэктомия -2-3мм пакапсулярлы жолақты қалдыра отырып мениск толығымен алынады.паракапсулярлы менискэктомиядан кн орнына соған ұқсас регенерат қалыптасады.операциядан кн тізе буынына бірнеше сағатқа компрессия беретін пневматикалық таңғыш салынады.келесі күні операция жасаған буынды бүгеді және балдақ көмегімен жүруге бд.аяққа мөлшерлеп күш түсіруді 2-3аптадан кн бастайды.

9.Кәрі жіліктің дистальды бөлігінің сынықтары. Жіктемесі. Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп жазыңыз. Негізгі диагностика әдістерін тізіп жазыңыз. Емінің негізгі принциптерін тізіп жазыңыз. Кәрі жіліктің ең жиі кездесетін сынықтары –дистальды бөлігі болып табылады.Ол остеопорозбен науқастарда,қарт адамдарда кездеседі.Қәрі жіліктің дисталды сынуы жалпы қол сынықтарының ішінде жиі кездеседі,барлық сынықтардың 15-20 пайызын құрайды.

Жарақат механизмі:Ол көбіне қолды тіреп құлағанда пайда бды.жарақат кезінде қолдың басы жазылып не бүгіліп орналасуы мүмкін.

Жіктелуі:Кәрі жілікке тән жерден сыну –кәрі жілік –білезік буынан 2-3см проксималды орналасқан сынықтар.сынық бағытына қарай көлденең,қисық,бөлшектеніп кездеседі.Сынық бастарының бұрыш жасап ығысуына қарай кәрі жілікке тән жерден сыну топталады:жазылған Коллис сынығы,бүгілген Смит сынығы.

1.Коллис сынығы.дистальдық бөлік сыртқа и кәрі жілікке қарай ығысады және біраз супинацияланады.пайда болған сүйек бұрышы сыртқа ашылады.

2.Смит сынығы-дистальдық бөлік алақанға қарай ығысады и пронацияланады,сүйек бұрышы алақанға қарайды.

Классификациясы:

· А тип-буындық емес сынықтар

· В тип –буын ішілік толық емес сынықтар

· С тип –буын ішілік толық сынықтар

Бұрыштық ығысуы бойынша

· Экстензионды(Колиса)

· Флексионды(Смит)

Диагностика:Сырттай қараған кезде кәрі жілік сүйектерінің сыртқа ығысып вилка тәрізді штыкообразный деформацияланады.Коллиса сынығы кезінде дистальды сынықты пальпациялауға болады,алақанның проксимальды жағында білек сүйек дистальды бөләкпен кәрі жілікке қарай ығысады.Смит сынығында керісінше дистальды сынықты алақан бойында пальпациялауға болады.Пальпациялаған кезде қатты ауырсынады.Кәрі жіліктің сынығында қолдың қозғалуы шектеледі.

Рентгенограмма екі проекция бойынша жасалады.Бізге нақты мәліметті жанынан түсірген проекциясынан көре аламыз.Рентгенограмма арқылы кәрі жіліктің дистальды бөлігінің қай жерден сынғанын көлемін,сынық бөліктерін анық бейнесін көре аламыз.Рентгенде сынықтың ығысу дәрежесі ан.ол үшін бүйірден жасалған рентген сүретте сынықтың орталық бөлігі арқылы кәрі жіліктің білік осін сызады,ал кәрі жілік-білезік буыны денгейінд кәрі жіліктің білік осіне перпендикуляр туғызады.егер ол бұрыш 90С тар артық бса сынықтың дисталды бөлігі білек сыртына қарай ығысады.ал 80с тан аз боса сынық алақан жаққа ығысқан бды.

Алдынан артына бағытталып жасалған рентгенде сынық бастарының ығысу дәрежесін бағалаймыз.

Радиоульнарлық бұрыш:тура жасалған рентгенде анықталады.нормада 30С бды.

Алғашқы көмек:алақан саусақтарынан кәрі жілікке дейін транспортты шина қою және қосымша жұмсақ тканьмен иммобилизация жасап повязка саламыз.

Емі:Консервативті ем: сынық аймағына 1пайыздық 10-20 мл новокаин енгіземіз кн гипс салынады.кәрі жіліктің сынық бөлігінің ығусуынсыз,зақымдалуына байланысты гипс саламыз немесе алақаннан кәрі жілікке дейін болған жерді фиксациялаймыз.Иммобилизация 4 аптаға дейін,жұмысқа жарамдылық 5-6 аптадан кейін беріледі.Кәрі жіліктің сынық бөлігінің ығысуымен зақымдалған кезде жансыздандыру жасалып репозиция жасалынады.білекті пронация супинация арасында орналастырады.Иммобилизацияны шешкен соң едш и физиологиялық ем тағайындалады.Еңбекке 5-6аптада қалпына келеді.

Операциялық емі:Консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда жасалынады.Кәрі жілік сүйектері қатты зақымдалған жағдайда,сүйектері орнынан тайғанда,сүйектерді қалпына келтіру үшін жасалынады.репозицияны қолмен не апаратпен истеуге бды.