- •Білек сүйектерінің сынықтары пайда болу механизмі, себептер
- •Туа пайда болған маймақ аяқ: этиология, патогенез
- •Ортан жілік басының туа пайда болған шығуы: этиологиясы, патогенезі
- •Қол басы сүйектерінің сынықтары: механизмі, себептері
- •Остеохондропатиялар: анықтама, этиология, патогенезі
- •6.Дюпюитрен сынағы:жарақат механизмі,себептері
- •7.Сирақ сүйектерінің сынықтары:диафизарлы сынықтардың пайда болу механизмі
- •8.Тобықтың сынықтары:пайда болу механизмі,жиі себептері
- •9.Шынтақ өсіндісінің сынығы:жарақат механизмі,жиі себептері
- •10.Буындардың дегенеративті – дистрофиялық аурулары,этиологиясы,пайда болу механизмдері.
- •6.Галеацци типті жарақаттар.Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп корсет.
- •10.Сирақтың диафизарлы сынықтары,жіктелуі,клиникасы,диагностика,емі.
- •Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы.
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Есеп № 6
- •Есеп № 7
9.Шынтақ өсіндісінің сынығы:жарақат механизмі,жиі себептері
Шынтақ өсіндісінің сынығы
Себебі:Бұл сынық көбінесе шынтақ өсіндісіне тікелей құлағанда немесе тікелей соққы тигенде болады. Кейде үшбасты бұлшықеттің шектен тыс жиырылуы салдарынан жұлынып сынуы кездеседі. Жұлынып сыну көбінесе диск лақтыратындарда болады. Шынтақ өсіндісінің сынуы буынішілік сыныққа жатады.
Жарақат механизмі. Жиі — тура соққы(тура механизм), сирек – иықтың үшбасты бұлшықетінің жедел жиырылуы(жанама механизм) салдарынан дамиды.
Шынтақ сүйектің тәжді өсіндісінің сынығы. Шынтақ сүйектің тәжді өсіндісінің сынығы айтарлықтай сирек кездеседі және барлық білек сынықтарының шамамен 1% құрайды. Зақымдалу механизмі – бүгілген шынтақ буынымен құлау.
10.Буындардың дегенеративті – дистрофиялық аурулары,этиологиясы,пайда болу механизмдері.
Деформациялаушы остеоартроз (ДОА) - қол-аяқ, омыртқа бағанасы буындарының дегенерациялы-дистрофиялық ауруы. Бұл ауруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады, шеттік остеофиттер және екіншілік синовиит дамиды. Негізінде, буын шеміршегінің дегенерациясы ағзаның табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық үдерістің бірі. Деформациялаушы остеоартроз (ДОА) жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады. Деформациялаушы остеоартрозда (ДОА) дамитын буын шеміршегінің өзгерістері кәрілікте дамитын өзгерістермен бірдей, бірақ оған қарағанда ертелеу басталады және буын маңындағы тіндердің закымдануына әкеледі.
Этиологиясы.
Себептері: 1) сау буын шеміршегіне шектен тыс күш түсуден, яғни кәсіптік, тұрмыстық әсерден, спорттың, артық салмақтың әсерінен, жарақат алудан кейін болады. 2) буын шеміршегінің төзімділігі төмендегенде, қалыпты физиологиялық күш түскенде пайда болады (артриттер, гемартроздар, метаболикалық аурулар – подагра, хондрокальциноз, сүйек тіндерінің ишемиясы, остеодистрофия, эндокриндік бұзылыстар – акромегалия, жыныс бездерінің аурулары, тұқым қуалаушылық).
Даму тегіне қарай остеартроздың біріншілік және екіншілік түрлерін айырады. Біріншілік түрі - бұрын зақымданбаған сау буын шсміршектерінің уақытынан ерте тозуы. Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) біріншілік түріне жас адамдардың идиопатиялық остеоартрозы және егде жастағылардың инволюциялық остеоартрозы мен остеохондрозы жатқызылған. Біріншілік остеоартрозда буын шеміршектерінің уақытынан бұрын тозып "кәріленуінің" себептері нақты анықталмаған.
Екіншілік түрі - бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре дамитын дегенерациялық бұзылысы. Екіншілік остеоартроз сүйек эпифиздерінің басқа бір себептерден үйлесімділігінің жойылуынан болады, мәселен дисплазиядан, жарақаттан, туа кемістіктерден немесе шеміршек метаболизмінің бүзылысынан (эндокринопатияларда), кәсіпке байланысты буынға асыра күш түсуінен. Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) этиологиясында ішкі және сыртқы факторларды айырады. Ішкі факторлар: • дене бітімінің немесе тірек-қимыл жүйесінің кемістігінен буын беттсрінің үйлесімділігінің жойылуы • эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз, климакс); • байламдардың осалдығынан буындардың гипермобильділігі (Марфан синдромы т.б.); • метаболизмдік бұзылыстар (гемохроматоз, охроноз, подагра), буындардың өзге аурулары (РА, сүйектің асептикалық некрозы т.б.); • буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы (остеоартрозбен ауыратын науқастардың туысқандарында бұл ауру екі есе жиі кездеседі). Сыртқы факторлар: • жарақаттар, микрожарақаттар, мысалы, парашютистсрдің тізе буындарының ерте зақымдануы; өткірлігінен буынның қабын және маңындағы тіндерді жарақаттайды, осыдан кей жағдайларда екіншілік синовит дамиды.
Патогенезі: жоғарыда айтылған себептер әсерінен буын шеміршегі тез және ерте өзгеріске ұшырап “қартаяды”, яғни шеміршек өзінің серпімділігін жоғалтып, сызаттар пайда болады, бірте-бірте шеміршек жойылады. Буын бетіне күш түскенде буындар бір-біріне тығыздалып, ишемияға ұшыраған аумақ түзіліп, ол склерозданады, сүйектенеді, буын шеттерінде остеофиттер пайда болады.
11. Буындардың қабыну аурулары: этиологиясы, патогенезі
Буындардың қабыну аурулары-сүйек бұлшықет және дәнекер тіні жүйесі ауруларының негізі көрінісі болып табылады. Клиникалық симптомакомплекс, буынның анатомиялық құрылымының әртүрлі этиология аурулар есебінен және тікелей жарақат әсерінен болады.
Этиологиясы:
Тұқым қуалаушылық
Инфекциялық агенттер(юактерия және вирустардан болған)
Сүйектің сынуы
Өзіндік иммунды аурулар, буын қызметінің нашарлауы
Дистрофиялыық өзгерістер
Патогенезі : қабыну аурулары-буындардың қозғалысын реттеп, оны қорғап тұратын шеміршектердің зақымдануынан пайда болады. Адамдар жарақат алғанда, ауыр заттарды көтергенде буын аралық шеміршек жарылып кетеді де, ондағы жүйке және қан тамырлары қысылып, зат алмасу бұзылады. Соның салдарынан буын ісініп, ауырады.
12. Шпренгель ауруы-этиологиясы, патогенезі
Шпренгель ауруы-жауырынның біреуінің жоғары тұруы.
Этиопатогенез: жауырынның бұл өзерістері –ұрықтың эмбриональді дамуы кезінде болатын ақаудан дамиды.жауырын эмбриональді даму барысында иық белдеуімен бірге дамиды. Бастапқыда ол жоғары тұрып, кейін қалпына түседі. Егер қалыпты эмбриогенез процессі бұзылатын болса, жауырын сол жоғарғы қалпында қалып кетеді. Бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін.
13. Осгуд-Шляттер ауруы. Этиологиясы, патогенезі
Осгуд-Шляттер ауруы- асықты жілік бұдырмағының остеохондропатиясы. Бұл ауру 13-18жасқа дейінгі жасөспірім ер балаларда кездеседі. Көбінесе екі жақты болады. Этиологиясы:
Тікелей жарақаттар: сынықтар немесе тізе буынының шығуы.
Спортпен айналысатындарда болатын тізе буынының микротравмалары.
Патогенезі: тізе буынына күштің көп түсуіне байланысты, байламдардың созылуы, тізедегі микротравмалардың әсерінен жамбастың төртбасты бұлшықеті дұрыс жиырылмайды да, қанайналым дұрыс жүрмейді. Соның салдарынан қан кетулер, байламдардың созылуы, сөмкелердегі қабыну процесстері, тізе бұдырмағындағы өзгерістер байқалып отырады.
Асықты жілік бұдырмасы тұсында ауыратын icік осы жер зақымдалғанда пайда болады және ол жүргенде немесе бірдеңе тиіп кетсе ауруы үдей түседі.
Консервативтік әдіспен емдегенде аяқтың артын гипстік таңғышпен бекітіліп, хлоридті кальцийдің немесе новокаин ерітінділерімен ионогальванизация жасау керек. Оперативтік әдіс өзінің жақтаушыларын таба алмады.
14. Иықтың жарақаттық шығуы, пайда болу механизмі
Сүйектің жарақат салдарынан буыннан шығуы буынды беткейлердің бірігетін аймақта бір-біріне қосылмай сүйектің буындық ұштарының толық ажырап кетуі. Буын зақым әсерінен шығады, бұл жағдайда буын қапшығы мен байланыстырғыштар да бүлінеді.
Бүкіл буын шығуының ішінде 50-60%-да тоқпан жілік шығады. Мұндай жиі болуы оның анатомо-физиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Жауырынның буын ойығының беті тоқпан жілік басынан 3-4 есе кіші, жілік басы шар тәрізді, буын қапшығы кең және жұқа. Зақымданудан буын шығу иық буынында көбінесе зақым әсерінің иыққа жанама әсерден болады (мысалы артқа тірелген немесе алдыға созылған, немесе қайырылған қолға құлау)
15. салдық және сіреспелі параличтер. Этиологиясы, патогенезі.
Салдық-түгелдей қимыл-қозғалыстың болмауы, ал сіреспе-қимыл-қозғалыс функцияларының жұмысының төмендеуі, бұлшықеттер жұмысының әлсіреуі арқылы көрінетін ОЖЖ бұзылысы.
Этиологиясы:
Бас миының және жұлынның зақымдалуы
Жарақаттар салдарынан миға қан құйылу
Ісіктер
Жүйке жүйесінің қабыну аурулары салдарынан дамиды.
Патогенез: параличтердің орталық және шеткері түрлері болады. Орталық паралич-орталық қозғалтқыш нейронның органикалық зақымдануы салдарынан, ал шеткері паралич- шеткері мотонейрондардың зақымдануынан болады. Кез-келген қозғалыс мүшесінің зақымдануы салдарынан-нейрон түбірінен бастап перифериялық жүйке талшықтары арқылы қозу дұрыс келмейді, соның салдарынан бұлшықеттердің қозғалысы шектеліп, аяқ-қолдардың әлсіздігі байқалып, салдану жүреді.
ІІ-деңгей
1.Кәрі жіліктің тән жерден сынуы. Клиникалық белгілері , диагностикалық әдістері, емі. Кәрі жіліктің дистальдық метаэпифизинің сынығы жалпы қолдың сынықтары ішінде өте жиі кездеседі олар барлық сынықтардың 15-20 процентін құрайды. Науқасты тексеруде білектің бөлігінде шанышқы немесе найза тәрізді деформация анықталады. Коллис сынығында пальпация жасау арқылы білектің сыртқы беткейінен сынықтың дистальдық ал алақан жағынан проксимальдық бөлігін анықтауға болады. Қолдың басы білектің дистальдық бөлігімен бірге кәрі жілікке қарай ығысады.Смит сынығында керісінше сынықтың дистальдық бөлігімбілектің алақан беткейінде анықталады ал проксимальдық бөлігі сыртқы беткейде байқалады Сынық аймағында крепитация анықталады Білекке білігі бойында салмақ тусіргенде сынық аймағында ауырсыну сезімі қарқындайды. Кәрі жілік-білезік буынындағы қозғалыстар шектеледі. Ығысқын суйек бөлшектерімен орталық нервтің зақымдану қаупі туындайды. Рентгенологиялық зерттеу:сынықтың ығысу дәрежін анықтайды ол үшін бүйірден жасалған рентген суретте сынықтың орталық бөлігі арқылы кәрі жіліктің білік осін сызады, ал кәрі-білезік буыны денгейінде кірі жіліктің білік осіне перпендикуляр тұрғызады. Алдынан артына бағытталып жасалған рентгенде сынық бастарының ығысу дәрежесін баалайды. Емі: консервативті емі: Кәрі жілікке тән жерден сынудың ығыспаған турін емдеу ушін сынық аймвғына 1 процент 10-20 мл новокаин ерітіндісімен анестезия жасалады. Содан кейін саусактардың негізінен білектің жоғарғы уштен ьір бөлігіне дейін гипс таңғышы салынадыр. Білекті пронация мен супинация аралығында орналастырады. Гипспен бекіту мезімі 3-4 апта Иммобилизацияны шешкен соң мдік денешынықтыру жаттығулары және физиологиялық ем тағайындалады. Кәрі жілікке тән жерден сынудың ығысқан түрін емдеуде жергілікті анестезия жасалғанан кейін сынық бастарына репозиция жасалады. Репозицияны қолмен немесе арнайы аппараттың көмегімен жасауға болады, көбінесе ол қолмен орындалады. Хирургиялық ем. Сынық бастарын іштен бекіту үшін сымшабақтар бұрандалар және пластиналар қолданылады.
2. Монтеджи шығып-сынуы. Клиникалық белгілері, диагностикасы, емі. Монтеджи сынығы әдетте білекке тиген қатты соққыдан немесе алақанын жерге тіреп құлағанда және т.б. кезде пайда болады. Науұасты тексергенде шынтақ сүйегі мен шынтақ буынында ауырсыну, буынның ісінуі байқалады. Пальпация кезінде ынтақ суйектің деформациясын, сүйек крепитациясын, сонымен қатар шығып кеткен кәрі жіліктің басын анықтауға болады.!бүгүші сынықта кәрі жіліктің басы шынтақ буынының артында, ал жазұшы сынықта ол шынтақ шұңқырында анықталады!. Білектің дефориациясы және қысқаруы орын алады. Бүгіші сынықта шынтақ сүйегі сыртқа томпайып тұрса, жазұшы сынықта ішке қарай ойыс болады. Щынтақ буынында белсенді қимыл курт шектеледі.Шынтақты пассивті қозғағанда білек сүйектерін жанынан қысқанда сынық аймағында және шынтақ буынында ауырсыну сезімі өршиді. Сыныққа толық диагноз қою үшін шынтақ және кәрі білезік буындарын қамтып, екі бағытта рентгенограмма жасалады. Емі: Консервативті ем:Бугуші Монтеджи сынығында ығысқан шынтақ сүйегін түзеу қиынға соқпайды. Репозиция анестетікті тамыр ішіне жіберу арқылы немесе өткізгіш жалпы анестезиямен жасалады. Науқасты перациялық үстелге жатқызған соң хирургтың бір көмекшісі науқастың бір қолын білектің бойымен тартады,ал екінші көмекші иықтан кері қарай тартады. Бүгуші сынықты салу шынтақты жазған жағдайда мүмкін болады. Хирург бір қолымен кәрі жілік басын артынан алдына қарай және жоғарыдан төмен қарай басады. Екінші қолымен білекті кері итереді. Кәрі жіліктің басының шығуы сырт еткен дыбыспен жеңіл салынады.Содан кейін білекті супинация қалпына кнлтіріп орналастырады, науқасттың қолы жазылған қалыпта гипс таңғышымен бекітіледі.4 аптадан соң гипс таңғышы шешіледі қолды шынтақ буында 90 градус дейін бүгіп, осы қалыпта иммобилмзация тағы 4 аптаға жалғастырылады.Хирургиялық емі: Консервативті ем сәтсіз болғанда жасалынады. Операция кезінде кәрі жілік басының шығуын жабық турде салуға тырысады. Жілік басы орнына түскен соң білек сүйегіне пластинамен немесе штифтің көмегімен остеосинтез жасалады. Кәрі жіліктің басын сымшабақмен бекітеді. Сымшабақты 3-4 аптаға қалдырады. Жілік басының ескірген шығуында оған резекция жасалады. Гипсті иммобилизация 6-8 аптаға салынадды.Науқастың еңбекке қабілеттілігі 8-10 аптадан кейін қалпына келеді.
3. Тобықтардың сынуы.Жіктелуі.Дюпюитреннің пронациялық сынығы. Пронациялық сынық барысында жарақаттар - 1.Аяқ басының артқы бөлігіндегі пронация дельта тәрізді байламды кередіде келесі 3 турлі жарақатты тудырады:1. Ішкі тобық негізінен жұлынады:ішкі тобық дельта тәрізді байламның бкіген жерінен жұлынады,дельта тәрізді байлм үзіледі.2. Асық сүйектің сыртқа қарай одан ірі ығысуының кіші жіліншік сынады 3. Егер жараққатаушы күштің әсері жалғаса берсе онда дистальды суйек аралық синдесмоз жартылай үзіледі. Пронациялық сынықтң негізгі компанеттері. 1.Ішкі тобықтың сынуы немесе дельта тәрізді байламның үзілуі.2.сыртқы тобықтың немесе кіші жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігінің сыныңы.3. Дистальды жілікаралық синдесмоздың үзілуі.4. Аяқ басының сыртқа қарай толық немесе жартылай шыгу- Дюпюитреннің аяқталған классикалық сынығы :
4. Жамбас сүйектері сынықтарының жіктелуі.1.Шеткі сынықтар. Жамбас шеңберін құрастыруға қатыспайтын суйектердің сынықтары:мықын суйегінің остері, шонданай суйектің төмпешігі, сегізкөздің көлденең сынығы, құйымшақтың сынығы.2. Жамбас шеңберінің бүтіндігі бұзылмаған сынықтар: +Жамбас шеңберінің құрайтн сүйектердің сынығы: шат суйегі бұтағының бір жақты немсе екі жақты сыну, Шонданай сүйегінің бір жақты немесе екі жақты сынуы, бір жақты шат суйегінің екінші жақта шонданайдың сынуы.3. Жамбас шеңберінің бүтіндігі бұзылған сынықтар: сегізкөздің немесее оның бір жақ бөлігінің тік сынығы, мықын-сегіз көз жалғамасының узілуі, мықын сүйегінің тік сынығы, шат суйегінің екі бұтағының бір жақты немесе екі жақтада сынуы.4.ұршық ойығының сынығы;ұршық ойығы шетінің сынығы ол жілік басының артқа жоғапы шыгуымен бірлесе кездеседі, ұрық ойығы тұбінің сынығы ол жілік басының орталық шығуымен қатар жүреді, жілік басы жамбас астауы ішіне қарай шыгыуы мумкін.
5. Өкше сүйегінің сынықтары.Клиникалық белгілері,диагностика, емі. Науқас өкше сүйектің сынығында аяғына баса алмайдды. Өкше аймағы кеңейеді, тобықтардың төменгі аймақта гематома және ісіну анықталады. Табанның ұзын күмбезі төмендейді, ал ығысу болғанда күмбез толық жойылады. Батыр бұлшықеттерінің жиырылуынан ауырсыну қарқындайды. Өкше аймағына пальпация жасағанда ауырсыну өршиді.Сүйекшеткі сынғанда сынықтың клк көрінісі көмескі болып келеді. Науқас өкшесіне басып үре алады. Жанынан және аксиальды бағытта жасалған рентгенограммада диагноз анықтайды. Рентгенограмманы жанынан жасағанда аяқ басын толық қамту керек осы арқылы сынықтың түрін ығысу сипатын сонымен қатар Беллер бұрышын анықтайды. Емі: Наркоз арқылы репозияция жасалады. Өкше сүйекттің горизнтальды уйрек тұмсық тәрізді сынығында репозицияны Юмашев-силин әдісі бойынша жасауға болады. Ол үшін ығысқан фрагментті устінен сымшабақ өткізіледіде доғаға бекітіледі. Содан кейін тізені 60-80 градусқа бүгеді, өкшшені астынан ағаштан жасалғн тіреуді қояды.Хирург доғаның екі шетінен ұстап, өкше томпешігін сымшабақ пен тіреудің арасында қатты қысады. Осы кезде аяқ басын табанға қарай бүгеді. Қысымды азатпай аяққа гипс таңғышы салынады. Бекіту мерзімі 5 апта.
