Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
травма ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245.79 Кб
Скачать

6.Дюпюитрен сынағы:жарақат механизмі,себептері

Бұл сынықтың болу себебі табанды сыртқа қарай қайырып құлаған жағдайда болады.

Механизм: Пронациялық сынық барысында біртіндеп келесі жарақат дамиды: Аяқ басының артқы бөлігіндегі пронация дельта тәрізді байламды кереді де келесі үш түрлі жарақатты тудырады:

  • Ішкі тобық негізінен жұлынады: ішкі тобық дельта тәрізді байламның бекіген жерінен жұлынады; дельта тәрізді байлам үзіледі

  • Асық сүйектің сыртқа қарай одан әрі ығысуынан кіші жіліншік сынады,сынық әр деңгейде орналасуы мүмкін,көбінесе сынық сирақ асық буынынан 5-7 см жоғары жерде немесе буын деңгейінде орналасады.

  • Егер жарақаттаушы күштің әсері жалғаса берсе,онда дистальды сүйекаралық синдесмоз жартылай үзіледі.Бастапқыда алдыңғы жілікаралық байлам,содан кейін артқы жілікаралық байлам үзіледі.Кіші жіліншіктің ары қарай ығысуынан дистальды сүйекаралық мембрана жыртылады.Кейде асық сүйек сирақ сүйектерінің арасына кіріп кетуі мүмкін.

Пронациялық сынықтың негізгі компоненттері:

  • Ішкі тобықтың сынуы немесе дельта тәрізді байламның үзілуі

  • Сыртқы тобықтың немесе кіші жіліншіктің төменгі үштен бір бөлігінің сынығы

  • Дистальды жілікаралық синдесмоздың үзілуі

  • Аяқ басының сыртқа қарай толық немесе жартылай шығуы – Дюпюитреннің аяқталған классикалық сынығы деп аталады.Егер пронациялық сынықта аталған компоненттер болмаса,ондай жарақатты Дюпюитрен типті сынық немесе аяқталмаған пронациялық сынық деп аталады.

Дюпюитренаның клиникасы:тобық буынында ісінулер. Пальпацияда қатты ауырсыну медиальді бөлікте және жілік аралық синдесмозда, асықты жілікте.Активті және пассивті қозғалыстар шектелген және бірден ауырсынады.Емі консервативті. Қолмен репозиция жасау рентген суретін қарап. Жансыздандару жалпы не жергілікті (15—20 миллилитров 1% раствора новокаина вводится в полость сустава и между отломками малоберцовой кости)Резаюция және гипс жасалады.

7.Сирақ сүйектерінің сынықтары:диафизарлы сынықтардың пайда болу механизмі

Кіші жіліншік диафизінің жеке сынығы

Жарақат механизмі:Көбінесе сираққа тікелей соққының әсерінен болады

Үлкен жіліншік диафизінің жеке сынығы

Жарақат механизмі:Тура және жанама соққылар

Екі сүйектің бірдей диафизарлы сынығы

Жарақат механизмі:тура және жанама күштің әсерінен туындайды.Тура күштің әсерінен сирақтың екі сүйегі бір деңгейде және бөлшектеніп сынады.Мысалы,жаяу жүргіншіні көлік бамперімен соққанда жіліншіктің диафизінде көп бөлшектенген сынық пайда болады.

Жарақаттың жанама механизмі аяқты бұрау және бүгу түрінде кездеседі.Бұралған жарақат механизімінен сирақтың екі сүйегі әр деңгейде сынады және сынық бұранда тәрізді болып келеді.Егер үлкен жіліншік диафизінің төменгі үштен бір бөлігі бұранда тәрізді сынса,кіші жіліншіктегі сынық,оның жоғарғы үштен бір бөлігінде орналасады.Осы заңдылықтарды науқасты тексергенде ескерту керек.

8.Тобықтың сынықтары:пайда болу механизмі,жиі себептері

Жіктелуі:

 Сыртқы тобықтың сынуы

 Ішкі тобықтың сынуы

 Тобықтың дара сынуы

 Екі тобықтың бірдей сынуы

 Ығысумен

 Ығысусыз

Себебі: тікелей және жанама әсерлерден болады.Табанның сыртқа немесе ішке қарай қайырылып қалған жағдайда.

Тобықтың көптеген зақымданулары тура емес жарақат кезінде, буындағы қалыпты қозғалыс осіне перпендикулярлы күш әсеріне байланысты. Табанның шығуы немесе тайқуымен бірге жүретін тобық сынықтары форсирленген әкелу, әкету жағдайында, табанның сыртқа және ішке бұру кезіндегі осьтік жүктеме салғанда және көбінесе пронация жағдайында пайда болады. Сирақ-табан буынындағы сынықтарды жарақат механизмдеріне байланысты бөледі. Ең жиі кездесетін пронациялық және супинациялық сынықтар.

Пронациялық сынықтар. Көбінесе тобықтың сынуы табанның сыртқа бұруында кездеседі. Мұнда табан пронация, абдукция (әкету) және эквинус (табандық бүгу) жағдайында болады. Пронациялық сынықта келесі кезекпен зақымданулар болады: 1. Табанның артқы бөлімінің пронациясы дельта тәрізді байламның керілуіне және үш варианттардың біреуіне әкеледі: Ішкі тобықтың негізінен ажырауы; Байлам бекіту жерінде ішкі тобықтың ұшының ажырауы (сыну сызығы көлденең бағытта болады); Дельта тәрізді байламның үзілуі (мұнда ішкі тобықтың бүтіндігі бұзылмайды). 2. Топай сүйегінің ары қарай ығысуы сыртқы тобықтың және кіші жіліктің кез келеген жерінің, бірақ көбінесе сирақ-табан буынынан 5-7 см жоғары сынуы байқалады (кіші жіліктің жұқарған жері). Сыну сызығы қиғаш немесе винт тәрізді. 3. Егер жарақат әсері жалғаса берсе, дистальды жілікаралық синдесмоздың зақымдануы басталады. Басында бір байлам, алдыңғы, кейін екінші байлам үзіледі. 4. Ары қарай кіші жіліктің сыртқа қарай ығысуы сирақ-табан буынының «ашасының» ажырауына әкеледі. Ол өз кезегінде топай сүйегінің жілік сүйектерінің ортасына еніп, табанның сыртқы шығуына әкеледі. Пронациялық сынық барлық негізгі компоненттерді қамту мүмкін: ішкі тобықтың сынығы және дельта тәрізді байламның үзілуі; сыртқы тобықтың немесе кіші жіліктің сынығы; дистальды синдесмоздың үзілуі; табанның сыртқа шығуы немесе тайқуын Дюпюитреннің «аяқталған» классикалық сынығы деп аталады. Егер пронациялық сынық барлық компонентерін қамтымаса, нақтылы жілікаралық синдесмоздың үзілуі болмаса, «аяқталмаған» пронациялық сынық деп атайды. Пронациялық сынықта синдесмоздың үзілуі дельта тәрізді байламның ажырауысыз және ішкі тобық сынығысыз мүмкін емес.

Супинациялық сынықтар. Зақымдану механизмі пронациялық сыныққа кері табанның ішке қайырылуы (супинация), әкелу(аддукция) жағдайында болады. Супинациялық сынықта келесі зақымданулар болады. Табан артқы бөлімінің жылдам супинациясы сыртқы коллатеральды байламның керіліп, үзілуіне әкеледі. (сыну сызығы көлденең бағытта) Жарақат әсерінің ары қарай жалғасуы ішкі тобықтың  қиғашвертикальды сынуы байқалады, ол топай сүйегінің ішке басылуна байланысты. Табан ішке қарай ығысады. Оның ішке шығуы немесе тайқуы дамиды.