- •Білек сүйектерінің сынықтары пайда болу механизмі, себептер
- •Туа пайда болған маймақ аяқ: этиология, патогенез
- •Ортан жілік басының туа пайда болған шығуы: этиологиясы, патогенезі
- •Қол басы сүйектерінің сынықтары: механизмі, себептері
- •Остеохондропатиялар: анықтама, этиология, патогенезі
- •6.Дюпюитрен сынағы:жарақат механизмі,себептері
- •7.Сирақ сүйектерінің сынықтары:диафизарлы сынықтардың пайда болу механизмі
- •8.Тобықтың сынықтары:пайда болу механизмі,жиі себептері
- •9.Шынтақ өсіндісінің сынығы:жарақат механизмі,жиі себептері
- •10.Буындардың дегенеративті – дистрофиялық аурулары,этиологиясы,пайда болу механизмдері.
- •6.Галеацци типті жарақаттар.Негізгі клиникалық симптомдарын тізіп корсет.
- •10.Сирақтың диафизарлы сынықтары,жіктелуі,клиникасы,диагностика,емі.
- •Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы.
- •Есеп № 4
- •Есеп № 5
- •Есеп № 6
- •Есеп № 7
Қол басы сүйектерінің сынықтары: механизмі, себептері
Қол басы сүйектері білезік, алақан және саусақтардың құрамына кіретін бунақтардан тұрады.
Білезік сүйектерінің сынуы
Бұл сынықтар себебі қолды жазып құлағанда және алақанмен құлағанда болады. Кейде тікелей соққы әсерінен болады. Көбінесе ладья тәрізді және жартыай тәрізді сүйек жиі сынады.
Қайық тәрізді сүйектің сынығы
Жарақат механизмі: Сынық сыртқа иілген алақанды тіреп құлағанда немесе алақанға тура тиген соққының әсерінен пайда болады. Құлаған кезде қайық тәрізді сүйек кәрі жілік пен тірек болған беткейдің арасында қысылады және қолдың сыртына қарай майысады. Қайық тәрізді сүйек көбінесе денесінің ең тар бөлігінде төмпешік аймағында сынады.
Айшық тәрізді сүйектің сынығы
Жарақат механизмі: шынтақ сүйекке қарай әкетілген қалыптағы қолдың ұшына құлағанда пайда болады. Сынық көптеген жағдайда шығумен бірге үйлеседі және қайық тәрізді сүйектің сынықтарына қарағанда сиректеу кездеседі.
Алақан сүйектерінің сынуы
Көбінесе бірінші алақан сүйегінің негізінен сынуы жиі кездеседі. Ол Бенетта сынығы деп аталады. Ол сынық бірінші саусақты алақанға қарай иіліп барып бірінші саусақты тіреп құлағанда болады. Бұл жағдайда шеткі бөлігі сырт жағына қарай ығысады.
Бірінші алақан сүйегі негізінің сынықтары
Жарақат механизмі: Алақан сүйегінің негізіне тура соққының әсері, тура жіне ішке әкелген қалыптағы бірінші саусаққа құлау
Алақан сүйектерінің диафизінің сынықтары
Жарақат механизмі: Екінші және бесінші алақан сүйектерінің сынықтары тура жарақат және сиректеу жанама жарақат механизмі нәтижесінде пайда болады.Жарақаттан алақан сүйегі басы, денесі және негізі сынады. Алақан сүйегінің диафизі (денесі) сынғанда, сынық бөліктері көбінесе алақанға қарай ашылған бұрыш жасап ығысады. Бұндай ығысу сүйекаралық бұлшықет пен құрт тәрізді бұлшықеттің жиырылуынан пайда болады.
Саусақ сүйектерінің сынықтары
Жарақат механизмі: Көбінесе тура және сирек жанама жарақат механизмінен пайда болады. көп жағдайда жарақаттаушы күштердің сонымен қатар құрт тәрізді бұлшықеттің және сүйекаралық бұлшықеттің жиырылуынан фаланганың сынық бөліктері бұрыш жасап ығысады.
Остеохондропатиялар: анықтама, этиология, патогенезі
ҚОЛ-АЯҚТЫҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯЛАРЫ
Остеохнодропатия - тек қана жас балалар мен жеткіншектерде кездесетін ауру. Остеохондропатия қай сүйектің қай жерінде болуына қарамай созылмалы қатерсіз ауру болып есептеледі. Аурудың пайда болу мәні сүйекте қан айналысы бұзылуының әсерінен және ауыртпалық түсуінің салдарынан сүйектің кеуек жерлерінде асептикалық шірік пайда болады. Ауру көбіне ұзын сүйектің апофизі мен эпифизін зақымдандырады, кейде қысқа сүйектерде де кездеседі. Омыртқаның денесіндегі остеохондропатия (Кальве ауруы) және омыртқаның апофизінің остеохондропатиясы (Шоерман-Мау ауруы) аздап кездеседі. Остеохондропатия көбінесе аяқ сүйектерінде көптеп кездеседі, оның ішінде: сан сүйегінің басында (Пертесауруы), үлкен жіліншік сүйегінің бұдырмағында (Шляттер ауруы), табанның ладья тәрізді сүйегінде (Келлер I ауруы), табанның ІІ-ІІІ бақайшак сүйектерінің басында (Келлер II ауруы) және тағы басқа да сүйектерде кездеседі.
ОРТАН ЖІЛІК БАСЫНЫҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЫ
Ортан жілікбасы эпифизінің остеохондропатиясы әдебиет бетінде Пертес ауруы деп аталады.
Ортан жілікбасының остеохондропатиясы басқа ортопедиялық балалар ауруының ішінде 1,3% болады. Ауру көбінесе 4-13 жас арасындағы ер балаларда жиі кездеседі. Ортан жілік басының остеохондропатиясы асептикалық шіру түрінде өтеді де бес сатыға бөлінеді.
Ауру этиологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Дегенмен де көпшілік оқымыстылар (Н. П. Новаченко, М. И. Ситенко, М. В. Волков т.б.) остеохондропатияның пайда болуының алғашқы себебі ортан жілікбасының кеуекті жерінде зақымдану салдарынан қан айналысының нашарлауынан болатындығын айтты.
АСЫҚТЫ ЖІЛІК БҰДЫРМАҒЫНЫҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЫ (ШЛЯТТЕР АУРУЫ) Бұл ауру 13-18жасқа дейінгі жасөспірім ер балаларда кездеседі. Көбінесе екі жақты болады. Асықты жілік бұдырмасы тұсында ауыратын icік осы жер зақымдалғанда пайда болады және ол жүргенде немесе бірдеңе тиіп кетсе ауруы үдей түседі.
АЯҚТЫҢ ЛАДЬЯ ТӘРІЗДІ СҮЙЕГІНІҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЪІ(КЕЛЛЕРДІҢ I АУРУЫ) Өте сирек және жасы 3-7 аралықтарында ер балаларда кездесетін ауру. Табанның ішкі және үстіңгі жағында ісік пайда болып ауырғаны қолмен басқанда күшейе түседі. Рентгенге салып тексергенде ладья тәрізді сүйек өзгереді. Оның өзгерісі аурудың сатысына байланысты болады: ладья түсті сүйектің тіндері сирейді, қабысады немесе әртүрлі бөліктерге бөлінеді.
БАҚАЙШАҚ СҮЙЕКТЕРДІҢ ОСТЕОХОНДРОПАТИЯСЫ (КЕЛЛЕРДІҢ II АУРУЫ) Алдыңғы ауруға қарағанда Келлердің II ауруы, яғниІІ-ші немесе ІІІ-ші бақайшақ сүйектерінің остеохондропатиясы көбірек кездеседі де 13- 18 жас арасындағы қыз балаларда кездеседі.
