Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
травма ответы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245.79 Кб
Скачать
  1. Туа пайда болған маймақ аяқ: этиология, патогенез

Маймақ аяқ - іштен туа пайда болатын аяқ буындарының конрактурасы (қатаюы).

Іштен туа пайда болатын аяқ түрінің өзгеруінен басқа балтыр сүйек ішке қарай айналады да, аяқ буындарының қозғалысы нашарлайды. Аяқ түрінің өзгеруі бала жүргеннен кейін үлғая түседі: аяқтың сыртқы жағының терісі дөрекіленіп қатаяды. Балтыр еттері семеді және тізе буынының қисаюына әкеп соғады.

Ауру тудыратын себептер (этиология) әртүрлі болады:

1. Ұршықтың дүрыс өспеуі.

2. Қағанақтың ұршықпен жабысып өсуі.

3. Кіндік баудың аяққа оралып қысуынан.

4. Жатыр етінің аяққа қысым жасауынан.

5. Жатыр ішіндегі ісіктің аяққа қысым жасауынан.

Т. С. Зацепин ойы бойынша маймақ аяқтың іштен тyа пайда болатын себебі аяқ сүйектері түрінің өзгеруі, оның ішіндегі басты себебі асық сүйектің өзгеруі, сүйек буындарының, буын қалталарының және сіңірлері мен еттердін өзгеруінен болады. Т. С. Зацепиннің ойынша терең өзгеріс алдымен еттер мен сіңірлердің дұрыс жетілмеуінен болады. Мысалы бұлшық еті қысқарады да, жуандайды, бағытын өзгертеді. Ахилл сіңірі өкше сүйектің бұдырының сырт жағына ауысып бекітіледі. Үш қырлы бұлшық ет жуандайды да, әрі қысқарады. Осы айтылған себептердің бәрі ақырында аяқ түрінің өзгеруіне әкеп соғады.

  1. Ортан жілік басының туа пайда болған шығуы: этиологиясы, патогенезі

Жамбас-сан буынының дисплазиясы мен ортан жілікбасының шығуы іштен туа пайда болатынаяқ-қол ауруларының ішіндегі ең көп кездесетін түрі. Туа пайда болатын ортан жілікбасының тайған түрінен басқа жамбассан буынының дисплазиясы да кездеседі. Бала туғанда іштен санның басы шығып тумайды, тек жамбас-сан буын дисплазиясы түрінде туады да, кейіннен ортан жілікбасы ұршық ойығынан біртіндеп таяды. Мұндай кемістік жамбас-сан буынының барлық элементтерін: жамбас шұқыршағын, санның басын және жан-жағында орналасқан бұлшықеттерін, сіңірлерін, буын қабығын қамтиды. Бұл аты аталған мүшелердің толық жетілмеуі болып есептеледі.

ЭТИОЛОГИЯ. Жамбас-сан буынының және оның жан-жағындагы бұлшықеттердің дұрыс өспеуі осы аты аталған мүшелердің кемістігінде болып есептеледі. Мұның себебін Е. К. Никифорова мен А. Е. Фрумина іштен туа пайда болған ортан жілікбасының кемістігі басқа кемістіктермен араласа болатындығында дейді. Басқа авторлар Ф. Р. Богданов, Н. А. Тимофеева, М. О. Фридландортан жілікбасының іштен шығып туа пайда болуының бірінші себебін іште жатқан баланың жамбас-сан буыны дамуының кешеуілдеуінде деп есептейді. Жамбас-сан буынының кешеуілдеп дамуы витаминдердің жетіспеушілігі, гормондар қызметінің бұзылуы және тағы басқа жағдайлардың әсерінен болады. М. В. Волков, Р. Л. Горбунова және И. П. Елизаровалардың тексеруі бойынша балаларын іштен ұршық басының шығып, не дисплазия болып тапқан аналар жүрек пен қан тамыры ауруларымен және нефропатия мен жүктілік токсикозбен ауырып, олардың денесінде белокты және тұзды заттардың алмауысының өзгеруінен болады. Мұндай өзгерістер іштегі баланың денесінде де болады. Жүкті әйелдер босанғанда, бала басымен тумай бөксесімен туған балалардың 50% даортан жілік басы іштен шығып, не дисплазия болып туған. Егер бала бөксесімен туса ол баланы өте мүқияттап тексеру қажет.

ПАТОГЕНЕЗ. Іштен туа пайда болатын ортан жілікбасының шығу патогенезінің себебі ортан жілікбасының таюы және буынның кері дамуына байланысты болады да, жамбас шұқыршағының толық өсіп жетілмеуі және оның баяу сүйектенуінің арқасында болады, ортан жіліктің үстіңгі жағының алға қарай айналуы /антеторсия/, ұршық буынының айналасындағы жүйкебұлшықеттерінің аномалиялық өсуі болып есептеледі. Мұндай өзгерістер паталого-анатомиялық тексерісте анықталады: баланың бір айлығында ұршықтың басы аздап жоғары және сыртқа қарай тұрады. Біртіндеп ортан жіліктің басының жамбас сүйегінің сыртымен жоғары қарай көтерілуі үлғаяды, соның салдарынан буын қапшығы созылады. Әртүрлі өзгерістер жалпайған жамбас шұқыршағында, ортан жілік басында, буын шеміршектерінде, буын қапшығында, буын сіңірлерінде және бұлшықеттерде болады. Жамбас шұқыршағы тек жалпайып қана қоймай ұзарады, оның үстіңгі және артқы ернеуі толық жетіліп өспейді де, ортан жіліктің басын ұстап тұратындай сүйек болмайды. Жамбас шұқыршағының жалпаюына қосымша себеп оның ішіне шеміршектің қалыңдап және қосымша тіндердің өсуіненболады. Ересектеу балалардың ортан жілікбасының жамбас шұқыршағынан жоғары қарай алшақтауына байланысты жамбас-сан буынына қатысатын сүйектердің өзгеруі көбейеді: жамбас шұқыршағының күмбезі толығымен жойылады да жамбас шұқыршағы үш бұрыштыланады, ортан жіліктің мойыны қысқарады, мойынды - диафизді бұрыш жазықтанады /135-140°/, ортан жіліктің үстіңгі жағы едәуір алға айналады /антоторсия/. Сан жіліктің басы жетіліп өспей кішірейеді де жобасы өзгереді. Ортан жілікбасының ядросының сүйектенуі кешігеді. Өзгеріс сан басының шеміршегінде де пайда болады. Буынның қапшығы құмды сағаттың түріндей болады да оның морфологиялық түрі өзгереді: ортан жілікбасының жоғары ауысуына байланысты буын қапшыгы ұзарады, кейде ортан жілік басы буын қапшығымен жабысып қалады. Ұршық басының сіңірі 3 жастан кейінгі балалардың көбінде толығымен жоқ болады, себебі сіңір ұршық басы мен күмбездің шетінде жаншылып толығымен семіп қалады.