Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
травма ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245.79 Кб
Скачать
  1. Білек сүйектерінің сынықтары пайда болу механизмі, себептер

Білек сүйектерінің сынықтарының негізгі пайда болуы механизмі тура және жанама мехинизмдердің әсері болып табылады.

ШЫНТАҚ ӨСКІНІНІҢ СЫНЫҒЫ

Бұл сынық көбінесе шынтақ өсіндісіне тікелей құлағанда немесе тікелей соққы тигенде болады. Кейде үшбасты бұлшықеттің шектен тыс жиырылуы салдарынан жұлынып сынуы кездеседі. Жұлынып сыну көбінесе диск лақтыратындарда болады. Шынтақ өсіндісінің сынуы буынішілік сыныққа жатады.

Шынтақ сүйегі тәж өсіндісінің дара сынуы пайда болу механизмі – шынтақпен құлау

Монтеджи және Галеаций сынықтары

Бұл сынықтардың 2 түрі болады. Ол жарақат алу себебіне байланысты бүгулі, жазулы қалыпта сынады. Олар көбіне тікелей соққы тигенде болады. Монтеджи сынығында шынтақ сүйегі жоғарғы немесе ортаңғы 1/3 бөлігінен сынып, кәрі жілік басы орнынан тайып кетеді. Бұл сынық бүгулі қалыпта немесе қол жазулы қалыпта соққы тигенде болады. Галеаций сынықтары көбінесе білекке тиген қатты соққыдан немесе қолды тіреп құлаған кезде болады.

Кәрі жілік мойнының сынуы

Бұл сынық көбінесе тікелей соққыдан немесе кәрі жілік остік бойымен әсер еткенде болады.

Білек сүйектерінің диафизінің сынуы

Бұл сынықтар тікелей әсер еткенде болады. Білекке тікелей құлағанда, тікелей соққы тигенде екі сүйек те сол жерден сынады. Білекті бүгіп, жазып барып құлағанда бүгулі сынық пайда болады. Бұл жағдайда екі сүйек әртүрлі жерінен сынады. Әрқайсысы ең жіңішке жерінен сынады. Кәрі жілік жоғарғы жағынан, шынтақ сүйегі төменгі жағынан сынады. Білек сүйектерін тығыз қоршап тұрған білек бұлшықеттері саусақ пен алақанды жазатын, бүгетін бұлшықеттер және алақанды сыртқа қарай қайыратын ұзын бұлшықет және бірінші саусақты жоғары керетін, сыртқа қайыратын бұлшықеттер тартылып сүйек бөліктерін ұзына бойына ығыстырады және сүйекаралық байламға қарай сығады. Сонымен қатар пронаторлар өзіне бекитін сүйекті бұрайды. Білекті бүгетін және алақанды астына қарай бұрайтын бұлшықеттер күші саусақтармен алақанды бүгетін және алақанды астына қарай бұратын бұлшықет күшінен әлдеқайда күшті. Сондықтан диафиз сынғанда білек пронация қалпында қалады. Егерде сынық pronator teres – тің бекіген жерінен төмен болса, онда орталық сынық бөлінгі пронация қалпында және шеткі де пронация қалпында болады. Егерде кәрі жілік сынығы pronator teres-тің бекіген жерінен жоғары болса, онда орталық сынық бөлігі супинация қалыпта болады.Оның себебі оған бекитін тоқпан жілік екібасты бұлшықеті жиырылуынан сынық бөлігі алға және жоғары қарай көтеріледі. Осы қатар шеткі бөлігі pronator teres – тің жиырылуы салдарынан пронация қалпында қалады. Кәрі жілік бұлшықеттері шынтақ бұлшықеттеріне қарағанда әлдеқайда күшті.Сол себепті кәрі жіліктің ығысуы шынтаққа қарағанда үлкен деңгейде болады. Сондықтан кәрі жіліктің ұзындығы шынтақ сүйегіне қарағанда әлдеқайда қысқа көрінеді, білек кәрі жілікке иіледі.

Білек сүйектерінің негізінен сынуы

Бұл сынықтар көбінесе білек сүйектерінің төмен метаэпифизарлық бөліміне алақанмен тіреп құлағанда болады. Мұны Колис сынығы деп атайды. Бұл жағдайда шеткі бөлік алақан сыртына қарай ығысады, орталық бөлік астына қарай ығысады. Егерде құлаған жағдайда білектің метаэпифизарлы бөліміне алақанның сырт жақ бөлігіне құласа шеткі бөлігін алақан жаққа ығысады, орталық бөлігі сыртқа үстіне қарай ығысады. Бұл Смит сынығы деп аталады. Алақанға тіке құлағанда онда білек сүйектерінің негізінен шаншылып сынуы болады.