Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детский Айгерим.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
460.16 Кб
Скачать

1-деңгей

1 1 1 Балалардың жоғарғы және төменгі жақтарындағы уақытша орталық күрек тістерінің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін жазыныз. Күрек тістер тобындағы ің ірісі. Сауыты жиегі тегіс күрекке немесе қашау тәрізді. Ерін беткейі дөңестеу, пішіні ұзынынан созылған төртбұрышқа немесе кесу қыры негізінде трапецияға ұқсас. Вестибулярлы беткейінде сауыттың орта бөлігінен басталып кесу қырына дейін баратын тігінен екі сай орналасады. Тіл беткейі үшбұрышты пішінді болып келеді. Жиектік біліктер бірігіп сауыт негізінде төмпешік құрайды. Тіс қуысы сыртқы пішінін қайталайды. Және пішіні қысыңқы келген үш бағытта кесу қырына бағытталған үшбұрышты саңылауға ұқсас. Өзекке қарай бағытталған сайын қуыс тарылады және шеңберленіп түбір өзегіне ауысады. Тіл жағынан жиектік біліктері әртүрлі дәрежеде дамуы мүмкін. Кейбір жағдайда сауыт квадрат немесе аздап сопақтау болады. Түбірдің бүйір беткейі аздап дөңестеу, тігінен терең емес сайы бар. Түбір өзегі тіс қуысының жалғасы болып келеді. Түбір бойымен өзек тігінен орналасқан және түбір ұшы доғалданған анық көрінетін тесікпен аяқталады. Түбір өзегінің сағасы тарылған. 6 пайыз жағдайда түбір қисайған. Түбір қзегінің тармақтана түрленуі әртүрлі болып келеді. Түбір ұшында бірнеше тесіктер болуы мүмкін. Түбір өзегі вестибулярлы немесе дистальды бағытқа қарай ауытқуы мүмкін.

Астыңғы орталық күрек тістер.

Тістер тобындағы ең кіші тістер . тіс сауыты тар қашауға ұқсас. Бүйірлену көрінісі толық сипатталмаған. Кіреуке біліктерінің беткейлік тік рельефі, тілдік төмпешіктері, жиектік айдаршығы тегістелген. Кесу қыры түзі. Тіс қуысы қарсы жазықтықта орналасқан және пішіні үшбұрышты саңылау тәрізді. Бірақ біртіндеп сұйқұйғыш тәрізді түбір өзегіне ауысады. Сауыттың сопақша немеса трапеция пішінді нұсқалары кездеседіұ тісттеу қыры төмпешіктерінің сандық және даму дәрежесі ауытқып тұрады. Тік медиодистальді бағытта қатты қысыңқы келеді. Түбірдің медиальді және дистальді бетінде сайлары бар. Түбір көлденең кесіндіде бүйір жағынан қысылған сопақ пішіндес. Түбір өзегі орта бөлігінде вестибулярлы және оральді өзектерге бөлінеді де түбір ұшы маңында бір өзекке айналады. Түбір ұшы тесігі біреу.

1 1 2 Балалардың жоғарғы және төменгі жақтарындағы уақытша бүйір күрек тістерінің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін жазыныз.

Жоғарғы жақтың буйір (латералды) күрек тісі (йет іпсішш іаіегаШ вирегіог) (4.6-сурет) пішіні бойынша ортаңғы күрек тіске ұксас, бірак көлемі жағынан кіші.

Вестибулярлы беткей шығынкы, тандай беткейі ішке кдрай кірген, үшбұрышты пішінді. Таңдай беткейінін шеттерінде бүйір жұмырлы жақсы айкындалған, мойнында қосылған жерде төмпешік түзеді. Төмпешік үстінде айқын сокыр тесік орналасқан (/отеа саесит).

Бүйір беткейлері аздап шығьвдқы және тек қана мүжілмеген тістерде ғана кездеседі. Сауыт бүрышы белгісі жаксы айкындалған, медиалды бұрыш үшкір-ленген, латералды — домалақ пішінді.

Түбір конус тәрізді пішінді, медиалды-латералды бағытта басылған, меди-алды беткейінде жақсы айқындалған вертикалды жүлгесі бар.

Түбірдің латерадды беткейінде вертикалды жүлгесі аздап айкындалған.

Сауыттың қисықтану белгісі жақсы бейнеленген, ал түбір белгісі азырақ айқындалған. Кейде түбір басы тандай бағытына карай шалқаяды.

Төменгі жақ суйегінің буйір (латералды) курек тісі (йет іпстуиз Іаіегаіһ іп/егіог) (4.8-сурет) ортаңғы күрек тіске карағанда ірі болып келеді. Вестибу-лярлы беті аздап дөнестенген. Тілдік беті ойыстанған, ұзыннан созылған үшбұрышты пішінді.

Медиалды беті тікшіл, латералды беті (кескіш бөлігінен мойынға карай) еністеу болып келеді. Сауыттың кисыктану белгісі және сауыттың бұрышы медиалды күрек тіске карағанда айқынырак. Төменгі жақ сүйегінің медиалды күрек тісіне карағанда түбірі ұзынырақ, латерадцы бетінде жүлгелері жаксы бейнеленген және түбір белгісі айкын болып келеді.

1 1 3 Балалардың жоғарғы және төменгі жағындағы уақытша ит тістерінің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін жазыныз. Жоғарғы ит тістер

Ірі копбұрышты, найза тәріздес. Кесу қыры негізгі төмпешіктердің еңістігінен құрылған. Ерін беті дөңестеу, тігінен білік орналасқан. Медиодистальді бағытта созыла отырып тіс сауытының пішінін қайталайды және айқын шекарасыз түбір өзегіне ауысады. Сауыт пішіні конус немесе трапеция тәріздес болып келеді. Негізінен біреу бүйір жағынан аздап қысыңқы келген конус тәріздес. Барлық тіс түбірлерінің ішіндегі ең ұзын түбір. Негізінен кең жақсы өтетін бір өзек болады.

Астыңғы сүйір тістер

Көлемі жағынан үстіңгі сүйір тістерге қарағанда кішілеу. Ерін беті дөңестеу, тілдік беті жазықтау және аздап иілген. Тілдік бетінде жақсы дамыған төмпешік бар. Сауыт пішінін қайталайды. Вестибулооралды көлемі медиодистальдіге қарағанда үлкендеу. Тіс қуысы бірден шекарасыз түбір өзегіне ауысып кетеді. Сауыт пішіні күрек тістер пішініне ұқсас болуы мүмкін. үстіңгі жақ сүйір тістер түбіріне қарағанда қысқалау, біреу, медиодистальді бағытта қысыңқы келеді. Апроксимальді бетінде сайлары жақсы дамыған. Түбірі айырлануы мүмкін бірақ бұл жағдайда екі түбір өзегі вестибулярлы және тілдік өзектер анықталады. Түбірдің айыршықтануы тіс мойнынан бастап түбірдің әр деңгейінде болуы мүмкін.

1 1 4 Балалардың жоғарғы және төменгі жақтын уақытша бірінші азу тістің анатомия-морфологиялық ерекшеліктерін жазыныз. Сауыттың кіре беріс және мойын бөлігінде көзге түсетіндей кіреуке білтесі бар. Сондықтан тістің шайнау беткейінде диаметрі кішілеу болады. Шайнау беткейінде төрт төмпешігі бар. Бір- бірінен алшақтаған 3 түбірі болады.: таңдай және 2- ұрт медиал, дистал. Таңдай түбірі конус тәрізді, арнасы кең, ал ұрт түбірлері қисайған, жақсы өтпейді.

Төменгі бірінші үлкен азу тіс.

Оның сауытында анық байқалатын кіреуке білтесі бар, сондықтан көлденең кесіндісінде тіс мойнының диаметрі үлкен. Ал шайнау беткейінде кіші болады. Шайнау беткейінде 4 төмпешігі бар. Призмаға ұқсаған сауыт формасында жақсы байқалатын кіреберіс беткейі тіс мойнына еңкіштеу келеді. Тісте 2 түбір бар медиальді және дисталды. Медиалды түбірде 2 арна болады.