Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.01 Mб
Скачать
  1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Мәскеу түбіндегі шайқастағы қазақстандықтардың көрсеткен ерліктері

1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді.

Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды.

“Барбаросса” жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның билеушілері КСРО - ны көп ұлттық жасанды және тұрақсыз бірлестігін ішкі бірліктен жұрдай этностық конгломерат (құранды) деп есептеді.

Фашистер басып алынған Кеңес аумағында Остланд (Беларусь пен Балтық жағалауы), Украина, Мәскеу (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ - Орал рейхкомиссариатын құруды жоспарлады. “Ғылыми - зерттеу институты” деп аталған “Арбайтегемайншафт Түркістан” атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы “Үлкен Түркістан” картасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұрыстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық және саяси мақсаттардан туындады. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық - түлік базасын құру белгіленді.

Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халқын құлдыққа түсіру гитлершілердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы басты нысаналарының бірі болды.

Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап - ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.

Мәскеу түбінде генерал - майор И.В. Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 - атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941 жылы қарашада Дубосекова түбінде ұрыс болған 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі елге мәлім болды. Осы топта болған ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочковтың: “Ресей кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу”, - деген жалынды сөзі бүкіл майданды шарпыған ұранға айналып кетті. Мәскеу үшін шайқаста И.В. Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б. Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше табандылық көрсетті. Дивизия жаудың төрт есе басым күшіне қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.

Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Б. Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алды...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік”.

Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 316 - атқыштар дивизиясы 8 - гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қызыл ту орденімен марапатталды. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В. Панфиловтың есімімен аталатын болды.

Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.

Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойды. Қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ұзақ жылдар соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасап, жанған жау тобына ұшағын бағыттаған адам, авиация капитаны Николай Гастелло саналып келді. Кейін зерттеушілер мұндай ерлікті алғаш жасаған А. Масловтың экипажы екендігін дәлелдеді. Оның құрамында жерлесіміз Бақтыораз Бейсекбаев бар еді. А. Маслов экипажының мүшелеріне Ресейдің батыры атағы берілді. 1998 ж Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді.

  1. Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрес, С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі

Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837)

Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісі (1837-1847)

ЖАНҚОЖА НҰРМҰХАМЕДОВ БАСТАҒАН  СЫРДАРИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСІ

Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс,

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі

 

Саяси–әкімшілік реформа жүргізу және жаңа басқару элитаның саясатының даму барысы қазақ даласында қауырт экономикалық тәуелділіктің күшеюіне әкелді. Көшпенділердің құнарлы жерлері тартылып алынды. Орыстардың бекіністеріне және казак станицаларына деп жер алынды; салықтық төлемдер өсе берді және одан басқа да заң бұзушылықтарға жаңадан келген басшылар тарапынан жол берілді. Осындай теріс көріністер қарапайым халықтың наразылығын тудырды. Сол наразылық ақырында С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне айналды. Көтеріліс 1783 жылдан 1797 жылға дейін созылды. Негізгі себеп: Ресейдің отаршылдық саясаты, қазақ жерлерін тартып алу, қазақтардың тарихи қалыптасқан көшпенділік өміріне бөгет қою. Сонымен қатар тонау, отаршылдықты жақтайтын шенеуліктердің әрекеті және жергілікті басшылықтың қыспағы.

1785 жылдың көктемінде табанды күрес басталды. Қысқы жайылым үшін қазақтар қыспақ көрді. Орал бекінісінің әскерлері малдарын, шаруашылығын тонады: олардан 83 түйе, 2955 жылқы айдалып әкетілді.

1785ж. Сырым Датұлы отряды Сахарная бекінісін шабуылдады. Бірақ артиллерия қысымына шыдамай кейін шегінуге мәжбүр болды. 1790 жылдардың басынан бұл қозғалыс нағыз көтеріліске айналды. Өзінің Екатерина ІІ – ге жазған хатында Сырым Датов былай деген: “Орал казактарының атаманы 1500 әскерімен жайбарақат жатқан қазақ ауылдарын тонады, дүние – мүлкін иемденіп, 150 адамды өлтіріп, 57 адамды тұтқындап, сансыз жылқы, түйе, сиыр, қой айдап әкетті.” Осыған байланысты қазақтар да Орал бекінісінің бөлімдеріне шабуыл жасады. Орынбор әкімшілігінің жаңадан тағайындалған басшысы Пеутлинг қатаң әрекет қолданды: үнемі қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберіп отырды.

Осы оқиғаларға байланысты старшындар патша үкіметінен Нұралы ханды орнынан алуды талап етіп, өлкені Орынбор генерал–губернаторы Игельстромның құрған жүйесі бойынша басқаруды талап етті. Осы жүйенің мағынасы бойынша Кіші жүзді Орынбор шекаралық сот басқаруға тиіс болатын. Жүз үш бөлікке бөліну қажет: Әлімұлы, Байұлы және Жетіру. Осылар негізгі жазалау соттың бұйрығын орындап, олардың басында төраға және оның екі орынбасары жергілікті старшындар болу керек.

Бұл Игельстром реформасын бүкіл Жүз үшін іске асыру мүмкін болмады. Өйткені бүкіл саяси билік старшындар қолында болатын және хан билігін жою патша үкіметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. 90 жылдардың ортасында қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. 1796 жылдың көктемінде Есім хан өлтірілді, бірнеше қамалдарға шабуыл жасалды. Жазалау отрядтарының қуғындау барысында өзінің жақтаушыларының көбінен айрылған С.Датұлы Хиуа хандығына көшуге мәжбүр болды. Сол жерде 1802 ж. дүние салды.

Осылайша қазақ тарихындағы ең ірі қозғалыстардың бірі аяқталды. Бұл қозғалыс ұлттың бостандық үшін күресі болып табылады. Оның тарихи маңызы өте зор болатын. Осы көтеріліс нәтижесінде Ресейдің Батыс Қазақстанға енуі уақытша тоқтатылды. Екіншіден, қазақтар Орал мен Жайық аралығын мекендейтін болып, Орал казактарының қазақ даласына шабуылдары тоқтатылды.

Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс (1836-1837) — әлеуметтік-әділетсіздік пен патша үкіметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі.

Көтеріліс басшылары - Исатай  Тайманұлы. Махамбет Өтемісұлы. XIX ғасырдың екінші ширегінде Бөкей ордасында халықтың экономикалық жағдайы ауырлай түсті. Халықтың азаттық қозғалысы бастапқыда хандықтың Каспий теңізі жағалауына жапсарлас жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды. Бұл қолайлы, жайылымдық алқаптар орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың, хан туыстарымен басқа да ақсүйек топтардың иеліктері еді. Бұл жерлерде халық тығыз орналасты. Старшын мен билердің  озбырлығы, патшаның және Астрахань губернаторының қолдауына арқа сүйеген Жәңгір билігінің бұқара мүддесіне қайшы келуі – жалпы хандық басқару жүйесін шайқалтты. Сонымен қоса іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, орыс помещиктері, чиновниктері және қазақ байларының қазақ шаруаларын екі жақты бұрынғыдан бетер қанауы, көтеріліске тағы бір себеп болды. Ресей императоры бұл жерлердегі қазақ билеушілерін орыс үкіметінің сойылын соғатын қолшоқпар ретінде пайдаланғысы келіп, осындай түсінік қалыптастырды. Осы тұста Ішкі орда ханы орданың басқару жүйесінде біршама өзгнр»стерді енгізді. Бұлар: Патша үкіметінің қаражатына Жасқұс деген жерде хан сарайы салынды. 1827 жылы Орда әкімшілігінің басты құрамды бөлігі 12 биден тұрған «Хандық кеңес» құрылды. Орда ішінде баж салығының жиналуын қадағалайтын 12 старшын сайланды. Осы өзгерістер, хандық билеу саясатының күшеюі , алым-салықтың көбеюі, қазақтардың дәстүрлі құқтарының әлсіреуіне, жергілікті билеушілердің халықты қанауының тамыры тереңдей түсуіне әкелді.  Көтеріліс Ресей империясының отаршылдық саясатына да қарсы бағытта болды. Көтеріліске 1833 жылы Жәңгір ханның қайын атасы Қарауыл қожа Бабажан ұлын Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы түрткі болды. Қарауыл қожаның үстінен түскен бұқараның шағымдарына  Жәңгір мән бермей жауып тастап отырды. Сонымен қоса ауылдық жерлерді орыс помещиктері,  хан туыстары мен ақсүйектердің иеленуі. Хан билігінің бұқара мұддесіне қайшы келуі, алым-салық ауыртпалығы. Сұлтандар, бай-топтардың және қарапайым халықтың арасындағы әлеуметтік және экономикалық қайшылықтар көтеріліске алып келді.

Қозғалыстың басты мақсаты: – Хан озбырлығына шек қою, шаруалар    жағдайын біршама жақсарту, жер мәселелеріндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту. 

Жәңгір хан Орынбор губернаторынан Исатай Тайманов пен Махаммбет Өтемісов және олардың кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша үкіметінің даладағы саясатына қарсы «бүлікшілікке бастаушылар» етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шаралар қолдануды сұрайды. 1836 ж. 17 наруызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазады: Исатай мен Махамбет «халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып хан ордасына жеткізуге әмір етемін». Азаттық қозғалысының бастапқы кезеңіне тән белгілері: Халық хан билігіне ру басшыларына күрт наразылық білдіріп, оларды орындарынан алуды талап етті, екіншіден хан және бай сұлтандардың саясатына қарсы бағытталған қозғалысқа жаңадан ауылдарды тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді, қарулы жасақтар құрылып жатты. Сонымен қатар сұлтандар, билердің ауылдарына шабуыл жасалып, малдарын тартып алып, қоныстарын талқандау жиілей түсті. Көптеген ауылдар Исатай мен Махамбетті қолдап, Исатайдың қол астына келеді. Исатай мен Махамбеттің серіктері, көтеріліс басшылары: Сарт Еділұлы, Тінәлі Тайсойғанұлы, Иса Төлегенұлы, Имантай Қондыбайұлы т.б. ерлікпен күресті. Жәңгір ханның қарулы топтары Исатай туы астына топталған старшындардың ауылдарын жиі тонады. Бұл жағдай Орынбор генерал-губернаторы атына Исатай Тайманұлы Иманбай Қалдыбайұлы, Досхан Дағанбекұлы, Елжан Тұманбекұлы т.б. белгілі старшындар қол қойған шағымның түсуіне себепші болды.

Көтерілістің негізгі ошақтары. Жәңгір хан Орынбор әкімшілігінен көмек сұрайды. Орынбор губернаторына түскен мәліметтерде : 1837 жылғы 11 маусымдағы деректе, Исатай Тайманов пен Жүніс Жантемин Құлай мен Көктөбе алқабында «өздерінің қаруланған 500-дей руластарын жинаған», бір айдан сәл асатын уақытта Исатайдың ауылына «1000-ға жуық шаңырақ пен қаруланған 600 қазақ шоғырланғандығы» көрсетілген.  Бұған қатысқан көтерісшілердің саны 2000 –ға  жуық.

1837 жылы тамыз айының басында Орынбор губернаторы көтеріліс басшылары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовты ұстауға үкім шығарады. Патша үкіметі Исатайды ұстап беру үшін мың сомдық  сый мөлшерін ұсынады. Көтерілісшілер топтары бірнеше ұсақ топтарға бөлініп, үнемі орын ауыстыра отырып хан ордасына жақындай түседі. Жол жөнекей хан шенеуніктері мен шонжарларының ауылдарын қиратып, олардың жерлерін тартып алады.

16 қыркүйекте 1837 жылы көтерілісшілер тобы Қарауылқожа Бабажановтың ауылын күл талқан етті. 15-20 қазанда көтерілісшілер хан ордасынан 60-70 шақырым жердегі Теректіқұм алқабына келеді, Жәңгірдің сыбайласы Балқы би Құдайбергеновтың сарбаздарының шағын тобы қалды. Жазалаушы ұлының ауылын ойрандады. Қазанның 27-і күні 1500 жігітпен хан ордасына жетіп келіп, қос тігеді. Қоршау екі аптаға созылады. Сол уақытта Орынбор губернаторы көтерілісшілерді қоршауға алып, оларды жойып жіберу жөніндегі операцияны жүзеге асырды. Операцияны үйлестіру және басшылық ету үшін Орынбордан подполковник Геке келді. Жақсы қаруланған тұрақты бөлімдер мен казак бөлімдері, Кулагин, Горск бекіністерінен, Зеленов форпостынан Орал мен Астраханнан әкелінген жекелеген әскери бөлімдер шабуылға шықты. Хан жағынан 600-700 адамнан тұратын қарулы топ ұйымдастырылды. Исатай тобы күші басым, жақсы қаруланған жазалау отрядтарының қоршап алуын және олармен кездесуді болғызбау үшін орданы қоршауды тоқтатты.

Қараша айының 15 күні 1837 ж. саны 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер жазалаушылардың біріккен қолымен Тастөбе деген жерде кездесті.

Исатай жоспары кенеттен шабуыл жасап, жазалаушыларды шегіндіру еді. Геке көтерілісшілерге қарсы зеңбіректі қолданды, бұл көтерілісшілердің жеңілуіне тікелей себепші болды. Қысқа уақытқа созылған, бірақ кескілескен шайқас болып, онда көтерілісшілер 100-ге жуық адамынан айырылды. Ұсақ топтарға бөлініп, әр түрлі бағыттарға бытырап кетті, Исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын топ, жауға қарсы ұсақ қақтығыстар жасай отырып, жалтарып кетті.

Исатай тобының Тастөбе түбіндегі жеңілісі көтерілістің кейінгі барысына да әсер етті. Көтерілісшілер қатары азайып, Исатайдың төңірегінде ең табанды сарбаздарының шағын тобы қалды. Жазалаушы отрядтар қорғансыз қалған қазақ ауылдарын тонап, малдарын айдап алып кетті, барлық күшті Исатайды ұстап алуға жұмылдырды, оны ұстағандар 500 сом күміс ақша алатындығына уәде берілді.

1837 ж. желтоқсанның 13-не қараған түні Исатай жасағы Жаманқала күзет орнынан жоғары қарай отыз шақырым жерден Жайық өзенінен өтіп кетті. Осы жерде Исатай мен Махамбет бытырап кеткен күштерді біріктіреді. 1838 жылдың көктемінде біршама ірі отряд құрылады. Көтерілістің ауқымын түсінген Орынбор губернаторы оны басу үшін далаға жаңа отрядтар жібере бастады. Әскери губернатор кеңсесінде жинақталған және Перовскийдің өзінің қолына түскен Исатай көтерілісі туралы материалдар бұл көтеріліс үшін дәлелді негіздердің болғандығына оның көзін жеткізеді. Бірақ ол көтерілісшілерді қуғындауды тоқтатпады. Қудалауды Орал сыртындағы  сұлтан Баймұхамед Айшуақовтың басқаруындағы жергілікті феодалдардан құралған топ пен казак отрядтары жүргізеді. Ол Исатайдан ажыраған көтерілісшілердің бір тобының ізіне түсіп тұтқындайды, олардың ішінде Исатайдың жұбайы, қызы Бағлан, ұлы Досмамбет, М.Өтемісұлының інісі Сүлеймен және бассқалары барлығы 12 адам болды.

Исатай алға қойған мақсатынан қайтпай көтерілісті жалғастыра берді. Кіші жүздегі көтерілістің ұлғаюы патша үкіметін тез шаралар қоллданып, Исатай тобын тез арада талқандау болды. Генерал-губернатор В.А.Перовский полковник Геке басқарған әскери күш жібереді. Оған Айшуақ сұлтанның жасағы, Жайық қазақтарының бір жарым жүздігі, не батальонның екі зеңбірегі бар елу солдаты кірді. 1838 ж. 12 шілдеде көтерілісшілердің жалпы саны 500 жігітті құрайтын негізгі тобы Ақбұлақ және Қиыл өзендерінің арасындағы ауданда жазалаушылармен шайқас болады. Зеңбірек снарядтарының жарылысы, мылтықтың бораған оғына төтеп бере алмаған көтерілісшілер шегінеді. Осы Ақбұлақ шайқасында Исатай Тайманов қайтыс болады.

Көтерілістің жеңіліске ұшырауы. Көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан кейін Махамбет Өтемісұлы дала өңірінде бой тасалап жүрді, біраз уақыт өткен соң қазақ ауылдары арасында ханға, патша саясатын жақтайтын шонжарларға қарсы қайтадан үгіт жүргізе бастады. 1843 жылы Махамбет Жайық өзеніне жақын ауылдарға келгенін естіген хан шекаралық басқармаға: «Исатай қарақшыларының басшысы Махамбет Өтемісов соттың шепке жақындауына тиым салуына қарамастан, оған жақын жерде тұрып жатыр, үнемі тиімсіз сыбыс таратып, Ішкі ордадан қашқандарды өзіне қосып алуда», - деп хабар жеткізген. Махамбет Өтемісұлы билеуші Баймұхамед сұлтан жіберген қарақшылардың қолынан 1846 ж. қаза тапты. Көтерілістің жеңілу себебі: оның ұйымдастырылуының жеткіліксіздігі, едәуір дәрежеде бір аймақта шектелуі, нақты бағдарламасының жоқтығы, бір текті еместігі, кейбір қатысушылардың өзіне сенімсіздігі сонымен қатар жазалаушы отрядтардың жақсы қарулануы, бекініс горнизондары, хан және оның жақтастарымен біріге отырып әрекет жасауы да себеп болды. Көтеріліс жеңілгенімен, оның тиімді жақтары да болды. Хан сұлтандардың жыл сайынғы салынатын салықтарын шектеді, патша үкіметі көтерілісті қолдаған ауылдардың старшындарымен санасуына тура келді. Ішкі ордада хандық биліктің әлеуметтік негізінің әлсірегенін, бұл жерде де хандық биліктің жойылатындығын көрсетті.

Тарихи маңызы: Хан сарайындағылардың іс-әрекетіне біршама шек койылды. Хан билігінің әлсірегенің көрсетті. Патша үкіметіне көтерілісті қолдаған старшындармен санасуына тура келді.Хандық билеу жүйесінің жойылатындығын көрсетті. Сипаты жағынан ұлт-азаттық бұл тартыс – отаршылдыққа және әлеуметтік езгіге қарсы бағытталды.

Көтерілістің тарихи маңызы зор. Ол отаршылыққа қарсы, азаттық үшін, әлеуметтік езгіні жоюға бағытталған күрес болды.Бұл ұлт-азаттық көтеріліс тек жер үшін күреспен шектелген жоқ, ең негізгісі елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ұмтылды.

Кенесары хан бастаған қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісі

 

ХІХ ғ. І жартысында патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлттық тәуелсіздікті сақтап қалуға бағытталған күресін Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы басқарды. Бұл көтеріліс толығымен зерттелмеген. Көптеген қайшылықтарға толы болғандықтан әлі де болса бағаланбады. Нағыз шын тарихын ХХ ғ. 40 жылдарында тарихшы – ғалым Е.Бекмаханов нақты зерттегені үшін 25 жыл түрмеге отырған. Кенесарының қойған басты талаптары: тартып алынған қазақ жерлерін қайтару, бекіністерді жою, түрлі алымдар мен салықтарды тоқтату, Қоқан және Хиуа хандықтарымен күрес арқылы Оңтүстік өңірлерді азат етуі халық талабынан шықты.

Көреген саясаткер ретінде Кенесары хан ұлы Ресей империясымен күресу үшін – барлық қазақ руларымен жүздерінің бірігуі керектігін жақсы түсінді. Ресейге қарсы ашық қарулы күрестің қиындығын түсіне отырып, көптеген даулы мәселелерді негізінен патша үкіметімен бейбіт жолмен шешіп отырған.

Кенесары хан басқарған қазақтардың көтерілісі алғашынан жаппай сипатқа ие болды. Бұл көтеріліске ХVIII – XIX ғ. барлық дерлік қазақ халқының, Кіші және Орта жүздің жаппай ат салысқан тұңғыш көтеріліс болды.

Негізгі қозғаушы күші–шаруалар, старшындар, 80-нен астам сұлтандар. Бірақ, өкінішке орай, бір бөлігі күресті жалғастырудан бас тартты.

Қазақтардың казак отрядтарымен алғашқы қақтығыстары 1837 жылы қараша айында орта жүз территориясында болды. 1838 жылдың мамырында көтерілісшілер Ақмола бекінісін өртеп жіберді. Кенесары өз жасақтарымен Кіші жүзге жақындау Торғай даласына қоныс тепті. Осы жерде көтеріліске Жоламан Тіленшұлының жасақтары қосылды. Нәтижесінде көтерілісшілер саны көбейіп, бекініп алды. Кенесары соғыс қимылдарын екі бағытта жүргізді: Солтүстікте патшаның жазалау отрядтарымен, ал Оңтүстікте қазақтарды ығыстырған Қоқан хандығымен.

1841 жылдың тамыз айында Кенесары қоқандықтардың қол астындағы Созақ, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршап алуы көтерілісшілерді рухтандырды. Осы жылдың қыркүйек айындағы құрылтайда қазақ жүздері бірауыздан Кенесарыны хан сайлады.

7 жыл көтерілісшілермен нәтижесіз күрестен соң 1845 жылы Орынбордан Домов пен Берн өкілдігі келді. Көтерілісшілер отарланған жерлерді қайтаруды талап етті. Бірақ патша үкіметі келісім бермегендіктен, келіссөз нәтижесіз қалды.

1846 жылы Ырғыз және Торғай бекіністерінің салынуы көтерілісшілерді Ұлы жүз аймағына көшуге мәжбүрледі. Сол жаққа патша едәуір жазалау отрядтарын жіберді.

Асқын күштің қысымына шыдамаған Кенесары хан қырғыз жеріне еніп, патша үкіметі мен Қоқан хандығына бірлесіп күресуді ұсынды. Бірақ қолдау таппаған Кенесары 1847 жылы шайқаста жеңіліс тапты. 32 сұлтанмен бірге тұтқынға алынып, қаза табады. Кенесары ханның бастаған ұлт – азаттық қозғалысы осылайша аяқталады. Көтерілістің басылуынан кейін патша әскері Ұлы жүз жерін отарлайды. Қазақ мемлекетін құрған Кене хан халық мүддесін ойлайды. Хандықта салық жүйесі, әскери кеңес, билер соты құрылып, дипломатия дұрыс жолға қойылды. Кенесары құлдыққа, барымта мен ру аралық жанжалға тыйым салады. Әскери қатаң тәртіп болып, сатқындарға өлім жазасы кесіледі.

Көтерілістің жеңілу себептері: Ресей империясынан жеңілдіктер алған бірқатар жүзге бөлінген  қазақ рулары көтерілісті Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға сұлтандар мен билердің  орталықтанған феодалдық мемлекетті қалпынакелтіруге мүдделі болмауы. Қоқан және қырғыздармен күресуден өздерін алшақ ұстауы. Сұлтан билердің озбырлығы көтерілісшілер қатарын сиретті.

Көтерілістің тарихи маңызы: 1837-1847 жылдардвғы күрес үш жүзді қамтыған, отаршылдық езгіге қарсы бағытталған ХІХ ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды. Кенесары қозғалысы – қазақ елінің ішкі қайшылықтарының  патша үкіметінің отаршылсаясатымен байланыстылығын көрсетті. Негізінен Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әсер еткен - әкесі Қасым. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары. Көтеріліске Көкшетау өңірінен қатысқан сұлтандар :Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым; Ақмрла округінен: Күшік, Жадай, Жанай Айшуақұлы болды.

Көтеріліске Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл округтерінен қатысқан сұлтан, би, старшындар саны – 80-нен астам.

Кенесары әскеріндегі белгілі батырлар: Ағыбай, Иман. Жоламан, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал, Жеке, Байсейіт, Сұраншы т.б. болған.

Кенесары әскерінің соңынан ермегенЖетісу жеріндегі белді тұлғалардың аылдарын ойрандауы – олардың Ресейден көмек сұрауына себеп болды.

1846 жылы шекаралық комиссиясының төрағасы генерал майор Н.Ф.Вишневский Жетісу мен Орта жүзге әскери сапарының мақсаты: Біріншіден Ресей билігін мойындаған ру басшыларымен кездесу, екіншіден Кенесарымен күреске Жетісу қазақтарын тартып көтерілісшілерді әзірлеу. Кенесапының Қоқан бектеріне қарсы күресін қолдаған Ұлы жүздің батырлары Тайшыбек, Саурық, Сұраншы, Байзақ, Медеу би т.б. 1847 жылы Майтөбеде қазақ әскері жасағының жеңілісіне Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің ұрыс қарсаңында жауынгерлерімен бөлініп кетуі де себеп болды.

1837-1847 жж. Көтеріліс үш жүзді қамтыған, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ірі көтеріліс болды. Қозғалыс ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі азаттық көтерілісінің бір құрамдас бөлігі болды, көтеріліс патша үкіметінің Орталық Азияны жаулап алуын тездетті.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Кенесары Қасымовтың ұмытылған есімін халқына қайта оралтты. Оған егемендіҚазақстанның елордасы Астана қаласында ескерткіш орнатылған. Ол туралы кітаптар жазылуда, ғылыми форумдар өткізіледі. Республиканың барлық түкпірінде оның есімі құрметпен аталады. Мұның бәрі Кенесары ханның арманы – Қазақстанның егеменді және тәуелсіз мемлекет болуының арқасында жүзеге асты.

ЖАНҚОЖА НҰРМҰХАМЕДОВ БАСТАҒАН  СЫРДАРИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСІ

Көтерілістің себептері, барысы. Орыс әскерлерінің Хиуаға жорығы.Қоқан хандығы ұстаған бағытХІХ ғасырдың ортасында Қазақстанның бірсыпыра аудандарында экономиканың өскендігі байқалды. Бұл жалпыресейлік рынокқа кірумен байланысты болатын. Бұл кезде Қазақстандағы саяси жағдай тұрақсыз болды. Сыр бойында өмір сүріп жатқан қазақтардың жағдайы ауыр болумен қатар, Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлай бастауы, Сыр өңіріндегі Хиуа хандықтарының өктемдігі олардың өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысты. Бұл жағдай осы өңірдегі қазақтардың наразылығын туғызып, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің шығуына әкелді. Өйткені Хиуа ханының ұлы Мұхамед-Рақым Аллахұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында көптеген қамалдар тұрғызуына орай, 1843 ж. өзінде-ак Жанқожа Нұрмұхамедов Қуандарядағы Хиуа бекінісін қиратып, 1845 ж. көктемінде киратылған бекіністі қалпына келтіруге жіберілген 2000 адамға жуық хиуалық отрядты талқандады. Хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа өзгеше стратегия қолданып, қамалға шабуыл жасап, оны қиратты. Оның әскерімен Жаңақала бекінісі алынды. 1847 және 1848 жылдары ол Райым бекінісі маңындағы хиуалықтарға тойтарыс беруде орыс әскерлеріне бірнеше рет жәрдем берді. Жанқожа Кенесары көтерілісіне де қатысты. (кейін, шынында бүл қозғалыстан кетеді) және Кенесарымен бірге Созақтағы хиуалықтар бекінісін талқандады.

1849 ж. Райым қамалына Орынбор казактарының алғашқы отбасылары қоныс аударды. 1857 ж. таман 3000-ға жуық қазақ отбасылары өздері тұрған орындардан жүретін жері жөне егін суаратын суы жоқ жерлерге қуылды. Бір жағынан хиуалықтардың езгісі, екінші жағынан — жерсіз қалу кішкентай шекті руының егінші қазақтарын ашық көтеріліске алып келді. Көтерілісшілер өздерінің апатына басты себепші Қазалы форты деп ойлады. Отаршылдық езгіге қарсы Жанқожа Нұрмұахмедовтың көшбасшылығымен Арал өңірінің қазақтары көтерілді. Олар: улкен шекті жөне кішкене шекті  болыпекіге бөлінетін шекті руынан шыққандар еді. Бірінші басшы Жанқожа Нұрмұхамедов, ал екінші  Есет Көтібаров. Сөйтіп, көтерілістің басшысы Жанқожа Нұрмұхамедов (1770—1860 жж.) болды. Ол қарапайым еңбекшілер арасында беделді және мақсатты батыр деген даңқты иеленді. Жанқожа, болашақ шекті руының басшысы егінші қазақтардың күшті отарлық езгіге тап болғанын байқады. Сондықтан көтерілістің  басты мәселелерінің бірі жер туралы болды.

Патша әскерлерінің Ақмешітті алуы. Қазақтардың Қоқан бектерінің үстемдігіне қарсы күресі. Ақмешітті (1853 ж.) алған соң казактар мен қоныс аударғандарды орналастыру үшін қазақ жұртының иеленуінен алынған үлкен алаңдарды межелеп бөліп беру мақсатымен Сырдария әскери шебі қүрылды. Қазақ жұртының өзіне үй басы салығы салынды. Бүдан басқа, сондай-ақ көптеген міндеткерліктер - жолды күту, көпірлер салу, күре жолдардағы арықтарды тазарту, көлік-арба міндеткерлігі  талабы бойынша жүмысқа түйелер бөлуі, қамал қүрылысына адамдар бөлуі және құрылыс материалдарын тасуға мал берулері керек болды.

1856 ж. патша әскерлері мен көтерілісшілер арасында тікелей әскери әрекеттер басталды. Бұрын Жанқожа Хиуалықтармен күрескен орыс әскери командованиясымен одақтас болса, ал қазіргі орыстардың Сырдария мен оның салаларындағы аудандарды отарлауына қарсы шыққан белсенді күрескерге айналды.

Көтерілісшілерге қарсы форттағы Михайлов отряды әрекет жасады. Майор Булатовтың көшбасшылығымен патша әскерінің тағы бір отряды көтеріліске қатысушылардың лагерін атқылады. Күрес ауыспалы басымдылықпен жүрді. Ақмешіттен портқа генерал-майор Фитингофтың отряды жіберілді.

1857      ж. 9 қаңтарда Арықбалық  шатқалындағы көтеріліске қатысушылар мен Фитингоф отрядының арасында шешуші шайқас болып өтті. Нәижесінде Жанқожаның 5000-ға тарта қарулы салт аттылары болғанымен, көтерілісшіер жеңіліс тапты. Шайқастан соң Фитингоф көтерілісшілердің ізіне түсіп, оларды Хиуа хандығы Сырдарияның оң жағалауына өтуге өтуге мәжбүрледі. Жанқожа өзіне Хиуаханы Бұхардан немесе Қоқаннан одақтастар табуға тырысты, бірақ ол мұны жасай алмады. Жанқожа отряды ауыл-ауылды аралып, тұрғындардың малдарын тартып алды. Қазақтар арасында аштық басталып, көптеген адамдар өлді.

Арал өңірі қазақтарының көтерілісі шамалы жерлерді қамтыған халық қимылы болды. Оған әр түрлі руларға жататын, қазақтардың едәуір бөлігі катысты.

Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80 – нен асқан Жанқожа батыр  жазалаушылардың оғынан қаза болды.