Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.

Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды. Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында»: жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу, ұрлық қарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған. Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен сауда саттық дипломатиялық қарым қатынастың жасалуы. Территориялар үшін күрес жүргізілді; Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан әлсірей бастайды.

3.1920Жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықта

1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды 1925 -1927 ж Қызылорда . 1927-1997ж Алматы 1998ж Астана

№3 билет

1Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы

Түрік қағанатының алып жатқан жер аумағы. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағанатының жер аумағы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. Қағанат оңтүстік-шығысында Қытаймен оңтүстік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізді. Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі.

Халқының этникалық құрамы. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтардан түрды. Олардың ішінде басым көпшілігін теле (тирек) тайпалары құрады. Теле - түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «тү- рік» атауы қалыптасқан. Түрік қағанатының құрамына отыздан аса теле тайпасы енген. Олардың қатарында қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т. б. түрік тілдес тайпалар болды.

Түріктердің тәуелсіздік жолындағы күресі. Саяси жағдайы. 545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды. Алайда ұзақ уақыт жужандардың (авар) тепкісін көрген түріктер оларға қарсы бас көтере бастайды. Түрік қолбасшысы Бумын Жужан қағаны Анағұй қағанға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін Бумын қаған Анағүй қағанға «маған қызын әйелдікке берсін» деп елші жібереді. Мұны естіген Анағүй қаған ашуланып, «менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай ғана дәті барды екен» деп Бумын қағанды кемсітеді. Түрік қолбасшысының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол жәбірленуші ретінде, енді Жужан қағанымен ешбір келісімге келуге болмайды деп шешіп, онымен шайқасудың сәтін күтеді.

Бумын қаған қытай елімен саяси байланысты бұрынғыдан да нығайта түседі. Оның белгісі ретінде ол қытай әмірінің қызына үйленеді. Бұл жағдай түріктердің беделін басқа елдердід алдында бұрынғыдан да көтере түседі. Сөйтіп Түрік кағанаты біртіндеп күшейе бастайды.

Сонымен өзін жәбірлеуші Жужан кағандығының қол астынан біржола босанып, азаттық алу мақсатында қарсы соғысады.552 жылы Жужан кағандығы тас-талқаны шығып, жеңіліске ұшырайды. Өзінің кол астындағы кұлдарынан мұндай масқара жеңіліске ұшыраған Анағүй қаған намыска шыдамай, өзін-өзі өлтіреді. Осы жеңістен кейін Бумын қаған «елхан» деген атақ алады. Бумынның орнына баласы Қара-Еске каған болады. Оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Алайда ол ұрыста қаза тауып, билік оның інісі Мұқан қағанға көшеді. Бұл оқиғалар 552—554 жылдар аралығында өткен

Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Солтүстігінде Саян тауына дейінгі аралықта жаткан тайпаларды өзіне каратса, ал шығысында Сары өзенге дейінгі аралыктағы кай (татабтар), кидан, оғыз-татар т.б. тайпаларын бағындырады.

Түріктер өз биліктерін тек шығыста ғана емес, батыс бағытта да жүргізе бастаған. Бұл кезде билік еткен Бумын кағанңың басқа бір інісі Иштеми 10 түмен қол бастаған, оның кол астында Батыс түрік тайпаларының он колбасшысы болған. Қаған осы күшпен ху елін көрші елдерді жаулап алуға аттанды. Алтайдың теріскейіндегі тай- паларды бағындырды.

Түріктер 555 жылдың өзінде Арал теңізіне дейін жеткен және жол бойы ешбір тегеурінді қарсылық көрмеген. Аз уақыттың ішінде олар Орта Азияның ішкі аумактарына дейінгі жерлерді жаулап алады.

VI ғасырдың 70-жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздін солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VI ғасырдың екінші жартысындағы Түрік кағанатының билігі Азиянын біраз аймағын камтыды. Қытай, Иран, Византия сияқты атақты ірі мемлекеттер мен терезесі тең түсіп, оларға өздерінің саяси жағынан ықпалын жүргізген күшті мемлекеттін біріне айналады.

Түрік қағанатының ыдырауы. Кең-байтақ жерді алып жатқан Түрік кағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған, күшті ел бола алған жоқ. Қаған әулетінің арасында билік үшін талас-тартыс басталды. Басқа халыктар өз тәуелсіздіктері үшін бас көтеріп, Қағанатқа қарсы күрес жүргізді. Сонымен қатар ұлан-ғайыр жерді мекендеген халықтар не саяси, не экономикалык жағынан бірлікте болмады. Осындай себептердің салдарынан 581 жылы кағанаттың өз ішінде соғыстар басталады. Бұл жағдайды өз пайдасына шешуге тырысқан Қытай және басқа мемлекеттер оньң жеріне шабуылдарын күшейтеді. Ал Түрік кағанаты оларға бірігіп қарсы тұрудың орнына жеке-жеке ұлыстарға бөліне бастайды. Ақыр аяғында 603 жылы Түрік кағанаты екіге бөлініп, ыдырап кетті