Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.01 Mб
Скачать
  1. Маусымдық көші – қон.

Маусымдық көші-қон, уақытша көші-қон - халық көші-қонының негізгі түрлерінің бірі - олардың уақытша (маусымдық) аумақтық мекен ауыстыруы. Маусымдық көші-қон мемлекет ішінде және мемлекетаралық болады. Маусымдық көші-қонды маусымдық жұмыс кезеңінде шаруашылық салаларын жұмыс күшімен қамтамасыз | етудің қажеттілігінен туындайтын көші- қон және азаматтардың оқуға, емделуге, демалысқа баруымен және туризммен байланысты көші-қон деп бөледі.

Көші-қон – адамдардың тұрғылықты мекенінен әр түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады. Халықтың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, саяси, діни, әскери және басқа себептермен ұйымдасқан түрде (мемлекеттің және басқа қоғамдық құрылымдардың қатысуымен) және ұйымдаспаған түрде (көшіп келушілердің өздерінің күшімен) көшіп-қонуы мүмкін. Қазіргі кезде көші-қонды туғызатын себептердің ішіндегі ең бастысы экономикалық себеп болып отыр. Қазақстанда бұған экологиялық апат аймақтарына байланысты себепті де қосуға болады. Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді. Тұрақты тұрғылықты мекенінің түпкілікті ауысуына байланысты:

  • қайтып оралмайтын көші-қон;

  • тым ұзақ мерзімге қоныс аударумен байланысты уақытша көші-қон.;

  • жылдың белгілі бір кезеңінде орын ауыстырумен байланысты маусымдық көші-қон;

  • басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы әрлі-бері жүріп-тұратын қатынамалы қөші-қон;

  • елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі сыртқы көші-қон;

  • ел ішінде қоныс аударумен байланысты ішкі көші-қон түрлеріне бөлінеді.

Ал ішкі көші-қон ауыл халқының көші-қоны және қала халқының көші-қоны түрлеріне ажыратылады. Қазақ халқының ежелгі замандардан бері келе жатқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс-тіршілігі, мал шаруашылығының дамуына байланысты жайылым жаңғыртып отыруы, жазда жайлауға, қыста қыстауға көшіп-қонуы, айталық, малға өріс іздеудің ыңғайымен көктем, жаз айларында қырға көшіп, қыста Сырға құлауы қазақ жерінде маусымдық көші-қонның дамығандығын көрсетеді. Сондай-ақ, 15 – 18 ғасырларда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқы “ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға” ұшырап, ата мекенінен үдере көшіп, мәжбүрліктен қоныс аударып отырған. 19 ғасырдың 2-жартысы – 20 ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатымен қазақ жеріне қара шекпенді орыс қоныстанушылары көшіп келді. 2.Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.

VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек. Елордада мәнерлеп сырғанаудан да, хоккейденконькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтті. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізілді. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған заман да болған. Азияның көптеген елі Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны дайындау және өткізу Қазақстанның түрлі саладағы көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп, ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі түрде растау болады.

Азия ойындарына шамамен құрлықтың 45 елі қатысады деп жоспарланған. VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады.

2010 жылғы 31 желтоқсаннан 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Азиялық Олимпиада кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің эстафетаның алауы жағылады.

Алау 2 қаңтар күні 6-шы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чангчун қаласына әкелінеді. 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алуға арналған салтанатты рәсімнен соң эстафета қала көшелерін жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады.

27 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймағын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасоватындағы стадионда Азия ойындарының ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Жоспарланған маршрут бойынша республикамыздың әр аймағында екі күндік эстафета алауының сапары көзделген. Эстафета тек облыс орталықтары ғана емес, ауылдарды, республикамыздың көрікті туристік жерлерін де басып өтеді. Эстафета қыс мезгілінде өтетін болғандықтан Алауды алып өту үшін автокөлікшаңғыконькиаттүйетікұшақ сияқты тасымал құралдары қолданылады.

Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел. 2006 жылы, 5 қаңтарда Алматы қаласы ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.

2006 жылы, 4 наурызда Кувейтте осы елдің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада кеңесі мен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен бүгінгі туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырза басқарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті арасында үш жақты келісім – ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды. Мұндай жауапты сайысты өткізуде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегін емес. Бұған отандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктері де айтарлықтай әсер еткені анық.

Алматы қаласында 2011 жылы 7-қысқы Азия ойындарын өткізу туралы келісім шартқа 3 жыл бұрын Кувейтте Азия Олимпиадалық кеңесінде қол қойылған болатын. Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – ЖапонияҚытайжәне Оңтүстік Корея сияқты үш держава болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу Қазақстан үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі. О баста бұл ойындарды өткізу мәртебесіне Алматы қаласы ие болғанымен қазақ шенеуніктер Астана мәртебесін көтеру идеясымен ойындарды Астанаға көшіруді меңзеді. Дегенмен Астана әлі ірі деңгейлі Ойындарды өткізуіне әлі қауқары аз болғандықтан ойындарды екі қалада өткізу жоспарланды.

Әйтсе де, бірде бұлай, бірде олай болады деп Ашылу салтанатын Астанада, ал жабылу салтанатын Алматыда өткізіледі деп келген шенеуніктер 2010 жыл басында Жабылу салтанаты да Астанада өтетін болды.

27-билет

  1. ХVІ – ХVІІ ғғ.қазақ халқының қолөнері.

  2. Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.

  3. Кестені толтырып, Қаңлылардың басқа елдермен қарым-қатынасына түсінік беріңіз.

1.ХVІ – ХVІІ ғғ.қазақ халқының қолөнері.

Қазақ халқының қолөнері

Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері келе жатқан өнердің жалғасы болып табылады. Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Қазақ халқында үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамыды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. Мәселен, ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың бәрін жасаған. Әсіресе тамақ ішуге және оны дайындауға қажетті ағаш тостағандарды әдемілеп оюлап, өрнектер салған. Домбыра,қобыз сияқты музыка аспаптарын жасаған. Ал тері илеу немесе етікшілік тәрізді т.б қолөнердің түрлерін басқа шеберлер меңгерген.

Қазақ халқының ішінде зергерлік іс өте жоғары бағаланды.Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина,сырға,білезік,шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукеле лердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.

Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу,кілем,алаша тоқу,ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады.Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба,мес,торсық,көнек т.б жасаған. Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты.