Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.01 Mб
Скачать

3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

1) Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. Олар Қарлұқ, Қимақ тайпаларымен бірлесе отырып, Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы печенегтерді жеңіп, өздеріне қаратады. Еділ бойындағы бойындағы печенегтермен болған соғыс туралы «Оғызнамада»: «Итиль өзені деген бір өзен бар еді. ...Итиль өзенінің суы қып-қызыл болды» деген жолдар кіргізеді. Бұл хабар печенегтердің ойсырай жеңілгендерін көрсетеді.

2) 965 жылы оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрады. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Бұл туралы «Оғызнамада» біршама суреттеме берілген.

3) Орыс жылнамаларында 985 жылы кінәз Владимирдің торктармен одақтаса отырып, бұлғарға жорық жасағаны туралы айтылды.

4)Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдарына қойған басты екі мақсат байқалады. Біріншіден, Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қолға қарату. Ал оған Хазар қағанаты бөгет жасады. Екіншіден, оғыздарды Маңғыстау мен Үстірт, еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдары қызықтырды. Орыс қалаларымен сауда жасауды да ойластырды. Хазарияның талқандалуы орыс көпестерінің Шығыс елдеріне шығуына жол ашты.

3 Билет

1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.

2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны

3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.

Жауаптары:

1) Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері. Сақтар мен сарматтардың өнерінде «аң стилі» деген өзіндік бейнелеу өнерінің түрі болған. Бұл стиль б.з.б. ҮІІ ҮІ ғасырда шыққан. «аң стилінде» жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Оңтүстік Шығыс Еуропа аумағында табылған. «аң стилі» екі жағдаймен сипатталады:1 )аңдар мен жануарлар, 2) аңдардың қимыл қозғалыста бейнеленуі. «Аң стилі» бірте бірте дәстүрге айналды. «Аң стилі» бейнелерімен құрал- жабдық, қару- жарақтар, киім мен ат әбзелдері әшекейленді.

2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны. Қожа Ахмет Йасауи- Сайрам қаласында туған . Бала кезінен Йасы қаласын мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен Ахмет Йасауи атагнады. Бұхара қаласында Юсуф Хамаданиден діни білім алып, Йасыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Йасауиден қалған мұра оның «Даналық кітабы-«Диуани хикмет». Бұл еңбекте адамды даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады. Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ақын өз заманының әділетсіз билік иелерін қатты сынға алады. Қожа Ахмет Йасауи ХІІ ғасырда өмір сүрген үлкен философ, ғұлама ойшыл, ақын, мейірімділікке, кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр. 3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.

1) Қимақтар ІХ ғасырда «тоғыз ғұздар» жерінің бір бөлігін қаратқаны туралы айтылады, ал Х ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы- Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғаны айтылады.

2) Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға шабуыл жасап тұрған

3) Сыр бойындағы оғыздармен , тату тұрса, енді бірде олардың жеріне басып кіріп, соғыс жағдайында болған.

4) Х ғасырда Қимақ жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасап, Ертіс өзеніне дейін жеткен. ХІ ғасырда жиілей түсіп мемлекет әлсіреген.