Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.01 Mб
Скачать

3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.

Жауабы:

  1. XVII ғ. Басында Қазақ хандығында қалыптасқан саяси жағдай, екі хан билеп бытыраңқылық орын алды. Қазақ хандығында бір мезгілде Есім, Тұрсын билік құрды. Есім хан 1598-1628 жж. Билік етті. Есім ханның билік құрудағы басты мақсаты хандықты бір орталыққа бағындырған мемлекет етіп құру болды. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңдар жинағы жасалды. Есім хан тұсында Қазақ хандығы мен моғол хандығы арасында одақ құрылды. Қазақ халқының көрнекті шежірешісі Құрбанғали Халидтің айтуынша Есім хан ұзын бойлы, батыр денелі болған, сондықтан оны «Еңсегейлі бойлы Ер Есім» деп атаған.

  2. 1960 жылдардың ІІ жартысында басшылық тарапынан ауыл шаруашылығын тұрақтандыру үшін біраз жұмыстар атқарылды.

  • Ауылшаруашылық өнімдерін сатып аду 2 ессеге өсіру;

  • Ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту. Сегізінші бесжылдықта республика ауыл шаруашылығына 7,1 млрд. сом бөлінді,

  • Материалдық-техникалық базаны нығайту. Тракторлар – 198 мың, комбайндар- 10 мыңға көбейді.

  • Дәнді дақыл өсірумен шұғылданатын 783 шаруашылық солтүстік аймақта астық өсіруге мамандандырылды.

  • Қой өсірумен айналысатын 587 шаруашылық оңтүстік аймақта қой өсіруге мамандандырылды.

  • Республикада 586 кеңшар толық шаруашылық есепке көшірілді;

  • 1970ж.дейін ғылыми-зерттеу институттары жанында оқу-эксперименттік кеңшарлар, 104 мал семіртетін кеңшарлар құрылды.

1960-1980 жж. Дейінгі кезең – тоқырау жылдары. Бұл жылдары жаңашыл үрдістер әлсіреді. Қоғамдық құрылыс ұстанымдары мен түрлері тоқырауға ұшырады. КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізген бетбұрыстар кезеңі басталды. Қоғам дамуында социализмнің ұзаққа созылатын кезең екенін мойындау және коммунизмге қарай «алып секіріс» жасау идеясынан бас тарту еді.

3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.

Нәтижелері

Прямая соединительная линия 11

Прямая соединительная линия 12

«Әскери коммунизм саясаты»

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Бұл саясаттың басты шарасы – азық –түлік салғырты. Оның мәні. Ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.Соғыс жылдары большевиктердің социалистік тәжірибелерге әзір еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты:

  • шаруашылықты әскерилендіру

  • еңбекті ұйымдастырудың әскери түрі

  • бөлу ұстанымы

  • бұқараны кедейлендіру

  • экономиканы орталықтан басқару жүйесі

«ЖЭС»

1921 ж.- жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭС-тің мәні-салғыртты салықпен ауыстыру. Қазақ жеріндегі ЖЭС-ке көшу көптеген қиыншылықтармен бірге жүргізілді. 1921 ж. қуаңшылық болып, малдың 80%-ы қырылды. Елде аштық басталды. Ашығушылар республика халқының 1/3 бөлігін қамтыды. Кеңес үкіметі аштыққа ұшырағандарға көмекке кеш келді. Ашыққандарға Кеңестік Түркістан туысқандық көмек көрсетті. 1921-1922 жылғы аштықтың салдары:

  • Демографиялық жағдай ауырлады. Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Торғай губернияларында ауылдағы халық саны аштыққа дейінгі санының 1/3-не дейін азайды.

  • 700 мыңнан астам адам республикадан тыс жерлерге көшіп кетті.

6-билет