Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.01 Mб
Скачать
  1. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері

Х-ХІ ғасырлар арасында қала мәдениетінің дамуына ислам маңызды рөл атқарды. Араб ғалымы Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Х ғасырдағы қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағандығын жазды. Құйрықтөбе, Отырар, Баласағұн, Тараз қалаларынан мешіт орындары табылды. Құрықтөбе қаласының жанындағы зираттардан адамдардың мұсылманша зерттелгені анықталды. ХІІ ғ. ІІ ж. қыпшақ ақсүйектерінің арасында ислам діні тарай бастады. Қыпшақтар орталығы Сығанақ қаласында мешіт-медресе салынып, Хисамаддин әл-Сығанақи сияқты ғұламалар шыққан.

3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.

Милитаризм

Жаппай қарулануға, соғысқа әзірленуге, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге бағытталған саясат.

Метрополия

Басқа елдерді өздері басып алып, отарлап билеуші, қанаушы мемлекет

Мобилизация

Қарулы Күштерді және елдің экономикасы мен мемлекеттік институттарын соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қайта құру жөніндегі іс-шаралар.

Реквизиция

Азаматтың не ұйымның меншігіндегі мүлікті олардың ықтиярынсыз құнын төлей отырып мемлекеттің меншіктенуі. Реквизиция заңда көрсетілген тәртіпте, төтенше (апат, жұқпалы аурудың тарауы, індет, тағы басқа) немесе әскери жағдай уақытында ғана өкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады

Монархия

Мемлекет басшысының билігі ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын мемлекеттік басқару

2 – билет

1. Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

2. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.

3. Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

  1. Қазақстан жеріндегі мезолит дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары)

Ғалымдардың есептеуінше 13 мың жыл бұрын мұздықтар ери бастады. Палеолит аяғы мен мезолиттің басында іпі климаттық өзгерістер болды. Мұз еріп күн жылына бастады. Мезолиттің басты жаңалығы садақ пен жебе пайда болды. Аңшылық адамдардың негізгі кәсібіне айналды.Ұзындығы 1-2 см. Болатын ұсақ тастардан жасалған – микролиттер пайда болды. Мезолит б.з.б 12 -5 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Қазақстанда 20 астам мезолиттік тұрақтар табылды. Олар Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды, Қызылсу т.б. Есіл өзенінің аңғарынан көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылды. Алғашқы егіншілер жерді қазғыш таяқпен қопсытты, олдан кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егін оратын қарапайым құрал атауы тас орақ, тесе болды.

  1. Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.

1917 жылы сәуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, уездік съездері болып өтті. 1917 жылы көктемде Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды ұсынды. 1917 ж. 21 мен 26 шілдеде Орынборда І жалпы қазақ съезі боды. Съезде мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық млмция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани діни мәселелерді қарады. Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана бастады. 1917 ж. қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі, тұңғыш мұсылман партиясы – «Түркістан федералисттер партиясы» құрылды. Саяси ағымдар мен ұйымдар: 1917 ж. Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымының жұмысы күшейді. Семейде кадеттердің «Свободная речь» газеті шықты. Олар біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны жақтады. 1917 ж. көктемде эсер ұйымдары пайда болды. Эсерлер «Жер кім өңдесе соған берілсін деген» ұран көтерді. Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда көппартиялы жұмыс қалыптасты.