Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_FO_1240_FK-31.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
969 Кб
Скачать

7.2. Физикалық экскурсиялардың маңызы

Экскурсия оқушыларды табиғат және өндірісте болып жатқан құбылыстарды, процестерді бақылауға, олардың өзара байланыстылығына және өзара шарттастығына, техниканың дамуындағы ғылымның маңызын тереңірек түсінуге үйретеді.

Экскурсиялар кезінде оқушылар мекемелердің адамдарымен, олардың жасаған еңбегімен танысады. Еңбек топтарының мүшелерімен, өнертапқыштармен өткізілетін кездесулер оқушылардың еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыруға ықпал жасайды. Экскурсияда оқушылар әр түрлі кәсіптер жөнінде түсінік алады, бұл — олардың кәсіптік бағдарлануы үшін маңызды.

Сөйтіп, экскурсиялар физиканы оқып үйренуді өмірге жақындатады, оқып үйренілетін материалға қызығушылығын өрістетуге ықпал жасайды, табиғат құбылыстарымен және қазіргі техникамен таныстырады, оқушыларға кәсіп таңдауда көмектеседі.

Экскурсияларды мазмұны бойынша және оқу мақсатына қарай классификациялауға болады. Экскурсиялар мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді болып бөлінеді. Тақырыптық экскурсияларды қандай да бір тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренуге байланысты өткізеді, кешенді экскурсиялар физика бойынша және басқа оқу пәндері бойынша мәселелердің ауқымын кеңінен қамтиды.

Экскурсияларды дидактикалық мақсаты бойынша күнібұрынғы және қорытындылаушы деп бөледі. Біріншісін қандай да бір тақырыпты оқып үйрену алдында оқушылардың жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін көріп-білу қорын жинақтау мақсатымен өткізіледі. Қорытындылаушы экскурсиялар, тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренудің соңында, оқушыларды оқып үйренілген құбылыстар мен заңдарды техникада қолданылуымен таныстыру мақсатында өткізеді.

Сондай-ақ өндірістік экскурсиялар және табиғатқа жасалатын экскурсиялар деп те ажыратылады. Өндірістік экскурсиялардың негізгі мақсаты — физикалық құбылыстар мен заңдарды өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында, көлікте және байланыста, медицина мен ғылыми зерттеулерде қолдануларын керсету.

Өндірістік экскурсиялар әдетте казіргі ірі мекемелерде өткізіледі, бірақ оқушыларға неғұрлым қарапайым шағын шеберханалардағы құрал-жабдықтарды көрсетуге болатынын ескермеуге болмайды.Мұражайларға, жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының оқу зертханасына, мектеп оқушылары машина модельдерімен, станоктармен, қондырғылармен, ең жаңа физика-техникалық құрал-жабдықтармен танысатын техника жетістіктерінің көрмесіне экскурсиялар жасау пайдалы.

Табиғатқа жасалатын экскурсиялардың окушылардың бақылағыштығын дамытуда, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыруда, тәрбие беруде, биологиялық және физикалық құбылыстардың өзара байланысын тағайындауда үлкен маңызы бар. Бұл экскурсиялар оқушыларды табиғаттағы физикалық құбылыстарды көре білуге тәрбиелейді.

Э.сскурсиялар-

ды еткізу уа-

кыты

(шамамен)

7.3. Физикалық экскурсияларды жоспарлау

Экскурсиялардың мазмұны политехникалық оқыту мәселелеріне толық жауап беруі үшін және физика курсын оқып үйренумен тығыз байланыста болуы үшін экскурсияны өткізудің айқын жүйесі керек. Бұл оларды жоспарлаумен іске асырылады. Осы мақсатпен бірнеше жылға, оқыту кезінде мектепте оқушылар өнеркәсіптің және ауыл шаруашылық техникасының басты салаларымен таныса алатындай етіп, экскурсияларды өткізудің жалпы мектептік жоспарын кұру пайдалы. Бұл жерде бір-біріне жақын пәндердің мұғалімдері бірігіп кешенді экскурсияларды жоспарлағаны жөн. Экскурсияларды жоспарлағанда ең алдымен мектеп ауданына жақын орналасқан өндірістік базаны бағдарлаған жөн. Экскурсияны мектептен алыс объектілерде өткізуге де болады. Мәселен, қала мектептерінің оқушыларын жақын орналасқан аудандарға экскурсияға апарған жөн; ауыл мектептерінің оқушыларын — өнеркәсіп орындарына алдымен ең жақын, мысалы электр станциясы мен машина жасайтын заводқа экскурсияға апарған жөн.

Әдетте, мектептің өндірістік айналасының өзгеру шамасына карай, сондай-ақ оку жоспарларының және бағдарламалардың өзгеруіне қарай экскурсияларды өткізу жоспарына қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым дұрыс пайдалануға болатындай түзету енгізу керек.

Физика мұғалімі экскурсиялардың жалпы мектептік жоспарын негізге алып, оларды өз жұмысының күнтізбелік–такырыптық жоспарына енгізе отырып, бір жылға экскурсиялар жоспарын кұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]